Дипломдық жұмыс: Биология | Тамыры жабық алма тікпе көшеттерін өсіру үшін субстрат құралын таңдау
Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Әдебиеттерге шолу........................................................................7
ІІ тарау. Топырақ – климат жағдайы...........................................................14
ІІІ тарау. Тәжірибелік – зерттеу бөлімі......................................................15
3.1 Зерттеу міндеті, бағдарламасы мен әдістемесі.......................24
3.2 Зерттеу нәтижелері....................................................................24
3.3 Зерттеу нәтижелерін экономикалық негіздеу.........................45
Қорытынды....................................................................................................56
Өндіріске ұсыныс.........................................................................................57
Қолданылған әдебиет ...................................................................................58
Қосымшалар...................................................................................................60
Кіріспе
Жеміс шаруашылығы ауыл шаруашылығы салаларының бірі. Бұл саланың негізгі зерттейтін объектісі-көп жылдық ағаш және бұта тектес өсімдіктердің жемістерін, жидектерін алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы негізінен жеміс-жидек дақылдарының өсуін, дамуын, көбеюін, өнім салуын, сапалы өнім салу заңдылықтарын зерттейді.
Жеміс-жидектің құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті илік заттар, витаминдер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс-жидектің маңызы өте зор. Медицинада кеңінен қолданылады.
Қазақстанның таулы жеріндегі ормандарда алуан түрлі жеміс ағашы өседі. Жабайы өсетін жеміс-жидектердің көпшілігінің құрамындағы ағзаға пайдалы заттар мәдени түрлеріндегі әлдеқайда көп болады. Жабайы жеміс-жидектердің сапасы жоғары болғандықтан олардың мәдени түрлерін шығару қолға алынды.
Жеміс-жидектерде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта 13-14 пайызға дейін, жүзімде 20 пайызға дейін болады. Жемісте ақуыз, май өте көп. Витаминдер әсіресе қарақатта бүлдіргенде, алмада көп болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылық маңызы да өте үлкен.
Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болып табылады.
Жеміс ағаштарының санитарлық-гигиеналық та маңызы бар. Бақтар ауылдар мен қалаларды желден, шаңнан қорғайды. Мұның өзі Қазақстанның ыстық, қуан аудандарына өте қажетті. Қазақстан территориясында жеміс-жидек өсімдіктерін егу өте ерте уақытта басталған. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында мұнан да ертерек уақытта жеміс ағаштары егілгені туралы мәлімет бар. Алайда ағаш егілген жердің көлемі аз және сорттарының сапасы да төмен болған.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны көбейіп келеді.Мысалы, 1991 жылы республикада осындай шаруашылық саны 0,3 мың гектар болса, 2001 жылы бірмыңға жетіп отыр.
Жеміс шаруашылығына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А.Ж.Жанғалиев, А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко, В.П.Пономарчук, В.И.Васильев, А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев, Е.Г.Раузин, С.Н.Олейченко, К.Ж.Аяпов, О.А.Укібасов тағы басқалар жатады.
І-тарау. Әдебиеттерге шолу
Ұластыру вегетативті көбейту тәсілдеріне жатады. Ол арқылы:
а) жеміс ағаштарының мәдени сорттарын сақтайды және көбейтеді;
ә) телінушінің жеміс салуын жеделдетеді және өсу күші мен өмір сүруін өзгертеді (клонды бұламалар);
б) жарамайтын сорттарды одан құндырақ өнімді, сол жердің жағдайы мен ауа-райына бейімделген, зиянкестер мен сұрауларға төзімді сорттармен алмастырады.
Жеміс шаруашылығында ұластырудың 150-ден астам тәсілдері бар және олардың барлық түрін екі топқа бөлуге болады: көзсабақтау және көлемшемен көбейту (Аяпов К.Ж., 2003).
Отырғызу көшеттерін күзде, көктемде қазып алуға болады. Көшеттерді қазуға 1,15 ай бұрын дайындалады. Көшеттер ВПН-2 немесе ВП-2 қазу соқасымен қазылады. Қолмен қазған кезде біреуі қатараралықты 30 см тереңдікке қазып, екіншісі көшет қазылған арыққа қисайта тамырларын кесіп, бірінші, екінші сорттарға бөледі. Одан кейін тұқымы, помологиялық сорты және тауарлық сорттары бойынша құлақша ілінеді (Черепахин В.И., 1991).
Жеміс көшеттерімен айналысатын шаруашылықтар өздері өсіріп, сатқан егу материалдарының таза сорттылығына заңды түрде жауап береді. Көшеттіктер бір мезгілде түрлі жеміс тұқымының өте көп сортын көбейтеді. Көзсабақпен көбейту үшін белгілі бір сорттың белгілі бір мерзімге дейін орасан зор қалемшесі керек (Аяпов К.Ж., 1993).
Көшеттіктің бірінші танабында телітушілер (себінділер немесе сұлама сабақтар) отырғызылады, жаздың екінші жартысында телітушілер көзсабақ тәсілімен ұластырылады. Климат жағдайына қарай телітушілерді бірінші танапқа күзде, көктемде де отырғызуға болады. Қысы суық, қары аз, қарсыз өтетін жылдары күзде отырғызғанның пайдасынан зияны көп. өйткені тамырының үсіп кету қаупі туындайты (Матаганов Б.Г., 1997).
Көзсабақтың сорттарды көбейту үшін көшет өндірісінде қолданылатын ұластырудың негізгі түрі. Басқа тәсілдерге қарағанда көзсабақтаудың өзіндік ерекшеліктері бар
1. Жасалуы қарапайым және еңбек өнімділігі жоғары.
2. Телінушіні үнемді пайдалануымен қатар біріккіштігі жоғары.
3. Жағатын жабдықтарды қажет етпейтін кішігірім және тез бітелетін жарақаттар ғана түседі (Татаринов А.Н., 1984).
Профессор Будаговскийдің (1976) ұсынысы бойынша телітушілер 6 топқа бөлінеді: 1-өте ергежейлі (ағаштарының биіктігі 2 метрге дейін); 2-ергежейлі (ағаштарының биіктігі 2-3 м); 3-жартылай ергежейлі (ағаштарының биіктігі 3-4 м); 4-орташа өсетіндер (4-5 м); 5-биік өсетіндер (5-7 см), 6-өте биік өсетінде (7-метрден астам).
Тікпе көшеттер өсіруде, қалыптастыру бөлімінің маңызы өте зор. Бұл бөлімде барлық жеміс дақылдарының келешекте баққа отырғызылатын көшеттері дайындалады. Бұл бөлім негізінен үш танаптан тұрады. Олар қалыптастыру бөлімінде өсіріледі. Бұл бөлім егер көшеттік екі жылдық тікпе көшет өсірсе 3 танаптан немесе бір жылдық көшет өсірсе екі танаптан қысқы телімдеу жұмысы жүргізілсе бір жылдық көшет қана өсірсе бір ғана танаптан тұруы мүмкін (Якушев В.И., 1988).
Профессор Трусевич Г.В. (1978) телітушіге негізінен үш талап қояды
1) қолданылатын ауданның қолайсыз ауа-райына экологиялық факторларына бейімділігі;
2) телінген сорттармен биологиялық сәйкестілігі;
3) телітушінің өнімділікке және жеміс сапасына қолайлы әсер етуі немесе осы сапаларды төмендетпеуі.
Көшеттіктің екінші танабында бір жылдық ауаның климат жағдайларына байланысты. Ауа-райына келетін болсақ ұластыруы тез бел алып кеткенмен телітуші мен телінушінің телінген тұсында өзекті байланыс әбден орнығу үшін ауа-райы ұзақ уақыт жылы болуы тиіс. Кеше ұластырылып көзсабақпен телімделген телітушілер қоректік заттардың қажетті қорын жинай алмайды, қысты күні өліп қалады (Куренной Н.М., 1980).
Профессор Драговцев А.П. (1956) Іле Алатауы жағдайында алманың апорт сорты себінді телітушіге ұластырылса, алғашқы жас кезеңі жеті жылға дейін, екінші кезеңі жеті жылдан он бес жылға дейін, үшінші және төртіншісі жиырма бес жылдан отыз бес жылға дейін, одан әрі отыз бес жылдан елу жылға дейін созылатынын анықтады.
Телітуші ретінде жеміс өсімдіктерінің жабайы түрлері де, мәдени сорттары да пайдаланылады. Мәдени сорттардың тұқымынан өсірілген телітушілер телінушімен өте жақсы биологиялық сәйкестілігімен ерекшеленеді.
Жеміс өсімдіктерінің телітушілері көбею тәсілдері себінді және вегетативті немесе колонды деп екіге бөлінеді. Өсу күшіне қарай телітушілер өте биік өсетін, орташа өсетіни және аласа өсетін деп үш түрге бөлінеді (Билык А.М., 1988).
Соңғы жылдары колхоз, совхоздардың таралуына байланысты бақтар және меншіктерге, ұжымдарға, фермерлерге бөлініп берілді, бұл тікпе көшеттерді сапалы өсіруге кедергі келітірп отыр. Себебі бұрынғыдай арнаулы тікпе көшеттерімен шұғылданатын шаруашылықтар жоқ, ол әрбір фермерлер немесе жеке ұжымдар сапалы түрде жеміс дақылдарының тікпе көшеттерін өндіріп отырған жоқ. Көп жағдайларда кез келген адамның өсірген тікпе көшеттерінің сорттық тазалығы, сапалық жағдайы, талапқа сай келе бермейді. Осыны ескере отырып, жеміс дақылдарының тікпе көшеттерін өндіруге көңіл бөлу қажет. Ол үшін жеміс дақылдары кең тараған аймақтарда көшеттікпен шұғылданатын жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген жеке ұжымдардың құрылуы қажет. Мұндай ұжымдар өндірілген өнімнің сапасына, тазалығына толығымен жауап беруі керек (Колеспиков В.А., 1966).
2004 жылдан бастап біздің республикамызда таулы ормандарда жабайы алма түрлерін қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен 10 млн теңге бөлінді. Таулы ормандардағы жабайы алма жұмыстарымен бұрыннан айналысып келе жатқан академик Аймақ Жанғалиев осы мәселеге бір емес бірнеше жыл ерекше көңіл бөлді. Ол жабайы алма клоны Сиверстен 27 сорт шығарды. Олардың арасында кейбіреуі дәмі, сапасы және де пішіні жағынан мәдени алма сорттарынан қалыс қалмайды (Султанов Д.А.., 2007).
Трусевич Г.В. (1964) орман және кавказ алмаларының телітушілік сапасы зерттеу кезінде, телінген компоненттердің бұдан да көп жеке ерекшеліктерін байқалды. Бұл телітушіге алманың Белый налив, Ренет Ландсбергский сорттары сәйкес келмейтін болып шақса, Суйслепское, Мелба, Макинтоп, Кандиль Ситип алма сорттары оңай ұластырылады.
Алма телітушілерінің тамыр жүйелері қысты күні аязға бірдей төзімді бола бермейді. Алманың жидекті (Сібір) және китайка түрлерінің тамыры қысты күні суыққа біршама төзімді, ал аласа өсетін (М8 және М9 ергежейлі тілетушілері) алмалар онша төзімді емес (Трусевич Г.В., 1975).
Қазіргі жағдайда өнімділігі жоғары американдық сорт Голден делишес болып отыр. Оның көшеттері көшеттікте өсірілетініне қарамастан өте қажет сорт. Алма көшеттерін өте биік өсетін телітушілерде өсіру қиын емес. Телітушіге ұсақ жемісті сібірлік алмадан басқа жабайы алманың барлығын телуге болады (Метислав Г.В., 1992).
Қазіргі кезде әлсіз өсетін телітушіні өсу мәдениеті бірнеше себептерге байланысты тежеліп отыр. Бұл телітушілерді отырғызу материалдарының жетіспеуі. Көбеюдің негізгі құралы (Марголин А.Ф., 1974, Степанов С.Н., 1981).
Телітушілер себіндік бөлімшесінде күзде қазылады. Көктемде бұл жұмысты бүршік атқанша аяқтау қиын. Одан кешіксе телітушілерді көшіріп отырғызғанда, оның тамыр алып кетуіне әсер етеді. Телітушілерді күзде қазып, сорттағанда, жалаңаштанған тамыр көктемде қазғанға қарағанда кеуіп кетпейді. Күзгі кезеңдегі жұмыс көктемге қарағанда аз болады. Оның үстіне шаруашылық үшін қолдағы телітуші материалдарының сапасы мен саны жайлы дәл мәлімет алған пайдалы (Метлицкий З.А., 1985).
Жеміс көшеттерін қысқы телу әдістерін пайдаланып өсіру барлық көшеттерде кең тарап келеді. Бұл әдіспен көшет өндіру процесі бір жылға қысқарады. Сонымен бірге еңбекті көп қажет ететін жабайы өсімдіктерді телу процестерін жазғы кезеңнен, қысқы – көктемгі кезеңге ауыстыру ұйымдастыру жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді (Землянов В.Н., 1988).
Себінді телітушілерге телінген ағаштардың экологиялық факторларға (қуаңшылыққа суыққа) бейімділігі жоғары және де телітушілері тұқымынан көбейту вегетативті көбейтумен салыстырғанда қарапайым. Себінді телітушілердегі алма ағаштары мардымды жеміс шаруашылығының қазіргі талаптарына сай келмейді (Данцигер И.Г., 1990).
Ұластыру арқылы көбейту вегетативті көбейту әдістерінің ішінде ұластыру арқылы көбейтудің орны ерекше. Себебі бұл әдіспен көбейтілген жаңа өсімдік будандалу есебінен екі өсімдіктің қасиетін бірдей алады. Мұнда мәдени, яғни сорт (телінуші) жабайы өсімдік (телітушіге) ұластырылады (Избасаров Д. 1999).
Көбею коэффициентін жоғарылату үшін аналықта сұлама әдісін пайдалануға болады. Мұнда қатарда бұталар 0,8-1,0 м қашықтыққа отырғызылады. Отырғызылған жылы өнім шыққан бұтақтардың екеуі таңдалып алынады да, қатарды қуалай 5-7 см тереңдікте қазылған қарықтарға қарама-қарсы жатқызылады да, оларды ағаш немесе темір ашалармен ұстатады (Бабук В.И., 1991).
Көзсабақтау екі мезгілде жүргізіледі көктемде және күзде. Жазғы сабақтың «ұйқыдағы бүршікпен» жүргізсе келесі жылы көктемде өнеді. Көсабақтасудың тиімді мезгілі телітуші камбиінің активті бөліну кезеңіне тура келеді. Телітуші сүрегінен жақсы бөлінеді.
Көктемгі көзсабақтау өнетін бүршіктермен жүргізіледі. Бұнда өткен жылғы өсу кезеңінде пайда болған қалемшеден алынатын көзсабақ пайдаланылады (Раузин Е.Г., 1977).
Телітушінің өлшемі мен пішініне қалқаншаны телітушімен жалғасытру әдісіне байланысты, көзсабақтардың негізінен үш тәсілі бар: Т – үлгісіндегі тілмеге, дүлшелеп және сақиналап ұластыру. Алынған бүршігі бар қалқаншаның ұзындығы 25-35 мм және 4-5 мм етіліп аумағымен бүршігі бар сабақ алынады. Сабақ камбиінің физиологиялық жағдайына қарай сүрегімен не сүрексіз алынады (Будаговский В.И., 1976).
Жеміс дақылдарының сапалы тікпе көшеттерін, телітушілерін өсіру үшін, осы салада жұмыс атқаратын жеке ұжымдарда, фермерлік шаруашылықтарда көшеттіктердің арнаулы бөлімдері болуы тиіс, себебі жеміс өсімдіктерінің жас кезінде сыртқы ортаның қолайлы жағдайларына төзімділігі төмен. Оларға өніп-өсуге қолайлы жағдайлар жасау үшін, тікпе көшеттерді 2-3 жыл арнаулы жерлерде өсірген жөн. Дұрыс ұйымдастырылған жеміс көшеттері келесідей бөлімдерден тұрады: аналық – тұқымдық бақ, аналық – сорттық (қалемшелік) бақ, көбейту бөлімшесі, қалыптастыру бөлімшесі (Колесников В.А., 1989).
Топырағы
Агроуниверситет оқу – тәрбие станциясында екі түрлі топырақ кездеседі. Қызыл қоңыр және сұр топырақ. Қызыл қоңыр топырақтың өзі екі түрге бөлінеді. Қою қызыл қоңыр, ашық қызыл қоңыр. Қою қызыл топырақ агроуниверситет оқу - өндірістік станциясының үшінші бөлімшесінде кезедеседі.
Гумис қабатының жамылғыштығы мен ерекшеленеді (А+В-5 см). Негізгі бөлімшенің топырағы ашық қызыл қоңыр және сорт таңдау. Қара шірік қабаты 25-30 см. Құнарлығын арттыру үшін терең қопсыту көп мөлшерде тыңайтқыш енгізу, суару жұмыстарын жүргізу керек.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Биология | Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Биология | Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мал эхинококкозының таралуы балау алдын алу
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі
Іздеп көріңіз: