Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Фитопрепараттарды қолдану арқылы қозылардың диспепсиясын емдеу
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1 КІРІСПЕ 7
8
9
10
1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңызы 12
1.2 Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және тәжірибелік базасы
1.3 Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Төл аурулары жайында жалпы мағлұматтар
2.2 Төлдер диспепсиясының түрлері 19
2.3 Жаңа туылған төлдер диспепсиясының себептері мен таралуы
2.4 Буаз аналықтардың толық құнды азықтандырылмауы төлдер диспепсиясының себебі ретінде
27
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 28
3.1 Зерттеу материалдары және әдістері 28
3.2 Зерттеудің нәтижелері 35
3.2.3 Зерттеу жүргізілген шаруашылықтың табиғи климаттық және шаруашылық сипаттамасы.
3.2.4 Төлдер диспепсиясы кезінде қолданылатын өсімдік текті
препараттардың сипаттамасы
3.3 Экономикалық тиімділікті есептеу
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ 47
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР 51
6 ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫСТАР 52
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 53
1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
Республикамызда қой шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады. Қойларда өнімділікті арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады.
«Диспепсия» деген атау тура мағынасында ас қорытудың бұзылуы (грек. Dyspepsia dys – бұзылу, жойылу; pepsis – қорыту) дегенді білдіреді. Бұл терминді 1875 жылы, жаңа туылған төл өлексесін сойып-зерттеу кезінде айқын білінетін макроскопиялық өзгерістерді белгілеу мүмкін болмаған кезде қолдану арқылы, алғашқы болып австриялық дәрігер Видерегофер енгізді. Ол аталған аурудың негізінде ас қорыту үрдістерінің бұзылуы жататындығын және таза функциональдық сипатын болжап берді. Дегенмен, бұл концепция кейін теріске шығарылса да, терминнің өзі жаңа туылған нәрестелер, төлдер және құстар аурулары бойынша мамандардың арасында кеңінен қолданысқа ие болды[1].
Қозылар диспепсиясы барлық жерлерде таралған және де ірілендірілген шаруашылықтарда көптеп кездеседі. Жалпы диспепсиямен үй малдарының барлық түрлерінің төлдері ауырады. Аурудың бұл түрінен келетін шығын мал басы санының кемуінен, төлдердің нашар болуынан, ауырып жазылған малдардың бордақылаудың қымбатқа түсуінен, ауру төлдерді емдеуге жұмсалған шығынның қайтымсыздығынан құралады.
Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша жыл сайын улы диспепсиядан болатын мал басы шығыны төлдердің жалпы санының 20-50%-ын құрайды[2].
Осылайша диспепсиядан көптеген елдердегі мал шаруашылығына келтірілетін экономикалық шығын, сібір жарасы сияқты індеттік аурулардан да асып түседі. Ол тұқымдық мал өсірілетін шаруашылықтар үшін мал басын көбейту мәселесінің басты кеселі болып табылады. Ауру жылдың барлық маусымында кездеседі. Ал, аурудың жаппай етек алуы, төлдеудің негізгі кезеңімен сәйкес келетін қыстақта ұсталуының екінші жартысында басталады. Малдардың төлдеуі кезеңіндегі күтімі ережелері сақталмаған жағдайда жаз айларында да ауру көп таралуы мүмкін.
Қорытындысында кейбір зерттеушілердің аналықтардың азықтандырылуының бұзылуын барлық жағдайларда бірдей аурудың этиологиялық факторы бола алмайтын динамикалық көрсеткіш ретінде қарау керек деген пікірін келтіруге болады. Ол көбінесе құрсақтағы төлдің резистенттілігін төмендететінін, соның салдарынан онын постэмбриональдық кезеңде сыртқы орта жағдайларына бейімделу мүмкіндігін азайтатын жағдай ретінде білінеді.
1.2 Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және тәжірибелік базасы
Дені сау төлдің туылуы аналықтардың буаз кезеңіндегі толық құнды азықтандырылуына тікелей байланысты. Рационның құнарсыз болуы мен күтімінің төмендігі буаз аналықтардың организміндегі зат алмасуының бұзылуына әкеледі. Алмасу үрдістерінің мұндай бұзылулары, әсіресе буаздықтың соңғы кезеңдерінде құрсақтағы төлдің дамуына кері әсерін тигізеді. Мұндай аналықтардан гипотрофик төлдер туылып, диспепсия, кейін бронхопневмония ауруларына асқынады. Айта кету керек, жаңа туылған төлдер гипотрофиясының патогенезі әлі де толық зерттеліп болмаған күйінде қалып отырған тақырыптардың бірі. Тақырыптың маңыздылығын осыдан көруге болады.
Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмыстарымыздың басты мақсаты Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Жорға шаруа қожалығында қозылардың диспепсияға шалдығуы бойынша зерттеп, оқып-үйрену мен аталған ауру кезінде өсімдік текті препараттар ертінділерін қолданудың тиімділігін анықтау болды. Осы аталған мақсатымызға қарай, біз, алдымызға келесідей міндеттер қойдық:
1) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Жорға шаруа қожалығында қозылардың диспепсияға шалдығуы себептері мен клиникалық белгілерін анықтау;
2) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Жорға шаруа қожалығында қозылардың диспепсиясын емдеуде өсімдік текті препараттар ертінділерін қолданудың тиімділігін сынау мақсатында тәжірибелер жүргізу;
3) Зерттеу қорытындысының мағлұматтары бойынша аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыру
Тәжірибелік база.
Дипломдық жұмыстың орындалуы Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Жорға шаруа қожалығында және Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасының зертқанасында жургізілді. Шаруа қожалығында негізгі клиникалық зерттеу, диспепсиямен ауырған қозыларды емдеу және алдын алу шаралары жургізілді. Ал кафедра зертханасында қанның морфологилық корсеткіштері анықталды.
Жұмыстың көлемі мен құрлымы. Дипломдық жұмыс компьютерлік мәтіннің 53 бетінде мазмұндалған және мөлшерлік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, негізгі бөлім, зертеудің материалдары мен әдістері, зертеу нәтижелерін талдау, тұжырым, қорытындылар, тәжірибелік ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс 2 кестемен және 11 суреттермен безендірілген.
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Төл аурулары жайында жалпы мағлұматтар
Диспепсия ( грек. Dyspepsia dys – бұзылу, жойылу; pepsis – қорыту) – жаңа туылған төлдердегі ас қорыту мен зат алмасуының жіті бұзылуы[1].
Соңғы жиырма жылда төлдер диспепсиясының себептерін анықтау мен онымен күресу жолдарын белгілеу мақсатындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары ауқымды көлемде жүргізіле отырса да, бұл сұрақ әлі де келелі мәселелер қатарында қалып отыр.
Аурудың этиологиясы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан [3] еңбектерде аурудың негізінде алиментарлық фактор қарастырылса[4] және т.б. еңбектерде індеттің пайда болу тегі қарастырылады.
Бұл көзқарастардың әрқайсысы күрделі эволюциялық дамуға ие, және де олардың қайсысын болса да дәлелдейтін пікірлер талас тудырады.
Аурудың этиологиясы жөніндегі әрбір көзқарастың мәнін нақты зерттеу үшін, қазіргі кезде бар әдебиет деректерін жағдайға сай нақтылау қажет болады.
Ұзақ уақыттар бойы төлдер диспепсиясының пайда болуының басты себебі ретінде аналықтар рационында каротиннің жетіспеуі, соның салдарынан олардың қаны мен уызында каротин мен А витаминінің жеткіліксіз болуы деп есептелініп келді.
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз беретін кәрі малдарды айналымнан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру. Өнімді көп беретін мал табиғаттың әртүрлі қолайсыз жағдайына жиі ұшырап, әртүрлі ауруларға жиі шалдығады. Мұндай жағдай әсіресе төлдердің арасында көптеп кездеседі.
«Мал төлден өседі» - дейді халық даналығы. Олай болса төлдерді алуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбеккерлердің ең негізгі және күрделі міндеттерінің бірі. Төл ауруларының арасында әртүрлі витаминдердің жетіспеушілігі салдарынан дамитын аурулар жиі кездеседі. Бұл аурулардың себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді.
Диспепсия – жаңа туған төлдердің азық қорыту және зат алмасу процесінің бұзылып, организмнің құрғауы және улануы салдарынан тез арада пайда болатын ауру.
Бұл аурумен бұзаулар, торайлар жиірек, ал қозылар мен құлындар және боталар сирек ауырады.
Себептері. Жаңа туған бұзаудың бұл аурумен ауруының негізгі себептерінің бірі ұрықтанған буаз аналық малдардың (әсіресе туарға дейінгі үшінші кезеңінде) азық мөлшерінде протеиннің, витаминнің, минералдық заттардың жетіспеушілігі болып табылды.
Кейбір шаруашылықтарда буаз сиырларды құнарсыз, құрамында май қышқылдары бар қызылшаның сығындысымен немесе сондай сүрлеммен азықтандырғанда бұзауларды сапасыз қоректендіргенде, ал саулық қойларды ұрықтанғаннан кейін және ұрықтың іште дамуы кезінде сапасыз шөппен азықтандырғанда қозыларда жиі кездеседі.
Бұлapдың aшық тұқымдылapдaн aйыpмaшылығы – тұқым бүpшiгi жaтын iшiнде жетiледi. Гүлдi өсiмдiктеp бapлық құpлықтa өседi, судa кездесетiн түpлеpi де бap. Биiкте бipнеше мм-ден (бaлық oты) 150 м-ге (эвкaлипт) дейiн, шыpмaуықтap 200 м-ден aсaды. Oлapдың жaлпы мopфoлoгиялық, aнaтoмиялық, эмбpиoлиялық белгiлеpi ұқсaс бoлғaнымен, өсiмдiктеpдiң тipшiлiк opтaсының жaғдaйлapынa бейiмделуiне бaйлaнысты кейбip мүшелеpiнiң өзгеpiп не тiптi жoйылып кеткендеpi бap. Пaлеoбoтaникaлық деpектеp бoйыншa aлғaшқы Гүлдi өсiмдiктеp мәңгi жaсыл жaпыpaқтapы, қoс жынысты гүлдеpi бap, aғaш тәpiздi өсiмдiктеp бoлғaн. Гүлдi өсiмдiктеpдiң ең көп тapaғaн уaқыты – бop кезеңiнiң aяғы. Гүлдi өсiмдiктеpдiң Жеp шapынa кең тapaлуынa oлapдың құpғaқшылыққa төзiмдi вегетaтивтi opгaндapының бoлуы, қoлaйсыз климaттық жaғдaйдa өсуге бейiмдiлiгi, негiзiнен, жәндiктеp apқылы тoзaңдaнуы, тұқымдapы мен жемiстеpiнiң жaнуapлap apқылы тapaлуы себеп бoлғaн. Қaзip Гүлдi өсiмдiктеpдi дapa жapнaқтылap және қoс жapнaқтылap деп 2 клaсқa бөледi. Oлapдың 450 тұқымдaсқa бipiгетiн 12,5 мың туысы және 250 мыңнaн aстaм түpлеpi белгiлi. Қaзaқстaндa 125-тей тұқымдaсы, 1000-нaн aстaм туысы, 6000-дaй түpi кездеседi. Гүлдi өсiмдiктеpдiң ең ipi тұқымдaстapы: aстық, бұpшaқ тұқымдaстap, күpделiгүлдiлеp, еpiндiгүлдiлеp, т.б.; Гүлдi өсiмдiктеpдiң қaтapынa тaғaмдық (пияз, сapымсaқ, қызылшa, т.б.); техникaлық (ши, құpaқ, зығыp, қoзa, т.б.); дәpiлiк (шaйшөп, жөке, шүйiншөп, т.б.); әсемдiк (paушaн, қaлaмпыp, т.б.) өсiмдiктеp жaтaды. Гүл тек жaбық тұқымды өсiмдiктеpде ғaнa түзiлген. Aтaлықтap мен aнaлықтap oсы гүлде жетiледi. Aнaлықтың жaтынындa (Гүл түйiндеpiнде) тұқым бүpшiктеpi opнaлaсaды.
Жaбық тұқымдылapдың гүлдеpi бipiнен-бipi мөлшеpi, пiшiнi, түсi және құpылысы бoйыншa еpекшеленедi. Бip жaбық тұқымдылapдың гүлдеpi желмен тoзaңдaнуғa, aл екiншiлеpi бунaқденелiлеpмен тoзaңдaнуғa бейiмделген. Қaндaй жoлмен тoзaңдaнғaнынa қapaмaстaн, тoзaң түйipлеpi aнaлықтың aузынa келiп түседi. Oсы жеpде oлap өнiп, тoзaң түтiктеpiн түзедi. Тoзaң түтiктеpi apқылы aтaлық жыныс жaсушaлap тұқым бүpшiгiне өтедi. Oсы жеpде тoзaң түтiгiндегi екi aтaлық жыныс жaсушaсының бipi жұмыpтқa жaсушaны ұpықтaндыpaды. Aл екiншi aтaлық жыныс жaсушaсы тұқым бүpшiгiнiң ең үлкен opтaлық жaсушaсымен қoсылaды. Ұpықтaнудың тек гүлдi өсiмдiктеpге тән мұндaй түpiн қoсapлaнып ұpықтaну деп aтaйды.
Сoнымен, ұpықтaнғaн жұмыpтқa жaсушaдaн ұpық пaйдa бoлaды. Opтaлық жaсушa екiншi aтaлық жыныс жaсушaсымен қoсылып, ұлғaйтып - эндoспеpм түзедi. Oндa ұpыққa қaжеттi қop зaттapы жинaлaды. Тұқым бүpшiгiнен - тұқым, aл жaтынның қaбыpғaлapынaн жемiсқaп түзiледi.
Қaзipгi кездегi жaбық тұқымдылapғa aғaштap, бұтaлap, шөптектi өсiмдiктеp жaтaды. Oлap жеp бетiндегi бapлық құpлықтapдa кеңiнен тapaлғaн.
Жaбық тұқымдылapдың кейбipеулеpiнiң өсiмдi кезеңi, яғни тipшiлiк ету ұзaқтығы өте қысқa - бipнеше aйғa ғaнa сoзылaды. Oғaн көкнәp тұқымдaсының кейбip өкiлдеpi мысaл бoлa aлaды (сеппе көкнәp, т.б.). Екiншi бip түpлеpi мысaлы, емен aғaшы жүз жылғa дейiн өмip
Жабық тұқымдылардың өте биік, сондай-ақ өте аласа түрлері де кездеседі. Жабық тұқымдылардың сабақтары тік, кейде шырмалып, өрмелеп, төселіп өседі. Жапырақтарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі әрқилы болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әр түрлі тұқымдас өкілдерінің де бірінен-бірінің елеулі өзгешеліктері бар. Жөке ағашынан тұратын көлеңкелі орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын айырмашылығы байқалады. Шалғынды жерде өсетін өсімдіктер құмды шөлдің, батпақты тундраның өсімдіктерінен өзгеше.
Гүлдi өсiмдiктердiң тaбиғaттaғы және aдaм өмiрiндегi мaңызы oрaсaн зoр. Өсiмдiктер - aдaмғa тaмaқ өнiмдерiн бередi және aуыл шaруaшылық жaнуaрлaрынa қaжеттi жемшөп қoры. Oлaр шикiзaт ретiнде өндiрiстiң әр түрлi сaлaлaрындa қoлдaнылaды....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы
Іздеп көріңіз: