Дипломдық жұмыс: Биология | Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу

Дипломдық жұмыс:  Биология | Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу

Мазмұны

КІРІСПЕ ........................................................................................................ 4

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.................................................................................. 5
1.1 Мөңкенің сипаттамасы, таралуы............................................................. 5
1.2 Мөңкенің биологиялық сипаттамасы..................................................... 6
1.3 Мөңкенің көбеюі, өсіп дамуы.................................................................. 10
1.3.1 Мөңкенің тұқымдылығы ......................................................................... 13
1.4 Мөңкенің шаруашылық маңызы ............................................................ 14
2. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ........................................................ 16
2.1 Зерттеу жүргізілген аудандардың қысқаша сипаттамасы.................... 16
2.2 Әдістеме.................................................................................................... 17
3. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР ......................................... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................... 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….................................... 30


Мөңке C. carasius (L) саны жағынан кең таралған балық. Тек Испанияда оны жасанды өсіреді, ал Францияда тіпті кездеспейді [1]. Эльзаста және Лотарингияда аз мөлшерде кездеседі. Қырым мен Закавказьде ол жоқ болуы мүмкін. Шығыстан мөңке Сібірге барады және Шығыс Камчаткада кездеседі. Мөңке басқа тұщысу балықтарымен өзінің домалақ денесімен және қырлы құрсағымен оңай ажыратылады. «Карась» сөзінің мағынасың өзі- толық, семіз деген мағына білдіреді. Өзінің биік, жалпақ денесімен, мұртшасының болмауымен, сонымен бірге жұтқыншақ тістерінің құрылысына да байланысты мөңке басқа туыстарынан ерекшеленеді.
Мөңке басқа балықтармен салыстырғанда әртүрлі жағдайларда да өзінің түсін, көлемін және өзінің пішінін өзгертіп өмір сүре алады. Алтын түсті мөңке мен күміс түсті мөңкенің айырмашылығы аттарынан байқалып тұр. Алтын түсті мөңке жалпақтау, әдетте қою түсті, кейде қызыл кейде қызғылт - алтын түсті болып келеді. Күміс түсті мөңке денесі ұзынырақ, арқасы дөңес емес, қабыршақтары күміс түсті, кейде қаралау түс береді, құйрығының айыры үлкенірек. Тоқтау суларда, өзендердің сағасында тіршілік етеді. Бұлардың уылдырықтары жабысқақ болғандықтан су құстарының қауырсындарына жабысып бір жерден екінші жерге ауысып отырады, ол уылдырықтар көбейіп, бірнеше жылдан соң ешқандай балық тіршілік етпейтін суқоймаларда мөңкелер тіршілік етіп жүреді. Мөңкелер барлық суларда тіршілік ете алады. Оның семіз денесі судың қатты ағысына қарсы тұра алмайтындықтан құмды немесе тасты жерден қорегін табуы қиындау болады және жыртқыштардан қорғана алмайды [2].
Бітіру жұмыстың мақсаты: Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.
Бітіру жұмыстың міндеттері:
1. Мөңке балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
2. Шелек тоған шаруашылығында және Қазақ өндірістік жерсіндіру стансасынан жиналған мөңке балығының биологиялық және морфологиялық көрсеткіштерін өлшеу;
3. Алынған нәтижелерді қорытындылау.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1. Мөңкенің систематикасы, таралуы

Тип: Chordata – Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata (Craniata) – Омыртқалылар (басқалқандылар)
Бөлім: Gnathostomato - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Ostichthyes – Cүйекті балықтар
Класс тармағы: Actinopterygii – Сәуле қанаттылар
Отряд: Сypriniformes – Тұқытәрізділер
Отряд тармағы: Cyprinoidei - Тұқытектестер
Тұқымдас: Cyprinidae – Тұқылар
Туыс: Carassius - Табандар
Түр: C.Carassuis(L) – Кәдімгі немесе алтын түсті мөңке
Түр: C. Auratus(L) – Күміс түсті мөңке
Түрше: C.Auratus gibelio(Bloch) – Күміс түсті мөңке. [3].

Күміс түсті мөңкенің санының көп бөлігі Солтүстік Қазақстанның көлдерінде кездеседі. Солтүстік Қазақстанның зерттелген 32 көлдің ішінде күміс түсті мөңкелер 30 көлінде кездеседі. Сондықтан осы түр көптеген көлдерде доминантты болып келеді, бірақ қалған екі көлде мүлдем кездеспейді. Қостанайдың облысының көлдерінде зерттеулер жасағанда зерттелген 18 көлдің ішінде күміс түсті мөңкелер барлығында да кездеседі, тек екі көлде (Бозшакөл және Қоскөл) жалғыз ғана ихтиофауна көзі болып табылады.
Сонымен қатар күміс түсті мөңке Орталық Қазақстанның суқоймаларында да көп кездеседі, бірақ ол жерлерінде доминантты емес. Ақмоладан зерттелген 21 көлінің 11 көлінде алтын түсті мөңке кездескен. Күміс түсті мөңке тек 6 көлінде доминантты, сонымен қатар 4 көлдің ихтиофаунасын құраған. Мөңке Сарысу және Кеңгір көлдерінде де, бассейндерінде де кездеседі, бірақ суқоймаларында байқалмаған.
Күміс түсті мөңке Балқаш - Арал бассейндерінде жақында жерсіндірілген. Ол 1946 жылы Алтайдан Қаратал өзен жүйесіндегі тоғандарға әкелінді. Н.П. Серов 1954 жылы күміс түсті мөңкенің Қараталда пайда болғаны туралы айтқан. 1959 жылдан кейін бассейндердегі мөңкенің популяциясы жыл сайын Алматы тоған шаруашылығының балықтарымен толып отырады. Қапшағай суқоймасында оның саны қарқынды артқан. Алакөл бассейнінің Сасықкөл және Қошқаркөл көлдер жүйесіне 1973 жылы әкелінген.
Көкшетау облысының үлкен терең көлдерінде, далалық көлшіктерде және орман суларында көптеп кездеседі, ал тұзды көлдерде мүлдем жоқ. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанның суқоймаларында, Ертіс және Зайсан көлдерінде бұрын көп ауланатын болса, қазір сирек кездеседі.
Күміс түсті мөңке Батыс Қазақстанда Қамыс – Самара және Көшім көлдерінде, Үлкен және Кішіөзен өзенінде кездеседі, Орал және Ембі өзенінің көлдерінде де ұсталған. Сонымен қатар Күшім өзенінің төменгі ағысындағы көлдерде тек күміс түсті мөңке кездескен, Ақтөбе облысының Шалқар көлінде алтын түсті мөңке тіршілік етеді. Ырғыз – Торғай бассейнінің көлдерінде бұлардың екі түрі кездескенімен, бірақ біреуінде (Үлкен Жалаңғаш ) күміс түсті мөңке басым, ал басқасында (Кіші Жалаңғаш) алтын түсті мөңке басым.
Оңтүстік Қазақстандағы суқоймалардағы күміс түсті мөңкенің кездесуі ең біріншіден көлдердің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Сырдария өзенінің суы көп болған жылдары, күміс түсті мөңке өзеннің төменгі ағысында көп кездесті. Н.А. Гладковтың айтуынша 1929 жылы Қамыстыбас көлінде 33,16 ц күміс түсті мөңке ауланды, ал 30 – 50 жылдардан кейін аулау мөлшері төмендеді [4].
Шу өзенінің төменгі жағындағы көлдерінде және Талас өзенінің Қазақстанға кіретін бассейіндерінде мөңке бұрын болмаған, қазір 60 – шы жылдардағы акклиматизацияның нәтижесінде пайда болды. Сырдария өзенінің бассейінінің Бөген суқоймасында 1963 жылы Шымкент тоған шаруашылығынан әкелінген тұқымен кездейсоқ келіп түскен.
Қырғызстанда және Қазақстанның Оңтүстігіндегі суқоймаларда күміс түсті мөңкені жасанды өсіреді. 1963 жылы Ыстық көлде күміс түсті мөңке тұқы балығының жас шабақтарымен бірге Фрунзе тоған шаруашылығынан алып, 1954 жылы Алматыға тұқымен бірге алып келінген.
Күміс түсті мөңкенің ерекшелігі, кең танымалы «алтын балық» күміс түсті мөңкенің селекциялық жұмыстары нәтижесінде пайда болған. Алтын балық Қытайда мың жыл бұрын (X - XII ғ) мөңкеден шығарылған. XVI ғ. Жапониядағы ұзақ селекциялардың нәтижесінде оның ерекше формасы алынған. 1611 жылы алтын балық Португалияға әкелінді. XVII ғ. аяғында Россияға, 1728 жылы Ұлыбританияға әкелінген. Қазіргі кезде алтын балық - ең басты аквариумда және тоғанда өсірілетін балықтардың бірі [5].

1.2. Мөңкенің биологиялық сипаттамасы

Кәдімгі немесе алтын түсті мөңке ( C. Carassius L) - жылыу сүйгіш тұщы су балығы, денесі биік, басы үлкен емес. Бүйірі әлсіз қызыл немесе алтын түсті, аузында мұртшасы жоқ. Алтын түсті мөңке сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына: PH – 4,5 (су қышқылдығы), оттегінің мөлшері 0,5 - 0,6 мг – болғанда және мұз қатқан суқоймалардың ихтиофаунасында тіршілік етуге төзімді болып келеді.
Күміс түсті мөңкенің ( С. auratus gibelio (Blosh)) дене формасы қырлы болып келеді. Қабыршағы ірі кедір – бұдырлы, бүйірі күміс түсті. Кәдімгі мөңкеден желбезек доғасындағы кірпікшелер саны көп болумен ерекшеленеді. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді. Кәдімгі мөңкеден тез өседі. Тоғандық жағдайларда өсірілетін дернәсілдерінің салмағы 20 – 30 г, дернәсілдері зоо – фитопланктонмен қоректенеді [6].
П.А. Дрягиннің (1933) айтуынша күміс түсті мөңкенің өзгерістері алтын түсті мөңкенің ауытқуларының арасында жатады. В.И. Медведев (1976) Челябинск және Свердловск облысындағы көлдерде тіршілік ететін мөңкенің жоғарғы дәрежелі морфологиялық өзгерістерін көрсетті. Күміс түсті мөңке мен алтын түсті мөңке бірге тіршілік еткенде олардың ауытқулары бірдей бағытта жүретінін байқаған. Жақсы жағдайларда мынандай белгілері денесінің биік жерлері, кеуде қанатына дейінгі аралық, құйрық қалақшасының ұзындығы және D негізі, P - V аралығы және V-A
аралығында өзгерістері бар мөңке 9 көлде көп кездескен, ал қолайсыз жағдайларда – алтын түсті мөңке мен күміс түсті мөңке аз кездескен. Көз диаметрі мен басының ұзындығы кері тәуелділік көрсетті: қолайсыз жағдайларда – көрсеткіштері жоғары, қолайлы жағдайларда – көрсеткіштері төмен болды. Ортаның жағдайларына байланысты морфологиялық өзгергіштік түрдің жоғары биологиялық әсемділігіне бағыттайды, сонымен қатар суқоймалардағы гибридті популяциялардың болуын білдіреді. Мөңкенің шағылысуы көбіне күміс түсті мөңке мекендейтін көлдерде жүреді. Гибридті белгілері ретінде: көк түске бояулы, бірінші желбезек доғасындағы желбезек кірпікшелерінің саны және арқа қанатындағы соңғы қатты сәулелеріндегі тісшелерінің саны тіркелген [2].
D III – IV (14) 15 – 19; A II – III 5 – 7 (көбінесе 5); 1.1 28 – 34 (көбінесе 32), бірнеше желбезек доғасындағы желбезек кірпікшелері 37 – 52 (көбінесе 46); омыртқалар 26 – 33 (көбінесе 29 және 30). Құрсағы қара, тұмсығының ұзындығы денесінің ұзындығымен салыстырғанда 6,43 – 8,83 % тең; көз диаметрі 4,09 – 5,90; көздің артқы бөлімі – 10,63 – 14,50; басының ұзындығы - 18,30 – 30,96; басының биіктігі - 19,40 – 28,60; маңдайының ені – 9,95 – 14,12; денесінің биік жері – 35,76 – 59,20; денесінің аласа жері – 12,0 – 17,0; тұмсығының арқа қанатына дейінгі ұзындығы – 44,61 – 60,24; тұмсығынан кеуде қанатына дейінгі ұзындығы – 18,04 – 23,98; құйрық қалақшасының ұзындығы - 11,30 – 18,60; D ұзындығы – 32,07 – 85; D биіктігі – 15,78 – 20,21; А ұзындығы - 10,29 – 15,57; А биіктігі – 13,97 – 16,86; Р ұзындығы – 14,0 -19,53; V ұзындығы – 17,40 – 24,44; Р және V аралығы - 16,22 – 27,00; V және А аралығы – 23,80 – 33,55 ( 1 кесте) [1].
Күміс түсті мөңкенің санауға болатын белгілері географиялық өзгерістерді қорытындылауға негіз бола алмайды (2 кесте).
Солтүстік және оңтүстік суқоймаларда әртүрлі ландшафты - климаттық зоналарда орналасқан популяцияларда үлкен айырмашылықтар жоқ. Морфологиялық белгілерінің түрленуі экологиялық жағдайларға сонымен қатар күміс түсті мөңке мен алтын түсті мөңкенің үйірінің тығыздығына байланысты [7].
Кесте 1
Қазақстанның әртүрлі суқоймаларындағы
күміс түсті мөңкенің пластикалық белгілері,
% денесінің ұзындығы
Қапшағай
Су қоймасы

П.А. Дрягиннің (1952) нәтижелері бойынша порциялап уылдырық шашатын ересек балықтардың уылдырықтарының диаметрі келесі порциядағы уылдырықтардың диаметрінен екі есе үлкен. Алтын түсті мөңкенің уылдырықтары сары түсті, диаметрі 0,8 – 1,2 мм, келесі порциядағы мөңкенің уылдырықтары ашық түсті, диаметрі 0,2 – 0,7 мм. Керісінше Г.М. Кривощековтың айтуы бойынша мөңкелердің барлық порциялап шашатынын ескере отырып олардың уылдырықтарының мөлшері бірнеше порциялап шашқанымен бірдей болады. Кривощеков зерттеу үшін мөңкелердің 150 данасын алды. Нәтижесінде күміс түсті мөңкенің уылдырықтарының диаметрі наурызда 1,00 мм, сәуірде – 0,96 мм, мамырда – 0,95 мм, маусымда 0,97- 1,00 мм болды, ал алтын түсті мөңкенің уылдырықтарының мөлшері наурызда - 0,91 мм, сәуірде – 0,98 мм, мамырда - 0,93 мм, маусымда - 0,80 – 0,90 мм, қыркүйекте 0,90 мм, қазанда 0,98 мм болған [8]....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Бентосжегіш балықтардың қоректенуі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Амур жалған теңге балығының морфобиологиясы

Іздеп көріңіз:
дипломдык Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биология дипломдық жұмыстар, Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]