Дипломдық жұмыс: Биология | Өндірістік кооператив шаруашылығындағы сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері
Мазмұны
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ..............................................................................
1.1 Мал азықтарының қорының жағдайы, ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру деңгейі мен үлгілері......................................
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................
2.1 Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайы..................
2.2 Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі .......................................................
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ .......................................................................
3.1 Қолда бағылатын кезде берілетін азықтар мен табиғи жайлымдық шөптердің құрамы мен жұғымдылығы..................................................
3.2 Мал азықтарын дайындау технологиясы...............................................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және тәжірибелік материалдардың басым бөлігі мал шаруашылығы, оның ішінде ірі қара шаруашылығы саласына қызмет етуі тиіс.
Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде меншік түрлері, еңбек ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, мал басын өсіру, күтіп-бағу, азықтандыру жағдайларында түбегейлі өзгерістер болды. Әрине сүт және ет бағытындағы ірі қара және қой шаруашылықтарында қарқынды, өнеркәсіптік негізде дамыту технологиясында алдыңғы қатарлы ұстанымдардан ауытқушылықтар да байқалды.
Мал иелерінің басым көпшілігі зоотехникалық ілімді меңгермеген, малды қажетті деңгейде күтіп-бағуға іс жүзінде дағдыланбаған, мал азығының физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері жайлы айтпағанның өзінде, тіпті олардың тұқымқуалаушылық қабілетіне сай өнім беру деңгейін ескере отырып толыққұнды азықтандыру ісін ұйымдастыра алмайтын жандар болып отыр.
Мұның барлығы тауарлы мал, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қара, қой, ешкі, жылқы, шошқа, түйе, марал, қоян және нутри шаруашылықтарына да бірдей дәрежеде қатысты болып, сүт өндіруді арттыру, олардың сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді шешуді күрделендіріп жіберді.
Мал азықтандыру жөніндегі ғылымның қазіргі кезеңдегі даму деңгейі олардың ас қорыту физиологиясы, зат алмасу, жасушалық деңгейде жүретін биохимиялық процестер саласындағы жетістіктерге негізделген және мал азығын тиімді пайдалануға, ірі қара денсаулығын жақсартуға, өнімділіктің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге, мал басының өз төлі есебінен ұдайы және қалыпты өсу қабілетін сақтауға бағытталған.
Қазіргі кезде мал азықтарындағы, құрама жемдердегі, жетіспейтін қажетті элементтерін қосып дайындаған азықтардағы қоректік заттардың мал ағзасымен өзара әрекеттестігін мейлінше нақтылы зерттеу негізінде оларды қуат, протеин мен амин қышқыддары, көмірсутектер (талшық, қант, азотсыз шырынды заттар), майлар, алмастырылмайтын майлы қышқылдар, макро-микроэлементтер, витаминдер, гормондар, ферменттер, сол сияқты 18-30 көрсеткіш бойынша мөлшерлеп азықтандыру және бақылау мүмкіндігі белгілі болды.
Дегенмен малдың шыққан тегі, өнімділігі, денсаулығы тұрғысынан алғанда біртектес болмауы шаруашылық субъектілерінің оларды нақтыланған мөлшерде азықтандыру негізінде ірі-ірі топтарға бөліп, мөлшерлеп азықтандыруға мүмкіндік бермей отыр.
Әйтсе де сүт өнімдерін өндірудің тиімділігін арттырудың қозғаушы күштері бұрынғысынша қалды. Бұл – ең алдымен, ірі қараның тұқымқуалаушылық қасиетіне қарай азықтандырудың ғылыми негізделген жүйесі есебінен толық жүзеге асыру қажеттігі. Сонымен бірге казіргі кезеңде де мал саласының жағдайын жақсартуда азықтандыру ісі әлі де болса үлкен роль атқарады. Өйткені сүт өнімдердің өзіндік құнындағы материалдық және қаржылық шығындардың 60-75 пайызы жемшөптің үлесінде.
Қазақстанның мал өсіру саласындағы қазіргі жағдайды тұрақты деуге болады.
Мал басының 10 жыл бойы жаппай азаюынан кейін, 2000 жылдан бастап сүт бағытындағы ірі кара санының өсуінде де, олардың өнімділігінің артуында да белгілі бір оң ілгерілеушілік бары байқалады. Алайда, олар түбегейлі тиімді деп айта қоятындай, қандай да бір салмақты өзгерістер емес. Бұл жағдайдағы басты тежеуші ықпал – мал азығы қорының аздығы мен мерзімдік азық үлесі құрамында олардың түрлерінің жеткіліксіз болуы.
Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығының одан әрі ұдайы және қарқынды дамуы мал азығы қорының нығаюына, мамандандырылған мал азығы өндірісінің қалпына келтірілуіне, ірі, шырынды және құнарлы мал азықтарының толыққұнды жиынтығы болуына, сондай-ақ, оларды ұтымды пайдалануға байланысты болмақ.
Белгілі бір аймақтың табиғаты мен ауа райы жағдайларына бейімделген, мейлінше мол өнімді азықтық дақылдарды таңдап алу, оларды қарқынды агротехникалық тәсілдерді қолдана отырып өсіру, қоректік заттары бойына мейлінше көп жиналған мерзімде және қысқа уақытта жинап алу, сүрлем, пішендеме, пішен дайындау кезінде негізгі шикізаттың жұғымдылық қасиеттерін барынша сақтап қалу мақсатында, сондай-ақ сүрлеу кезінде алдыңғы қатарлы қарқынды әдістерді қолдану – мал азықтандырудың ұтымды жүйесін ұйымдастыру мүмкіндігіне қол жеткізу жолындағы ауыл еңбеккерлерінің алдында тұрған мәселелердің тізімі әзірге осындай.
Сауын сиырды жүгері сүрлемімен азықтандыру жөніндегі бұл жұмыс ауыл тұрғындарына сүт бағытындағы ірі қара азықтандыру жүйесін ғылыми негізде ұйымдастыруға көмектесетін құрал болады деген сенімдеміз.
Республика ауылшаруашылығындағы қолға алған экономикалық реформа тығырыққа тірелген шағында нарық жүйесінің қалыптасып дамуы үшін экономика саласындағы ең тиімді жолдарды таңдап алуды талап етеді. Әрине, бұл мал шаруашылығын дамытудағы басты мәселенің біріне айналып отыр. Мал азығының берік қорын жасауда оның құнарлылылығын арттырып, өнімділігін көбейтіп, сапасын жақсарту үшін, азық дайындаудың алдыңғы әдістерінінң жетілдірілген технологиясын мейлінше қолдану басты шарт болып есептеледі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты –
жүгеріні «Лактокалдарин» ашытқысымен сүрлеу. Жүгері - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Алғаш Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Мексикада біздің заманыздан бұрынғы 5200 жылы шамасында ертедегі майя мен ацтектер өсірген. Дәнінің құрылысына қарай үлпекті, кремнийлі, тіс тәрізді (сүйір дәнді), крахмалды, қантты, крахмалды-қантты, бадынақ (жарылғыш), балауыз түстес, жұқа қабықты жүгері түрлеріне бөлінеді. Қазақстанда 15 сорты аудандастырылған. Сабағы тік, биіктігі 0,5-6 м, кейде бұдан да биік, жуандығы 2-7 см. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді, сабақтың әрбір буынынан бір-бірден екі жағына жайыла өседі. Дара жынысты, бір үйлі, айқас тозаңданады. Аталық гүл шоғыры (шашақ) сабағының ұшында, аналық гүл шоғыры (собық) жапырақ қолтығында орналасқан. Жемісі - дәнек. Собығында 500-1000 дән болады. Дәнінің құрамында 1,3 азық өлшемі, 65-70% крахмал, 7-12% белок, 3-6% май бар. Жүгері сүрлемі - мал үшін құнарлы азық. Жүгері – жылу және жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді жаздық дақыл. Өсіп-өну кезеңі 100-180 күн. Жүгері дәнінен жарма, ұн, крахмал даярланады, спирт, сыра, қант, глюкоза, т.б. дайындау үшін пайдаланады. Негізгі зиянкестері: сымқұрт, жалған сымқұрт, кеміруші жұлдызқұрт, т.б.; аурулары: бөртпе және тозаңды қаракүйе, бактериоз, фузариоз.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
- өсімдіктермен дәнді егіс қалдықтарының барлық түрлерін сүрлемдеу үшін, бірқатар биопрепараттармен анықтау;
- жүгері сүрлемінің құрамын анықтау;
- бактериялары белокқа бай бұршақ тектес өсімдіктерден сүрлем және пішендеме дайындау;
- мал организмінде қуат көзі ретінде пайдаланылатын азық қоспасының ерекшеліктерін анықтау;
- сауын сиырды жүгері сүрлемімен азықтандыру ерекшеліктерін зерттеу;
- бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге тигізетін экономикалық тиімділігін анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан облысының «Манкент» өндірістік кооператив шаруашылығында табынды ұйымдастырудың ең басты факторларының бірі - оның структурасы мен дұрыс ұдайы өсірілуі анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Мал азықтандыру - зоотехния ғылымының төлдердің дұрыс өсіп-жетілуін, сақа мал мен құстан тұқым қуалау қасиетіне сай келетіндей мол да сапалы өнім алынуын, мал азығындық заттарды тиімді пайдалану жолымен мал денсаулығын сақтау мен олардың өз төлдері, өнімдері есебінен қалыпты және ұдайы өсіп отыруын қамтамасыз ету мақсатында ұтымды азықтандырудың негіздерін, әдістерін, технологиялық тәсілдерін зерттейтін саласы. Яғни мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және тәжірибелік материалдардың басым бөлігі, оның ішінде ірі кара шаруашылығы саласына қызмет етуі тиіс. Малды дұрыс азықтандыру мақсатынды сүт өнімділігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Мал азықтарының қорының жағдайы, ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру деңгейі мен үлгілері
Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ежелгі салаларының бірі. Оның даму тарихының тамыры көшпелі кезеңнен бастау алады және ол жиырмасыншы ғасырдың басына дейін халық тіршілігінің бірден – бір көзі болып келеді.
Өткен жылдар ішінде жағдай түбегейлі өзгерді. Мал шаруашылығы саласын шоғырландыруда, мамандандыруда және қарқынды дамытуда кеңшарлар мен ұжымдардың ұйымдастырылуы дұрыс атқарылды. Бұл үрдіс жиырмасыншы ғасырдың 50-жылдарының орта шенінен бастап, тың және тыңайған жерлерді көтергеннен кейін, егістік алқаптар ауыл шаруашылығы жерлерінің 15%-ын құраған кезеңде шапшаң қарқынмен жүрді. Астық өндірісінің өсуімен қатар, сол кезеңдерде ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 52%-ға дейінгі деңгейге жеткен қоғамдық мал шаруашылығының негізі болып табылатын егістік мал азығы өндірісі де қарқынды дамыды.
Қазақстанның 272,5 млн. гектарды құрайтын жалпы жер көлемінің 222,5 млн. гектарын ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатыр. Оның 187,5 млн. гектары маусымдық өріс пен жайылымға пайдаланылады. Көктемгі-күзгі жайылым көлемі 63 млн. гектарды құрайды, ал жазғы жайылым 44 млн. гектар шамасында. Н.Ә. Жазылбеков, А.Ә. Төреханов, М.А. Кенеев еңбектерінде мәлімделген [1].
Өнімділігі төмен жайылымдарда, 8-10% ет және сүт бағытындағы ірі қара, жайылады А.Г.Богданов еңбектерінде [2].
Омарқожаев Н, Әкімбеков Б, Махмұтов С. зерттеушілерінің пайымдауынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымда азықтандыру және күтіп-бағу болашақта еліміздің өркендеп келе жатқан экономикасындағы сыртқа шығарылатын тауарлардың ішіндегі маңызды саласы бола алатын ең арзан, экологиялық тұрғыдан таза және биологиялық жоғары бағалы сиыр, бұзау, қой, жылқы, түйе еттерін, сүт, қымыз және шұбат алуды қамтамасыз етілуін білдіреді. Осыдан біраз жылдар бұрын (1990ж.), Қазақстан қой саны бойынша Ресейден кейінгі екінші орында, ірі қара саны бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында [3].
А.Ә. Төрехановтың хабарламасы бойынша (2005 ж.) республикадағы табиғи жайылымдардың 26,6 млн.га тақырланған және 4,5 млн.га улы, мал жемейтін өсімдіктер болып кеткен. Соңғы 7-10 жылда жайылымдық жерлердің өнімділігі гектарына далалық жерлерде 4,5-5,5; шөлейттерде 3,0-3,5 және шөлейт жерлерде 1,6-2,5 ц құрғақ шөптен ғана келеді [4].
А.Г. Денисованың (1985) деректеріне сүйенсек, протеиннің деңгейі төмен (1 азық өлшеміне 80 грамнан аз) болса, ол сиырлардың сүт өнімділігін төмендетеді. Шикі протеин мерзімдік азық үлесіндегі органикалық заттың 14-24% көп мөлшерленеді [5].
Е.А. Новиковтың мағлұматтарына қарағанда сауын сиырлардың 300 күн ішіндегі орташа тәуліктік сауылатын сүт мөлшерін қабылдасақ, сауым маусымын 450 күнге ұзартқанда сауылатын тәуліктік орташа сүт мөлшері тек 85% болады, сауын уақытын өте ұзартқан жағдайда сүтті 15% кем аламыз [6].
Анықтамалық бойынша, альвеолалық және цистералдық сүттің арақатынасы сауым маусымының бірінші жартысы шамамен бірдей, ал екінші жартысында альвеолалық үлесі шамасы едәуір артады. Альвеолалық үлестегі сүт майының мөлшері цистералдық үлестегі сүт майының мөлшерінен 8-9 есе артық болады [7].
И.Ю. Беляевский деректері бойынша ірі қара малын азықтандырудың нақтыланған мөлшерін жасауға арналған зерттеу жұмыстарының көпшілігі олардың мерзімдік азық үлестерінің 25-30-дан кем емес мөлшерлеу көрсеткіші, ал қарапайым қарынды мал мен құсты мерзімдік азық үлестерінің 70-80 көрсеткіші бойынша бақылануы тиіс екендігін көрсетіп берді [8].
Ә Байжұманов азықтық, белок құрылымына жасалған талдау, мал азығы қорларының 90-95%-ы өсімдік азықтар екенін, олардың 50-60%-ы қолдан.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Технология | ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Агpаpлық теxника | Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Технология | ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Агpаpлық теxника | Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері
Іздеп көріңіз: