Дипломдық жұмыс: Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы
Мазмұны
КІРІСПЕ ...................................................................................................................
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ............................................................................................
1.1 Қапшағай суқоймасының физико-географиялық сипаттамасы................
1.2 Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы....................................................
1.3 Тортаның систематикасы.................................................................................
1.4 Тортаның жалпы сипаттамасы...................................................................
1.5 Биологиясы..................................................................................................
1.6 Көбеюі, жасы мен өсуі.............................................................................
1.7 Тортаның қоректенуі мен қоңдылығы....................................................
1.8 Тортаның шаруашылық маңызы................................................................
2 МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕ...............................................................
3 НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР.......................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….......................................................
ҚОСЫМША...........................................................................................................
КІРІСПЕ
Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде.
Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді.
Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы бар көксерке, сазан, тыран, торта және т.б. балықтар ауланатын суқойма.
Жұмыстың мақсаты: Торта балығының биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайына баға беру.
Жұмыстың міндеттері:
1. Торта балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
2. 2008 – 2009 жж. аралығындағы жиналған материалдардың биологиялық анализінің көрсеткіштерінің динамикасын көрсету;
3. Көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде Қапшағай суқоймасындағы торта балығының қазіргі жағдайына баға беру.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қапшағай су қоймасының физико-географиялық сипаттамасы
Қапшағай бөгені Іле өзенінің бойында Алматы облысының жерінде Қапшағай су қоймасы электр станциясын салуға байланысты жасалған (сурет 1). Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 жылы басталды, суқойма үшбұрышты формадан және білінер білінбес ағысты. Ауданы 1847 км2, ұзындығы 187 км, ені 23 км. Орташа тереңдігі 15 м. ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28,14 км3, су жиналатын алаңы 113 мың км, жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды, малта тасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, создақты келеді (сурет 2). Бөгенде балықтың 25 түрі бар, ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балықтары т.б. кездеседі. Олардың ішінде 16 түрі кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөгеннің суымен 450 мың га - дан астам жер суарылады. Онда күріш, тары, жүгері т.б. бақша дақылдары да егіледі, сонымен қатар шабындық және жайылымдар суарылады [1].
Терең емес жерлері 22%, терең жерлері 32% құрайды. Толық су ауысу екі екіжарым жылда бір болып тұрады. Су астындағы топырақ, яғни су толтырылмай тұрғандағы бөгеннің топырағы - көбінесе құмды, шалғынды, су топырақты, сазды және cop топырақты болған.
Суқойма ауданында су қойманың температуралық және газдық режиміне айтарлықтай әсер ететін батыс ("Балқаш") және шығыс ("Шелек") бағытта жел болып тұрады. Су түсі ашық жасылдан қою жасыл түске ауысып тұрады. Су түбі грунты құм араласқан қара және сұр түсті лайлы, майда тасты болады [2].
Суқойма құрамына - Іле өзенінің арнасымен алқабы, қосымша суқоймалар - өзеннің тармақтары және аквакультурасы 500-600 га болатын көлдер, жартылай шөл даланың учаскелері кіреді.
Суқойма - солтүстігінен Жоңғар Алатауы, онтүстігінен Күнгей Алатауы қысқан тектоникалық аймақта орналасқан. Ауданның климаты - қатаң континентальді. Жылдың орташа ауа температурасы + 5 - +7 0С, жылы күндер периоды 153 - 186 күнге созылады, жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері 135 - 180 мм [3].
Суқойма негізгі суды Іле өзенінен алады, жылына орташа 146 м/сек. су кіреді. Сол жақ жағалаудан суқоймаға 8 кіші өзендер құяды - Қаскелен, Есік, Құршелек, Ақтоған т.б. Суқойманың жоғарғы бөлігін Іле суы 10-20 см дейін мөлдірлігін төмендетеді, ал төменгі платинаға жақын жерінің мөлдірлігі 500 -600 см дейін көтеріледі (Г Қосымшасы).
Суқойманың гидрохимиялық мінездемесіне келсек, суы - екінші типті, кальций тобының гидрокарбонатты класына жатады. Жалпы минерализациясы 251 - 541 мг/л. Судың активті реакциясы шамамен 7,6 - 8,7 аралықта ауытқиды. Перманганатты кышқылдануы 2,2 - 14,3 мг. Оттегі мөлшері - қолайлы, судағы абсолютты мөлшері 6,8 - 14,4 мг/л тең [4].
1 сурет. Қапшағай суқоймасының көрінісі
1.2 Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
1970 жылы құрылған Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді.
Кәсіптік балықтар популяциясының қалыптасуының бірінші деңгейінің заңдылықтары қаралды. Мұнымен бірге қалыптасып жатқан экосистемадағы процестердің күрделілігі әркез дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермеді [5].
Қазіргі таңда Қапшағай суқоймасында 25 – ке жуық балық түрлері кездеседі. Олардың түрлерінің атауы мен статусы 1 кестеде көрсетілген....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Бентосжегіш балықтардың қоректенуі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Амур жалған теңге балығының морфобиологиясы
» Дипломдық жұмыс: Биология | Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Бентосжегіш балықтардың қоректенуі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Амур жалған теңге балығының морфобиологиясы
» Дипломдық жұмыс: Биология | Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы
Іздеп көріңіз: