Дипломдық жұмыс: География | Азияның биік таулы аймақтарының физикалық географиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: География | Азияның биік таулы аймақтарының физикалық географиялық ерекшеліктері

Мазмұны


І ТАРАУ. АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1 Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық жағдайын зерттеген ғалымдар
1. 2 Климаты мен ішкі сулары
1. 3 Табиғат ландшафтысының құрылымы

ІІ ТАРАУ. АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ
АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
2.1 Азия аймағындағы таулы облыстардың физикалық-географиялық
аудандастырылуы
2. 2 Азияның биік таулы аймағындағы табиғат ресурстарының игерілуі
мен экологиялық жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Тақырыптың көкейкестілігі: Жер бетіндегі биік таулардың айнала қоршаған орта үшін, ондағы болып жатқан әр түрлі ішкі және сыртқы әрекеттердің, жер шарындағы тірі ағза мен климаттық жағдайдың қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әсіресе, оның жер бетіндегі климат пен экожүйенің тұрақтылығын сақтауда ерекше қызмет атқаратыны белгілі. Бұл әрекеттер жер асты процестерінде түрлі тектоникалық және геологиялық қозғалыстар мен ауытқуларға негіз болады. Осы болатын географиялық құбылыстар жер беті тауларымен, әсіресе биік тауларымен тығыз байланысты [1].
Дүниежүзіндегі ең биік таулардың негізгі бөлігі Азия территориясында бой көтерген. Бұл таулар өзінің физикалық-географиялық жағдайымен дүниежүзілік таулардан өзінің ерекшіліктерімен оқшауланып тұрады. Ең алдымен оның географиялық орналасуы мен географиялық қалыптасуы, жер бедері, климаты табиғи ландшафтысы және өзендерінің гидрологиялық режимдерімен ерекшеленеді [2]. Сонымен қатар, жер шарындағы табиғат нысандарының ішінде ораграфиялық жағдайы бойынша да зерттеуге өзекті сипат береді. Осындай өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктері» – деп белгіледік. Себебі, бүгінгі күні болып жатқан табиғаттағы ырғақтылық құбылыстардың өзгеруі мен қалыптасуында Азияның биік таулы аймақтарының алатын орны ерекше.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Азияның биік таулы аймақтарының қалыптасуы мен даму ерекшелігі және оның физикалық-географиялық жағдайын тереңірік зерттей отырып танысу. Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді шешу керек:
Зерттеу жұмысының міндеттері:
– Азияның биік таулы аймақтарының геологиялық қалыптасуы мен зерттелуіне сипаттама жасау;
– климатты қалыптастыруда таулардың қызметіне сипаттама беру;
– атмосфералық ауа циркуляциясына енетін ауа ағындарының қозғалысына дүние жүзіндегі ең үлкен орографиялық тосқауылдығын анықтау;
– ішкі суларына (өзендері мен көлдері) гидрологиялық тұрғыдан талдау жасай отырып, олардың қоректену көздерін анықтау;
– жер беті өсімдіктер мен жануарлар дүнифаунасы мен флорасына, олардың таралуы мен түрлеріне биогеографиялық тұрғыдан талдау жасау;
– Азиядағы биік таулардың өзіндік ерекшеліктерінің элементтерін талдап көрсету.
Жұмыстың зерттеу нысанасы: Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық жағдайы мен ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының әдістемесі: Дипломдық жұмыста зерттеліп отырған аймақтағы таулы өлкенің физикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау барысында салыстырмалы-географиялық, картографиялық әдістер қолданып, түрлі авторлардың геологиялық, геоморфологиялық, географиялық тұрғыдан жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері талданды.
Физикалық географияның ғылыми-теориялық қағидалары негізге алынды.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы: Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктерін зерттей отырып олардың географиялық орнына ғылыми тұрғыдан баға беру. Бұл зерттеу нысанасындағы таулардың орналасуы мен қалыптасуына баға бере отырып, ондағы флора мен фаунаның құрылымын анықтау және климатының қалыптасуы мен айнала қоршаған табиғи ортаға әсерін көрсету. Сонымен қатар биологиялық түр ретінде жойылып бара жатқан сирек өсімдіктердің қазіргі түрлерін сақтаудың экологиялық мәселелерін шешу.
Азияның биік таулы аймақтарының географиялық жағдайын орта мектеп пен жоғары мектептің оқу үрдісінде материктер мұхиттардың басты нысаналары ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Орта мектептерде физикалық география курстарын өткен кезде диплом жұмысында келтірілген мәліметтерді пайдалануға негіз бар.
Сонымен қатар, мектепте оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруда өзіндік тапсырмаларды орындауда диплом жұмысының мазмұнында тұжырымдалған пікірді қарастыруға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І Тарау. АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1 Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық жағдайын зерттеген ғалымдар

Азияның биік таулы аймақтарын зерттеуде орыс ғалымдарының рөлі айтарлықтай зор болды. Әсіресе, орыс саяхатшы ғалымдары өзімен іргелес жатқан жер шарының ең үлкен материгі Азияны, онда тұратын халықтармен қарым-қатынас, сауда жасауды ертеден-ақ ойластырды. Бірақ көпке дейін Азияның географиялық жағдайын, халқын жақсы білмеді. Бұған алғашқы жол ашқандар – діншілдер, елшілер, кейінірек саяхатшылар, географтар болды.
Батыс европалықтар сияқты орыстар да аты аңыз болған Үндістанды Азия жерінен іздеді. Мәдениеті жоғары бұл елмен жұрттың бәрі де байланыс жасауды армандады. Бірақ Азия түкпіріндегі, мұхит қоршауындағы Үндістан европалықтарға оп-оңай ашыла салмады. ХVІІ ғасырда байлығымен, ертеден дамыған мәдениетімен аты шыққан, даңқы жер жарған Үндістанға орыстар басқа елдерден бұрын жетпекші еді, бірақ оған баратын жол белгісіз болды. Ғалымдардың арасында Афанасий Никитин Үндістанға Васко да Гамадан 25 жыл бұрын құрлық арқылы барып келген. Бірақ, ол кезде оның әкелген географиялық, этнографиялық бағалы материалдарын орыс патшасы білмеді. Саяхатшының жазғандары шіркеу қоймасында ескерусіз қалды. Ресей патшасы 1754 жылы Үндістанға тұңғыш орыс елшісін жіберді. Үндістанға елші болып атанған Юсуп Қасымов Ауғанстан жеріне өте алмады. Содан кейін Үндістанға елші етіп көпес Маленькийді жіберді. Ол Үнді патшасында болып, сауда жасауға келісті. Солтүстік Үндістан мен Орталық Үндістанды аралап, Ресейге географиялық материалдар әкелді. Маленький де Афанасий Никитин сияқты 1701 жылы еліне жетпей, жолда, Шемахада қайтыс болды.
Петр І 1717 жылы Үндістанға А. Бекович-Черкасскийді жіберді, ол жолда қайтыс болды. Кезекті саяхатшы, музыкант Г.С. Лебедев Үндістаннан бағалы кітаптар әкелді.
Европалықтар Үндістан, Қытай, Монғол, Тибет жерлерін зерттеуге ертеден-ақ құштар болды. Өйткені оларды Азияның бағалы металдары, асыл тастары, жібегі қызықтырды. Ертеде бірен-саран Азияға өткендер, оның тамаша табиғатына, халқының мәдениетіне, архитектуралық ескерткіштеріне таң қала қарайтын. Азияға өтуде европалықтарға көптеген қиыншылықтар кездесті. Өйткені екі араны асқар-асқар таулар мен шөлдер, сол жерлерді мекендеген жауынгер татар-монғолдар, түрік мемлекеті – Осман империясы алып жатты. Европалықтар Азияға өткенде зерттеу мақсатын ашық айтпастан діншілдер, саудагерлер, елшілер деген әр түрлі себепті сылтау етті. Ал орыстардың Монғолиямен, Қытаймен байланысы, кейінірек, орыс патшалығы нығая бастаған кезден басталды. 1616 жылы Монғолияға барған бірінші елші – Василий Тюменцев. Ол Кузнец Алатауынан, Саяннан асып, Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан өтіп, Солтүстік-Батыс Монғолияға жетті. Иван Петлин екінші рет осы жолмен Азияға 1618 жылы өтті. 1654 жылы орыс елшісі Федор Байков төте жолмен, Ертіс бойымен жүріп, Монғолияға, Қытайға, оның астанасы Пекинге барды.
Осы елшілерден кейін 1689 жылы Қытай мен Россия арасында тұңғыш келісім жасалды. Бұл Қытай халқының басқа елдермен жасасқан ең бірінші келісімі еді. Бұлардың жол-жөнекей жазған Орталық Азия туралы географиялық материалдары брінші деректер болды. ХІХ ғасырда Орталық Азияны ғылыми тұрғыдан дұрыс зерттеп, оның жаратылыс жағдайын, халқының әдет-ғұрпын анықтау Орыс география қоғамының басшылығымен жүргізілді. Әсіресе Орталық Азияны зерттеуде Н.М.Пржевальскийдің еңбегі география ғылымында өте маңызды орын алады. Пржевальскийге дейін де Ішкі Азияда Филипп Ефремов, қазақ халқының тұңғыш ғалым-саяхатшысы Шоқан Уәлиханов пен Г.Н. Потанин болған. Н.М. Пржевальскийден кейін, Орталық Азияны – Қытай, Монғолия жерлерін, Тибетті оның замандастары, шәкірттері – М.В. Певцов, Г.Е. Грумм-Гржимайло, В.И.Роборовский, П.К.Козлов, В.А. Обручев т.б. зерттеді.
Г.Н. Потанин. (1835-1920). Григорий Николаевич Потанин белгілі саяхатшы-географ. Ол Орталық Азияны жан-жақты зерттеді. 1876-1877 және 1879-1880 жылдары Потаниннің Солтүстік-Батыс Монғолияға жасаған саяхаты өте жемісті болды. Оның зерттеу еңбектері 1881 жылы екі том болып жарияланды. 1883 жылы «Солтүстік-Батыс Монғолия очеркі» екі том болып басылды. 1883-1886 жылдары Орталық Монғолияға, Қытайға, 1892-1893 жылдары Шығыс Тибетке жасаған экспедицияларының дүние жүзілік маңызы болды.
Бұл экспедициялар мен саяхаттар кезінде Потаниннің қасында оның сүйікті жұбайы, әрі жәрдемшісі А.В. Потанина бірге болып, оған көмектесті. Бұлар Ішкі Азияның асқар тауларын, құлазыған шөлдерін, жазық даласын атпен, түйемен аралады. Қазақ, қытай, монғол, ұйғыр, дүнген халықтарының әдет-ғұрып, өмір тарихын, мәдениетін зерттеді. Гуманист, демократ Потанин патшаның отарлау саясатына қарсы болды. Қазақстан, Сібір, Азия халықтарының тілін үйреніп, бәрін туыс, бәрін жақын көрді. Жас кезінде-ақ өзінің туған жері Ертіс бойындағы орыс дворяндарының қазақтарды аяусыз жұмсап, қанағанын көріп, оларға жаны ашитын. 1873 жылы ол «патшаның отарлау саясаты негр сатудан да жаман, адам баласына қарсы қылмыс»,– деп ашық жазды.
Григорий Николаевич, қазақтың данышпан ұлы Шоқанмен достасып, туған өлкесін бірге зерттеді. Орыс, қазақ халықтарының достық бейнесін көрсетіп, олардың бақытты өмірге жетуін тіледі. Омбыдағы достары, әсіресе, Н.М. Ядринцев пен оның жұбайы Александра Викторовна ғылыми-зерттеу жұмысына көмектесті. П.П. Семенов–Тянь-Шанский Г.Н. Потанинді қамқорлығына алды.
Академик В.А. Обручев Потанин еңбегін бағалап былай деді: «Ішкі Азияны шын мәнінде ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі, атап айтқанда, Потаниннің, Пржевальскийдің және Певцовтың саяхаттарынан басталды. Үшеуі бірігіп Ішкі Азияның географиялық бейнесін жасады, ал кейіннен әр түрлі мамандығы бар саяхатшылар сол бейнеге өрнек жасай бастады».
Н.М. Пржевальский (1839-1888). Николай Михайлович Пржевальский атақты ғалым-географ, Орталық Азияны алғаш рет зерттеп, көп жерлерін картаға дұрыс түсірген, жаратылыстану, география ғылымдарына көп жаңалық еңгізген ғалым. Бүкіл өмірін ғылым мен саяхат жолына бағыштаған қайраткер.
Пржевальский – Семенов–Тянь-Шанскийдің сүйікті шәкірті. Оның Орталық Азияны зерттеудегі саяхаттарының бәрі де Семенов–Тянь-Шанскийдің басшылығымен жүргізілді.
Пржевальский Орталық Азияға алғашқы саяхатқа шыққан кезде Менделеев пен Ковалевскаяның, Сеченев пен Мечниковтың, Тимирязев пен Докучаевтың ғылымға ендірген жаңалықтары бүкіл дүние жүзіне әйгілене бастады. Пржевальский орыс ғылымының дамып, дүние жүзі ғылымына түрлі жаңалықтар енгізген дәуірде өмір сүрді. Сол кезде Уссури өлкесін, іргелес жатқан Орталық Азияны зерттеу жұмысы Николай Михайловичтің үлесіне тиді.
Пржевальскийдің экспедициялары: Уссури өлкесіне саяхат (1867-1869). Бірінші – Монғол экспедициясы (1870-1873). Екінші – Лобнор – Жоңғар экспедициясы (1876-1877). Үшінші – 1-Тибет экспедициясы (1879-1880). Төртінші – 2-Тибет экспедициясы (1883-1885).
Николай Михайлович 1867 жылы өз өтінішімен Сібірге әскери қызметке, Уссури өлкесін зерттеуге барды. Бұл сапарында ол Орыс география қоғамына бірқатар жаңа деректер әкелді. Осыдан кеін ғана Пржевальскийге 1870 жылы Орталық Азияға бірінші рет саяхатқа шығуға мүмкіншілік туды. Осы сапар ғалымды қатты көңілдендірді. Жол азабына, ауа райының қиындығына қарамастан Монғолия тауларын, Алашань шөлін зерттеп, белгісіз жерлерді географиялық картаға түсіріп, ғылыми табыстарға жетті.
Саяхатшы 1870-1873 жылдардағы бірінші экспедициясында Сібірдегі Кяхта қаласынан шығып, Калган, Пекин қалалары арқылы Хуанхе, Янцзы өзендеріне, Алашань, Гоби шөлдеріне, Солтүстік Тибетке дейін барып қайтты.
Осы саяхаттан Петербургке есен-сау оралған Пржевальскийді Орыс география қоғамы Константин медалымен наградтады. Шетел географиялық қоғамдары оған сыйлық жіберді. Экспедиция қорытындысы «Монғолия және Таңгуттар» деген атпен кітап болып шықты.
1876-1877 жылдары Пржевальскийдің екніші экспедициясы Орталық Азияда болды. Экспедиция Іле өзенінен шығып, Тянь-Шань арқылы Лобнор көлінде, Алтынтауда болып, тағы басқа жерлерді зерттеп, Зайсан селосына оралды. Орта жолда ғалым науқастанып, Зайсанда қыстап қалады да осы сапары жайлы «Құлжадан Тянь-Шань арқылы Лобнорға» атты кітап жазды. Саяхатшының бұл еңбегін жоғары бағалап, Орыс география қоғамы оны қоғамның құрметті мүшесі етіп сайлады. Лондон, Берлин географиялық қоғамдары да оны медальдармен наградтады. Кейін Орыс география қоғамы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары (9 сынып, III тоқсан)
» Курстық жұмыс: География | Азия өзендерінің физикалық географиялық жағдайы
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Географиядан сабақ жоспары: Кешенді географиялық аймақтарды бөлу (10 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары (7 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
дипломдык Азияның биік таулы аймақтарының физикалық географиялық ерекшеліктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Азияның биік таулы аймақтарының физикалық географиялық ерекшеліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]