Дипломдық жұмыс: Агрономия | Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту
Мазмұны
1 Кіріспе 8
2 Зерттеу бағдарламасы бойынша әдебиеттерге шолу 10
3 Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
4 Картоп дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Зерттеулердің заманауи жағдайлары 12
Зерттеу жағдайлары, нысандары және әдістері 19
Шаруашылықтың топырақ-климат жағдайы 28
Зерттеу нысаны 28
Зерттеу әдістері 33
Зерттеу нәтижелері 33
Экономикалық тиімділігі 50
Еңбек қорғау 54
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМШАЛАР 62
Кіріспе
Картоп маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Халық санының өсуі және ашаршылық деңгейінің жоғарылауы жағдайында БҰҰ Ассамблеясы, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, келешекте адамзаттың азық түліктік қауіпсіздік мәселесін тек қана картоп шеше алады деп және бұл саланың дамуының стратегиялық маңызын есептей отырып, әлемдік қауымды картоптың рөліне аударуда [1].
Қазақстан бойынша картоп дақылының орташа өнімділігі 10-12 т/га аспайды. Қазақстанда жыл сайынғы түйнектік репродуция үрдісінде өнімнің төмендеу тенденциясы, вирустық инфекциямен зақымдалу себебінен, картоптың элиталық тұқым шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарда, фермерлік және жеке шаруашылық қожалықтарында сортжаңарту және сорталмастыру үшін жоғары репродукциялық сертификацияланған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету әлі күрге дейін жөнге қойылған жоқ және картоп дақылының тұқымшаруашылығында ең бір өзекті мәселе болып отыр.
Картоп дақылының өнімділігін жоғарылатудың бірі, оны вирустық инфекциядан сауықтыру. Вирустық аурулар картоптың өнімділігін төмендетуде негізгі рөл атқарады. Түйіндер инфекцияны жинап, репродукциядан репрадукцияға беріп отырады [2].
Картоптың сауықтырылған тұқымдық материалын әр түрлі әдістермен алуға болады, бірақ ең кепілді сапа, апикальды (ұштық) ұлпа әдісін пайдаланып in vitro көбейткенде қамтамасыз етіледі. Өсу қалемшелерін микроөсімдіктерді клондау әдісімен үйлестіру және минитүйнек өсіру элитаның жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ өте қымбат.
Қоректік ортаны оңтайлау жолымен, минитүйнектер алуда, in vivo жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіруін жалғастыру, отырғызу материалын алуда шығынды азайту жолдарын іздеуді қажет етеді.
Сол себепті, картоптың тұқым шаруашылығын сауықтырылған бастапқы материал негізінде жүргізуге негізделген жұмыс тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.
Әдебиетке шолу
1.1 Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі. Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен – қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі – көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш – 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан.
Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы жақсы белгілі. Оның түйнегінде адамның қорегіне қажетті көмірсулар, сонымен қатар ақуыздар мен басқа да заттар көп мөлшерде кездеседі. Қорек ретінде картоп тағамға вегетативтік органы қолданылатын өсімдіктердің арасында бірінші орында.
Картоп ақуызы толық өсімдік ақуызына жатады. Оның сіңімділігі өте жоғары. Түйнектерінде салыстырмалы түрде ақуыз аз болғанымен, 1 га картоп егісі сіңімді ақуызды 1 га жүгері, малазықтық қызылша, арпа немесе сұлыға қарағанда көп береді. Бұл жағынан картоп дақылы бұршақ тұқымдастардан кейінгі орында.
Картоп спирт, крахмал және басқа өнімдер, тіпті арнайы лактар және жасанды жібек, әтір, дәріханалық заттар өндірісіне де жақсы шикізат болып табылады. Негізінен картоп крахмал өндірісінде кең қолданылады, өйткені оның құрамындағы ақуыз крахмалдан, күріш, бидай немесе басқа да дақылдарға қарағанда оңай бөлінеді [3].
Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде «екінші нан» деп атайды. Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14- 22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары – ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар.
Картоптың әр гектардан 150 ц түйнек пен 80 ц сабаңжапырақ өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге (а.ө.) тең. Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер – аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі – темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі. Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта – 84- 85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж.б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмір-қышқылын, 39,0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен 100,0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады. Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ- жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудің қосымша өнімдері (барда, мезге) пайдаланылады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыржемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді. «Танаптарда картоп өсіру, - деп жазған кезінде Ресей ғалымы академик Д.Н. Прянишников, - бұрын бір масақ өскен жерде енді үш масақ алуға болады деген сөз».
Картоп дақылының биологиясы және морфологиялық ерекшеліктері
Картоп дақылын алқа тұқымдасының Solanum L. туысына, Tuberarium (Дик.) Вик. секциясына жатқызады. Tuberarium секциясының таралу аймағында Америка, Оңтүстік Америкада картоптың 150 түрі өседі [4].
Картоптың мәдени түрі S. tuberosum L. Картоп дақылы дүние жүзінің топырақ, ауа-райы әр түрлі көптеген елдерінде өсіріледі. Картоп көп жылдық шөптесін өсімдік, бірақ шаруашылықта бір жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Оның тіршілік айналымы түйнегінің өнуінен бастап жаңа түйнектер қалыптасуы мен дамуы бір өсіп-өну кезеңде өтеді. Картоп дақылын көбіне вегетативті жолмен көбейтеді, сондай-ақ түйнек бөліктерімен, өскіндерімен, қалемшелерімен, тұқымымен де көбейтуге болады. Тұқымымен көбейту картоптың жаңа сорттарын шығаруда селекцияда қолданылады [5]. Тұқымы арқылы өсірілген картоп бір жылдық, себебі өсімдіктің тіршілігі жыл сайын қайтадан басталып отырады [6].
Бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша, түйнектің өнуіне топырақтың қолайлы температурасы +7°С, ал түйнекқалыптастыру барысындағы қолайлы температура +16°С болады. Картоп сабағының дамуы және ассимиляция жүруге қажетті ауаның қолайлы температурасы +20°С – +21°С болады. Топырақ температурасы +29°С жеткенде түйнектің өсуі толығымен тоқтайды, ал температура +40°С жеткенде фотосинтез процессі тежеледі. Картоп жарық сүйгіш өсімдік, түйнектер жарықсызда өне береді, бірақ бұл жағдайда картоп сабағы өнімді аз жинайды. Картоп ылғал мен қоректенуге талабы зор, әсіресе гүлдену мен түйнек қалыптастыру кезеңінде [7]. Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серекпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ 396-бет
Картоп дақылының өскін шығу мерзіміне сорттық ерекшеліктерінің әсері болмайды. Ол негізінен қоршаған орта температурасына байланысты. Ауа температурасы +11°С- +12°С болғанда картопты отырғызған күннен бастап 28-30 тәулікте өніп шығады, ал ауа температурасы 15°С болса өскіндер 7 тәулікке ерте көктейді [10].
М.Х. Чайлахянның мәліметтері бойынша түйнек түзілу екі кезеңнен тұрады: өзгерген өркендер өсуі мен қалыптасуы, түйнектер өсуі мен қалыптасу кезеңі [11]. Кейбір авторлар [12] мәліметтері картоп өсімдігінің түйнек қалыптастыруын мынадай сатыларға бөледі: 1-саты өзгерген өркендер индукциясы мен инициациясы; 2-саты өзгерген өркендер өсуі мен тармақтануы; 3-саты өзгерген өркендер өсуінің тоқтауы; 4-саты түйнектер индукциясы мен инициациясы.
А. Буттың (1966) мәліметі бойынша өзгерген өркен дегеніміз диагеотропты өсетін рудиментарлы жапырақтары бар жанама өркен. Бұл жарықта және қараңғыда өскен өзгерген өркендерге тән құбылыс [13].
Қартоп түйнегі түрі өзгерген өркен деп аталады. Түйнектің өзгерген өркенге бекітілетін жері кіндігі, ал қарама-қарсы жағы төбесі. Картоп түйнегі төбе бөлігінен өседі және көзшелері түйнектің төбесінде шоғырланып орналасқан [5, 14, 15]..
Картопта қалыптасатын түйнектер саны өзгерген өркендер санымен тығыз байланысты болады, ал өзгерген өркендердің түйнек түзуі генотипке байланысты. Кейбір сорттар өнімінің пісуіне дейін картоп түбіндегі бастапқы салынған түйнектерінің тек 70-85%-ын ғана сақтап қалады. Мұндай құбылысты түйнектерге ассимиляттардың түспеуімен түсіндіруге болады, бұл түйнектер кейініректе жойылады [16].
Картоп дақылы өздігінен тозаңданады, кейде жел мен жәндіктердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі көп тұқымды, екі ұялы қою жасыл түсті жидегі шар тәрізді немесе сопақша келеді. Тұқымы жалпақ, ашық сары түсті, 1000 дана тұқымының салмағы шамамен 0,5г болады [17].
Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыр–жай болғанын талап етеді. В. С. Әбділдаев мәліметі бойынша, картоп өсімдігінің вегетация кезеңіндегі жылуға, суға, қоректік заттарға, ылғалға деген талаптары өзгеріп отырады. Сондықтан жоғары өнім алу үшін аталып өткен талаптарды дұрыс қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады.
Картоптың ерте шығатын сорттары үшін көктеп шыққаннан, қазып алғанға дейінгі қажетті барлық жылулық мөлшері – 1200-1400°С, ал бұл көрсеткіш кеш пісетін сорттар үшін 1400-1700°С. Қазақстанның қай облысында болмасын 1900°С жылулықтан кемі жоқ, оңтүстік облыстарда осы көрсеткіш 2600-2800°0С дейін жетеді. Сондықтан картоп дақылын Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады [18]. Картоп жарық сүйгіш өсімдік, жарықтың түсуі нашар жерлерде картоп өсімдігінің сабағының ұзарып өсуі мен жас түйнектерінің қалыптасуы тежеледі Картоп дақылы гүлдеуі мен жеміс түзуі бір-біріне байланысты ұзақ күн өсімдіктер қатарына жатқызылады. Ұзақ күн кезінде сабағы, гүлдері және жемістерінің дамуы қарқынды жүріп, ал қысқа күн түйнектердің қалыптасуына көмектеседі [21].
Картоп тұқымдары будандастыру және өздігінен тозаңдану арқылы алынғанда гетерозиготалы болады. Бұл тұқымдардан алынған ұрпақтарының түйнектер пішіні, өнімділігі мен сапасы жағынан әр түрлі ауытқуларға ие болады. Тұқымымен өсірілген картоп өсімдігінің өнімділігі әдетте төмен, түйнектері ұсақ болады. Картоп түйнектерінде аналық өсімдіктің барлық ерекшеліктері мен қасиеттері сақталады. Түйнек – картопты түйнекпен көбейту кезінде аналық өсімдіктің өсуін жалғастыруды қамтамасыз етуші, қыстап шығатын түрі. Сол себепті, картопты түйнек арқылы көбейтуде көп жылдық өсімдік деп айтуға болады, ал оның жасы сол сорттың жасымен анықталады [22].
Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыр–жай болғанын талап етеді. Бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша, түйнектің өнуіне топырақтың қолайлы температурасы +7°С, ал түйнекқалыптастыру барысындағы қолайлы температура +16°С болады. Картоп сабағының дамуы және ассимиляция жүруге қажетті ауаның қолайлы температурасы +20°С – +21°С болады. Топырақ температурасы +29°С жеткенде түйнектің өсуі толығымен тоқтайды, ал температура +40°С жеткенде фотосинтез процессі тежеледі. Ауа температурасы +11°С- +12°С болғанда картопты отырғызған күннен бастап 28-30 тәулікте өніп шығады, ал ауа температурасы 15°С болса өскіндер 7 тәулікке ерте көктейді [7].
Картоп жарық сүйгіш өсімдік, жарықтың түсуі нашар жерлерде картоп өсімдігінің сабағының ұзарып өсуі мен жас түйнектерінің қалыптасуы тежеледі Картоп дақылы гүлдеуі мен жеміс түзуі бір-біріне байланысты ұзақ күн өсімдіктер қатарына жатқызылады. Ұзақ күн кезінде сабағы, гүлдері және жемістерінің дамуы қарқынды жүріп, ал қысқа күн түйнектердің қалыптасуына көмектеседі [3].
Картоп сорттары пісу мерзімдеріне байланысты: ерте, орташа ерте, орташа мерзімде, орташа кеш және кеш мерзімде пісетіндер топтарына бөлінеді.
Шаруашылықта алатын орнына байланысты, картоп сорттары мынандай топтарға бөлінеді:
асханалық – іші қараймайтын дәмді;
техникалық – құрамында крахмал мөлшері 20-25 %- тен кем болмауы керек. Крахмал, спирт және тағы басқа өндіру үшін қажет.
асханалық және техникалық – дәмді, іші қараймайтын әрі крахмалы жоғары сорттар. Мұндай сорттар өндірісте де тағам ретінде де қолданылады;
мал азықтық – құрамында белок және құрғақ заттардың мөлшері жоғары болуы шарт;
универсалдық(әмбебап) – сорттың ерекшелігі дәмді, іші қараймайтын, крахмалы, белогы және өнімі жоғары болады. Мұндай сорттарды тағамға, өндіріске және мал азығына да пайдалана беруге болады.
Картоп айтарлықтай жылусүйгіш өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3-5°С-дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7—8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы тсмпература + 16—18° деп есептеледі [18].
Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, 20 тонна көң төгілген алқаптың әр гектарынан көң төгілмеген жерге қарағанда 25 центнер картоп өнімі артығымен алынған [19].
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17—22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура есімдіктерді әлсірстеді, ассимиляңия процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. —1—1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік карайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16—18°, немесе +22—25° ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°-тан төмен және +23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26—29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды. Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400—1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600—1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін — 1800—2000°. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады [20].
Халиленконың (Дағыстан ауыл шаруашылық институты) тәжірибесінде картопты күздік арпадан, жүгеріден және қыстық бұршақ пен күздік қара бидай қоспасынан кейін отырғызған кезде одан мынадай өнім алынған: күздік арпадан кейін – 114,6 ц/га, жүгеріден кейін – 156,6 ц/га, күздік қара бидай мен қыстық бұршақ қоспасынан кейін – 165,8 ц/га. Бұл тәжирибеде картоптан ең жоғарғы өнім күздік қара бидай мен қыстық бұршақ қоспасынан кейін алынғаны байқалады [21].
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ерте пісетін дақылдардан кейін аңызға картоп егіп, одан жақсы өнім алуға болатыны ақиқат. Бірақ бұл іс жүзінде әлі қолға алынбай келеді. Оңтүстіктің қолайлы климат жағдайында егістік жерді тиімді пайдалану үшін аңыздық картоп егу жұмыстары ертелі кеш қолға алынуы тиіс. Картоптың биологиялық ерекшеліктері оны аңызға егу өте тиімді екенін дәлелдейді [22].
Картоп өнімін көтеру үшін органикалық тыңайтқыштармен қатар, құрамында өсімдікке қажетті және сіңімді түрінде кездесетін қоректік заттары бар минералды тыңайтқыштардың маңызы зор. Профессор Н.С.Бацановтың деректері бойынша картоп тамыр жүйесі қысқа әрі жетілмеген өсімдік болғандықтан өзі өскен ортада қажетті қоректік заттардың толығынан болуын талап ететін дақыл [23].
Фосфор ақуыздың құрамына кірмегенімен, нуклеин қышқылы құрамына кіреді, ол ақуызбен қосылып нуклепротеидтер түзеді. Фосфор – крахмалдың белгілі бір құрамы. Ол органикалық қосындылар құрамына (ферменттер, дәрумендер) кіріп, өсімдік өмірінде маңызды міндет атқарады. Фосфор жеткілікті болған жағдайда ғана өсімдік дұрыс өсе алады.
Азот – ақуыздың күрделі молекуласын түзетін аминқышқылдары құрамына кіреді. Картоп өсімдігі азотты топырақтан азот қышқылының минералды және аммоний тұздары арқылы алады. Азот жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, жапырағы бозғылт түстенеді, ерте сарғаяды, соның салдарынан түйнектің крахмалы азаяды және өнімі төмендейді. Азот шамадан тыс көп болса да зиянды, онда сабағы тым бойлап өсіп, түйнегі жетілмей қалады және ұзақ уақыт піспейді.
Калий элементі азот, фосфор, күкірт сияқты органикалық қоспалар құрамына кірмейді, ол өсімдік құрамында ионды түрде қатысады. Калий жетіспеген жағдайда фотосинтез қарқыны, топырақтан түйнекке баратын қоректік заттардың ағысы төмендейді. Калий элементі жетпей тұрған өсімдікті, оның қола түсті жапырағынан байқауға болады. Өсімдіктің гүл салу кезеңіне дейін топырақта калий жеткілікті болса, картоп өнімі жоғары болады [23].
Картоптан мол өнім алу оның тұқымдық түйнегінің сапасына көп байланысты. Шірік, құрт жеген, үсік шалған немесе тұншыққан түйнектерді мүлдем отырғызуға болмайды. Сол сияқты көктетілгенде өнбеген немесе өркені жіңішке түйнектер тұқымға жарамайды. Тұқым ішінде басқа сорт түйнегі кездессе оны бөліп алып тастайды. Отырғызу алдында 3-5 см-ден артық өскен өркендер шырпылады, себебі олар картоп отырғызатын аппарат дөңгелегіне шыланып, түйнектің жерге түсуіне кедергі жасайды [22].
Картоптың оңтүстік жарты шарда таралуы жоғары температура мен суарудың жоқтығынан шектеулі.
Картоптың ыстыққа төзімсіздігін ескере отырып, оның төменгі температураларға да аса сезімталдығын көрсету керек. Картоптың қарапайым сорттары күн тез суыған жағдайда -10С температурада өле бастайды.
Төменгі температураларға негізінен картоптың жас өскіндері төзімсіз. Температураның баяу төмендеуі өсімдікте қанттың жиналуына әкеліп оның аздаған үсіктерге төзімділігін арттырады. Мұндай өсімдіктер -20, -30С, ал кей жағдайларда -40С дейінгі үсіктерге шыдамды [22].
Субэпидермальды және дихламидтіге қарағанда эпидермальды мутацияның жиілігі картоп дақылында айтарлықтай жоғары. Жоғарыда көрсетілген екі түр мутацияның жалпы массасында 20 пайыздан аспаған. Олар эпидермальды мутацияның екіншілік мутация нәтижесінде пайда болған деген болжам бар. Картоптың вегетативті мутациялары көп жағдайда күтпеген жолмен пайда болады және әртүрлі белгілерді қамтиды: түйіні мен гүлдерінің түсі, картоп түйінінің беткі жағы мен формалары, жапырақ пластинкасын, сонымен қатар кейбір шаруашылық-биологиялық белгілерін Russet типіндегі мутация тек эпидермальды қабатпен шектеледі. Бұл жағдай, мысал ретінде, ағылшындық сорт Гольден Вондер сортында кездеседі [20].
Фитофтораға төзімді сорттарыдың селекциясының алғашқы зерттеулері 1847жылдан, картоп фитофторозының жаппай Батыс Еуропада, әсіресе, Ирландияда жаппай таралуына байланысты басталды. Фитфтороға төзімді гибридтерінің S.demissum түрі көп мөлшерде 1921-1935 жж Германия және АҚШ-та алынды. Пероксидазаның жоғарғы активтілігі анықталған картоп сорттары фитофтораға анағұрлым төзімді. Фитофтораға келесі түрлер төзімді: Demissa сериясының – S. Demissum(әсіресе v. Tlaxpenualcoence 0,29 Вик және v. xitlenceВик), S. Verrucosum, S. Semidemissum, S. Salamanii, S. Brachycarpum, S. Guerreroense, S. Spektabile, S. Iopetalum; Longipedicellata сериясының – S. Vallis-mexici, S. Fendleri, S. Polytricon, S. Stoloniferum, S. Ajuscoense, S. Antipovicrii(әсіресе v gandarae, v reddikii, v. Martinezii), S. Longipecellatum, S. Malinchense, S. Tlaxcalense; Polyadenia сериясының – S. Polyadenium; Pinnatisecta сериясының – S. Pinnatisecta және басқалары.
Дегенмен жоғарыда көрсетілген түрлер әр түрлі төзімділік дәрежесін көрсетеді. Селекцияда фитофтораға төзімділітк көп жағдайда S. Demissum, S. Semidemissum түрлері қолданылады. Бұлар әртүрлі сорттармен және түрлермен оңай айқасатын құнды қасиеттер комплексімен ерекшеленеді [23]
Көшеттердің фитофтораға төзімділігі тікелей бастапқы ата-аналық формалардың төзімділігіне байланысты екендігі анықталған. Егер ата-аналық формлардың екеуі де төзімді болса, онда будандастыру кезінде ұрпақтарында төзімді көшеттердің көптігі байқалған (39,0-68,0%). Егер тек аналық форма төзімді болса, төзімді формалардың саны 40,5-тен 51,8%-ға дейін ауытқып отырады. Егер, тек аталық форма ғана төзімді болса, онда, 19,6-дан 41,5%-ға дейін.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Биология | Оңтүстік Қазақстан жағдайында картоптың алғашқы тұқым шаруашылығын енгізіу
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері
» Дипломдық жұмыс: Агрономия | ЖШС жағдайында күрішті себу әдістерінің оның өнімділігіне әсері
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру
» Дипломдық жұмыс: Биология | Оңтүстік Қазақстан жағдайында картоптың алғашқы тұқым шаруашылығын енгізіу
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері
» Дипломдық жұмыс: Агрономия | ЖШС жағдайында күрішті себу әдістерінің оның өнімділігіне әсері
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру
Іздеп көріңіз: