Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

Дипломдық жұмыс:  Ветеринария | ЖШС  Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы
1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Еліміздегі ірі қара шаруашылығында желінсау ауруының таралу маңызы
2.2 Ірі қара малының желінсау ауруын диагностикалау
2.3 Сиыр желінсау ауруының сүт сапасына әсері және алдын алу шаралары
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу әдістері мен материалдары
3.2 Шаруашылыққа сипаттама
3.3 Зерттеу нәтижелері
3.3.1 Шаруашылықта субклиникалық маститтің таралу деңгейін зерттеу
3.3.2 Суалған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау
3.3.3 Емдік шаралардың суалған буаз сиырлардың туғаннан кейінгі сүт сапасына әсерін анықтау
3.3.4 Маститке қарсы жүргізілген шаралардың сиырлардың қан құрамына әсерін зерттеу
3.3.5 Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі. сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы. сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері сипатына қарай білінбей (суб.клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды), катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды өлім.жітімге ұшыратуы да мүмкін.
Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда, желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды, бірақ оның құрамында патогенді (патогенный) немесе токсигенді микрофлора болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды.
Сүттің құрамына желінсаумен ауырған сиырдың сүті сәл араласқанның өзінде (10%) одан жоғары сапалы сүт тағамдарын әзірлеуге мүмкіндік болмайды. Міне, осыған байланысты желінсау ауруының пайда болуы, оның таралуы, қандай ауру екенін ажыратып оны емдеуде ғылым мен тәжірибеде қолданылып жүрген тәсілдерден хабардар болу әрбір шаруашылық басшысының, зоотехникалық.мал дәрігерлік мамандық иелерінің, сондай.ақ сүт комплекстерінде істейтін жұмыскерлердің тікелей міндеті деуге болады. Олар желінсау ауруына қарсы күрес шараларын күшейте отырып сүт өндіруді арттырумен бірге, оның тағамдық және санитарлық сапасын да арттыруға қол жеткізеді.
Қaзіргі уaқытта желінсaудың табиғатта кездесетін барлық түрлерін емдеудің орасан көп түрлері бар, оларды айыру, анықтау тұрғысында көптеген еңбектер жазылған [1, 2].
Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оны бірден ауру жануар маңында орындалуын көздейтіні белгілі. Оған бірқатар химиялық әдістер жатады. Иммундық және фaгоцитарлық белсенділік жағдайы желінсаулардың, әсіресе бастапқы кезеңдерінде пайда болуының хабарламашы-көрсеткіші болады, диагностикалау кезінде соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы, тұндырылуы тәрізді әдістер міндетті түрде орындалуы керек [3].
Тағы бір айта кететін жайт, жасырын желінсаулардың шамамен 10-15%-ның емделмей қалатыны туралы деректер көптеп ұшырасады [4], ал бұған кейбір анықталынбай қалған (уақыт, күш, жабдық-жадығат, қаражат т.б.) жағдайларға орай, емделінбей қалған сиыр бастарын қосса бұл сандық мәліметтің жоғары болары хақ!
Көптеген жағдайларда сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай сүт тұтынушыларын уытты-аллергиялық кеселдерге шалдығуға әкеліп соғуы ықтимал. Сонымен қатар, айта кететін, баршаға түсінікті қарапайым жайт, қабыну барысының дамуына ықпал ететін көрініс жануар организмінің дұрыс азықтандырмау, пайдаланбау, түрлі жарақаттарға шалдығуына орай әлсірейтіндігі [5, 6]. Осы кезде, бірқатар авторлар деректері бойынша, айқын лейкопения, бүйрекүсті бездері белсенділігінің төмендеуі, сиырлар организмінің иммундібиохимиялық реактивтілігінің әлсіреулері орын алады.
Осы тұрғыда, біз өз алдымызға суалған буаз сиырлардың жасырын желінсауларын диагностикалау және сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу үшін қолданылатын антибиотикалық препараттардың қолдану мүмкіндігін ойластыру, сиырлардың сүт сапасына профилактикалық шаралардың тигізер әсері мен организмінің иммунді күйін жан-жақты зерттеуді мақсат етіп, мәселелер қойдық.


1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама
ЖШС «Амиран» шаруа қожалығындағы жүргізілетін суалған буаз сиырларды емдеуге қарсы қолданылатын антибиотикалық препараттардың тиімділігі анықталды. Және де антибиотикалық препараттардың өндірілетін сүт сапасы мен малдың организміне әсер ету механизмі туралы анықталған мәліметтер дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызын аша түскен.
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы
Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 7 - кесте, 7 – суретпен көркемделген.
Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Алматы облысы, Талғар ауданы, Қаратоған ауылында орналасқан ЖШС «Амиран» шаруа қожалығында өтті.
Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының мақсаты: Суaлған буаз сиырларды емдеуде пайдаланылған антибиотикалық препараттардың тиімділігін анықтап, олардың өндірісте қолданылуына салыстырмалы түрде баға беру
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Шаруашылықта субклиникалық маститтің таралу деңгейін зерттеу
2. Суалған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау
3. Емдік шаралардың суалған буаз сиырлардың туғаннан кейінгі сүт сапасына әсерін анықтау
4. Маститке қарсы жүргізілген шаралардың сиырлардың қан құрамына әсерін зерттеу
4. Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Еліміздегі ірі қара шаруашылығында желінсау ауруының таралу маңызы
Қазіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін дамытып, экономикасын жоғары деңгейлерге жеткізу мақсатында мал шаруашылығының алатын орыны зор, сонымен қатар Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүше болуды көздеуде. Бұл жоғары сапалы тауарлар мен өнімдер шығарылуын қажет етері сөзсіз.
Ал мал бастарын көбейтіп, сүт өнімділігін жоғарылатуды тежеуші мәселелердің бірі сиырлардың акушерлік-гинекологиялық аурулары, оның ішінде желінсаулар.
Көптеген авторлардың пайымдауынша сиыр желінсаулары айтарлықтай дамып, 2-5 тен 10-55%-ға дейінгі шаманы қамтиды. Клиникалық белгілері айқын түрде өтетін желін қабынулары мен жасырын түрде өтетіндердің орта есеппен алғандағы қатынасы 1:2-2:5 құрайды [2, 7].
Қазіргі уақытта желінсаудың табиғатта кездесетін барлық түрлерін емдеудің орасан көп түрлері бар, оларды айыру, анықтау тұрғысында көптеген еңбектер жазылған.
Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оны бірден ауру жануар маңында орындалуын көздейтіні белгілі. Оған бірқатар химиялық әдістер жатады. Иммундық және фагоцитарлық белсенділік жағдайы желінсаулардың, әсіресе бастапқы кезеңдерінде пайда болуының хабарламашы-көрсеткіші болады, диагностикалау кезінде соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы, тұндырылуы тәрізді әдістер міндетті түрде орындалуы керек [9].
Тағы бір айта кететін жайт, жасырын желінсаулардың шамамен 10-15%-ның емделмей қалатыны туралы деректер көптеп ұшырасады, ал бұған кейбір анықталынбай қалған (уақыт, күш, жабдық-жадығат, қаражат т.б.) жағдайларға орай, емделінбей қалған сиыр бастарын қосса бұл сандық мәліметтің жоғары болары хақ!
Көптеген жағдайларда сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай сүт тұтынушыларын уытты-аллергиялық кеселдерге шалдығуға әкеліп соғуы ықтимал. Сонымен қатар, айта кететін, баршаға түсінікті қарапайым жайт, қабыну барысының дамуына ықпал ететін көрініс жануар организмінің дұрыс азықтандырмау, пайдаланбау, түрлі жарақаттарға шалдығуына орай әлсірейтіндігі. Осы кезде, бірқатар авторлар деректері бойынша, айқын лейкопения, бүйрекүсті бездері белсенділігінің төмендеуі, сиырлар организмінің иммундібиохимиялық реактивтілігінің әлсіреулері орын алады [8, 9].
Сонымен қатар, кез-келген қабыну кезінде, белсенді биогенді аминдер деңгейі, әсіресе гистамин деңгейінің күрт өсуі байқалады. Ауру жануарлар қанында гистамин деңгейінің жоғарылауы, лимфоциттердің Т-супрессорлық қызметін белсендірте түседі, ал бұл жануар организмінің иммунді реактивтілігін бәсеңдетеді деп атайды M. Plaut et all.2000. Организмнің ішкі ортасына бөгде ақпараттағы белгілері бар заттар түсуі оның құрылымдық және химиялық құрамының бұзу қауіпін туғызады. Ішкі ортаның сандық және сапалық тұрақтылығының, яғни гомеостазының, сақталуы барлық организмдегі жүйелердің өздігінен реттелуі салдарынан қамтылады [10].
Иммунитет - гомеостаз белгіленуін білдіретін шамалар қатарына жатады. Иммунитет құралуына барша организм ат салысады, ондағы қорғаныс реакциялары өзара тығыз байланыста болады. Өзіндік қорғаныс факторларымен қатар көптеген өзіндік емес факторлар да организмнің қорғаныс реакцияларына белсенді түрде қатынасады. Міне, осы иммунологиялық өзгерістерді зерттеу, кейіннен қолданылатын емнің жалпы организмнің иммунологиялық күйіне түзетімдік әсер етуі үлкен қызығушылық тудыратыны баршаға мәлім жәйт, сонымен қатар зерттеушілердің ойы экология тұрғысынан таза, емдік тиімділігі басым ем түрлерін жасауға бағышталған.
Тіршілік әлемінің дамуы жануарлар тобының жеке бір дамыған тобы – сүт қоректілердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Ал бұл топтың ерекше қасиеті аналықтарында арнайы сүт безінің болуы. Сүт безінің басты қызметі - өз ұрпағын қоректендіру [1, 11, 12].
Адамдардың ғасырлар бойы дамуы кезінде жануарларды өзіне бағындыруы (доместикация) арқасында сүт безі ұрпағын қоректендіру қызметтілігімен қатар адам үшін аса бағалы қорек көзі – сүт өндіру қызметін де атқара бастады.
Ғылымның қазіргі деңгейдегі дамуы сүт сауу үрдісін, қызмет орындаушы мүше – сүт безі мен сүт бөлінуіне ықпал ететін орталық нерв және нейро – эндокрин жүйелерінің қатысуымен өтетін, күрделі жүйе екенін тағы дәлелдеді. Сауын үрдісі қызметінің бұзылуы сүт безінің және оның қызметін қадағалайтын механизмдердің патологиясына байланысты өтеді.
Соңғы жылдары сүт безі патологияларына айтарлықтай еңбектер арналған [3, 6, 13]. Ветеринария мамандарына нақты сүт безі мүшелерінің кеселдері үлкен кесірін тигізуде.
Желінсау сүт безі патологиясының негізгі түрі болып саналады, ал оның таралу жиілігі әр түрлі авторлардың деректері бойынша алуан түрлі. Бірқатар авторлардың деректеріне сүйенетін болсақ Латвияның кейбір шаруашылықтарында жылына сиырлардың 20 %-ы желінсауға шалдығады. MatiIIa (1995) сиырлардың жасына, сауын мерзіміне қарамастан желінсауға шалдығуы 25-тен 50%-ға дейінгі шаманы қамтитынын атайды.ToIIe (1917), Сіеske, ViIgoen (1974) тәрізді авторлар сауын сиырларында созылмалы желінсаулардың жалпы зерттеген фермалардағы табынның 40%-ын құрғанын көрсеткен [14].
Клиникалық бақылаулар мен әдеби деректер талдауы желінсаулардың сауын мерзімі мен қайта өндіру кезеңдеріне тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Н.И. Полянцевтің (1983) зерттеулерінде сауын сиырларының 18% суалым кезінде желінсауға ұшырайтыны байқалады. Желінсау індетін тану Е.А. Курьянов және басқаларының (1983) еңбектерінде жақсы зерттелінген. Олар суалым кезінде желінсау сиырлардың 6,7 % - да дамығанын анықтаған. Ал төлдеуге дейінгі және төлдеуден кейінгі кезеңдерде желінсаулар 28,4 % - ға дейін өседі екен [1, 3, 15].
Көптеген авторлардың (1984) деректері бойынша суалым кезінде желінсау 20,1 % -нан анықталған, айта кетерлігі алғашқы 10 – күн ішінде желінсау сиырлардың 7,2 % -да байқалған.
Қырым түбегінің кейбір шаруашылықтарындағы жүргізілген зерттеулер кезінде желінсауды жалпы табындағы сиырлардың 20 % анықтаған. Ғалымдардың деректері бойынша Ленинград облысы бойынша орта есеппен алғанда желінсаулар сиырлардың 27 % -ын құраған.
Ж.Қ. Қоспақов пен Ж.Д. Маусымбаевтардың (1990) деректері бойынша Қазақстандағы желінсау таралу деңгейі 5 –тен 30 % -ға дейінгі аралықты құрайды.
Желінсаулар сиырларды әсіресе машинамен саууға іріктеген кезде желін көлемін, үрпі аумағы мен орнығуын, сүт бөлу уақытын ескермегенде байқалады. Желінсаулардың таралуына соғылу, жаралану, желін ұлпасына микрофлора енуі (стрептококк, стафилококк, ішек таяқшасы т.б.), түрлі ауруларда мал ағзасының уыттануы, шу түспеуі, мен төлдеуден кейінгі эндометриттер, қора-жайлардың антисанитарлық жағдайы, толық бағамды азықтандырмаулар т.б. ықпалын тигізеді [7, 9, 16].
Кейде желінсаулар сиырлардың аусыл, туберкулез немесе басқа жұқпалы ауруларға шалдығуына байланысты дамиды. Желіннің індеттенуі төсеніш арқылы немесе желінді жуып-шаю кезінде қолданылатын заттар, сауын аппараты арқылы өтуі мүмкін.
Микробтар жатырға, желінге, өзге жыныс жолдарына түрлі аурулар кезінде қан арқылы түсе алады. Өзге гинекологиялық патологиялармен қатар, желінсауларды түспей қалған шу қалдықтары, азықтық уланулар кезіндегі қан мен лимфаға түскен уыттар да тудыра алады.
Желінсаулардың пайда болу жиілігімен сиырлардың гормоналдық жағдайындағы байланысты табуға ізденістер жасап баққан. Өз тәжірибелерінде ғалымдар үш табындағы сиырларда, үш жыл бойы 497 желінсауды келесі тәртіпте тіркеген: төлдеуден кейінгі алғашқы айда 87 (16,1%), төлдеуден кейінгі 31-күннен буаздылыққа дейінгі 30-күнге дейін 288 (56,6%), 31-күннен буаздылықтың 120-шы күніне дейін 83 (16,7%), буаздылықтың 4-ші айынан төлдеуге дейін 44 (11%) болған.
Біршама ғалымдардың деректері бойынша сиырлардың басым көпшілігі (82 %) желінсаумен сауын мерзімінің алғашқы 5- айында, яғни сүттің ең көп өндірілуі кезінде ауырған. Тәулігіне көп сүт беретін (11-ден 29 кг-нан жоғарыға дейін) сиырлар, өнімділігі төмен сиырлардан көрі желінсауға көбірек шалдығады [7, 17]. Мәселен, тәулігіне 5-кг сүт беретін сиырлардың ауруға шалдығуы 1,6 %, ал 11-20 кг беретін сиырларда 13-16 % болады.
Қоздырушы түрі мен тітіркендіргіш әсердің ұзақтығына, ауру үрдісі кезіндегі мал ағзасының резистенттілігіне байланысты сүт безінде өтіп жатқан қабыну үрдістерін екі негізгі түрге – клиникасы айқын және жасырын ағымда (субклиникалық) өтетін деп бөледі.
Тюмень облысында жасырын желінсаулардың орта есеппен 13,7 % сиырларда болатынын анықтаған, ал суалу кезінде олар 11,1 – 40,6 % сиырларда тіркеген. Сүт өндіру кезінде сиырлар жасырын желінсауға жиі шалдығатынын анықтаған (37 % ).
Кейбір ғалымдар өздерінің зерттеулерінде сиырлардың жасырын желінсауға көп (37,6 % ) шалдығатынын атап өткен [14, 18].
Қазiргі уақытқа дейін сиыр желінінің ауруға шалдығу себебі туралы мәселе көптеген дау-дамайлар тудыруда.
Бірқатар ғалымдардың пайымдауынша желінсаулар көптеген әрі түрлі себептерден пайда болып дамиды, яғни полиэтиологиялы болып табылады. Желiнсау дамуы көптеген себептерге байланысты. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл себептерді екі негізгі топқа жинақтауға болады: біріншісі – сыртқы орта әсері, ал екіншісі – тұқым қуалаушылық немесе малдардың ауруға бейімділігі.
Осы себептердің басым көпшілігін бірінші топқа жатқызу қажет. Бұлардың ішіндегі негізгілері: сиырларды машинамен сауу тәртібінің бұзылуы, жоғары деңгейдегі қысым, қысым жиілігінің ұлғаюы, сауын аспаптарын тым көп ұстау немесе уақытынан бұрын қосу [9, 10, 12, 19]. Соңғы қағиданы былай түсіндіруге болады, сүт бөлу рефлексі қанға окситоцин гормоны бөлінген кезде....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Сиырдың іріңді катаралды желінсауы
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу
» Дипломдық жұмыс: Технология | ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері

Іздеп көріңіз:
дипломдык ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар ветеринария дипломдық жұмыстар, ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]