Дипломдық жұмыс: Библиография | Кітапхана қорын өңдеу және есепке алу
Мазмұны
КІРІСПЕ
І. I. Кітапхана жүйесіндегі кітапхана қорының толықтырылуы
1.2 Кітапхана корын толықтырудың негізгі жолдары
1.3 Ауылдық кітапханалар қорларының жағдайы
ІІ. Кітапхана қорын есепке алу
2.1. Кітапхана қорын есептеудің түрі мен формасы
2.2. Кітапхана қорына келіп түскен қүжаттарды есепке алу
ІІІ. Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі /РАБИС/-
3.1 Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі алатын орны
3.2 Кітапханалардағы кітап қорға байланысты Үрдістердің автоматтандырылуы
ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі-----------
Қысқартылған сөздер тізімі ¬¬ ---------------------------
Қосымшалар ------------------------------------------------
К І Р І С П Е
Кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттілігіне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрдегі және жаңа қызмет түрлерін пайдалана отырып, халықтың білім алуына, мәдени және рухани жаңғыруына ықпалдық ету-кітапханашының басты міндеттері. Жаңа технологияны, ақпаратты жеткізудің жаңа түрлерін енгізу халық арасына ықпалын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жыл көлемінде электрондық өкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын, «Мәдени мұра» бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын жүзеге асыруға кітапханалар зор үлестерін қосуда.
Кітап қорын есепке алу және оны өңдеу - халықаралық кітапханалық ынтымақтастықта ең маңызды мәселелер болып көтеріліп келеді.
Кітапхана қорын есептеу және өңдеу мәселелерімен көптеген Ресейлік кітапханатанушылар шұғылданып келеді. Бағалы да мәнді тәжірибелер Л.Б.Хавкинаның, А. В. Кленованың, Ю. В. Григорьеваның құралдарында көрсетілген. Бұл мамандар кітапхана қорын есептеу жеке-жеке түрлерінен бастап, жаңа заман талабына сай, жаңа технологиялардың көмегі арқылы бұл сұрақтың күрделі шешімдерін іздей бастады.
Жаңа ғасырлық ғаламдық талаптары Қазақстан Республикасының көптеген кітапханаларының алдына жаңа ауқымды мақсаттар мен тапсырмалар қойылды. Бұл өңделіп жатқан стратегия қазіргі қоғамның құрылуы мен дамуындағы гуманитарлық және өркениетті бағыттардың өркендеуіне әкеледі.
Кітапханалық қызметтегі ғаламдық электрондық орта құру, дерекқорлар дерегі біртұтас компьютерлік жүйесіне күрделі ұлттық және кішігірім ауылдық кітапханалардың бірдей іске араласуымен түсіндіріледі.
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы Қазақстан Республикасының кітап қорын өңдеу, есепке алу жаңа технология енгізу әдістерін көптеген кішігірім аудандық, ауылдық кітапханалар үшін іс-тәжірибелік тұрғыдан енгізу тақырыбын ашып отыр.
Актуалдығы- Кітапханасі ісі аясында жүргізіліп жатқан кітап қорын есепке алу және өңдеу тәсілдері облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар және басқа да облыс кітапханаларына әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Мақсаты – Жалпы кітапхана ісіндегі кейінгі жылдары жасалып жатқан, кітап қорының есепке алу және өңдеу іс-тәжірибелерді ашып көрсету. Осы тәсілдерді жетік меңгере жеткізе отырып, есепке алу дәрежесі мен сақталуының жиынтығын зерттеу.
Тапсырмасы - Қазақстан Республикасында кітапхана ісінің дамуындағы кітап қорын есепке алу және өңдеу мәселелерін шешу үшін қандай шешімдер керек, құжаттардың баспадан «бүгін» басылып шыққандай қалыпта қалай ұстап отыру керектігін және қандай органдармен қарым-қатынасты нығайту керектігін көрсетеді.
Ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасының кітапханаларының кітап қорын есепке алу және өңдеу мәселесін ары қарай дамуындағы стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мен жаңа технологияларды пайдалануды зерттеумен қорытылады.
Ғылыми маңыздылығы - қазіргі таңдағы кітапхана ісіне енді көңіл бөлініп, жаңа көзқарастар айқындалып жатқан кездегі пайда болып жатқан жаңа ұлттық бағдарламаны (РАБИС), олардың кітап қорын есепке алу және өңдеу жұмыс бағыттарын көрсетеді.
Ақпаратқа еркін қол жеткізу үшін азаматтардың құқын қамтамасыз етуге талпындыру, оқуға еркін рухани дамуда ұлттық және әлемдік мәдениетті бағалай білуге тартуда, осы құжаттарды қандай дәрежеде сақтау жолында халқына қандай игі қызмет атқарып отырғанын кітапханалардың рөлін көрсеткен.
Зерттеудің мәні - Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасы және басқа да кітапханаларының қор есептеу, тексеру және өңдеуын ашып көрсете отырып, ірі кітапханалардың іс-тәжірибелерін меңгере отырып, кішігірім, әлсіз кітапханаларға оны сабақ ретінде ұсыну.
Зерттеудің қайнар көзіне- кітап қорын есепке алу және өңдеу мен оларды консервациялау жөнінде өткен халықаралық деңгейден өткен кездесудегі ақпараттық конференция материалдары, отандық кітапханашылары мен библиографтардың актуалды мақалалары енді.
Зерттеу әдістері- зерттеудің негізгі әдістері: ақпараттың ізденушілік, дереккөздер дәрежесіндегі әдістерді қолдана отырып қорытындылау және салыстыру әдістерін де зерттеу.
Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнап «Кітапхана қоры» курсымен атақты кітапханатанушы В.Н. Денисьев, К.Л.Воронько айналысты. Ресейлік кітапханатанушы Ю.Столяров, И. М. Суслова В.И.Терешин кітапхана қорын ұйымдастыруда, құруда, кітап қорын қалай, қандай тиімді әдістермен сақтау керектігі туралы салалы да қызықты еңбектерін мысалға алуға болады.
Әрбір көпшілік кітапхананың кітап қоры тұрғындардың ақпараттық сұранысын қамтамасыз ету, жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау мақсатын көздеп, сан-салалы, жан-жақты жинақталған болуы тиіс. Ең басты мәселе, осы қордың негізгі тұрақты бөлігі болып табылатын кітап қорының өзегі дұрыс қалыптастырылуы керек.
Кітапхана қорының өзегі дегеніміз - адами құндылықтардың нәтижесін жинақтаған шығармалардың негізінен тұратын кітап қорының тұрақты бөлігі, яғни, бұл негізгі қордың аз ғана бөлшегі болып табылады.
Қазақ жеріндегі мыңдаған мешіттердің бір-бір бөлмесі кітапхана болуы ежелден қалыптасқан дәстүр екенін, көптеген зиялы адамдардың ең құнды жиһаз мүлкі кітап болғанын әлгіндей шала сауатты мансапқорлар қаперіне де алмайды. Білімнен, кітаптан кенде қалған ел адамзат өркениетінің көшіне ілесе алмай, күштілердің құлы болатынын өзге емес, қазақтың өз тарихынан да білеміз. Білім кешенін, кітап кешенін болашақ ұрпаққа толық қанды аманат етіп жеткізіп отырған, қаз-қалпында қолына ұстатып отырған орта-кітапхана, оның бірден-бір асыл қазынасы, сарқылмас байлығы - кітап қоры.
Жаңа технологиялардың енгізілуі ақпаратқа қол жеткізудің қаншалықты тез екенін көрсете отырып, кітапхана алдына жаңа мәселелердің шешу жолдарын ашты: сандық ақпараттың сақталуы және сандық әдістемесін кітапхананың кітап қорын есепке алу және өңдеу әдісі ретінде қолдану.
Жақсы жинақталған кітап қоры - кітапханалар алдында қазіргі кезеңде қойылып отырған міндеттерді орындаудың негізгі шарты. Кітап қоры- бір жүйеге біріктірілетін көлемі жағынан үлкен, құрамы мен пайдаланылуы бағыты жағынан әркелкі өзара байланысты бірнеше бөлімнен құралып, бүтін бір жүйе жасайтын сапалы қор. Оның қалыптастырылуы ұзақ және күрделі үрдіс.
Жүйенің бірыңғай кітап қорын жасауға база ретінде пайдаланылған кітапханалардың қор құрамы ретінде едәуір жақсартуды қажет етеді. Қазіргі бар жүйелердің іс тәжірибесі бірыңғай қор жасау, әдебиеттерді бір орталықтан толықтыру ол қордың өсу қарқыны мен бағытын жедел түрде өзгертуге, қызмет көрсетілген мекеменің ерекшеліктеріне қарай кітаптар мен газет-журналдардың санын арттыруға, аса қажет кітаптардың даналарын көбейтіп, аз сұралатын әдебиеттер санын азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті, сонымен қатар әдебиеттерді жинақтау ісінде өзін-өзі ақтамайтын параллелизмді жойды. Жүйенің әрбір бөлімшесіне сол бөлімше қызмет көрсететін филиалдарға, оқырмандарының құрамы мен олардың сұранымына сәйкес келетін кітаптар алынады. Тапсырыстардың орындалуына әдебиеттер сатып алуға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына бақылау күшейіп, жүйенің әрбір бөлімшесінің қорын толықтыру ісіндегі немқұрайдылық жойылады.
Ескінің көзі жаңарып, жұмыс тәжірибелерінің нәтижелері жоғарғы деңгейден көрінуінің салдарынан Қазақстан Республикасының да кітапхана ісінің өркендеуі алға жылжыды. Нақтырақ айтсақ, кітапхана қорының есептеу мәселелерімен, олардың неше түрлі залалдардан қорғап қалу туралы мәселелерді Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат Министрлігінің үйлестіруімен пайда болған; РАБИС бағдарламасы, «Зере-Сауыт» Қазақстан Республикасы кітапханаларының жазба құжаттарын сақтаудың және оны есепке улулың, өңдеудің ұлттық бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының кітапханалар мұрағаттарын сақтау Орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты З. Ж. Шаймарданованың жетекшілігімен жүргізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап және қолжазба ескерткіштерін есепке алу, өңдеу, сақтау және консервациялау бағдарламасы қазіргі таңда беделді жұмыстарын атқарып келуде.
Кітапхана ісін дамытудың келесі бір бағыты Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Р. А. Бердіғалиева басқарған, Қазақстан туралы республика территориясында шыққан басылымдардың, сондай-ақ, қазақ тіліндегі әдебиеттердің толық жинамасын жасақтау, оларды келешек ұрпаққа сақтап мұра етіп қалдыру мақсатымен «Халық жады» атты бағдарламасының да қызметтерін атап өтпеу мүмкін емес.
Соңғы он жылдың ішінде кітап қорын сандық есепке алу, толықтыру және өңдеу әдісі маңызды тақырыптардың бірі болды. Құжаттарды физикалық және нәтижелі сақталуы ауқымды түрде қолға алынуда.
Әсіресе Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына облыстық, ауылдық және аудандық кітапханашылары Жоғарғы курстарына оқуға келгенде дәл осы кітап қорын есепке алу және өңдеу жаңа технологияларымен танысқанына өте қанағаттандырарлық үлестер алып кетіп отыр.
Кітапхана қоры тек толықтырылып, есепке алынып, өңделіп қана қойылмай сонымен қатар тиімді де ұзағырақ сақталынып тұруы қажет. Кітап қорының есепке алу және сақталуы кітапхана қоймасының жағдайының жан-жақты; құжаттардың физикалық жағдайы, олардың физико-химиялық және биологиялық әдістерімен сақталуы жағдайларының толық түрде қарастырылуымен түсіндіріледі.
Кітапханадағы ішінара болып жатқан іс-шаралардың көбісінің бағыты-кітап қорының нәтижелі толықтырылуына және сақталуына бағытталған. Абонент қызметіндегі кітапханашының алдында оқырмандардың құжатты пайдалануындағы ережелерін қадағалау міндеті тұрады.
I. Кітапхана жүйесіндегі кітапхана қорының толықтырылуы
1.1.Кітапхана жүйесіндегі кітапхана қорының толықтырылуы
Жалпы «кітап қорын толықтыру» деген түсінік кітапханалық жұмыс барысына ХХ ғасырдың басында күшке ене бастады. Кітап қорын толықтыру ісі дегеніміз-оқырмандардың қызығушылығына қарай, талап-тілектеріне сай әрдайым кітап қорын толықтырып отыратын жұмыстың түрін атаймыз.
Толықтырудың үш түрін белгілеуге болады:
- ағымды - осы жылғы шығарылып отырған құндылықтармен кітапхана қорын толықтырып отыру;
-өткенді шолатын - жетіспейтін әдебиеттерді өткен жылдардан алып, толықтырып отыру;
- қайта толықтыру - қордан ескірген, сұранымы мүлдем жоқ әдебиеттерді тазалап отыру.
Толықтырудың ең маңызды түрі - ағымды. Осы жұмысты қолданып отырған кітапханалар жаңа әдебиеттер түсімі жағынан 80-90 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Өйткені бұл тиімді. Ағымдағы толықтыру барысында кітапханалар ағымдағы және перспективті библиографиялық құралдарды қолданады. Себебі, бұл құралдар кітапханашыға баспагерлік жоспарларда қандай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқандығы жайлы мәліметтер береді. Осы баспалардың негізінде кітапханашы – тікелеу баспадардың өзінен алғашқы тапсырыстарды бере алады. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде: кітап қорын толықтырудың тақырыптық-типологиялық және шұғыл жоспары каталогтармен жүргізілетін жұмыстардың даму жоспары, каталогтар жүйесі туралы ереже, жеке каталогтар туралы ереже, кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестелерінің жұмысқа пайдаланытын данасы, баспа шығармаларына библиографиялық сипаттама жазу бойынша әдістемелік шешімдердің картотекасы, кітап қорын толықтыруға көмек көрсететін картотека, сондай-ақ кітап қорын толықтыру мәселесі бойынша әдебиеттер мен нұсқау - әдістемелік құжаттарды ұйымдастыруға қажетті ақпараттық-библиографиялық құжаттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары, қажетті сөздіктер, анықтамалар болуы әбден қажет. Қазіргі таңда ұлттық әдебиеттер депозитарлық қорын құрастыру басты мәселелердің бірі болып отыр. Осының нәтижесінде облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларда ғылым мен білімнің сауалдарын қамтамасыз ететін депозитарлық әдебиет қорларын ұйымдастыру жүргізілуде.*
Жалпы ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорын толықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Республика кітапханаларында қазақ тіліндегі әдебиеттерді пайдалану мен толықтыру мәселелері жөніндегі зерттеу қорытындыларын өндіру жоспары» туралы анықтама жазылған. Онда облыстық ғылыми әмбебап кітапханаларды кітап қорының пайдаланылуы мен жалпы жағдайы толық айтылған. Материалдардың барлығы қазақ тіліндегі әдебиеттердің пайдаланылуы мен толықтырылуы туралы белгілі бір дәрежеде жан-жақты мәліметтер берді.
Осы уақыт аралығында кітапхана қызметінде қандай өзгерістер болды, қазақ оқырмандарын өз ана тіліндегі кітаптармен қамтамасыз ету, пайдалану дәрежесі өсті ме? Күрделі және кішігірім кітапханалар үшін міндетті дана-МД- ауадай қажет. Ол міндетті түрде әр баспадан шығарылып отырған басылымнан тираждың бөлігін көрсетеді. Көлемдік жағынан МД жалпықоғамдық, республикалық және жергілікті болып үшке бөлінеді. Кітапханаларға ұсынылу жағынан-ақылы және ақысыз, қатыстылығы жағынан - ведомстволық және ішінара ведомстволық, хронологиялық сипаты бойынша - локалды мақсатпен құрылған үздіксіз және уақытша іс-әрекет, толықтығы жағынан - толық және бөлшекті, белгіленуі бойынша - жалпы оның мақсаты. Осы қағидалардан құрылған түсінік МД сипатын аша отырып, елдегі міндетті дана жүйесінің толық мәтінді құрылуына себеп болады*.
Соңғы 10 жылдық уақыт мерзім ішіндегі кітапханалардан жиналған мәліметтер кітапханалардың кітап қорларының грампластинкалармен, магнитофонды ленталармен, кассеталақ дауысты жазбалармен, фильмдермен, диафильмдермен, диапозитивтермен - яғни аудиовизуалды материалдармен қамтамасыз етіліп жатқандығы мәлім болды. Аудиовизуалды материалдардың тақырыптары әртүрлі, музыкалық жазулардан тартып құжаттар мен фактілерге дейін. Кітапханалар мұндай құндылықтармен өз қорларын 30-жылдардан тартып толықтыра бастады. Және де ХХ ғасырдың екінші жартысында тұтынушылардың жаңа талаптары мен сұраныстарына орай аудиовизуалды материалдарды көбірек иемдену процесі өсті.
Кітап қорын толықтырудың маңызды бір сұрақтарының келесі бағыты - кітаптардың бағасы. Кітап қорының толық мәтінді толықтырылуы да кітаптардың бағасына байланысты болады.
Кітап қорларының құрылуы, сақталуы мен пайдалануы келесі жүйелер арқылы анықталады:
-біріншіден, кітап қорлары адамзаттың сауаттылығының өркендеуіндегі кез-келген сала бойынша алғашқы ғылыми ақпарат тәрізді;
-екіншіден, барлық типтегі кітапханалар ынтымақтастықтардағы кітап қорларының толықтырылуын талап етеді.
Кітап қорларын құрудағы, сақталуы мен пайдалануында көптеген нәтижелі жұмыстар жүргізіліп отырса да қорлармен жұмыс жүргізудің әдістері мен формалары әрдайым жаңа тапсырыстар мен қызметтерді қажет етеді.
Қазақ және басқа тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Мәдениет, ақпарат министрлігі және оның жергілікті ұйымдары, кітапханалардың кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен барынша дерлік толықтыруға ерекше көңіл бөлуді қолға алды. Қорытындылау барысында республика кітапханаларындағы кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен толықтыру және оны пайдалану біршама жақсарды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиясы
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
» Дипломдық жұмыс: Психология | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
» Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиясы
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
» Дипломдық жұмыс: Психология | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
» Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері
Іздеп көріңіз: