Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | А. Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | А. Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі

Мазмұны

КІРІСПЕ................................................................................................ .............. 9

1 Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасының зерттелу жайы...........................................................................................................................19

2 Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы

2.1 Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің сипаттары .................... 36

2.2 Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің тәсілдік сипаттары............................................................................................................... 48

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................ 51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... 53

Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және ғылми әдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орнын анықтау. Жұмыс мақсаты мынадай міндеттерді шешуге негізделеді:
- А.Байтұрсынұлының терминологиялық мұраларының зеттеу жайына шолу жасау;
- А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастыушы ғалым екенін дәләлдеу;
- А.Байтұрсынұлы жасаған тарминдардің тілдік сипаты мен жасалу жолдарын көрсету.
Жұмыстың мазмұны: Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде А.Байтүрсынұлы терминжасамдық мұрасын зеттеуге арналған мақалалар мен көлемді еңбектерге шолу жасалды (Р.Сыздықова, О.Айтбаев, Ш.Қүманбайұлы, Ш.Жалмаханов, Ж.Смағұлов т.б). Екінші бөлімде ғалым жасаған терминдер мен олардыың жасалу жолдарына тоқталдық (зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш, дыбыс, буын, жұрнақ, жалғау, көсемше, есімше, қаратпа сөз, қыстырма сөз, жай сөйлем т.б.).
Зерттеудің әдістері: Жұмысты зерттеу барысында сипаттамалы, ғылми зерттеу әдісі басшылыққа алынды.
Тірек сөздер: қазақ терминологиясы, терминдер, термин жасаудағы негізгі принциптері, терминдердің тәсілдік сипаттары, т.б.

КІРІСПЕ

Қазақ тілі білімінің, соның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, ұлағат алар ұлыларымыздың қатарына кіретін ұлтымыздың ең ардақты ұлдарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының есімін аттап өте алмаймыз. Солай болуға тиісті де. Оның себебі- ұлттың ғылыми терминологияны қалыптастырудың еңбектерінен басталатындығы. Осы тұста бірден басын ашып айта кететін мәселе бар. Ол- тіліміздегі жекелеген сөздердің терминдік мәнде қолданыла бастауы мен терминологиялық жүйенің қалыптасуын шатастыруға балмайтындығы. Жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезде басылып тұрған «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттердің беттерінен кездестіруге болады. Ал салалық терминологияның қалыптасуы- белгілі бір арнаулы саланы құрайтын ұғымдар жүйесінің тілде таңбалануы болып табылады. Өз алдына дербес терминологиялық өріс құрайтын арнаулы салалардың атаулар жүйесінен бөлініп шығуы үстіміздегі ғасырдың оныншы жылдарына дейін болды десек, шындыққа онша жанаспаған болар еді.
Нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен ,олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі- аяқталып келе жатқан ғасырдың бірінші он жылдығынан басталады. Яғни, бұл дегеніміз- қазақтың ғылыми терминологиясының туындауы да дәл осы кезден басталуға тиіс деген сөз.
Бұл істің басында кімдер тұрды дегенге келер болсақ, осы кезде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар мен түрлі деңгейдегі ғылыми және ғылыми- көпшілік еңбектер жазған Ахмет Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамметұлы, Ж.Күдерин, Е.Омарұлы, С.Қожанұлы,М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Ғ.Қараш, К.Жәленов сияқты қазақ зиялыларының есімдері аталуға тиіс.
Осы аталған авторлардың әрқайсысының салалық терминологияның қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқандығы дау тудырмайды. Оған аттатары аталған зиялылардың еңбектерінде кездесетін ғылыми атаулар куә бола алады. Соған қарамастан олардың арасынан А.Байтұрсынұлының есімін ерекше атап жүргеніміз белгілі. Әрине, өте дұрыс. Алайда оның қазақ терминологиясының негізін қалаушы ғалам- ретінде қараудың себептерін әлі де нақтырақ көрсету, ғылыми тұрғыдан дәлелдеудің мәні зор. Біз төменде осы мәселе төңірегінде ой өрбітпекшіміз.
Кезінде М. Әуезов, Е. Омарұлы, С. Сәдуақасұлы, М. Дулатұлы, С. Сейфуллин, Т. Шонанов сияқты қазақ зиялылары негізін қалаған ахметтану ілімі араға алпыс жылдан астам уақыт салып барып жалғасын тауып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі он жылдай уақыт ішінде ұлы тұлғаның соңына қалдырған еңбектері әр түрлі қырынан зерттеле бастады. Бұл істен тілші ғалымдар да шет қалмай өз үлестерін қосуда, Р. Сыздықова, Ә. Қайдаров, Ө. Айтбев, М. Жүсіпов, т.б. ғалымдардың жарияланған еңбектері соның дәлелі бола алады.
Бір басынан мамандық табылатын халқымыздың «рухани көсемі», «ұлт мәдениетінің хантәңірі» атанып жүрген алып тұлғалы тереңірек таныған сайын ұлтымыздың рухы биіктеп, тарихи, ғылыми санамызда өсе түспек. Сондықтан ғалымның әдеби –ғылыми мұрасын жан –жақты зерттеудің маңызы айырықша.
А. Байтұрсынұлы ресми ақталғаннан бері он жылға жуық уақыт ішінде ахметтануға ерекше атсалысып жүрген тілші-ғалым Р.Сыздықова ғалымның тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы және жаңашыл ағартушы, ірі публицист, дарынды ақын екендігін айта келіп былай дейді: « Әрине, біздің сипатымыз- өте жалпы айтылып,қысқа қайырылған түйін. А. Байтұрсынұлының ағартушылық, ғылыми еңбектерімен қатар, поэтикалық творчествосын, саяси-әлеуметтік қөзқарастарын нақтылы, арнайы және терең зерттеу-алдағы міндет, әр сала мамандарының жұмысы [1,28].
Ғалымның атап көрсеткеніндей А.Байтұрсынұлының мұрасын сала-салаға бөліп, арнайы зерттеулер -оның бай әлеміне терең бойлап, халқымыздың игілігіне жаратумен қатар, қайталанбас тұлғаның қазақ ғылымының дамуыны қосқан үлкен үлесін анықтап, тарихымыздың төрінен алатын орнын да нақты көрсетіп берді
Ең алдымен А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің терминологиясы жасаушы. Кез- келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданылатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған. Ғылыми ұғымдарға ат қою оп-оңай жұмыс емес. Ол үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық процесс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ұғымдар жұйесінің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бірмағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы-терминдердің ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға (яғни, жасауға емес қабылдауға) мәжбүр ететін себептердің бірі. Бұл тұрғыдан келгенде ғалым қазақ тілін термин шығармашылығын да пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткен. А.Байтұрсынұлы 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дыбыстар дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, харіп сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914, 1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы). Әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданылуға беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі.
Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттелгендіктен қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті. Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе- А. Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл ғылым саласындағы арнаулы ұғымдар атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Ғылымның дамуына орай ұғымдар жүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс. Ахаң қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ тілі білімі дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсті.
Ғылымның осындай тұтас терминдер жүйесін қалыптастыруы- оның қазақ тілі білімінің терминологиясын жасаушы екендігінің дәлелі бола алады.
А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің ғана емес, әдебиеттану ғылымының да негізін қалаушы екендігі мойындалған шындық. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арналған мақаласында М. Әуезов «Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды»[2],- деген болса, әдебиетші ғалым Р. Нұрғалиев оның «Әдебиет танытқышы» туралы айта келіп, «... қазақтыың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған» деп әділ көрсетеді[3, 12-13б].
Сонымен, екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған. Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән функциясын да ғылыми анықтамасын берген. Ол дегеніміз- ғылыми ұғымның өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесінде алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы: « айшықтық әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұптық бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз- өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз- өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады»[4, 192].
Бұл мысалдан байқайтынымыз,ғалым,біріншіден, өлеңнің құрылым- құрылысын (түр-тұрпатын-А.Б.) анықталған ; екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымныың мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын ( айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылми ұғымдардың арасындағы жүйелік-құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтық-шумақтан, шумақтық- тармаұтан, тармақтық- бунақтан, ал, бунақтық- буыннан құралатындығын сатылай отырып көрсету арқылы ұғымдық микрожүйенеің өзіндік табиғатын танытқан.
Бұдан ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішке бойланып, мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалануда тілді өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. «Әдебиет танытқыштан» мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіре білуге болды. Жеке ұғымдардың өзара байланысынан барып ұғымдар барып жүйесі құрылатын сияқты, соларға сәйке келетін жекеленген термин сөздердің жиынтығын- терминдер жүйесін, яғни салалық терминологияны құрайды.
«Әдебиет танытқыштағы» ғалым қаламынан туындаған біртұтас жүйе құрайтын терминдер оның әдебиеттану ғылымының ғылыми терминологиясының қалыптастырғанын көрсетеді.
Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлы тіл білімі, әдебиеттану ғылымының ғылыми терминологиясын жасаумен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің де негізін қалаушы ретінде бұл салаға қатысты көптеген терминдерді жасаған. Олардың қатарына әдіс, әдісқой, сауаттау әдісі, жалқылау әдісі, жалпылау әдісі, жалқылау-жалпылау әдісі сияқты терминдерді жатқызуға болады.
Бұлармен қоса А.Байтұрсынұлының тарих, этнография мәселелерімен де шұғылданғаның ахметтанушы ғалымдар айтып жүр. М.Әуезов 1923- жылы [2] ғалымның «Мәдениет тарихы» атты кітап жазып бітіргенін айтқан болатын.
Ғылым, білім саласында қазақ тілінің қалданыс аясының кеңеюіне мақсатты түрде үлкен мән берген және термин шығармашылығында ұлт тілінің өз мүмкіндігін шебер қолдана білген ғалымның әлі баспа бетін көрмеген немесе кезінде жарияланып, қазір қолға түспей жүрген ондай еңбектері табылып жатса, олардың ішінде де көптеген терминдермен жаңа қолданыстардың болатындығына еш күмәндануға болмайды.
Сонымен, үшіншіден, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, А.Байтұрсынұлы қазақ тілі білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен бірге, көтеген әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты терминдер жасаған ғалым.
Ғалымның термин шығармашылығындағы қызметінің бір ғана ғылым саласымен шектелмейтіндігі оның жалпы қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орнының айырықша екендігін көрсетеді. Алайда А. Байтұрсынұлының қазақ терминологиясының қалыптастыруына қосқан үлесі бұлармен шектелмейді. Оның Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардыың бірі ғана емес, солардың ішіндегі ең ірісі, бірегейі екнін дәлелдейтін деректер ғалым мұрасына тереңірек үңілген сайын табыла береді.
Ендігі бір айырықша атап айтуды қажет ететін мәселе- ғылымның терминжасамының тәсілдері мен жолдарын анықтап бергендігі.яғни, төртіншіден, А.Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалым.
Терминжасам тәсілдерінің ара-жігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуы- қазақ тілінің грамматикасының жазылуы мен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліутері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамчна енеді. А. Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткендігінде. Оның қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, пай, мүше, әдіс т.б. осылар сияқты терминдері семантикалық тәсілдерімен,жақша, қосымша, дәйекше, буыншы, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, әуреленіс, әлектеніс, әліптеме, зауықтама, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген терминдерді морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем- сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалған.
Бесіншіден, А.Байтұрсынұлы- жекелеген ғылым салаларының ғана емес бүкіл қазақ терминологиясының қалыптасуына тікелей әсер еткен айырықша тұлға.
1924 жылдың маусым айында Орынборда Қазақ ғылми қызметкерлерінің сьезі болып, онда терминологияны қалыптастырудың принциптері бекітілгені мәлім. Араға екі жылдай уақыт салып, 1926жылы Бакуде өткен түрікшілердің бірінші құрылтайында жасаған баяндамасында А.Байтұрсынұлы қатынасушыларға осы принциптерді таныстыра отырып және өзге түркілердің де ғылыми терминологияны қалыптастыруда оларды басшылыққа алса дұрыс балатындығын айта келіп, өз ойын былай түйіндейді: « Этим путем каждый из нас, разгрузив свой язык от его баллансты чужих отчистив его от засоренности илиянием чужого языка, сделали бы доступпными произвдения своей пеяати и свой народной и другием тюркским народностям» [5,425] .
Бұдан ғұлама ғалымның қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың бағыт-бағдарын айқындаумен қатар, бүкіл түркі халықтарының терминологиясының дамуына көңіл аударып, термин жасауда ортақ принциптер ұстару арқылы туыстас халықдардың өзара ғылыми және рухани- мәдени байланыстардың тереңдей түсуін көздегенін көруге болады.
Сонымен, бітіру жұмысы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы рөлін анықтауды көздейді. Осы мақсатта бітіру жұмысын екі бөлімге бөліп қарастырмақпыз. Бірінші бөлімде А.Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасының зерттелу жайына тоқталсақ, екінші бөлімде ғалым жасаған терминдердің сипаты мен жасалу жолдарын сөз етпекпіз.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы
» Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминжасам жүйесі
» Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларындағы көркемдік қолданыстар
» Дипломдық жұмыс: Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс А. Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]