Дипломдық жұмыс: Биология | Күріш өсірудің сорттық технологиясын зерттеу

Дипломдық жұмыс: Биология | Күріш өсірудің сорттық технологиясын зерттеу

Мазмұны

Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері.......................................
Күріштің өсіп дамуының морфозиологиялық сипаттамасы .......................................................................
Күріштік агроэкологиялық факторларға талабы.............
Арал өңіріндегі суармалы жерлердің экологиялық –агромелиоративтік жағдайы және күріш өсіру перспективалары.................................................................
Күріш өсіру аймақтарының агроэкологиялық және топырақ – мелиоративтік сипаттамалары........................
Өзгерген агроэкологиялық жағдайда күріш өсіру технологиясын жетілдіру...................................................
Күріш дақылының өсу дәуіріндегі күрделі (шешуші) кезеңдер................................................................................
Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу әдістерін оптимизациялау...............

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырда майда әрі тиімді суару жүйелері орнына шөлді және шөлейт аймақтарды үлкен масштабта суландыру жүйесі іс жүзіне асырылды. Нәтижесінде мақта және күріш өсіру, олардың егіс көлемін ұлғайту шаралары Арал теңізіне құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын егістікке пайдалануды қажет етті.
Сонымен қатар бұл өзендердің бойында гидротехникалық құрылыстардың салынуы да Арал теңізіне және оған көршілес территорияларға кері әсерін тигізді. Мысалы, әр жылдары Амудария мен Сырдария өзендерінің бойында Әндіжан, Тоқтағұл, Қайраққұн, Шардара су қоймалары салынды. Аралға құятын судың 70-75% -ы осы аталған су қоймаларында қалып қойып отыр. Нәтижесінде еліміздің Оңтүстік –батысындағы ұлан-ғайыр Сыр өңірі бүгінде экологиялық проблемалары шиеленіскен апатты аймақтың бірі болып отыр.
Күріш – суда өсетін дақыл. Сондықтан суды және тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып ғылым жетістіктері мен озат тәжірибе жаңалықтарын өндіріске енгізу арқылы егіншілік мәдениетін арттырып, фермер-күрішшілер игілігіне айналдыру керек. Бірақ, күріш егісі өнімі баяу өсуде, ал кейінгі жылдар тіпті төмендеп кетті. 1990 жылмен салыстырғанда еліміздегі күріш алқаптарының көлемі 1,6 есе қысқартылды, ал гектер өнімділігі Қытай, Жапония мемлекетеріндегі өнімділік пен салыстырғанда 1,5 еседей төмен. Мұның себептерінің бірі – күріш сорттарының биологиялық морфофизиологиялық және агроэкологиялық ерекшеліктері ескерілмей, жалпы күріш егісіне арналған орташа технология қолдануда. Сондықтан, экологиялық дағдарысты Арал өңірінде күріш егісіне азот тыңайтқышын беру мөлшерін оптмизациялау аталған тыңайтқышты қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін жасау – практикалық маңызы үлкен, актуальді проблема.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. 1965-1966 жылдардан бастап товарлы күріш өндіру мақсатында бұл дақыл егісі үлкен көлемде (жыл сайын 90-110 мың гектар) егілді. Осындай көлемдегі күріш егісін орналастыру егістігі күріштің үлесі 62,5% және оданда жоғары болды. Нәтижесінде, бұл Арал өңіріне орасан зор экологиялық, әлеуметтік, т.б. өзгерістер әкелді. Соның ішінде аса қауіпті, зиянды құбылыстардың бірі- топырақтың тұзданып сорлануы, жер асты суының жаппай көтерілуі және минерализациялануы.
Осыған сәйкес жұмыстың мақсаты ауыспалы егіс танаптарындағы топырақ түзілу процесінің өзгеруіне және сорланып тұздануына байланысты күріш өсірудің сорттық технологиясын дайындап, азот тыңайтқышын берудің агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін жасау.
Жұмыстың міндеті. Күріш өсірудің сорттық технологиясын зерттеп дайындау барысында орта бойлы жіңішке, тік жапырақты Кубань сорты мен орта бойлы ірі жапырақты Маржан сорты егісіне азот тыңайтқышын енгізіп қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін анықтап белгілеу.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Күріш сорттарын өсіру агротехникасын биологизациялау – бұл нақты сортты (мысалы, ірі жапырақты Маржан, жіңішке, тік жапырақты Кубань 3) өсіріп баптау технологиясы мен әрбір агротехника шараларын олардың биологиялық және морфофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіру. Бұл күріштен жоғары әрі сапалы өнім алу жолы және сорттардың өсіру технологиясын жетілдіруде практикалық маңызы үлкен.


1 тарау. Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері

1. Мәдени күріш немесе екпе күріш (Оrуzа sativa L.) - бір жылдық өсімдік, злак немесе коңырбас (Gramineae, Роасеае) тұқымдастығына, күріш трибасына (Оrуzeae) жатады. Күріш (Оrуzа) туыстығын алғаш анықтап сипаттаған К.Линней (1735ж.). Кейінгі жүйелеу (классификациялау) бойынша Оrуzа (күріш) туыстығында 28 түр бар. Күріш туыстығының түр құрамы әліде зерттеліп анықталуда. Күріштің егіліп жүрген түрлері Оrуzа sativa L. (екпе күріш) және Оrуzа glaberrima Steud (жылтыр күріш) - диплоидтар.
2. Күріш дақылының таралу ареалы өте кең, үлкен. Климаттық, маусымдық өзгерістерге, топырақ жағдайына, әртүрлі суару режиміне бейімделіп және географиялық оқшаулану, табиғи сұрыпталу және селекция нәтижесінде 0.sativa туыстығы дифференцияланып, жіктеліп, әртүрлі сорттар тобына бөлінген. Олар географиялық расаларға (экорасаларға), яғни indica (индиялық), jароnіса (жапондық), jаvаnіса (явандық) түр тамақтарына бөлінеді. Екпе күріш түр тамақтарының сипаттамасы 1 - кестеде келтірілген.

1 - кесте. Күріш түр тамақтарының сипаттамасы
(Е.П.Алешин, ІІ.Е.Алешин, 1993)


Қасиеттері

Түр тармақтары
indica (индиялық) jароnіса (жапондық) jаvаnіса (явандық)
Жапырақ Жалпақ, ашық-жасыл Жіңішке,
қою-жасыл Жалпақ, тік
орналасқан,
ашық - жасыл
Дән Ұзын, өте үзын, жіңішке әрі ұзынша, жалпақ Орташа және кысқа, ұзынша дәнді, жалпақ және домалақ Орташа және қысқа, ұзынша дәнді, жалпақ және домалақ
Түптенуі Күшті Орташа Нашар
Сабақ Ұзын, өте ұзын Қысқа Ұзын және орташа
Гүл кауыздарын-дағы түкшелер Жіңішке және қысқа Ұзын әрі калың Ұзын
Масақ дәнінің төгілуі Күшті Нашар Нашар
Өсімдік ұлпалары,
ондағы кремний
мөлшері Жұмсақ, кремний
орташа және аз
мөлшерде Қатты, кремний көп және орташа
мөлшерде Қатты, кремний
көп және орташа
мөлшерде
Фотокезеңге реакциясы Әртүрлі Әртүрлі, қысқа
күндік формаларынан фото бейтарап түрлеріне дейін Нашар

ТМД елдері территориясында негізінен жапондық jароnіса (тамағына жататын: var.italica, var.zeravschanica, var.vulgaris, var.eruthroceros, var.dicroa, var.nigroapiculata, var.janthoceros түршелерінің сорттары өсіріледі.
Күріш егісін ластаушы, арамшөп қатарына жататын қызыл дәнді формалары: Alef., subpyrocarpa Gust., var., desvauxii, Kazakstanica Gust., flawoactes Kara – Murza bicolota Kanevck түршелеріне жатады.

1.1 Күріштің өсіп дамуының морфофизиологиялық сипаттамасы

1. Күріштің өсу дәуірі төмендегідей фазаларға бөлінеді: тұқымның өнуі, көктеп (тебендеп) шығуы, түптенуі, сабақтануы, масақтануы, гүлденуі және дәннің пісуі. Өсу дәуірінің әрбір фазаларында күріш дақылы әртүрлі морфофизиологиялық сипатта болып, физиологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан, бұл дақылдың қоршаған ортаға бейімделуі және өсіру технологиясына талабы өсу барысында өзгереді.
2. Күріш онтонегенезінде басқа злак дақылдары сияқты органогенездің 12 этапы анықталып сипатталған. Бірақ, П.С.Ерыгинның (1969,1981), Е.П.Алешин, Н.Е. Алешиннің (1993) пікірлері бойынша, органогенездің 8-ші және 9-шы этаптары біріккен, сондықтан олар күріште он бір этап бар деген пікірге келген.
3. Ғалымдардың (П.С.Ерыгин, 1981; Ф.М.Куперман, С.Б.Рамазанова және 1986) зерттеу нәтижелері бойынша, күріштің өсіп даму барысындағы морфофизиологиялық өзгерістер төмендегідей:
4. Органогенездің І этапы. Күріш тұқымы ылғал жеткілікті жағдайда (яғни, суға бастырылған атыздарда) өне бастайды. Бұл процесске қолайлы температура 22-260С, ал ең төмен, минимальды температура 12-14°С. Анаэробты жағдайда колеоптиле өседі, оның өсуі клеткалардың созылуы нәтижесінде болады. Егер ортада оттегі мөлшері 2%-дан төмен болса, тамырша өспейді, ал колеоптиле анаэробты зоңадан өткенше өсе береді, сосын негізгі ұрық тамыр төмен қарай өседі (1-сурет). Колеоптиле ішінде екінші жапырақ (катафилл) өсіп, тебен тәрізденіп шығады. Бұл екеуі күріштің фотосинтетикалық аппаратының қалыптасуына үлес қоспайды. Органогенездің I этапы нағыз бірінші, бірақ пайда болу ретімен үшінші жапырақтың өсіп шығуымен аяқталады. Этап ұзақтығы 10-12 күн, ауа райы салқын болған жылдары 2-3 күнге ұзарады.
5. Органогенездің II этапында конус түбі алғашқы буын мен сабақтың буынаралық бөлігіне дифференцияланады. Сабақтардың буын және буынаралық саны осы 1-11 этапта анықталады, ал бұл көрсеткіштер (сандар) мөлшері күріштің сорттық ерекшеліктеріне және технология деңгейіне байланысты.
6. Органогенездін II этапы күріштің көктеп шығу фазасымен сәйкес және түптену фазасының бастапқы кезін қамтиды. Бұл кезеңде болашақ 5-7 жапырақтар метамерлері дифференцияланады. Этап ұзақтығына сәйкес күріштің өсу дәуірі де ұзарады. Арал өңіріңде аудандастырылған күріш сорттарының осы этап ұзақтығы 28-32 күн. Сабақтың ұзына бойына орналасқан жапырақтар көлемі, морфофизиологиялық қасиеттері бойынша өзгешеленіп анықталады. Бұлар өсу конусындағы өзгерістерге байланысты. II этап соңында өсу конусында жоғарғы 8-10 және жалау жапырақтардың метамерлік ұлпалары түзіліп пайда болады.
7. Сонымен, органогенездің І, ІІ этапында тұқым өніп, күріш көгі шығады, жанама сабақтар саны, жапырақтар көлемі мен саны, ұрық тамыр және қосымша тамырлар саны белгілі болады.
8. Органогенездің III этапында өсу конусы жылдам өседі де, бастапқы масақтың негізгі діңгегі (өсі) пайда болып, болашақ жанама бұтақшалар болатын төмпешіктер пайда болады. Осы кезең басында өсу конусы көлемі 0,10-0,16; ал этап соңында 0,250-0,350 мм-ге жетеді. Сыр өңіріндегі аудандастырылған ерте пісетін сорттардың ІІІ-этапы 5-ші жапырақ толық шығып, 6-шы жапырақ пайда болғанда, ал орта мерзімде пісетін сорттар - 6-шы жапырақ толық шығып, 7-ші жапырақ пайда болғанда басталады.
9. ІІІ-этапта болашақ өнімнің негізі қаланады, яғни масақтағы дән саны анықталады. Бұл этап кезеңі ұзарған сайын, әрбір масақ ұзын болып, онда бірінші және екінші қатардағы жанама бұтақшалар көп болады. Нәтижесінде, ең көп дән байланады да, өнім артады. Аталған кезеңде атыздағы судын ең қолайлы (оптимальды) температурасы 19-24°С. Су температурасын осы деңгейге жеткізу үшін органогенездің ІІІ-этапының басында, яғни күріштің 6-7 жапырақты кезіңде атыздағы суды уакытша көтереді.
10. ІІІ-этаптын басында күріш егісіне берілген азот тыңайтқышы масақтың ұзындығын арттырып, дән санын көбейтеді. Органогенездің ІІ-этапында берілген фосфор және ІІ, ІІІ этаптарда енгізілген калий тыңайтқышы осыңдай нәтиже береді. Сондықтан, ІІІ-этап басыңда азот және калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру дән өнімін күрт арттырады. Орта мерзімде пісетін күріш сорттары органогенезінің III-этапы ұзақтығы 8-10 күн, ерте пісетін сорттарда - 6-8 күн.
11.Органогенездің ІV-этапында масақ бұтақшаларының алғашқы ұлпалар тобы күрт өседі де, бұтақтануы жүреді және барлық бұтақшаларда масақшалар төмпешіктері пайда болады. Масақша төмпешіктері қаншалықты көп болса, масақтағы дән саны көбейеді. Бұл кезеңде өсу конусының мөлшері -0,36-0,85 мм. Масақтағы алғашқы бұтақшалар мен масақша төмпешіктерінің көп болуын қамтамасыз ететін оптимальды жағдайлар: топырақта қоректік заттардың жеткілікті болуы, атыздағы судың тереңдігі қолайлы деңгейде болып, су температурасы ысымай, орташа жылылықта болуы нәтижесінде фотосинтездің күрт артуы. ІV-этап ұзақтығы - 2-3 күн.
12. Органогенездің V - этапында масақша төмпешіктері дифферен-цияланып, гүлдердің қалыптасуымен аяқталады. Этап ұзақтығы 13-15 күн. Дифференциялану барысында алдымен масақша қауызы пайда болып бөліктенеді, сосын гүл кауыздары ерекшеленеді. Қауыздар масақтың жоғарғы, яғни бас жағында, сосын ортаңғы бөлігінде, ең соңында төменгі бөлігінде түзіледі. Бүтақшаларда да қауыздардың пайда болуы осы тәртіппен бір мезгілде жүреді. Кейін масақтағы дәндердің толысып пісуінде де осы заңдылық сақталады. Гүл қауызының ішінде алты аталық, ортасында аналық пайда болып дифференцияланады .
13. V-этаптағы алғашқы гүлшоғы көлемі мен XІІ этаптағы (толық піскен кезінде) масақ көлемі арасында тығыз байланыс бар және бұл қоректену алаңына байланысты. Бұл кезенде коректік заттар жеткілікті болып, су және температура режимінің қолайлы болуы масақтың синхронды өсіп дамуына себепкер. Осы кезенде пайда болған гүлдер, саны мен масақтағы дәндер санының арасында тікелей байланыс бар.
14. Органогенездің VІ-этапында микро - және мегаспоралар қалыптасады. Тозандықтың даму барысыңда 4 үя пайда болып, онда аталық жыныс клеткалары - тетрада өсіп, одан тозаң дәншелері дамып жетіледі. Аналықта тұқым бастамасы (тұқым бүршігі) қалыптасады. VІ - этапта сабақтың орта буынаралықтары өсуін жалғастырады және жоғарғы буынаралықтар өсуін бастайды. Этап ұзақтығы 1-2 күн.
15.Органогенездің VІІ-этапыңда аталық және аналық гаметофиттер
қалыптасады. VІІ-этап басында гүл қауыздары жұмсақ, түксіз, ал этап
соңыңда қатайып, тері сияқты болады, түк пайда болып, масақ әрбір
сортқа тән өзінің үлкен көлеміне жетеді. Масақтың ұзын болып
қалыптасуына жоғары агротехниканың әсері зор. Этап ұзақтығы 6-8
күн
16.Органогенездің VІІІ-этапында күріш бас шығарады, яғни масақтанады (масақ толық сыртқа шығады), гаметогенез толық аяқталады. ІХ-этапта масақ гүлдейді, аналық ұрықтанып, зигота пайда болады. VІІІ -этапта жақсы дамыған гүлдер қаншалықты болса, XІІ-этапта толық дәндер соншалықты болады. VІІІ -ІХ этап ұзақтығы 1-2 күн.
17. Органогенездің Х-этапында -алғашқы ұрық пайда болып, алғашкы эндосперм қалыптаса бастайды. Бастапкы ұрықтың дифференциялануы аналық ұрықтанғаннан 4 күннен кейін басталады. Бүл этапта дән үзарып есе бастайды, этап соңында дән әрбір сортқа тән ұзындыққа жетеді. Х-этаптың үзақтығы 4-5 күн.
ХІ-этапта -күріш дәнінде коректік заттар жинақталады. Дән ұзындығы және ені мен қалыңдығы бойынша кәдімгі деңгейге жетеді. Бұл этап күріш дәнінің сүттену фазасымен сәйкес. Сонымен, ХІ-этап жаңа организмнің алғашкы стадиясы. Бұл этапта дәндегі құрғақ заттар интенсивті жинақталып, дән бойындағы ылғал азая бастайды, эндоспермның қалыптасуы аяқталады. Алейрон клеткаларының қалыптасуы тездетіліп, қоректік және физиологиялық активті заттар жинақталады. Этап ұзақтығы 6-8 күн.
ХП-этапта - қоректік заттар қорлық (запастық) заттарға айналады. Бұл этап сүттеніп қамырлану фазаларымен сәйкес және дәннің толық пісуімен....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Биология | Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Агрономия | ЖШС жағдайында күрішті себу әдістерінің оның өнімділігіне әсері
» Дипломдық жұмыс: География | Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі
» Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштар
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері

Іздеп көріңіз:
дипломдык Күріш өсірудің сорттық технологиясын зерттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биология дипломдық жұмыстар, Күріш өсірудің сорттық технологиясын зерттеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]