Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1 КІРІСПЕ
1.1 Зерттеудің өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
1.2 Зерттеу объектілері мен тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеттері
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Безноитиоздың анықтамасы және қоздырғышы
2.2 Аурудың себептері және клиникалық белгілері
2.3 Ауруды балау, патогенезі, алдын-алу шаралары және емі
2.4 Аурудың патологиялық анатомиясы
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
3.2 Зерттеу нәтижелері
3.2.1 «Жақсыбай» шаруашылығындағы ірі қара мал безноитиозының клиникалық белгілері
3.2.2 Лажысыздан сойылған ірі қара малдардың безноитиоз кезіндегі негізгі пато-гистологиялық өзгерістері
3.3 Экономикалық тиімділікті есептеу
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.1 Зерттеудің өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
Қазақстанның дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақсатында қазіргі таңда малшаруашылығын аурудан арылту жұмыстары интенсивті түрде жүргізілуде. Бірақ та бұл іс шараға кедергі келтіретін жағдайлардың бірі малдар арасында инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес аурулардың шығуы. Кедергі келтіретін бір тұрғыдан инфекциялық аурулардың бірі болып, екінші тұрғыдан инвазиялық аурулар болып саналатын безноитиоз ауруының туындауы.
Безноитиоз (Besnoitiosis) – негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз. Сиыр мен солтүстік бұғылары ауырады. Ауруға ешкіде бейім [1,3].
Бірақ та ірі қара мал безноитиозы кезінде байқалатын клиникалық белгілердің басқа аурулардың белгілеріне ұқсас болуынан және ауруға диагноз қою қиындық тудыруда. Сондықтан да аурудың этиологиясын, клиникалық белгілерін және патоморфологиялық өзгерістерін бір жүйе етіп қарастыру бұл диагностикалық құндылығы жоғары және өзекті мәселе болып саналады.
Ал, жануарлар басының артуымен қатар олардың аурулары да көбеюде. Жануарлар ауруларының ішінде басқа аурулармен қатар, инвазиялық аурулар бірінші өзекті мәселелердің бірі. Аталған ауруларға қарсы препараттар және т.б. емдік шаралар жүргізілгенімен жануарларды өлім жітімге ұшыратып, қожаларын емдеуге қажет шығындарға мәжбүрлеп, шаруашылықтарды үлкен экономикалық шығындарға әкеп соқтыртып жүр.
Бұл аурулардың қазіргі кезде өте қарқынды дамып, тез таралуы ғалымдар арасында үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған байланысты, осы аурулар кезінде ірі қара малдың ішкі мүшелерінде туындайтын патоморфологиялық, гистологиялық, гистохимиялық өзгерістерді зерттеу бағытында ізденіс жұмыстарын жүргізу және негізгі патологиялық морфологиялық өзгерістерді білу кез – келген ветеринариялық дәрігердің міндеті.
Себебі, патологиялық анатомиялық зерттеулер нәтижелері ең бірінші аурудың алдын - алуға, балауға және ажыратып балауға мүмкіндік береді.
1.2 Зерттеу объектілері мен тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеттері
Жұмыс Алматы облысына қарасты жеке мал шаруашылықтарында табиғи жағдайда безноитиозға шалдығып өлген сиыр өлекселеріндегі негізгі клиникалық және патологиялық анатомиялық өзгерістері келтіріледі.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: ІҚМ безноитиозының патологиялық анатомиясын зерттеу;
Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндетті қойдық:
- Шару қожалығындағы сиырлар арасында безноитиоздың салыстырмалы клиникалық белгілерінің ерекшеліктері;
- Ауруға тән ішкі мүшелерді пато-гистологиялық зерттеу;
Зерттеу нысаны: Әртүрлі жастағы сиырлар.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Шаруашылықтарда безноитиоз ауруы шыққан жағдайда балау қоюға септігін тигізеді.
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.2 Безноитиоздың анықтамасы және қоздырғышы
Безноитиоз (Besnoitiosis) – негізінен тері мен тері шелінің, тыныс алу жолдары кілегейлі қабықтарының қабынып, бұдырлана қалыңдауымен сипатталатын протозооз. Сиыр мен солтүстік бұғылары ауырады. Ауруға ешкіде бейім. [1,2].
Безноитиоз - жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін, Besnoіtіa besnoіtі деген споровиктер тобына жататын қарапайымдылар қоздыратын қара мал ауруы. Безноитиозға шалдыққан малдың терісі қабынады, түгі түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. Осы уақытқа дейін бұл ауру толық зерттелмей келді, сондықтан оны бұрын тері глобидиозы, тері саркоцистозы деп, тіпті мал мамандары оны асқынған қотыр, көң қотыр, қышыма көнтек деп те атаған [3].
Безноитиоз Қазақстанның Оңтүстік облыстарында ғана, атап айтқанда Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облысының оңтүстік аудандарында кездеседі. Профессор Б. П.Всеволодов 1959 ж. Алматы ет комбинатында сойылған ірі қара етін зерттеп, одан ең алғаш паразит цисталарын тапты. Қазақстанда безноитиоз Сырдария, Шу, Талас, Асы өзендерінің алқаптарында және Іле, Амудария өзендері құйылыстарында кездеседі [7,13].
Қоздырғышы - Besnoіtіa besnoіtі, пішіні сопақ, алмұрт немесе орақ тәрізді. Ұзындығы 5-9 мкм және 2-5 мкм. Оның қандағы көбею сатылары трофозоит деп аталады. Қан жұғындыларын Романовский-Гимза әдісімен бояғанда трофозоиттардың цитоплазмасы көкшіл түске, ядросы қызғылт-қоңыр түске боялады.
Ауру жұққаннан кейін үш аптадан соң қоздырғыш терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке және басқа да ұлпалар мен мүшелерге еніп, үлкендігі 0,5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы. Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар моноциттер мен нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит мекендеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі.
Қан ағымымен әртүрлі мүшелерге барған трофозоиттар дәнекер торшалар гистиоциттердің ішіне енеді. Гистиоцит ішінде көбейіп, торша ішін толтырады. Мұндай кеңейген гистиоциттердің маңына фибробластар жиналып, олардың фибрилдері (жіпшелері) кейіннен циста түзейді.
Кейбір ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің тұрақты иесі мысық және мысық тектестер. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы сыртқа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен былғанған жем-шөп арқылы зақымданады [3].
2.2 Аурудың себептері және клиникалық белгілері
Ауруды Besnoitia besnoiti атты қарапайым қоздырады. Паразит организмде эндозоиттар және цисталар түрлерінде болады. Цисталар домалақ немесе сопақша пішінді, сарғыш-ақшыл түсті, диаметрі 0,2 – 0,5 мм, қабырғасы өте қалың және нығыз құрылым. Олардың ішінде апельсин бөлегі немесе қол орақ пішінді, денесінің алдыңғы жағы ұшталған, артқы жағы доғалданған, ұзындығы 6 – 12 мкм, көлденеңі 2 – 5 мкм көптеген эндозоиттар болады.
Қозырушыны қан сорғыш шыбын-шіркейлер (сона, т.б.) тасымалдайды. Паразит әуелі организмге енген жерінде және өңірлік лимфалық түйіндерде (гистиоциттерде) көбейеді де, одан әрі қанға, лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Қоздырушының тіршілік әрекеттерінің өнімдері улы әсер етіп, мүшелерде дистрофиялық және қабыну процестері туындайды, организм уланады [2,4].
Безноитиоздың жасырын кезеңі 6 -10 күн, ал кейде 1-1,5 айға созылады. Аурудың жіті түрінде алдымен малдың дене қызбасы 40-41,5 С дейін көтеріледі. Бірақ 2-5 күннен соң қызба басылып, аздан соң қайта көтерілуі мүмкін. Ауру малдың тыныс алуы мен жүрек соғуы жиілейді. Бұл ауруға тән белгілерінің бірі - көз қарығуы. Көзі коньюнктивитке шалдығып, мал көзге сәуле түсуінен қорқады. Сондай-ақ ринит асқынып, танауларынан жалқаяқ сорғалайды [5,6].
Ауру мал күйзеліп, тәбеті қашады. Кейбір сыртқы сөл бездері қабынады және ұлғаяды. Көздің қас қабағында үлкендігі тары дәніндей, ақ түсті (цисталар) түйірлер пайда болады. Танау іші қызарыңқы, онда ақ түйірлер орналасқан. Кейбір жануарлардың жұтқыншағында, қынабында да осындай ақ түйірлер кездеседі.
Кейбір буаз сиырлардың іштастауы мүмкін. Кейде ауру малдың аяқтары және әукесі ісінеді. Сиырдың қынабы, ал бұқаның ені қабынады. Сондықтан безноитиоз бұқаларды белсіздікке душар етеді. Күтімі нашар болса, безноитиозға шалдыққан мал шығынға ұшырауы мүмкін.
Безноитиоздың созылмалы түрінде мал сап-сау сияқты боп көрінеді, бірақ біртіндеп арықтай береді. Малдың ісінген терісі қатпарланады, қалыңдайды, тіпті пілдің терісіне ұқсайды. Кейбір жерлерінің терісі жарылып, одан қан шығып тұрады, түгі түседі.
Ауру мал ыстыққа шыдай алмай, тыпыршып көлеңкеге тығылады немесе суға түсіп тұрады. Шамамен безноитиозға шалдыққан малдың 10 % шығынға ұшырайды [7,8,9].
2.3 Ауруды балау, патогенезі, алдын-алу шаралары және емі
Безноитиоздың эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтайды. Ауру малдан алынған цисталарды (түйіршіктерді) екі шынының ортасын салып қысады да, ішіндегі трофозоиттарды шығарып, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сондай-ақ, биопсия жасап, теріден алынған кесіндіні гистологиялық әдіспен тексеріп, цисталардың бар-жоғын анықтауға болады. Безноитиозды анықтау үшін серологиялық әдістерін де қолдануға болады (КБР) [9,10,11].
Қозырушыны қан сорғыш шыбын-шіркейлер (сона, т.б.) тасымалдайды. Паразит әуелі организмге енген жерінде және өңірлік лимфалық түйіндерде (гистиоциттерде) көбейеді де, одан әрі қанға, лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Қоздырушының тіршілік әрекеттерінің өнімдері улы әсер етіп, мүшелерде дистрофиялық және қабыну процестері туындайды, организм уланады. Безноитиоздың нақты емі әлі табылған жоқ [13,14]
Ауру малды дер кезінде табыннан бөліп оқшаулап, жарамсыз топқа шығарып, етке пайдалану керек. Қан сорғыш жәндіктермен инсектицид және репеллент дәрілерін қолданып күресу керек. Мал қораларын уақытында қидан тазалап, жиналған көңді биотермиялық әдіспен өңдейді. Мал қорасына мысық жібермеген жөн. Жазда шөлейт аймақтарда, жағалауында жайылған малды күзде міндетті түрде клиникалық байқаудан өткізу қажет. Бұл жұмыс басқа мал дәрігерлік шаралармен қоса, бір мезгілде жүргізіледі [12,15,16]
2.5 Аурудың патологиялық анатомиясы
Өлген немесе амалсыздан сойылған малда өте зілді және ауруға тән өзгерістер негізінен тері мен тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлегі кілегейлі қабықтарында болады. Бас, мойын, артқы аяқтар мен ұма терілерінің 2 – 3 есе қалыңдағаны, қатпарланғаны, адыр-бұдырланғаны, түктерінің түсіп, сирегені байқалады. Осылайша өзгерген тері бетінде құрғақ, үгітіліп қиқымданатын қабыршықтар болады. Теріні тіліп көргенде жай көзге дәнекер өрмемен қоршалған көптеген сарғыш түсті түйірлер түріндегі қоздырушының цисталары көрінеді [17, 22].
Паразит цисталарының шоғырлары апоневроздарда да, бұлшықеттераралық дәнекер өрмеде де, бұлшық еттер қалыңында да болады. Танау қуысының, жұтқыншақ пен көмейдің, кеңірдектің, ірі бронхылардың кілегейлі қабықтарындағы цисталар шоғылары ұнтақ ботқасының жұқа жағындысына ұқсайды.
Цисталар әрдайым көз склерасында, кейде эндокард астында байқалады. Олар қынаптың кілегейлі қабығын да, бұқа енінің, қамшысының және күпегінің қабықтарын да зақымдайды. Цисталар кеулеп, 2 – 3 см дейін қалыңдаған және қатпарланған ұма терісінде өлшемі 1 - 3 см дей ойылымдар кездеседі [18].
Цисталар есебінен қабықтары қалыңдаған ен, оның қосымшасы қатаяды. Еннің тілік бетінде кальций тұзымен кеуленген майда өлі ошақтар байқалады. Малдың қоңдылығы нашарлап, май өрмесі атрофияға, паренхималық мүшелер дистрофияға ұшырайды.
Зақымданған мүшелерді микроскоптың кіші үлкейкейткішімен зерттегенде көптеген цисталар бірден көңіл аударады. Олар диаметрі 200 - 400 мкм, домалақ пішінді, фуксинмен қызыл түске боялатын қалың қабықты құрылым. Цисталар тері қабаттарының бәрінде де болады, торлы қабатта коллаген талшықтарының будалары аралығында, қан және лимфа тамырларының қабырғаларында, жүйке діңгектерінде де байқалады [21].
Көптеген цисталар желінді, емшектің терісі мен кілегейлі қабығын, ен мен ен қосымшасын жайлайды.
Өкпеде, бауырда, бүйректе, талақ пен лимфалық түйіндерде олардың саны бірен-саран-ақ. Цисталарды азды – көпті гистиоциттер, лимфоциттер мен фибробластар шоғырлары қаумалайды, олар талшықты дәнекер өрменің өсуіне әкеледі [22]....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Фитопрепараттарды қолдану арқылы қозылардың диспепсиясын емдеу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Фитопрепараттарды қолдану арқылы қозылардың диспепсиясын емдеу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі
Іздеп көріңіз: