Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................... 4-5
Негізгі бөлім
1 Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихи-ономасиологиялық негіздері
1.1 Фалеронимдердің шығу тарихы..................................................... 6-8
1.2 Қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы.......................................... 8-14
2. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты
2.1. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі................................................................................................. 14-22
2.2. Қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғаты.............................. 22-27
2.3 Қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдық-саяси қызметі, мемлекеттік мәртебесі.............................................. 27-35
Қорытынды...............................................................................36-39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................... 40-41

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Диплом жұмысында қазіргі қазақ фалероимдерін, тарихы мен қалыптасуын қарастыра отырып, фалеронимдердің шығу тарихы, қазақ фалеронимдерінің қалыптасу кезеңі, қазіргі қазақ фалеронимдерінің сиапты ашылып, қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшелігі, атаулық табиғаты, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесі атап көрсетіледі.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі қазақ фалеронимдері еліміз егемендік алғаннан кейін қалыптаса бастады. Сондықтан да фалероним ұғымы қазақ тілінде бұрын-соңды зерттелмеген. Адамдарда “фалероним” (награда) ұғымы туралы түсінік болғанымен, оның құрылымын, түрлерге жіктелетінін, семантикасын, қоғамдағы қызметін, саяси әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесін түсінбеуі, білмеуі мүмкін. Жұмыста қазақ фалеронимдерінің сипаты өз шешімін тапқан.
Жұмыстың нысаны. Қазіргі қазақ фалеронимдерінің сипаты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі қазақ фалеронимдерін, тарихы мен қалыптасуын зерттеу.
Алға қойған диплом жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер тарайды:
● фалеронимнің шығу тарихына шолу;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы анықтау;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің құрылымы мен өзіндік ерекшеліктерін көрсету;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің атаулық табиғатын ашу;
● қазіргі қазақ фалеронимдерінің қоғамдағы қызметін, саяси-әлеуметтік маңызы мен мемлекеттік мәртебесін атап көрсету;

Жұмыстың дереккөздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Қазақстан Республикасының Заңы, тарихи, этимологиялық, түсіндірме т.б. сөздіктер, осы тақырыпқа қатысты жарық көрген мақалалар.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
● Алғаш рет қазақ фалеронимдеріне ономасиологиялық зерттеу жүргізілді.
● Қазақ фалеронимдерінің құрылымы, түрлері, өзіндік ерекшеліктері көрсетілді.
● Қазақ фалеронимдерінің семантикасы қаралып, атаулық табиғаты ашылды.
● Қазақ фалеронимдерінің саяси-әлеуметтік маңызы, мемлекеттік мәртебесі туралы мағлұмат берілді.

Жұмыстың әдісі: сипаттамалы әдіс, лексика-семантикалық құрылымдық талдау әдісі, жаппай іріктеу әдісі.
Жұмыстың құрылымы. Зерттудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақ фалеронимдері қалыптасуының тарихы – ономасиологиялық негіздері.
1.1 Фалеронимдердің шығу тарихы.
Адамның ерекше сіңірген еңбегін елеп, мойындаудың белгісі болып табылатын марапат белгілері көне заманда шыққан. Марапаттау жүйелері алғаш рет антика дәуірінде көне Грецияда фалералар мен лавр өрмектері түрінде пайда болды. Көне Римде марапат түрлері бір кезде өрмек, таспа, ту, бір кезде мойынға тағатын шынжыр, алқа, монета – медаль түрінде болып келеді.
ХІV-XVІ ғасырларда ордендер мен медальдар кең тарады. Подвязка Ордені – Еуропаның алғашқы зайырлы ордені. Англиядағы жоғары рыцарь ордені. Оның негізін 1350 жылы король ІІІ Эдуард қалады. Орденнің тарихы қызық. Ол бойынша, орден король сарайында орын алған бір оқиғаға байланысты пайда болды. «Король графиния Сэлисберимен билеп жургенде, оның байлам жібі жерге түсіп кетіпті. Король байлам жіпті көтеріп, өз аяғына байлап алған. Сөйтіп былай деген екен: «Бұл жөнінде жаман ойлағандар қара бет болады». Бұл сөз орденнің ұранына айналып кетті. Ресми эмблема – алтынға қондырылған қою көгілдір таспа, оның бет жағына ұран сөзі алтынмен жазылған; таспаны сол тізеден сәл төменірек тағып жүретін» (1, 40-41).
Алғашқы кезде Орденге 26 адам ие болған: 12 рыцарьға король Эдуард басшылық етсе, 12- сін Уэльс ханзадасы басқарады. 1786 жылы Орден басқа мүшелерді қабылдау туралы шешімге келді. Қазіргі кезде Орденнің басшысы мен он екі канонигі бар.
XVІІІ жүзжылдық – Еуропа елдеріндегі марапат жүйелерінің түзілу кезі. Бұл кезеңде марапат белгілерін тағып жүру регламенті пайда бола бастады. Ордендер белгілер ретінде көп жылдық сіңірген еңбек және мүлтіксіз қызмет мәртебесіне ие болды. Орталық марапат мекемелері құрыла бастады. Марапаттау жүйелері бір тәртіпке келтіріліп, ордендердің иерархиясы бекітіледі. Сол кезде франциядағы Ұлы француз революциясы жаңа республиканың басшылығымен республикаға сіңірген еңбекті елеуге болатын медаль немесе орден мәртебесі бар қандай да бір құрмет белгісін бекітуді қажетсіз деп тапты. Өйткені, республика азаматтарын ордендермен немесе белгілермен марапаттау барлық адамның теңдігі қағидасын бұзады деп саналды.
Он жылға жуық республикада ешқандай марапат белгілері болған жоқ. Сондықтан да, бірінші консулдың Құрметті легион орденін құру туралы заңын республика азаматтары «ерекше қанағаттанғандық сезімімен» қабыл алды – бұл ұғымның құрылуы көп адам үшін республиканы нығайту жолындағы ірі қадам болды.
Ресейде медальдар мемлекеттік марапат ретінде алғаш рет І Петр тұсында XVІІІ ғасырдың басында бекітілді. Кейінен алтын медальдармен, әдетте, офицерлер, ал күміс медальдармен солдаттар мен матростар марапатталатын.
Олардың ішінде орыс армиясының офицерлеріне берілетін ең жоғары жауынгерлік мәртебе - Әулие Георгий ордені ерекше орын алады.
Әулие Георгий орденін бірінші алған орыс офицері 1-ші Гренадер полкінің (кейінен Лейб – Гвардияның Гренадер полкінің) подполковнигі Ф.И. Фабрициан болды. Ол 1769 жылғы 8 желтоқсандагалощты жаулап алу кезінде ерекше көзге түскен (Ол бірден 3-ші дәрежелі орденге ие болды).
Орденнің бүкіл тарихында бар болғаны төрт адам ғана орденге ие болған. Бұлар: Генерал - фельдмаршал М.И.Гаянищев – Кутузов-Смоленский, князь М.Б.Барклайде - Толли, граф И.Ф.Таскевич- Эриванский, князь Варшавский және граф И.И. Дибич – Забалканский.
Алғашында ер адамдарға ғана арналған бұл орденмен екі әйел марапатталды (орденді қалған ІІ Екатеринадан басқа): Қос сицилияның королевасы Мария София Амалия, ол 1861 жылы Гарибальдиге қарсы жорыққа қатысқаны үшін 4-ші дәрежелі орденге ие болды, және мейірбике раиса михайловна Иванова, ол Дүниежүзілік соғыс кезінде мерт болғаннан кейін 4-ші дәрежелі орден алды (ол барлық командирлер қаза тапқан соң ртаны өзі басқарды; шайқас кезінде алған жарақаттан көз жұмды). Ресей патшаларының ішінде орденге ие болғандар: Императрица ІІ Екатерине – 1-ші дәрежелі орден, Император І Александр – 4-ші дәрежелі орден (1805) жылы «әскери орденді қатты сыйлайтындығының дәлелі ретінде 4-ші дәрежелі орденді қабыл алғанды жөн деп тапты », ал оған 1-ші дәрежелі орден ұсынылған болатын). Император І Николай 4-ші дәрежелі орденмен марапатталды(«1838 жылғы тамызда өзінің іс жүзіндегі әскери қызметінің аяқталуына орай 4-ші дәрежелі орденге ие болуды қалады»), Император ІІ Александр 1-ші және 4-ші дәрежелі ордендермен, Император ІІІ Александр 2-ші дәрежелі орденмен, Император ІІ Николай 4-ші дәрежелі орденмен марапатталған болатын.
Ресей Федерациясының 2000 жылғы 8 тамыздағы жарлығымен Әулие Георгий ордені қалпына келтірілді.
КСРО-да Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту ордендері, Ленин ордені, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендері, Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан Хмельницкий, «Жеңіс», Даңқ, Ушаков, нахимов, «Батыр ана», «Ана даңқы», Октябрь революциясы, Халықтар достастығы, Еңбек даңқы, «КСРО Қарулы Күштерінде Отанына борышын өтегені үшін» ордендері болды.
КСРО-да медальдар тағайындау және марапаттау құқығы КСРО жоғарғы Кеңесінің Президиумына берілген болатын. Кеңес Одағының батыры атағына ие болғандарға берілетін ерекше белгі «Алтын Жұлдыз» 1940 жылы Социалистік Еңбек Ерінің айырым белгісі ретінде «Орақ пен балға» алтын медалі тағайындалды. Сондай-ақ жауынгерлік ерлігі үшін (мысалы, «Ерлігі үшін»,1939), Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғаныста көрсетсек ерлігі үшін («Мәскеуді қорғағаны үшін», 1944, т.б.), қалалар мен аймақтарды азат еткені үшін (мысалы, «берлинді алғаны үшін», 1945; «Белградты азат еткені үшін»,1945 т.б.), еңбектегі үздік жетістіктері үшін ( мысалы, «Тың жерлерді игергені үшін», 1956; «Еңбек ардагері»,1974 т.б.) кеңес халқының тарихындағы аса маңызды оқиғаларды мерекелеу күндеріне арналған (мысалы, «Ленинградтың 250 жылдығы құрметіне», 1957 т.б.), көп балалы аналарға арналған ( мысалы 1-ші және 2-ші дәрежелі «Ана медалі»1944), т.б. көптеген медальдар шығарылды. Ғылым, мәдениет, экономика саласындағы жетістіктері үшін мысалы, Нобель сыйлығының лауреаттарына, халықаралық конкурстардың жеңімпаздарына медальдар тапсырылады.
Жалпы алғанда, Кеңес Одағы тұсында 21 орден болған, оның 5- і Ұлы Отан соғысына дейін 11-і Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған. Олардың 6-ы ІІ, ІІІ дәрежелі. Бірінші орден «Қызыл Жұлдыз» ордені 1924 жылы 1 тамызда белгіленген. Және 40-тан аса медаль болған, оның 1-і ІІІ дәрежелі, 7-і Ұлы Отан соғысына дейін, 19-ы Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған. Бірінші медаль «ХХ лет РККА» (Жұмысшы, шаруа Қызыл армиясына 20 жыл) 1938 жылдың 24 қаңтарында белгіленген.
Фалеронимдердің шығу тарихын сөз еткенде ең алғаш көне Грекиядан бастау алатынын, одан кейін Батыс Еуропада қалыптаса бастағанын, кейін барып Ресейде пайда болғанын және КСРО кезінде де өз фалеронимдері болғанын ұғынып отырмыз. Еліміз КСРО құрамында болғанда, азаматтарымыз ерекше сіңірген еңбектері үшін КСРО фалеронимдерімен марапатталды. 1991 жылы мемлекетіміз өз тәуелсздігін жариялады. Қазақстан дербес, тәуелсіз елдер қатарынан орын алды.
Қазақ фалеронимдері ұлттық нақышта, ұлттық бояумен еліміз тәуелсіздік туын желбіреткеннен кейін пайда бола бастады.
Жұмысымыздың келесі тараушасында «қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы» туралы сөз етіледі.

1.2 Қазақ фалеронимдерінің қалыптасуы.
Кез-келген елдің өзіндік салт-дәстүрі болатыны сияқты, әрбір дербес мемлекеттің өзіндік бет-бейнесін білдіретін рәміздерімен қатар, тек өзіне ғана тән марапаттау жүйесі мен ерекшелік белгілері болады. Солардың бір қатары елдің ардақты азаматтарын құрметтеуге қатысты қалыптасқан.
Әрине, ұлтты ұлықтаған ұлағатты ұл-қыздарына халық өзі қазы. Олардың есімдері аңызға айналып, жұрт жадынан мәңгі өшпейді. Сондықтан да, тиісті үкіметтер ондай адамдардың аттарын қалаларға, көшелер мен еғлді мекендерге беріп, оларға ескерткіштер тұрғызады. Ақын-жазушылар өз кейіпкерлеріне айналдырып, ән-жырға қосады, өнер туындыларында бейнелейді.
Ал абзал азаматтардың елі үшін сіңірген ерен еңбегі мен ерлігін марапаттау жүйесі, мемлекеттік шарапат белгілері Қазақстанда Республика тәуелсіздік алғаннан кейін белгіленді.
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар жарлығына (23.01.1996) сәйкес мемлекеттік наградалармен Қазақстан Республикасының Президенті марапаттайды. Ең жоғары наградалар: “Алтын Қыран” ордені мен “Халық қаһарманы” атағы. Осы Жарлықтың 3-тарауында мемлекеттік, қоғамдық қызметтің саналуан саласында айрықша еңбектерімен танылған азаматтарды Қазақстан Республикасының “Отан”, “Даңқ” (2 дәрежелі), “Айбын” (3 дәрежелі), “Парасат”, “Достық” (2 дәрежелі), “Құрмет” ордендерімен марапаттау белгіленген. Сондай-ақ “Ерлігі үшін”, “Жауынгерлік ерлігі үшін”, “Ерен еңбегі үшін”, “Шапағат” медальдары, “Қазақстанның халық ақыны”, “Қазақстанның халық әртісі”, “Қазақстанның халық жазушысы”, “Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы”, “Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері”, “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері” деген құрметті атақтар бекітілген.1999 жылы 26 шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” заң күші бар жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының арнаулы заңына сәйкес “Қазақстанның ғарышкер-ұшқышынан” басқа құрметті атақтардың орнына “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы белгіленді. Бұл құрметті атақ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне республикаға сіңірген зор еңбегі үшін беріледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін көп бала туып, тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады. Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі, әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге жеткен азаматтар, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапаталады.
«Қылмыстық іспен сотталған адамдар заңда белгіленген негізде және тиісті тәртіппен соттың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрығымен наградасынан айырылады. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттік наградаларын соттың шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті қайта қалпына келтіреді. Қазақстан Республикасының орденін, медальдары мен құрметті атаққа берілетін белгісін сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге де өтеуге беру, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға қатысты басқа заңсыз іс-әрекет жасау заң бойынша жауапқа тартылады» (2, 371 б.).
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған арнаулы заңына сәйкес мемлекеттік жаңа награда – «Барыс» орденімен (3 дәрежелі) марапаттау туралы бап енгізілді. Бұл орденмен Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайтуға, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірісітік, ғылым, әлеуметтік, мәдени және қоғамдық қызметке, халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды орнатуға ерекше еңбек сіңірген адамдар марапатталады. І дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып саналады. ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже ретімен марапатталады. Айрықша реттерде ерекше көзге түскені үшін мемлекет басшысының шешімімен, реттілік ескерілмей марапаттау мүмкіндігі де көзделген.
Әрине, әр награданың өз орны, марапаттау реті бар. Әйтсе де дана халқымыз «Еңбек – ер атандырады» дегені де бекер айтпаған. Ендеше, қандай марапаттың да негізінде Отанға, мемлекетке, халыққа сіңірген адал еңбек жатады. Ол өндірістегі табыс па, ғылыми ізденіс пе, спорттық көрсеткіш пе – бәрібір, жасампаз істің жемісі болуға тиіс.
Әр фалеронимнің өз орнын марапаттау ретін білу үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңындағы ережелерге назар аударайық.
8-бап «Алтын Қыран» (Золотой орел) ордені Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі болып табылады. Орден 1995 жылы белгіленді.
«Алтын Қыран» орденімен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген мемлекеттік ерекше еңбегі үшін наградталады.
«Алтын Қыран» бұрынырақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО Одағының ордендерінің бірімен наградталған азаматтар наградталады.
9-бап. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша айрықша үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иегері болып табылады.
10-бап. «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі.
«Халық қаһарманы» атағына ие болған дамдарға айрықша ерешелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.
11-бап. Қазақстан Республикасының ордендері мыналар:
- «Отан» (Отечество)
- «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев)».
- «Барыс» (Барс)
- «Даңқ» (Слава)
- «Айбын» «Доблесть»
- «Парасат» (Благородство)
- «Достық» (Дружба)
- «Құрмет» (Почет).

12-бап. «Отан» орденімен азаматтар:
- мемлекет және қоғамдық қызметтегі;
- экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы;
- мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы айрықша еңбегі үшін наградталады.
12-1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқ шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет мемлекеттер мен олардың үкіметтерінің басшылары наградталуы мүмкін.
12-2-бап. «Барыс» орденімен наградтау:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі;
- Бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі;
- мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі;
- халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі.
«Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі «Барыс»
- ІІ дәрежелі «Барыс»
- ІІІ дәрежелі «Барыс»
І дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау ІІІ дәреже, ІІ дәреже, І дәреже ретімен жүргізіледі.
13-бап. «Даңқ» ордені 1995 жылы белгіленді. Орденмен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің басшы құрамдағы адамдары:
- әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін;
- әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады.
«Даңқ» ордені екі дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі «Даңқ»;
- ІІ дәрежелі «Даңқ».
І дәреже орденінің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау ІІ дәреже және І дәреже ретімен жүргізіледі.
14-бап. «Айбын» орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері:
- жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік әзірлікте ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін;
- әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады.
«Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады:
- І дәрежелі «Айбын»;
- ІІ дәрежелі «Айбын»;
- ІІІ дәрежелі «Айбын».
«Айбын» орденінің ең жоғары дәрежесі – І дәреже. Марапаттау бірте-бірте жүргізіледі: ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже.
І және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен кіші және аға офицерлік құрамдағы тұлғалар марапатталады. ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, пропорщиктер мен мичмандар марапатталады. Наградтау: ІІ дәреже және І дәреже ретімен жүргізіледі.
15-бап. «Парасат» орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтар наградталады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]