Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

Дипломдық жұмыс: Ветеринария  | Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

Мазмұны


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1 КІРІСПЕ 10
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы 10
1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері 11
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 12
2.1 Кеміргіштердің зиянкестігінен туындайтын экономикалық шығын 12
2.2 Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы 16
2.3 Дератизациялық шаралар және родентицидтер 20
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 23
3.1 Зерттеу әдістері мен материалдары 23
3.2 Шаруашылыққа сипаттама 26
3.3 Зерттеу нәтижелері 27
3.3.1 Зертханалық жағдайда родентицидтің уыттылық деңгейін анықтау 27
3.3.2 Шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау 32
3.3.3 Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау 33
3.3.4 Шаруашылықта жүргізілген дератизациялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ 36
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР 38
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 39
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40

1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді.
Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады.
Сондықтан кеміргіштерді жою экономикалық, эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тұрғыдан келгенде аса қажетті және осы кезге дейін толық шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Біздің елімізде кеміргіштермен күресуге негізінен дератизациялық улардың екі тобы қолданылады: антикоагулянттар мен тез арада күшті әсер ететін улы заттар. Осылардың ішінде мырышты фосфид, крысид, аминостегмин сияқты кең таралған, тез арада күшті әсер ететін улар қолданылады. Дегенмен де олар кеміргіштердің рефлекторлық қорғаныс реакциясын тудырып, кеміргіштер бұл улардан жасалған жемтіктерді қайталап жемей қояды. Сондай-ақ, бұл уытты заттар үй жануарларына да уытты әсер етеді. Оларды мал және құс шаруашылығында пайдаланғанда ауыл шаруашылығындағы малдар мен құстардың кездейсоқ улануына әкеп соқтырады [2]. Сондықтан да бұл топқа жататын родентицидтерді ауыл шаруашылық нысандарында қолдану қауіпсіз емес.
Тез арада күшті әсер ететін улармен салыстырғанда, антикоагулянттар үй жануарлары мен құстарға қауіпсіз және дератизацияларда кеміргіштерді толықтай жоюда нәтижелі болып есептеледі. Олардың баяу әсер етуінің арқасында кеміргіштердің рефлекторлық қорғаныс реакциясын тудырмайды. Сонымен қатар, олардың егеуқұйрықтарға қарсы уыттылығы пайдалы малдар мен құстарға қарағанда өте жоғары. Дегенмен де олардың бір реттік уыттылығы әлсіз болғандықтан бірнеше рет қайталанып қолданылады. Сондықтан уақыт өте келе оларға кеміргіштер дағдыланып кетуі мүмкін.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта ауыл шаруашылық нысандары мен елді мекендердегі тышқан тектес кеміргіштерді жоюға антикоагулянттар тобына жататын жаңа родентицидтерді жасауға және оларға кеміргіштердің дағдыланып кетпейтін жолдарын тауып, оларды жетіддіріп жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан дератизациялық шаралармен қатар жаңа улы заттарды ойлап табуға және кеміргіштермен белгілі бір жүйемен күресуді ұйымдастыруға бағытталған зерттеулерге қарамастан олардың саны азаюдың орнына, кейбір жерлерде көбейе түсуде [3].
Өкінішке орай, Қазақстанда қазір кеміргіштер барлық облыстарды мекендеп, қарқынды көбеюде. Қазіргі таңда республикада ауыл щаруашылық, өндірістік нысандар мен елді мекендерді зиянды кеміргіштерден қорғау маңызды да қиын мәселелердің бірі болып отыр.
1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама
"Ырыс" шаруа қожалығындағы жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралардың деңгейін жақсарту жұмыстарын жасау мақсатында профилактикалық дератизациялық шаралар іске асырылып, дератизациялық жұмыстардың тиімділгін арттыруда қолданылған родентицидтердің сапасына байланысты екені анықталған. Шаруа қожалықта атқарылған дератизациялық шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтер, тақырыптың өзектілігін айқындай түскен.
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы
Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 7 - кесте, 7 – суретпен көркемделген.
Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында орналасқан "Ырыс" шаруа қожалығында өтті.
Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кеміргіштерге қарсы қолданылатын родентицидтердің қолайлы концентрациясын анықтап, шаруашылықта дератизация әдістерін тиімді жүргізу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Зертханалық жағдайда родентицидтің уыттылық деңгейін анықтау
2. Шаруашылықта кеміргіштердің шоғырлану деңгейін анықтау
3. Өндірістік жағдайда жүргізілген дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау
4. Шаруашылықта жүргізілген дератизациялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Кеміргіштердің зиянкестігінен туындайтын экономикалық шығын
Ветеринариялық нысандарда қоныстанған кеміргіштер шаруашылықтарға үлкен экономикалық шығын әкеледі. Олар жем-шөптерді, тағамдарды жеп ластайды, жұмыртқаларды ішіп, балапан, торай, күшіктерді жеп, құрылысты бұзып, бау-бақшадағы жеміс-көкөністерді зақымдайды.
Жыл сайын дүние жүзінде кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар 33 млн тоннадан аса дәнді дақылдар мен күрішті жеп құртады. Жыл сайын бір егеуқұйрық 12 кг-нан астам азықты жеп, нәжісімен одан 1 есе көп азық-түслікті былғайды. Қазіргі заманда егеуқұйрықтар кейбір жерлерде адамнан да көп. Мәселен, Үндістанда бір тұрғынға (елде 1миллиардтай халық тұрады) 10 егеуқұйрықтан келеді екен. Осы «қарапайым» есептеуден бір Үндістанға қаншалықты экономикалық шығын әкелетінін көруге болады. Олар 120 млн тоннадан астам бидайды жейді. Бұл есептеуді «қарапайым» деуіміздің себебі егеуқұйрықтардың бұдан да үлкен қомағайлылығын көрсететін деректер кездеседі. Мысалы, Г.С.Зеленконың айтуынша бір егеуқұйрық бір жылда 22 кг бидайды жеп, басқа қант, май сияқты азықтардың 37 кг жейді екен. Бір жұп егеуқұйрықтан тараған тұқым бір жылда 17 тонна астық жейді.
Бомбейде элеваторлар мен қамбаларда бір айдың ішінде жарамсыз дәндердің (1500-1600 қап) көп мөлшері жиналып қалады. Бұл қапты тескен егеуқұйрықтар болып табылады. Эксперттердің есебінше Бомбейде 20 млн егеуқұйрықты жою арқылы 900000 адамға азық болатын астықты сақтап қалуға болады. АҚШ-тың мамандары мен БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, қазіргі уақытта АҚШ-та 140-170 млн кеміргіштер тіршілік етеді. Олар әр жыл сайын 500-ден 2 триллион долларға дейін зиян келтіреді. Зиянкестермен күрес қоғамының мәліметіне қарағанда өндірісте 30 мыңнан астам адам бар, олар күн сайын тек қана кеміргіштерді жою шараларымен ғана айналысады [4, 5].
800-ден астам кеміргіштермен күрес құралдарын дайындады. Бұл компания 3 мыңнан астам уланған жемтік таратады. Мұның ішінен 2250 түрі әр түрлі құрамдағы антикоагулянттар. Жыл сайын 28-30 млн фунт антикоагулянттар қосылған алдартқыш жем қолданылады. Бұл мөлшер 12 мың тонна болады (Химикал Веск). АҚШ-та химиялық компаниялар 8 млн долларға родентицидтерге шикізат шығарады. Әлем бойынша родентицидтерді сату жылына 100 млн доллардан асады [6, 7].
Отандық зерттеушілердің мәліметтерінде де кеміргіштердің әкелетін орасан экономикалық шығындары жиі кездеседі. Қазақстанның жекелеген шаруашылықтарында егеуқұйрықтардың зиянкестігінің кесірі қалыпты тапшылыққа әкелді. Қазақстанның Солтүстік облыстарының кейбір шаруашылықтарында тек егеуқұйрықтардың өзі үй құстарының 30% балапандарын қырғаны жайлы автор мәлімдейді. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы қазіргі «Қарлығаш» акционерлік қоғамында әр түн сайын егеуқұйрықтар 1200-1300 балапанды қырып, 1500-2000 жұмыртқаны ішіп отырған. «Атырау – балық» АҚ-да егеуқұйрықтар ай сайын бағалы өнімдерінің 8 тоннасын жеген. Осы автордың мәлімдеуінше егеуқұйрықтар «Ақмола фенникс» АҚ-на, Ават құс өндірістік серіктестігіне, «Құс» АҚ-на және басқа да көптеген құс, шошқа шаруашылықтарына орасан шығын келтірген.
Кеміргішітердің келтіретін үлкен санитариялық қауіптілігі және олардың зор экономикалық зиянкестігін тоқтату дератизациялық шаралардың инфекциялық ауруларды таратпаудың алдан алумен қатар ауыл шаруащылығының зиянкестерімен күресудің бір түрі екендігін дәлелдейді. Сондықтан да дератизациялық шаралардың нәтижелі әдістері мен амалдарын жасау маңызы өте зор практикалық қажеттілік болып табылып, бұл мәселенің өзектілігін айқындайды.
Астық дақылдарының зиянкестерімен күресу шараларының ішінде жетекші орынды кешенді-шаруашылық және агротехникалық шаралары алады. Зиянкеске төзімді сорттарды еңгізу маңызды болып табылады. Астық дақылдарына биологиялық күресу шаралары аса қолға алынбағанымен, бұл шара энтомофагтарды сақтау арқылы ғана жүзеге асырылады. Химиялық күресу шарасын қатты залалданған егістіктерде пайдаланылады.
Біздің елде өсімдік қорғау қызметі шын мәнінде 60 - жылдардан бастап қана кең көлемде жүзеге асырыла бастады. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерінің көпшілігімен күресу жүйесі жете зерттеліп өндіріске енгізілуде. Осыған орай республикалық облыстық, аудандық өсімдік қорғау станциялары, зиянкестер мен өсімдік ауруларының таралуын болжау және олармен күресу үшін хабар беру пункттері, мемлекеттік өсімдік карантин инспекциялары және басқа да өсімдік қорғау қызметінің жүйесі ұйымдастырылып, жақсарып келеді.
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты оларды бір-бірінен ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Қорғау шараларын өткізбеусіз тек қана бидай өнімінің зиянды организмдерден жоғалтуы 25-тен 40% дейін құрауы мүмкін. Осыған байланысты республика аумағында фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылады, соның ішінде республикалық бюджеттен жыл сайын 2,5-3,0 млрд.тенге, аса қауіпті зиянды организмдермен және карантиндік объектілермен 3-3,5 млн.га ауданы маңайында күресу шараларын жүргізу үшін бөлінеді.
Ұйымдастырылған - профилактикалық шараларға трипс зиянкесіне қолайсыз жағдай жасау жұмыстарын жатқызуға болады. Мысалы, өсімдік қорғауда бидай трипстерінен қорғау үшін ауыспалы егісті сақтау, өсімдік қалдықтарын жою, терең сүдігер жыртудың маңызы зор. Сондай – ақ алдын алу шараларына топыраққа фосфорлы препараттар енгізу.
Адам өміріне дератизация жүргізуде індетке қарсы және эпидемиологияға қарсы шаралардың маңызы зор [8, 9, 10].
Зоонозды ауруларды тарататын кеміргіштердің көбі-атжалмандар мен тышқандар. Олар 200-ден астам ауру қоздырушысын таратып, адамдар мен жануарларды зақымдайды. Олардың тек санитариялық зияны ғана емес, сонымен қоса экономикалық шығыны да көп болады.
Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының сараптаушылырының айтуынша, бүкіл әлем бойынша кеміргіштер жыл бойы 33 млн тоннаға дейін астықты, күрішті жеп зақым келтіреді. Астық тұқымдастардан басқа көкеніс, жемістер, ет, сүт және балық өнімдерінің жұмыртқа, жас балапан, торайлар мен күшіктерді кеміріп зиянын тигізеді. өздерінің бөлінділерімен азықты жегеннен гөрі, 10 есе бүлдіреді.
Қазіргі кезде мұндай кеміргіштерге қарсы күрес жүргізу қиынырақ болып отыр.
Кез-келген шаруашылықта олардың кобеюіне, яғни азық, су, қолайлы орта бәрі бар. Осындай жағдайлар олардың көбеюіне мүмкіндік береді. Нысандарда кеміргіштер аш болмайды, сондықтан алдамыштарды тіптен жемейді. Сонымен қоса, алдамыштарға у қосу, жергілікті мал мен құстарға зиянын тигізуі мүмкін.
Мұндай жағдайлар өте өзекті мәселелер, сондықтан сапалы, әсер етуі тез родентицидтер ойлап табу керек.
Осы сұрақтар дүние жүзілік маңызы бар, қазір бұл мәселелермен БДСҰ, БҰҰ бөлімдері айналысуда.
Ең маңыздасы бұл мәселенің шешімі-жоғары әсері күшті және тәнді родентицидтер тпбу, улылығы жоғары болуы керек.
Қазіргі кезде көптеген зерттеулер жүргізілуде.
Шет елдерде және біздің елдеқолданылып жүрген препараттарды қолдану, шығару, өндірілуі әр түрлі. Сондықтан әр елдегі шығарылған өнімдерді қолдану айырмашылықтарын атап кетсек.
АҚШ мамандары мен ООН сарапшылары қазіргі кезде АҚШ-та 140-170 млн атжалман кездеседі, олар 500 млн 2трлн $ дейін күніне экономикалық шығын келтіреді деп тұжырымдайды. Зиянкестермен күрес ұлттық орталығы – олар кеміргіштермен күресушілер саны 30000 адам дейді. Аталған компаниялар родентицидпен 3000 жуық өнім шығарады. Осылардың ішінде 2250 рецептурасын антикоагулянт құрайды [11, 12].
Тышқан тәрізді кеміргіштермен күресу жұмыстарын жүргізгенде профилактикалық және агротехникалық шаралардың маңызы өте зор. Тышқан тәрізді кеміргіштерге қарсы күресуде олардың зиянкестік әрекетін болдырмаудың бірінші кезектегі кепілі алдын алу шаралары. Оларға егістік жердің топырағын дұрыс өндеу, арамшөптерді отау, астықты төкпей-шашпай жинап алу, егістіктен сабанды уақытыңда тасып әкету, егіс төңірегіндегі қураған шөптерді құрту және т.б. жатады.Механикалық тәсіл - қақпандар мен тұзақтарды пайдалану.Қазіргі кезде биологиялық тәсіл үшін қолданатын жыртқыштардың маңызы өте зор. Бұл жыртқыштар түріне дала бүркіттері, кезқұйрықтар, қаршығалар, үкілер, жапалақтар, ақ тышқандар, күзендер, түлкілер, қарсақтар жатады. Тышқан төрізді кеміргіштер жаппай көбейгенде оларға қарсы уландырғыш еліктіргіштерді қолдануға болады. Олар фосфид мырышы және глифтор.
Тоқалтістерді көктемде және күзде жояды, каптесерлерді жылы мерзімдерде, ал құмтышқандарды көктемнен күз аралығында жоюға болады. Қаптесерлер мен тоқалтістерге карсы уланған бидай мен сұлы араластырылған еліктіргіштерді пайдалануға болады. Бұларға қарсы жою шараларын жүргізгенде 100 кг дәнге 2 кг күнбағыс майы және 5 кг фосфид мырышы қосылса, ал құмтышқандарға қарсы 100 кг дәнге 3 кг күнбағыс майы және 8 кг фосфид мырышы қосылады.
Көктемде олардың шоғырланған жерлерінде күресу шараларын 5-6 адамнан тұратын бригада жаяу атқарады. У шашатын жұмысшылар ашылмалы қақпағы бар бидон және сабының ұзындығы 30 сантиметрдей өлшегіш темір қасықпен қамтамасыз етіледі. Бидонның сыйымдылығы 2 килограмдай, ал өлшегіш қасыққа 5 г жем ілінеді. Бригада мүшелері арақашықтығы 5 м болатын тізбек құрып алға қарай жүреді де зиянкес кеміргіштің сан мөлшеріне карай 5,7,8 немесе 10 метр сайын улы жемді кездескен іннің төңірегіне 2-3 грамнан тастап отырады. Осылай жасақталған бригаданың бір күндік жұмыс өнімділігі 50-60 гекгарға жетеді.
Қазіргі кезде қолданылатын родентицидтердің 90% антикоагулянттар құрайды. Жыл сайын антикоагулянтты алдамыштар 12 мың тоннаға дейін кетеді.
АҚШ химиялық компаниялар родентицид өндіру үшін 8 млн $ бағаланатын шикізат қолданған. Бүкіл әлемдік бағасы 10млн $ жоғары бағаны құрайды.
Дератизацияда қолданылатын препараттардың әсер етуіне байланысты, аса жоғарысын зерттеу 1950-1980 ж.ж. аралығында көп көңіл бөледі. Варфарин және де басқа антикоагулянттар – кумулятивті әсер етеді, кеміргіштерді уландырып 30 жылға дейінгі қолданыста болады. Алайда кейінгі жылдарда кеміргіштердің гигиеналық төзімділігі арта түсті. Дания мен Ұлыбританияда кеміргіштердің варфаринге төзімділігі кең етек алды. Осындай жағдай АҚШ −да байқалған.
Кемiргiштерге қарсы күресте түрлi – биологиялық, физикалық және химиялық әдiстер мен тәсiлдер қолданылады. Биологиялық күрес әдiсi кеңiнен танымал – егеуқұйрықтардың табиғи жаулары (ит пен мысық). Физикалық әдiс – кемiргiштердi әртүрлi қақпандар қою арқылы жою. Химиялық әдiс – кемiргiштердi жоюға улы заттарды қолдану (родентицидтер) ең көп қолданылады және өте тиiмдi болып табылады. Тұрғындардың ерекше назарына – елдi-мекендерде кемiргiштердi жою (дератизация) жөнiндегi iс-шаралар (қауiптiлiгi 3-класс, уыттылығы орташа, бромадиолон-0,25%, клерат.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Алтын Орда ішкі сауда объектісінде заманауи препаратымен кеміргіштерді жою
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Алель Агро ЖШС құс фабрикасынан алынған құс шаруашылығы сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шаралары

Іздеп көріңіз:
дипломдык Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Ветеринария дипломдық жұмыстар, Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]