Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ветеринариялық санитариялық шараларда пробиотиктерді қолданудың тиімділігін анықтау

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ветеринариялық санитариялық шараларда пробиотиктерді қолданудың тиімділігін анықтау

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Қазіргі уақытта көптеген шаруашылық орындары ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды өсіруде антибиотиктерді пайдалануды ұйғарады. Оларды бактериялық әртүрлі аурулардын алдын алу және ем үшін ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар азықтық қосымша ретінде, жас төлдердін өсуі мен дамуын, өнімділік пен өміршендік қасиеттерін жоғарылату үшін де қолданады. Антибиотиктерді пайдалану негізінде өндірістің экономикасы жақсарып, ет, сүт, жұмыртқа және басқа да мал шаруашылығы өнімдерінен көп мөлшерде қосымша қаражат табады. Алайда бұл жағдай агробизнесте антибиотиктерді жоғарғы қызығушылықпен және шектеусіз пайдалануға әкеп соғуда. Сол себепті, әлемде мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін бұл препараттарды кеңінен қолдану жоғарғы қарқынмен өсті [1]. Қазіргі уақытта дүние жүзінде жүз мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер пайдаланылады. Мұндай озық ұстанымды алға қойған елдердің бірі АҚШ-та мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 15 мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер жұмсалады. Одан кейін Қытай Республикасы, Бразилия елдері мал шаруашылығы өнімдерін тек қана ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен бірге көп мөлшерде басқа да елдерге экспорттау үшін антибиотиктерді пайдаланады [2]. Осыған байланысты мал шаруашылығында антибиотиктерді үнемі және жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде олардың ағзаға әсер ету тиімділігі айтарлықтай төмендеуде. Себебі патогенді және шартты-патогенді бактериялардың белгілі бір уақыт аралығында антибиотиктерге қарсы тұрақтылық қасиеттері пайда бола бастайды. Яғни бактериялар антибиотиктердің әсеріне дағдыланып, жануарлар ағзасында кері процесстер орын алып, пайдалы ішек-қарын микрофлорасының саны төмендейді. Нәтижесінде ағзадағы пайдалы микрофлора популяциясының құрамында экологиялық қасиеттері өзгерген жаңа штаммдар жинала бастайды. Ал грамм-оң микрофлораның антогонистикалық және биохимиялық белсенділіктері төмендеп, ал грамм - теріс микробтардың уыттылық қасиеттері арта түседі [3]. Жағдайды қорытындылай келе шаруашылықта жануарлардың өсуі мен дамуы бәсендеп, әлсіз жануарлар ағзасына патогенді микроорганизмдер тез әсер етіп, өзінің уыттылық деңгейін белсенді түрде жоғарылатады. Стационарлық жағдай жасалынбаған шаруашылықтарда жұқпалы аурулардың жаңа кезеңі басталып, ол басқа да шаруашылықтарға таралуы мүмкін. Қазіргі уақытта антибиотиктерге тұрақтылық қасиеті бар микроорганизмдердің жануарлардан адамдарға берілу мүмкіндігі дәлелденген. Жануарлардың өсуі мен дамуын ынталандыру және терапевтикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын антибиотиктер ет, сүт, жұмыртқа сияқты азықтық өнімдерде белгілі бір мөлшерде жиналады. Антибиотиктерді шектен тыс пайдалану кезінде олардың біршама мөлшері жануарлардың ағзасынан нәжіс, зәр және алынатын өнімдер сүт, жұмыртқа арқылы сыртқа шығады. Ал ақуыз және басқа да компоненттермен байланысты мөлшері ағзада ұзақ уақытқа дейін сақталады. Ағзадан нәжіс арқылы шыққан антибиотиктер органикалық тыңайтқыш түрінде топыраққа түсіп, картоп, жеміс-жидектер және басқа да өсімдіктектес азық өнімдерінде жиналады. Бұл жағдай адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп, дисбиоз, аллергия және иммунитетті төмендетуге әкеліп соғады. Әсіресе иммунитеті толық қалыптаспаған балаларға және жасы келген қариялар мен созылмалы аурумен ауыратын адамдарға өте қауіпті [4,5]. Соңғы жылдары дамыған елдерде өнімнің сапасына айтарлықтай көп көңіл бөлінуде. Әсіресе азықтық өнімнің бойында антибиотик қалдықтарының мөлшерінің болуына. Кейбір елдерде қатаң ұлттық стандарттар әрекет етеді, басқаларында мал шаруашылығында тіпті мүлдем антибиотиктерді пайдалануға тиым салынған. Қазір әлемде мал шаруашылығында антибиотиктерді алмастыратын тиімді жолдар іздестірілуде. Көптеген тәжірибелік зерттеулердің нәтижесіне сүйенетін болсақ, ең тиімді бағыттардың бірі пробиотиктерді пайдалану болып табылады. Олар потогенді және шартты-потогенді микрофлораға антагонистік белсенділік көрсететін вегетативтік немесе споралық түрде нақты айқындалған бактериялар биомассасынан тұрады [6]. Пробиотиктер жануарлар ағзасы мен адам ағзасына қолайлы әрекет жасайды. Профилактика және ішек-қарын ауруларын алдын алу және азықты ауыстыру негізінде экономикалық шығынды төмендету, жануарларды тасымалдау, ұзақ уақыт антибиотик және вакциналық емдеу курстарын жүргізгеннен кейін ағзаны қалпына келтіру мақсатында, көптеген тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінде B. Subtilis және B. Licheniformis штаммдары негізінде өнеркәсіптік мал шаруашылығында, құс шаруашылығында және балық шаруашылығыда пайдалану үшін пробиотикалық препараттар қатары шығарылды. Бұл пробиотикалық препараттардың бактериялық споралары жоғары өміршеңдік, антибиотик, химиялық препараттарға, жоғары және төменгі температураға тұрақты қасиетке ие. Пробиотиктер құрғақ және сұйық күйінде шығарылып, көбіне құрғақ түрін өндірісте кеңінен қолданады. Оларды құрамажемге, құнарлы азық, премикстерге, сүт алмастырушы немесе басқа да құрғақ және сұйық азықтарға және суға қосып беруге болады. Пробиотикті мал шаруашылығында тиімді пайдалану жоғары экономикалық нәтиже береді [7]. Елімізде көп шаруашылықтар антибиотиктерді пайдалануды толықтай шектеп, азықпен бірге пробиотиктерді қолдануда. Бұл шаруашылықтың өндірген өнімдерінің құрамында антибиотиктердің қалдық мөлшері кездеспейді. Бұл өнімдер халық үшін қауіпсіз, әрі үлкен сұранысқа ие болып, жоғары бағамен сатылады. Қазіргі уақытта елімізде мал шаруашылығына арналған отандық пробиотиктердің түрлері сатылмайды. Алайда ауыл шаруашылығы саласындағы бұл қызмет бағыты кәсіпкерлік пен биологиялық ғылымдардың қызығушылығын арттыруда. Мысалы, солардың бірі Алматы облысында орналасқан «Антиген» ғылыми өндірістік кәсіпорын ЖШС пробиотиктер зертханасы. Пробиотиктердің мал шаруашылығы саласында, жалпы экологиялық таза өнім алуда тигізетін пайдасын ескере отыра, алдағы уақытта мал шаруашылығының бір саласы ретінде асыл тұқымды «Астана-МИАКРО» қоян шаруашылығында жүргізіліп жатқан тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шетелдік пробиотиктермен қатар, отандық пробиотиктерді еліміздің мал шаруашылығы саласында кең қолданысқа енгізуге мүмкіндік туады. [1]..

Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама.
Қазіргі уақытта ет өнімдерін өндіруде импортталған ет өнімдері көптеп қолданылуда. Ескеретін жайт импортталған ет шикізаты негізінен сойылғаннан кейін тоңазытөыш камераларына салынады, яғни етте табиғи жетілу процессі дұрыс жүргізілмейді. Ал бұл өз кезегінде дайыналатын өнім сапасына әсері тигізетіні мүмкін [3].
Сондықтан міндетті түрде импорталған ет шикізатының сапасы органолептикалық, физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерне тексерілуі тиіс.
Ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындарында жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралардың сапасы жоғары ет өнімдерін өндіруде алатын орны зор. Себебі, ет шикізаты, қосымша заттардың (дәмдеуіштердің, қабықшалар және т.б.) және дайын өнімнің экзлгенді ластануы көбінесе осы ветеринариялық-санитариялық шараларды орындамау салдарынан болады. Сондықтан тағам, оның ішінде ет және ет өнімдерін өндіретін цехтардың және технологиялық қондырғыларды жуып тазалау жоғары деңгейде жүргізілуі керек [4,5] .

Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы.
«Қара ой» ЖШС Алматы қаласынан 15 км жерде Алматы облысы Іле ауданыда орналасқан. Шаруашылық 2001 жылы құрылған. «Қара ой» ЖШС-нің негізгі қызметі шошқа шаруашылығы болып табылады.
Тәулігіне 70 т шошқа өнімдерін өндіреді. Шаруашылық аймағында негізігі және қосалқы аймақтардан басқа жанар-жағар май май қоймасы орналасқан.
Кәсіпорынды электр жүйесімен АПК ГРЭК қамтамасыз етеді. Кәсіпорынға су өзінің насостық станциясы арқылы жүргізілген.

Зерттеулердің мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты – шошқалардың өсімталдылығын, өнімделегін арттыруда қолданылатын пробиотикалық препараттардың тиімділігіне салыстырмалы түрде баға беру және олардың шошқа етінің сапасына тиігізетінәсерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді қойдық:
- Лактур және Естур пробиотиктерінің мегежіндердің өнімділік көрсеткіштеріне әсерін анықтау;
- Лактур және Естур пробиотиктерінің 2-4 айлық бордақыдағы төлдерді өсіру кезіндегі тиімділігін анықтау;
- Лактур және Естур пробиотикалық препараттарын қолданған және бақылау тобындағы мал қанының морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу;
- Шошқа төлдерін бақылау сою нәтижелерін зерттеу.
1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Пробиотиктерді қолданудың шығу тарихы мен қазіргі жағдайы
Пробиотиктерді қолдану химиопрепараттармен, агрохимикаттармен, пестицидтермен және басқа да адам, мал организмдеріне және қоршаған ортаны ластайтын басқа заттармен салыстырғанда болашағы зор.
Зазіргі таңда пробиотикалық препараттар халықаралық нарықта жақсы орынға ие болған тауар болып табылады. Әсіресе адам организмін сақтауда және денсаулығын арттыруда қолданылатын пробиотиктердің алатын орны зор. Өз кезегінде бұл заттар функционалдық мақсаттағы басқа заттарды өндіруге әсерін тигізеді. Мысалы, құрамында пробиотиктері бар тағамдық қосымша заттар организімде:
- инфекцияға қарсы тұра алатын механизм жұмысын атқарады; - иммуномодуляторлы әсер етеді; - қорғаныс қасиетін жоғарлатады; - метоболитикалық үрдістерге қатысады; ішек жұмысының моторикасын өзгертеді және т.б.
Пробиотикалық препараттарды өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтарында қолданады. Сонымен қатар оларды мал қора-жайларында санитариялыұ-гигиеналық шараларды жүргізгенде, лас заттарды жоюда, жағымсыз иістерді жоюда, қиды өңдеуде қолданылады. Сонымен қатар, пробиотиктерді тағам, ет, сүт өндірістерінің, лас сулардың қалдықтарын өңдеуде қолданылады .( В.А. Блинов, С.В. Ковалева, С.Н. Буршина, 2011). Лактобактериялардың нақты түрлерінің асқазан ішек жүйесінің функционалды жағдайына әсерін анықтау жұмыстары 100 жылдан аса зерттеліп келеді. 1904 жылы профессор Илья Мечников болгар йогуртынан Lactobacillus delbrueckii subsp. Bulgaricus бөліп алған болатын. (Рубель И.С., 2013). Оның ойынша асқазан ішек трактысына «дені сау» бактерияларды енгізу арқылы эндогенді интоксикациясының алдын алуға болады деп есептеген. Осы мақсатта И.Мечников тағамға Lactobacillus bulgaricus культурасымен байытылған простоквашаны қолдануды ұсынған.
20-30-шы жылдары L. acidophilus культурасы іш қатумен сипатталатын асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеуде көп қолданылған. 50-ші жылдары осы сұраққа қайта айналып келіп L. Acidophilus жәні осыған ұқсас культуралармен іш өту ауруларын емдеген.
Осы кезде бифидобактериялардың, ішек таяқшасының кейбір штаммдарының және улы емес сүтқышқылды стрептококктардың оң нәтижелі қасиеттері туралы мағлұматтар алына басталды. Бұл микроорганизмдердің штаммдары пробиотиктерді дайындау үшін негіз болып табылды. «Пробиотик» термині (грек. "pro bio" - "өмір үшін", "өмірді қалыптастыратын") алғаш рет 1954ж. F. Vergio, "Anti- und Probiotika". Lilly и Stillwell (1965) монографиясында кездескен. Пробиотиктерді микроорганизмдер бөледі және олар басқа микроорганизмдердің өсуін жылдамдатады. Бұдан кейін аталған терминмен «пайдалы» бактерияларды да атай бастады. Мысалы, 1977 ж. Л. Ричард және Р. Паркер «пробиотик» түсінігін зардапты микроорганизмдерге антогонистік белсенділігі бар тірі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Алель Агро ЖШС құс фабрикасынан алынған құс шаруашылығы сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ырыс шаруа қожалығында жүргізілетін дератизациялық шаралардың тиімділігін бағалау

Іздеп көріңіз:
дипломдык Ветеринариялық санитариялық шараларда пробиотиктерді қолданудың тиімділігін анықтау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар ветеринария дипломдық жұмыстар, Ветеринариялық санитариялық шараларда пробиотиктерді қолданудың тиімділігін анықтау
  1. оралбек
    оралбек 15 декабря 2020 15:56
    0 + 0 -
    Өте жақсы материал осы материал бойынша тәжрибелік жұмыс жүргізгім келеді
    [cmxgiven_youtube][cmxvalue_youtube][/cmxgiven_youtube] [cmxgiven_gallery][cmxvalue_gallery][/cmxgiven_gallery]

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]