Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Сиырдың іріңді катаралды желінсауы

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Сиырдың іріңді катаралды  желінсауы

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР....................................................
АНЫҚТАМАЛАР.........................................................................
БЕЛГІЛЕРМЕН ҚЫСҚАРТУЛАР................................................
КІРІСПЕ........................................................................................
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ..........................................
Қарастырылып отырған мәселенің кәзіргі ахуалын бағалау.....
Қарастырылып отырған мәселені теориялық негіздеу............
НЕГІЗГІ БӨЛІМ...........................................................................
Зерттеу материалдары мен әдістері.........................................
Шаруашылыққа сипаттама...........................................................
Зерттеу нәтижелері және оны талдау.................................................................
Еңбекті қорғау және экология мәселелері...................................
ҚОРЫТЫНДЫЛАР....................................................................
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР.....................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................
ҚОСЫМШАЛАР

Тақырыптың өзектілігі : Бүгінгі таңда сүт өндіретін шаруашылықтар Қазақстан Республикасы бойынша өз жұмысын жандандыра бастады. Солардың ішінде бірнеше ірі сүт өндіретін шаруашылықтарда бар атап айтсақ: Ақмола облысындағы «Родина» шаруашылығы, «Астана-өнім»; Алматы облысында «Адал», «Фудмастер», «Аиршир», «Байсерке-АГРО», СПХК «Алматы» АШӨК, «Амиран», «Медеу- Коммерц» және тағы басқалар, сонымен қатар бірнеше шаруа қожалықтары бар.
Осы күнге дейін мал шаруашылығында, атап айтсақ сүт өндіретін шаруашылықтарда сиырлардың желінсауы жиі кездеседі. Соның салдарынан жоспарда белгіленген сүт өнімі ойдағыдай алынбай келеді. Аталған аурулар жұқпалы емес, бірақ антисанитарлық жағдайда асқынып кетуі әбден мүмкін, сонымен қатар індетті ауру салдарынан да асқынып, малды істен шығаруға тура келеді. Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ желінсаулар 15 - 20 % туғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Сондықтан бұл аурулар шаруашылыққа орасан зор зиян шектіреді.
Жоғарыдағы жағдайды ескеріп, Біз дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде: Сиырдың іріңді-катаралды желінсауының алдыналу іс-шараларын ұйымдастыруды алдымызға мақсат етіп таңдап алдық.

Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді таңдадық:

1. Шаруашылық бойынша желінсаудың таралуын анықтау
2. Шаруашылықтағы сауынды сиырлардың желінсауға шалдығуын жыл мерзіміне байланысты зерттеу
3. Желінсау түрлеріне байланысты ауру мал басын топқа бөліп емдеу іс-шараларын жүргізу
4. Желінсаудың әр түріне тиімді емдеу әдісін анықтау
5. Өзіндік зерттеу нәтижесі бойынша шаруашылыққа ұсыныс беру

2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Қарастырылып отырған мәселенің кәзіргі ахуалын бағалау
Желінсау – желіннің қабынуы. Көбінесе жаңа туған малды, сиырларды суалтқан, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі.
Шаруашылықта малдың бағып – күтімі, азықтандыруы нашар болып, сауу ережелері дұрыс сақталмайтын болса, желін аурулары кең таралып кетуі мүмкін. Сөйтіп, шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Сиырдың бір емшегі (ширегі) ауырғанының өзінде оның сүттілігі 10 – 20 %-ға кемиді. Желінсау болған сиырлар (әсіресе сүтті асыл тұқымды сиырлар) мезгілінен бұрын жарамсыздыққа шығып, етке өткізіліп жіберіледі.
Жасырын (субклиникалық) желінсау кезінде ауру сиырдың сүті таза сүтпен араласып кетеді де, оның сапасы төмендетеді. Одан жақсы, дәмді айран ұйытуға, ірімшік – май жасауға болмайды. Ондай сүтті ішкен бұзаудың іші жүруі мүмкін, адам да ауырады. Желін ауруларының ішіндегі ең көп кездесетіні де, ең көп зиянын тигізетіні де желінсау аурулары және олардың асқынған түрлері. [2]
Организмде пайда болған желінсаудың негізгі жіктелуі ол организмнің резистенттілігіне, ауру тудыратын себептерінің түрлеріне байланысты болып келеді.
Серозды желінсау – клиникалық көріністері: ауру басталғанда желінде гиперемия болады және серозды экссудат жиналады (1 суретте). Сүттің құрамы өзгере қоймайды. Малдың дене температурасы көтеріледі, тәбеті және сүт өнімділігі төмендейді. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған, тығыз, ыстық және ауырсынады. Желін үсті безінің көлемі ұлғайған. Серозды желінсауды уақытында дұрыс емдесе, мал көп ұзамай жазылып кетеді. [3]
Катаральды желінсау – катаральды желінсау кезінде сүтте ірімтіктер пайда болады. Қабыну процесі екі түрде өтеді: а) цистерна және сүт жолдарының катары; б) альвеола катары.
Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үстіңгі жағынан ұстап көргенде тығыздалған жерлері байқалады. Олар іріп – ұйып қалған сүттің жиналып, емшек каналын бітелуінің белгілері. Оны сауып тастағаннан кейін сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды (2 суретте).
Фибринозды желінсау – кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, мал күйзеледі. Малдың азыққа тәбеті және сүт өнімділігі нашарлап, дене температурасы көтеріледі. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайып қызарады, жергілікті температурасы көтеріледі, ауырсынады, соның салдарынан мал артқы аяғынан ақсап басып жүреді. Желінді қолмен ұстап зерттегенде қабынған жерлерден қытырлаған дыбыстар естуге болады. Мұндай белгілер фибринозды қабынудың негізгі белгілері болып табылады.
Іріңді желінсау – іріңді – катаральды желінсау – қабыну процессінің өту уақытына байланысты: жіті және созылмалы болады. Жіті іріңді – катаральды желінсау кезінде малдың дене температурасы көтеріңкі, желіннің қабынған бөлігінің көлемі үлкейеді, қызарады, жергілікті температурасы көтеріліп, ұстап көргенде ауырсыну байқалады. Сүттің құрамында ірің және сарғылт-қызыл қойырпақ кездеседі. Іріңді – катаральды желінсаудың созылмалы түрінде желіннің, емшектің көлемі кішірейіп кетеді, сүттің мөлшері азайып құрамында іріңді шырыш болады [4]

Геморрагиялық желінсау – малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы көтеріліп, тыныс алуы, тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынған бөлігін ұстап көргенде ауырсынады, жергілікті қызуы көтерілген, терісі қызыл-күрең түсті. Сүті су тәрізді түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.
Тәнді желінсау – бұл белгілі бір аурулардың салдарынан болады.
Желін аусылы – мал аусылмен ауырғанда желінде, емшектерде көңкңлдеп суға толған күлдіреуіктер пайда болады және олар жарылып жараға айналады.
Желін актиномикозы – желінге сәулелі саңырауқұлақтар енгенде пайда болады. Зақымдалған жерлер іріңдңп жазылмайтын жараға айналады. Желінсаудың пайда болу себептері: желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болып келеді. Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80 % жағдайда микробтың үлесі бар деп есептейді.

ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА КЕЗДЕСЕТІН ЖЕЛІНСАУ
ТҮРЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕМДЕУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Желінсауға қолданылатын жалпы терапиялық әдістер:
Барлық жіті желінсау кезінде (серозды, катаральды, фибринозды, геморрагиялық, іріңді – катаральды) тамыр ішіне 40 %-дық глюкозаны 150 – 200 мл, 10 %-дық хлорлы кальций 150 – 200 мл, 2 – 3 г кофеинді, бұлшықетке окситоцинді 40 – 50 бірлікте енгізу ұсынылады. Ерітінділер стерильді түрде болуы тиіс.
Микробқа қарсы (антимикробты) әдістерді қолдану
Ішке ақ түсті стрептоцидті 4 күн күніне 3 рет: 1-ші күні 15 г, 2-ші күні – 12 г, 3-ші күні – 9 г, 4-ші күні – 6 г беру керек. Бұлшық етке экмоновоциллин – 3-4 бірлікте 1 рет күніне егу керек. Және де тамыр ішіне 150-200 мл 10 %-дық норсульфазол натрийді егу керек. Сонымен қатар, желінсау кезінде арнайы препараттар: мастикур, мастисан А, В, Е және де келесі медикаменттерді қолдануға болады: фурациллин – 1:5000, риванол – 1:2000, 2-3 % ихтиол. Микробқа қарсы препараттарды желіннің үрпісі арқылы енгіземіз. [11]

2.2 Қарастырылып отырған мәселені теориялық негіздеу

Серозды желінсауды емдеу
Желінді астынан жоғары қарай сылап сипайды, жиі-жиі сауып тастайды, бұлшық етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді қолданады. Сонымен қатар аузынан 10-12 г стрептоцид ұнтағын 3 рет бөліп ішкізеді. Д.Д. Логвиновтың әдісі бойынша қысқа блокада жасайды (7 сурет). Желінді камфора майымен майлап, 2-3 сағатқа озокерит жапсырады. Малдың рационындағы шырынды жем шөпті, суды азайтқан жөн.

Катаральды желінсауды емдеу
Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8-10 мың ӘБ антибиотиктер қоспасын бұлшық етке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды және жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын экссудаттан оңай тазарту үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.
Сонымен қатар, 1-2 рет Д.Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек. Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап тастайды (8 сурет).
Фибринозды желінсауды емдеу
Айырған малды жеке жерде ұстап, бұлшық етіне әрбір6 сағат сайын антибиотиктер егеді. Вена тамырына 40 %-дық глюкоза ерітіндісінің және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін қосып жылы күйінде жібереді. Сүтті сауып болған соң желін үрпісіне 100-150 мл фурациллиннің 1:5000 ерітіндісін, этакридин лактаттың 1:3000 ерітіндісін немесе 2-3 % стрептоцидтің ерітіндісін жібереді. Желіннің ауырған бөлігіне камфора немесе ихтиол майын жағып, жылылап, орап тастайды.
Іріңді желінсауды емдеу
Желінді патологиялық экссудаттан босатудан басталады. Сүт цистернасында қатып қалған ұйындылардан жібіту үшін желін үрпісіне 1-2 %-дық соданың жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жібереді, сонымен қатар, тері астына немесе бұлшық етке окситоцин, питуитрин салады. Желінді экссудаттан тазартқаннан соң емшек үрпісіне мастикур, мастисан дәрілерін және антисептикалық ерітінділерін жібереді. Мал дене қызуы түспесе венаға 10 %-дық норсульфазолдың ерітіндісін 150 мл шамасында жібереді. Егер іріңді желінсау абсцесс немесе флегмонаға айналып кетсе, оларды жуан инемен тесіп іріңді сорып шығарады да, орнына антимикробтық препараттар жібереді. Мал организмінің жалпы тонусын көтеру үшін 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін 100-150 мл, 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100 мл шамасында және 10-15 мл кофеиннің ерітіндісін жібереді. Сонымен қатар, малдың бағып күтуін жақсартып азығының сапасын жоғарылатады. [13]


Геморрагиялық желінсауды емдеу
Малды бөлек оқшаулап жиі-жиі сауып, тері астына 10 мл кофеинді, венаға 200-250 мл 40 %-дық глюкозаны, 100 мл 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін жібереді. Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып, жылы орап, байлап тастайды. Д.Д. Логвиновтың қысқа блокадасын немесе Башкиров және Магда әдісі бойынша блокадалау пайдаланылады (9-10 суреттер).
Тәнді желінсауды емдеу
Желін аусылының емі: жара болған жерлеріне йод немесе йод-глицерин жағады. Шаруашылықта аусылды жою мақсатында тиісті жазылмайтын ойық жараға айналады. Желін актиномикозын емдеу үшін іріңді және өлеттенген ұлпадан механикалық тазартып, дезинфекциялық ерітінділермен жуып-шаяды және күре тамыры арқылы 40 % глюкоза ерітіндісін 250-300 мл, 20 % хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100-150 мл, 10-15 мл кофеинді араластырып жылы күйінде жіберген жөн 2-3 күнде бір рет, сонымен қатар 1 кг тірі салмағына 8-10 мың ӘБ антиюиотикті енгізеді және тривитамин, тетравитті пайдаланған дұрыс. [17]...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Сиырдың іріңді катаралды желінсауы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Ветеринария дипломдық жұмыстар, Сиырдың іріңді катаралды желінсауы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]