Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу
Мазмұны
I. ФИЗИКАЛЫҚ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
1.1. Географиялық орны
1.2 Аймақты зерттеген зерттеушілер және зерттеу тарихының негізгі кезеңдері
1.3. Жер бедерінің сипаттамасы
1.4. Жер беті және жер асты сулары
1.5.1.Сырдария өзені төменгі ағысының тұзды ағын айналымы
1.5.2. Судың ластану себептері және одан кейінгі су жағдайы
1.5.3. Жер асты сулары.
1.6. Топырағақ жабындысы
1.6. Өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі
2. ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДА МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
2.І. Геоақпараттық технологияларда карта жасаудың әдістері
2.2. Ландшафттық ақпараттардың көзі және оларды талдаудың жолдары
2.3.Территорияның иерархиялық құрылымын анықтау әдістері
2.4.Жер бедерін жіктеу тәсілдері мен жіктелулері
3. СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ТӨМЕНГІ БӨЛІГІ ГЕОЖҮЙЕЛЕРІН ГАЖ – ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЗЕРТТЕУ
3.1. Аймақтың ландшафттық карасын, құрылымдық-генетикалық легендасын жасау
3.2. ГАЖ-ді пайдаланып аймақтың техногендік ластану картасын жасау
3.3. ГАЖ-ні пайданып аймақтың модификациялық картасын жасау
3.4. Сырдария өзені алабының төменгі бөлігінің табиғатын жақсарту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тақырыптың өзектілігі. Сырдария – Қазақстанның ірі өзендерінің бірі. Бұл өзен ежелден ойынан тыс қалмаған.Алғаш адамдар мекендеп, игергенде ақ, өзеннің маңыздылығын бағалап, көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізген. Ғылым дами келе өзеннің адам тіршілігіне атқаратын қызметін ғана емес, со- нымен біргеоның геологиясын, топырағын, өсімдігін, жануарларын, т.б. зерт- теп жаңалықтар енгізіп отырда.Соңғы кездерде физика-географиялық ланд- шафттарына көңіл бөлді. Ал, ұсынып отырған жұмыста ғылыми зерттеулерді пайдаланып, Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технология- ларын пайдаланып, жаңа әдістер арқылы оның табиғатын сипаттау.
Жұмыстың мақсаты. Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу.
Қаралатын мәселелер:
- Аймақтық физика-географиялық ерекшеліктеріне жалпылама тоқталып өту;
- Табиғатын сипаттауда ГАЖ технологияларын пайдалану;
- Ландшафт құрудағы негізгі әдістер және карта жасау жолдары;
- Аймақтың ландшафттық картасын, құрылымдық-генетикалық легендасын жасау;
- ГАж технологияларын пайдаланып аймақтың тезногендік лас- тану картасын жасау;
- ГАЖ технологияларын пайдаланып аймақтың модификациялық картасын жасау;
- Зерттелетін нысанның табиғат кешенін жақсарту жолдарын қа- растыру.
Зерттеу әдістері: көптеген зерттеулер нәтижесінде шығарылған ғылы- ми еңбектер, әдебиеттерді салыстыру, талдау, картографиялық, статистика- лық , т.б.
Жұмыстың практикалық маңызы: Осы кезге дейінгі мәліметтерді қоры- тып, жинақтау арқылы ұсынылады. Зерттеу жүргізіп жатқан практикалық жұмыстарды қолдануға болады.
I. ФИЗИКАЛЫҚ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
1.2. Географиялық орны
Сырдария өзенінің төменгі алабы Қызылорда облысында орналасқан. Қызылорда облысының байтағы 228,1 мың шаршы шақырым, Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан.Бұл облыс шығысы мен оңтүстік-шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, яғни Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан. Батысын-Арал теңізі алып жатыр.Сырдария өзені осы Арал теңізіне құяды. Оңтүстігінде-Қызылқұм шөлінің солтүстік , солтүстігінде – Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және Орталық Қазақстан шет аймағына кіретін шөлейт үстірті орналасқан. Тұран ойпатының жазықтау келген байтақ алқабын алып жатыр. Оныыыыың басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.Тарихқа қарасақ, ерте кезде қазіргі Сырдария атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазаншұңқыр болған.Сырдария Тянь-Шань тауынан басталып,Ферғана даласында түйісетін кіші-гірім өзендерден басын алып, батысқа қарай Сырдария болып ағатын өзен, алдымен Қызылорда шұңқырына құйған . Ол кезде Сырдария ірі суы мол өзен болса керек. Себебі, Шу мен Сарысу өзендері Сырдария арнасына құйған екен. Шөлді аймақта қатты ағыспен аққан өзен өзімен бірге лайды да ала келген.
Ғылыми деректерде бұл шұңқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып , осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан көрінеді. Сол геоморфологиялық солтүстік-шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып , батысқа қарай кең жайылып жатыр.Осы жер Сырдария ойпаты деп аталады. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай станциясы тұсынан басталады да , Қызылорда арқылы Терең-өзекке дейін созылып, одан оңтүстік батысқа қарай бұрылып , Жаңадарияның арнасын бойлап жатыр. Батысындағы екінші қазаншұңқырда –қазіргі арал теңізі. Аралға деген осы заманғы көзқарас әртүрлі. Біреулер оны әлемдегі таңғажайып су жинағы , Енді біреулер—табиғаттың жұмбағы десе, кейбірі—табиғаттың қатесі деп атайды.
Арал теңізі өте ерекше георафиялық құбылыс. Себебі, әлемге әйгілі Жазира шөл - Тұран ойпатының едәуір бөлігін алып жатқан Арал теңізі жыл-дың алты ай бойы қызып , айнала бет қаратпайтын ыстық аптап шашып тұра-тын құмдардың ортасында жатыр. Осынша қатал климаттың бетін қайтарып, оны сәл де болса жұмсартып тұрған-Арал /23/.
1.2 Аймақты зерттеген зерттеушілер және зерттеу тарихының
негізгі кезеңдері
Біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырларда өмір сүрген адамдардың аңшылықпен, егіншілікпен айналысқанын кзрсетеді.Б.з.д.II ғасырда қазіргі Қазақстан жерінің аумағында өмір сүрген түркі халқы Еуразиядағы отырық-шы, мәдениті дамыған ел болған, егіншілікпен айналысқан.Ертедегі грек жаз-баларында қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпаларды «сақтар» деп атаған. Сақтар Жетісу мен Сырдария өзендері алабында өмір сүрген. Грек ға-лымдары Птоломей (б.з.б.II ғ.) мен Геродот (б.з.б.II ғ) өз еңбектерінде Кас-пий теңізінің шығысындағы шексіз жазық жер, ондағы өмір сүрген халықтар Жайық, Жем және Сырдария өзендері туралы мәліметтер қалдырған.
VI-VIII ғасырларда шығыс пен батыс елдерін сауда және мәдени байла-нысын дамытқан Ұлы Жібек жолының маңызы жоғры болды. Бұл жолдың бір тармағы осы Сырдария бойымен батысқа қарай өтіп, Каспий теңізінің солтүстік жағалауын бойлай Ресейге өтеді.Осы уақыттарда өзен бойларында ірі мәдени орталықтары Жаңакент, Қорқыт Ата, Қызтөбе, Сығанақ, Сауран, Ашнас, Отрар, Сүткент қалалары пайда болды.
IX-X ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсіреді.Гректердің Әмудария мен Сырдария Каспий теңізіне құяды деген жорамалдарын теріске шығарып, өзендердің Арал теңізіне құятынын анықтаған.XI-XIIғасырларда өмір сүрген араб ғалымы Әл-Идрисидің «Нуз-хат ал-Муштак », түркі Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат Ат-түрік » деген еңбектерінің Қазақстан географиясын зерттеуде маңызы зор.
Зерттеушілерден Николай Алексеевич Северцовты ( 1827-1885 ) айтуға болады.Ол өзінің зерттеуін Арал теңізі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысын, Қызылқұм шөлін зерттеуден бастаған.
Л.С.Берг өзінің « Арал теңізі » (1902 ж) деген еңбегінде жүргізген бар-лық зерттеуін жазған. Бұл күні бүгінге дейін Арал теңізіне арналған ең баға-лы да құнды еңбек болып саналады /5/.
Сырдария өзенін игеру ежелден жүргізілгені белгілі. Негізгі шарықтап дамыған кезеңдері б.з.д.VII ғ. Кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдар-ианы игеру кезінде жүзнге асқан. Ол кезде суландыру әдісі ескі арналар есе-бінен жүргізілген.Сырдария өзенінің алабындағы суландырған жердің ауда-ны 2,2-2,5 млн.г. оның ішінде үнемі суландаратыны 1 млн.г.құрайды, ал су-ландыратын каналдардың алып жатқан ауданы қазіргіге қарағанда 3 есе жо-гарылаған. Ол кезде суармалы аудан қазіргіден 10 есе төмен болған.Бұдан Сырдария өзенінің су деңгейінің қаншалықты жоғары болғанын көруге бола-ды.
Орта ғасырда суландыру жүйесінде бір қатар жоғарылаулар болды, мы-сылы, Іңкәрдария суландыру қорғанысы, суландырылған ескі арналар есебі-нен жасанды алаптар жүйесінің жартылай және тірек бөгендері салынды.Осы уақытта кең таралған су тартатын шығырлар суландыру жүйесінің жартылай және кезеңін ауыстырған болатын.
X-XII ғ. орта Сырдарияның сол жағалаулық суландыру жерлерінде ка-нал магистралдарды қалыптастырған.Бұл жүйедегі ең басты құрылысты орта ғасырдағы Хорезм жүйесі алды (формасы – тармақты әрі ұзын). Олар ірі ортағасырлық Сырдария қалалары: Қыр-үзгенді, Найран-Төбені суландырды.
Белгілі соғыс кездерінде суландыру жүйесі уақытша өзінің дамуын тоқ-татқан болатын.
Осы мәліметтер бойынша Сырдария өзенінің игерілу және зерттеу ба-рысын бірнеше кезеңдерге бөледі.
Бірінші, революцияға дейінгі (1886-1917жж) кезең.Бұл кезде негізгі мал шаруашылығы азайып,отырықшылық негізгі маңызға ие болды.
Суарылған үлескелер тұзданудың, батпақтанудың т.б.әсерінен жаңа жерлер игеріліп, көлемі ұлғайған болатын.Бұның бәрі Сырдария өзенінің ағысын сол кезде реттей алмауынан болатын. 1910 ж игерілген жерлер көлемі 60 мың г.жетіп, онда тары, арпа, бидай, жүгері және бақша дақылдары егілді.Мұнда ең алғаш рет күріш егу 1986 жылы басталған болатын.
Осы өңірдегі қазіргі экологиялық жағдайлар 1908 жылы инженерлер мен ғалымдардың Қазақстан мен Орта Азиядағы су ресурстарын пайдалану-дың жобаларын жасаудан басталған болатын. Оны А.И.Войковтың гидротехникалық жұмыстардың нәтижелі болуы үшін бола-шақта біз аз сулы жылдарда Арал алабының суларының бәрін жасанды су-ландыруға қолдану керек. Көл көп сулы жылдардағы артық сулар ағысы үшін қызмет етеді” – деген сөзінен көруге болады.
Ауыл шаруашылығы осындай мәселелермен революцияға дейінгі кезең саяси, экономикалық мәселелердің пайда болуының басталуының тұтас кешені болып табылады.
Екінші кезеңде (1917-1960 жж) бұрынғыдай Сырдария өзенінің ағысын реттей алмау болмады. Өзен суы төмендеп, 1938 жылы 20 мың г. егістік жер-лер өліп қалды.
Себебі,коллекторлы трактордың болмауынан және өңделген жерлердің тұздануынан.Ол кездерде ешқандай гидроторап болмаған.Тек 1940 жылы Қызылорда бекетін салуға мемлекет көңіл бөліп, 1957 жылы іске асты.Осы кездерде суармалы егістік жерлердің ауданы 2,9-4,2 млн.г. өскен болатын.Бұл Арал теңізінің тартылуының бірден-бір себебі.Бұл жылдары 72 ірі каналдар болған.
1960 жылы судың жетіспеушілігі мен сапасының төмендеуімен күресу мәселесі қаралды.
Үшінші кезеңде (1960-1980 жж ) экологиялық жағдайлар өсе бастады. Мысалы, Қарақұм каналын салу мен ірі СЭС салудан көруге болады.
Төртінші кезең (1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін ).Әр мемлекет өз егемендігін алғаннан кейін өз жерлеріндегі экологиялық мәселелерге көңіл аударған болатын. Дегенмен, кейбір мәселелер өз шешімін әлі тапқан жоқ. Адамдардың табиғи ортаға ашық көзбен қарауы негізінде біз өзіміздің Арал сияқты әсем және Балхаш көлімізден айырылу қаупінде тұрмыз /23/.
1.3.Жер бедерінің сипаттамасы
Сырдария аллювий жазығы негізінен құм тасты және сазды, ал кей жерлерде құмды шөгінділерден тұратын Сырдария аңғарымен Арал теңізіне қарай көлбеулеу жатқан жайпақ жазықтық болып табылады.
Жазықтың ең биік нүктелері Тратоғай тұсында 140-151м, Жосалы тұ-сында 100м, ал аралдың шығыс жағасында 55м-ден аспайды. Сонда Сырда-рияның атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап, көлбеу жатқан жазық дала.Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйрат құмдар. Теңіздің шығыс жағалауында Қуаңдария мен Жаңа-дария арасында келтемұнар дәуірінен қалған бұйрат құмдар едәуір үлкен кеңістікті алып жапыр. Кейде жазық бетінде жалғыз-жарым төбелер кездесе-ді, мысалы, Аққыр, Қарақ, Жосалы, Көксеңгір. Олардың бйіктігі 60-80 м-ге дейін барады.Бұл шоқылардың баурайы тік жар болып келеді. Бұлардан басқа биіктігі 40 м-ге дейін баратын шағындау төбелер әр жерден бой көрсе-теді. Олар ескі заманнан қалған топырақ қорғандардың орны – асарлар.Құра-лыасар, Жалпақасар, Жеті асар, Құмқала, Шірік, Рабат тағы басқаларын көруге болады.
Арналар арасындағы кеңістіктің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мұнда теңіз толқыны тәрізді бұйратталып жатқан су айрықтары, ойпаттар тараған. Дария тасығанда бұл ой-шұқырлардың бәрі сумен толып, көлдер пайда бол-ған. Олардың ішіндегі балығы мол тұнба көлдер: Соркөл, Қаракөл, Көксу, Ақсай,т.б. Егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріп кетпес үшін жиегін тоғандап қойған Далакөл, Жыңғылдыкөл, құм төбелердің арасындағы ой жерлерде ащы көлдер бар.Кезінде бұл өлкеде көлдердің көп болған себебі Сырдария 2000 шақырымнан асатын ұзақ жолында өзінің арнасына сыймай жазық даланы жаппай қамтып тарамға бөлініп ағатын болған. Біраз жылдар бұрын Қызылқұмды жағалап ескі дариялық, оның солтүстік-шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың ескі тұсында Қуаңдария, одан оңға таман Жаңадария, сосын негізгі арна Сырдария болып теңізге құйған.Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалған /39/.
1.4. Климаттық жағдайлары
Қызылорда облысының климаты еуразиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады.
Қазақстанның жазық-аласа таулы бөлігі үшін жалпы атмосфералық қысымның бөлінуінің материктік типі тән. Мұндай жағдайда қысымның көбі қыста байқалады, ал азы жазда. Ауа қысымының өзгеруінің сипаты радиациялық және циркуляциялық процестердің өзгеруімен байланысты. Қысқа қарай атмосфералық қысымның жоғарылауы күнен келетін жылудың азаюына, ауа температурасының төмендеуіне, арктикалық ауа массасының кіре бастауы мен Сібір антициклонының батыс тармағының пайда болуына байланысты. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Сарысу өзені алабының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын анықтау
» Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама
» Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы
» Дипломдық жұмыс: География | Кіші алматы өзенінің су ресурстары
» Дипломдық жұмыс: Геология | Ақшабұлақ кен орнында 2100м пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілімен құру
» Дипломдық жұмыс: География | Сарысу өзені алабының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын анықтау
» Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама
» Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы
» Дипломдық жұмыс: География | Кіші алматы өзенінің су ресурстары
» Дипломдық жұмыс: Геология | Ақшабұлақ кен орнында 2100м пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілімен құру
Іздеп көріңіз: