Дипломдық жұмыс: Биология | Оңтүстік Қазақстан облысының жануарлар дүниесі

Дипломдық жұмыс: Биология |  Оңтүстік Қазақстан облысының жануарлар дүниесі

Мазмұны

Кіріспе
І тарау. ОҚО физикалық – географиялық сипаттама
І.1. Рельф
І.2. Геологиясы мен кен байлықтары
І.3. Климаты
І.4. Ішкі сулеры
І.5. Өсімдік және топырақ жамылғысы
ІІ тарау. ОҚО – ның жануарлар дүниесі
ІІ.1. Зоогеографиялық аудандастыру
ІІ.2. Жануарлар дүниесі
ІІІ тарау. Жануарлар дүниесін қорғау


Тақырыптың өзекутілігі мен жаңашылдығы: ОҚО-сы бірден-бір табиғатта қайталанбайтын территория. Жер бдерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстиік шығысында ұзыннан – ұзақ созылып жатқан Қаратау тау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақ дала, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Өгеш және Қаржантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді, Облыстық оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
ОҚО-ныңкең байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі.
Диплом жұмысында жануарларды облыстық қазіргі белгіленген аумағының табиғат зонасы бойынша аудандастырып көрсеттік, яғни жануарлар шөл-шөлейтті және таулы зоналарға аудандастырылған. Біржола құрып кетудің алдында тұрған жануарларды қорғау мен сақтауға байланысты облыс көлемінде жасалынып жатқан іс-шараларға да көңіл бөлдік.
Осы Оңтүстік өңірде кездесетін жануарлардың 1400-ге жуық түрінің ішіндегі 70-ке жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол түрлерді сақтап қалу және қорғау мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда ең әуелі қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықтық белдемдер, сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлері көптеп ұйымдастырылуда.
Облысымызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 847 мың гектарды құрайды.
Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы – мемлекеттік қорықтар. Облыс көлеміндегі ең ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып «Ақсу – Жабағылы қорығы» саналады. Онда балықтың - 4,, бауырымен жорғалаушылардың -9, құстардың – 240, сүтқоректілердің -43 түрі қорғалады. Оның көлемі 85,4 мың гектарды құрайды. Бұдан басқа облыста 10 қорық, 47 табиғи ескерткіштер, зоологиялық саябақ, дендрологиялық саябақ бар.
Қазіргі таңдағы олардың жағдайы, осындай табиғи аумақтардың жаңадан құрылуы, ондағы жануарларды қорғау мен сақтау жолдарының заң бойынша дұрыс жүргізілуін толыққанды қарастырдық.
Мақсаты мен міндеттері: ОҚО-ның жануарлар дүниесі мен оларды қорғау іс-шараларына жан-жақты сипаттама беріп, физикалық – географиялық жағдайымен байланыстыру.
ОҚО-ның жануарлар дүниесі мен оларды қорғау тақырыбында:
1. ОҚО-на физикалық – географиялық сипаттама беру. Оның ішінде жер бедеріне, геологиясы мен кен байлықтарына, климатына, ішкі суларына, өсімдік және топырақ жамылғысына тоқталу;
2. ОҚО-ның жануарлар дүниесіне сипаттама беру. Оның ішінде зоогеографиялық аудандастыру мен жануарлар дүниесіне тоқталу;
3. Жануарлар дүниесін қорғау жолдарына тоқталу.
Диплом жұмысының құрылымы мен қысқаша мазмұны:
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер мен қосымшадан құралған. Бірінші тарау бес бөлімнен, екінші тарау екі бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда ОҚО-на физикалық – географиялық сипаттама жасалып, онда жер бедері, геологиясы мен кен байлықтары, климаты, ішкі сулары, өсімдік дүниесі мен топырақ жамылғысы қарастырылған.
Екінші тарау ОҚО-ның жануарлар дүниесі зоогеографиялық аудандастыру және жануарлар дүниесі тақырыпшалары бойынша қарастырылған.
Ал үшінші тарауда жануарлар дүниесін қорғау жолдарына сипаттама бердік.
І.1. Жер бедері
Оңтүстік Қазақстан облысы Республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, батысында – Қызылорда облысымен, шығысында – Жамбыл облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облыстарымен шектеседі. [24]
Облыс жері деңгейінен 200-300 м. болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігін алып жатыр. Терістігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік – шығыстан солтүстік – батысқа қарай 217 км-ге колбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі Бессаз тауы – 2176 м) жатыр, ал оңтүстік – Талас Алатуының батыс шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі – сАйрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь - Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаражантаудың орташа биіктігі 2834 м Қаражантаудан солтүстік – батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1700 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы: каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар кеніштер мен қала салынған аймақтар т.б. [29]
І.2. Геологиясы және кен байлықтары.
Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы – протерозой тақтастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік – батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас конгломераттарынан және девонның жанартау тектас тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозей – кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Геоморфологиялық жағынан Оңтүстік Қазақстан облысының жазық аумағының басым бөлігі тегістелген, негізінен, денуациялық құрылымдардан тұратын Сарысу – Бетпақдала үстіртінен, полеогендік және бор дәуіріндегі шөгінділерден түзілген, беткі бөлігін саздақты аллювий құрайтын Шардара – Арыс аллювиалдық жазығынан, облыс аумағына енетін солтүстік-батыс бөлігі құмдақты келетін көтеріңкі Мойынқұм массивінен тұрады. Таулы сипаттағы орталық және оңтүстік шығыс бөлігін облыстық Қаратау ауданы, солтүстік-шығысқа созылған тік беткейлі жоталар мен терең аңғарлардан тұратын Батыс Тәңіртаудың (Тянь - Шань) Шатқал ауданы құрайды. [6]
Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: полиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәрмір, түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау қойнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын – мырыш кеніштері ХХ ғасырдық 40 – жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.
Облыста республика уран ресурстарының жартысына жуығы орналасқан, олар әлемдегі оң ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген, және Абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу – Сарысу газ – гелий және Сырдария мұнай – газ кен орындары бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгер кеніштерінен мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі.
Облыс аумағындағы Қаратау фосфорит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтті. Ал Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаражантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.
Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті кеніштерінде резина, қағаз, бояулар дайындалады, газ – мұнай бұрғылау жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат – бариттің ірі ресурстары бар.
Түлкібас өңіріндегі Құлантау және Иірсу кенорындарында жеңіл бетон дайындауға, оттан, дыбыстан қорғауға, жылу сақтауға, ғарыштық техникаға аса қажетті вермукумет бар. Бессазда габброперидотиттер құрылымында оттөзімді заттар, қағаз, резина, парфюмерияға қажетті шикізат – тальктің ірі қоры барланып, зерттелген. Төле б и ауданында орналасқан Жоғарғы Бадамда жоғары сапалы керамика, минерал талшығы, фарфор, фаянс диэлектеріне аса қажетті техникалық шикізат – волластониттің мол қоры ашылған.
Сары жылға, Қызылкөл және Дарбаза кеніштерінде кварц құмының ірі қоры бар. Түлкібас, Корнилов кеніштерінің әктастары бұрыннан қант өндірісінде карбонаттық шикізат ретінде қолданылып келеді. [29]
Облыстағы құрылыс материалдарының минралды – шикізат базасы әр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің шикізаттары, құм-тас, минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар: Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай минералдық бояулары, Ленгер оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі – ұсақты ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.
[24]
І.3. Климаты
Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай – қаңтардың орташа температурасы – 2-90С. ең ыстық Созақта тіркелген (-410С)
Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19+290С. Ең ыстық кезең Шардарада (470С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.
Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа-райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күдер тиісінше 60 күннен 15-20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9 -3,9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы – Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды – Қарабас желдері өте күшті соғады. [29]
Облыстық қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метерологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл бедем аралығын құрайды. Ерекшелігі – жауын – шашынның негізгі мөлшері (62-67%) нуарыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 245-260 тәулік, 100С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300-46000С. Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа – 90 күндей. Жазы ұзақ -160-170 күнге дейін созылады. [2]

І.4. Ішкі сулары
Обылстың су қорларын ірілі – ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп осыншама мөлшерде су кетіп отырады. [24]
Облыстағы ең ірі және ұзын өзен - Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 см), Машат (60 км) т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км) Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.
Облыстағы ең үлкен суқойма – Шардара бөгені. 1965 жылы пайдалануға берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3/с. Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқоймасының сыйымдылығы 37 млн. текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлдерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары, 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.
Облыс аумағынджағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн. м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2 м3) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м3) ем үшін пайдасы зор.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам – Сайрам, Мырғалымсай, Талас – Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу – САрысу артезат алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.
Өзендері
Облыс аумағында гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырдария және Шу өзен алаптарына жатады.
Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы – Арыс өзені, ол Таласм Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс – Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8- ден 31 м3/с-қа азайды.
Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстанның ландшафт экологиялық аудандары және ландшафты қорғау
» Дипломдық жұмыс: География | Шу Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты
» Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы

Іздеп көріңіз:
дипломдык ОҚО ның жануарлар дүниесі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биология дипломдық жұмыстар, ОҚО ның жануарлар дүниесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]