Дипломдық жұмыс: Биология | Жантақ өсімдігінің морфофизиологиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Биология | Жантақ өсімдігінің морфофизиологиялық ерекшеліктері

Мазмұны

Аннотация .............................................................................................................
Анықтамалар..........................................................................................................
Қысқартулар..........................................................................................................
Кіріспе....................................................................................................................
1.Аналитикалық шолу...........................................................................................
1.1.Қазақстандағы эндемдік өсімдіктердің экологиясы.....................................
1.2. Бұршақ тұқымдаcтарының жалпы сипаттамалары......................................
1.3. Жантақ өсімдігінің жалпы сипаттамалары....................................................
1.4.Қазақстандағы химиктердің жантақты зерттеуі.............................................
2. Негізгі бөлім
2.1. Зерттеу жұмыстарының әдістемелері............................................................
2.2.Зертте жұмыстарының материалдары............................................................
2.3. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері..............................................................
3. Еңбек қорғау қағидалары..............................................................................
4. Қорошаған ортаны қорғау..............................................................................
Қорытынды....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Шөлейттік және шөл далалық зоналардың өсімдіктер әлемінің ботаникалық құрамы мен бейімделушілік ерекшеліктері өте ерекше болады. Мұндай қатаң және қолайсыз ареалдарда тек осы зоналарға эволюциялық даму кезеңдерінде сұрыпталы бейімделген өсімдіктер өсе алады. Мыңдаған жылдар ішінде мұндағы өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық қасиеттері өзіндік қайталанбас және таңқаларлық құрылымдық үйлесімге ие болған. Осындай өсімдіктердің көптеген түрлері Қазақстанның шөлдік және шөлейттік далалыранда көптеп кездеседі. Кең даладағы қатаң климатқа және құмды ыстық климатты далаларда өсімдіктердің санаулы ғана түрлері мекендейді. Солардың ішіндегі аса маңызды өкілдерінің бірі кәдімгі жантақ өсімдігі. Жантақтың таралу ареалы айтарлықтай кең. Барлық ыстық климатты зоналарда кезедеседі деуге болады. Өте ыстық құмды далалардан бастап қоңыржай зоналардың басталар шегіне дейін жантақ қалыпты өсіп тұқым түзуге бейімді. Бұл жай, жантақтың қалыпты реакциясының кең екенін көрсетеді. Дегенмен, жантақ өсімдігі анық ксерофиттік өсімдік болып саналады.
Жантақ далалық және шөлдік аймақтардағы климатқа және экологиялық жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Біріншіден, жантақ шөлдік далалардағы жануарлардың азығы болып саналады, екіншіден сол жердегі топырақтың құнарлығы мен эррозияға ұшырау дәрежесі жантақ өсімдігінің жамылғысынан тәуелді. Қоңыржай климаттық өсімдіктер сияқты жантақ тез уақыт ішінде қалың және тұрақты өсімдік жамылғысын түзе алмайды. Оған көптеген себептер бар. Солардың ібір, жергілікті климаттың тұқымнан өсіп шыққан жас өсімдіктердің барлығының бірдей ересек өсімдікке дейін дамуына кедерге болса, екіншіден жантақ тұқымы бірінші жылы бәрі бірдей өне бермейді.
Жантақтың тұқымының таралуына түйе себеп болады. Өйткені, тұқым түйенің ас қорыту жүйесінде қорытылмайды. Осылай жергілікті экожүйеде үйлесімді тіршілік орныққан. Шөлдік және шөлдейттік зоналардың экожүйесі өте нәзік және қорғауды қажет ететін жүйе болып табылады.


1.ТАҚЫРЫПҚА АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

1.1 Қазақстанның эндемдік өсімдіктер әлемінің экологиясы

Қазақстанның өсімдіктері өте бай және жер бетінде басқа жерлерде қайталанбайтын түрлерге тола. Мұндай түлердің үйлесімді кездесуіне Қазақстанның ерекше климаты себеп болып отыр. Қазақстанда кең байтақ далалық, қоңыржай далалық және таулық климаттық жағдайлар таралған. Бұл жағдайларда өсетін өсімдіктердің түрлік құрамы да ерекше. Өкінішке орай, кездесетін өсімдіктердің көптеген түрлері санаулы ғана ареалдарда өседі. Ал, кейбір түрлері тіптен жойылып бара жатқан өсімдіктер әлемінің өкілдері болып саналады. Бұл өсімдіктердің мүшкіл қалінің басты себептерінің бірі болып өсімдіктердің қолданылу қарқынының жоғары болғандығын атауға болады. Кейбірі барлық дәрі-дәрмектердің құрамына кірсе, кейбірі өте сирек кезедесетін ауруларға ем. Күнделікті қолданып жүрген қызықты әдебиеттерде кездесетін дәрілік өсімдіктер баршаға мәлім және космополиттер болып саналады. Солармен қатар, күннен күнге азайып немесе жойылып бара жатқан дәрәлік өсімдіктердің саны айтарлықтай. олардың қомақты бөлігі Қазақстан флорасының үлесінде. Бұл түрлерді толық жойылудан сақтау үшін тек қорықтар ұйымдастыру жұмыстары жеткіліксіз. Олардың кейбірлерін қолдан көбейтіп, табиғи таралу аймақтарында көбейту қажет. Жойылып бара жатқан өсімдіктердің көбеюіне жылдан жылға өркендеп бара жатқан мал шаруашылығының әсерін бөліп айтуға болады. Тау бөктеріндегі шалғындықтар мен жайылымдарда ондай өсімдіктердің өсіп көбеюіне жағдай жоқ. Өйткені, олардың жас өсімдіктері үдемі малдың және шөп орушылардың зиянды әсеріне ұшырап отырады. Көптеген эндемді өсімдіктердің гүлдеу кезеңіне жеткенше 6-7 жыл керек. Кейбір өсімдіктер таулы, шағыр тасты беткейлерде өседі. Олардың жойылуына кен игеру жұмыстары себеп болып келеді.
Бұл қызыл кітапқа ендірілген өсімдіктердің толық тізімі емес. Қазіргі кезде көптеген өсімдіктердің таралу ареалы жылдан – жылға тарылып барады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында ғана таралған бозтікен өсімдігінің ареалы тек Қазақстанда емес, жер бетінде 20 гектардай ғана көлемде қалды. Оның себебі, өткен ғасырдың басында бозтікен өсімдігінң тамырынан сабын алынған. Оның салдарынан, Ресейдің сабын өндірісінің шикізаты ретінде осы өсімдік көп мөлшерде жиналған.
Аты әйгілі жень-шень өсімдігіне тең келетін алтын тамырдың да тағдыры боз тікенге ұқсас. Алтын тамыр, немесе қызыл радиола, тек тау биіктіктерінде өседі. Соған қарамай, алтын тамыр әлі күнге дейін ретсіз жиналып келеді. Оларды шикі зат ретінде жинауға тиым салынған. Қазіргі кезде алтын тамыр таудың 2300 метрлі биіктігіндегі 20-50 метрлік жолата ғана кездеседі. Ондағы өсімдіктердің саны да санаулы деуге болады.
Эколгиялық қалі мүшкіл өсімдіктердің бірі болып шеңгел саналады. Шеңгелдің Оңтүстік Қазақстан облысының экологиясындағы орны өте маңызыды. Ол өсімдік ең қатаң климаттық жағдайда өседі. Ол жылдан – жылға басып келе жатқан құмның алдына тосқауыл болып тұрады. Шеңгелдің санының азаюы құмның көптеген құнарлы жерлерді басып алуына себеп болады. Аталған қызметті қуаңшылыққа төзімді жантақ, жыңғыл, сексеуіл сияқты құрғақ дала климатына төзімді өсімдіктер де атқарады. Оңтүстік Қазақстанның Созақ, Шардара аудандарының далаларындағы өсімдіктердің жамылғысының басты құрам бөлігін жусан, бетеге, боз және далалық дәнді шөптер құрайды. Қазіргі кезде бұл аймақтардағы флора өз құрамын қайта толықтыруда. Кеңес өкіметінің кезінде шектен тыс мөлшердегі қой шаруашылығының дамуы далалық флораның күйзелуінің себебі болды. Қазақстанда 50 миллион қой басы құралды. Олар кең даладағы жабайы жануарлардың өмірлік кеңістіктеріне дейін басып алды. Өте қарқынды пайдаланудың салдарынан көптеген өсімдіктердің жамылғысы қайта қалпына келе алмай жойылуға жақын қалде болды.
Экологиясы нашар өсімдіктерге дара жарнақөтылар класына жататын лалагулділер тұқымдастырының өкілдерінің бәрін атауға болады. Бұл өсімдіктер тек таулы аймақтарда өседі. Ерте көктемдегі гүл жинаудың әсерінен және мал жайылымының кеңейуінен барлық лалагүлділердің қалі мүшкілденіп барады. Бәйшешек, науырыз гүл, қызғалдақ түрлері, ерте көктемдік сары гүлдер осыдан елу жыл бұрынғы қалімен салыстырғанда өте нашар.

1.2. Бұршақ тұқымдаcтарының жалпы сипаттамалары

Бұршақ тұқымдасының 120 мыңнан астам түрлері бар.490 туысы бар олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты.Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық,сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.
Негізгі өсімдік формалары ағаштар,бұталар,көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер.Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан,ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аудандарда өседі.Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор.Мысалы,олар түйнек бактериясымен симбиоз түзіп,ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады.Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді,олардың қосалқы жапырақтары жапырақ серігі бар,жапырақтары кезектесіп орналасады.
Гүл шоғыры шашақ,масақ,шоқпарбас болып келеді.Гүлі бұршақтың гүлі типтес.Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады,5-тісті,дұрыс немесе зигоморфты.Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады,олардың үшеуі бос орналасқан және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді.Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән.Мысалы,жоңышқа туысында,ерекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады.Андроцейі 10 аталықтың жиынтығынан тұрады.Бір түрлерінде аталықтарының 10-ы да бос болады,екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп түтік түзеді,оның ішінде аналық орналасады,алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады.Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар бөліп шығарады.Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігіен,ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады.Гинецейі бір мүшелі апокарпты,гүлтүйіні жоғарғы.
Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай:
Са5, Со3+2, А9+1, G1
Жемісі боб,ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын немесе ішінде бір-бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінетін,не бір жемісті қақырамайтын болып келеді.Дәндерің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың процеттік мөлшері өте жоғары асбұршақта 34 проценкке дейін,ноқатта 31 процент,люпинде 61 процентке дейін болады.Тамаққа дайындалатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль мен жасымық тұрады.Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокилоталар болады.
Бұршақ тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор.Олар азықтық,жеп-шөптік,балжинайтын,сәндік,дәрі-дәрмектік т.б.өсімдіктердің топтарын құрайды.Бұршақ тұқымдасының азықтық,жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алколойтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.
Сиыржоңышқа туысы- 150-дей түрі бар,бұрығы БОР-дың флорасында 84 түрі бар,ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі.Олардың көпшілігі жем-шөптік ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайда ендірілген.Кейбіреулері арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді.
Егістік сиыржоңышқа-пішен дайындау және дән алу мақсатытында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік.
Түкті сиыржоңышқа-біржылдық,сиректеу екі жылдык өсімдік,оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді.Табиғи жағдайда ол бұрынғы БОР-дың европалық бөлігінде Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі.БОР-дың барлық жерлерінде арам шөп ретінде түкті сиыржонышқа,ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржонышқа өседі.
Қызыл теңге жапырақ- екі жылдық немесе көп жылдық өсімдікке жатады.Биіктігі 15-60 см жапырақтары күрделі элипс тәрізді жалпақ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Биология | Техногендік факторлардың өсімдіктегі биомассаның жинақталуына әсері
» Дипломдық жұмыс: Биология | Сұлының тәжтәріздес тат ауруына қарсы төзімділік генетикасы
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Wi-Fi каналдарымен қамтамасыздырылған телеөлшеу жүйесін жасау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Манипулятордың иіннің буынның электржетекшісінің моделі
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Іле Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы

Іздеп көріңіз:
дипломдык Жантақ өсімдігінің морфофизиологиялық ерекшеліктеріжумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биология дипломдық жұмыстар, Жантақ өсімдігінің морфофизиологиялық ерекшеліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]