Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері
Мазмұны
КІРІСПЕ........
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ......
1.1 Бидайдың маңызы, таралуы..
1.2 Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі..
1.3 Қоршаған орта жағдайларына бейімделуіндегі сорттардың рөлі
2 Топырақ-климат жағдайлары........
2.1 Зерттеу жүргізілген жылдарының ауа-райы жағдайы.....
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......
3.1 Зерттеу жұмысы.....
3.2 Өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемесі...
3.3 Күздік бидайдың «Стекловидная 24» сортының алдыңғы дақылға байланысты ерекшелігі.......
3.4 Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты дән өнімділігі және оның құрылымы...
3.5 Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты дәндерінің технологиячлық сапа көрсеткіштері.......
3.6 Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты экономикалық тиімділігі.....
Еңбек қорғау....
ҚОРЫТЫНДЫ......
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың басымды бағыттарының бірі - өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан республикада әрбір тағам түрлерінен қауіпсіздік жасауда олардың өндіріс резервіне және өсіру технологияларына үлкен мән беріледі.
Нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетекші орын күздік бидайдың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда астық өндірісін қарқындатудағы басты резервтердің бірі – күздік бидайды инновациялық технологиямен өсіру арқылы дән өнімділігін және оның сапасын жоғарылату.
Сондықтан аталған мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы, күздік бидайдың жергілікті жағдайға бейімделген жаңа сорттарын аудандастыру және олардың сорттық технологияларын жасау.
Соңғы жылдары республика танаптарында жиырмадан астам күздік бидай сорттары себіліп жүр, солардың 50% жергілікті селекция сорттары. Сондықтан, перспективалы күздік бидай сорттарын әртараптандыру аясында өндіріске кеңінен енгізу арқылы стратегиялық маңызды азық-түлік түрінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әсіресе, халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күн талабы.
Осындай өзекті мәселені жүзеге асыру үшін Жамбыл облысы Қордай ауданы жағдайында өндірістік тәжірибе қойылып, күздік бидайдың перспективалы жергілікті сорттары шаруашылықтық құнды белгілері бойынша өзара сыналды. Өндірістік тәжірибенің мақсаты күздік бидай сорттарын өсіру арқылы өңірде астық өнідірісін қарқындату. Тәжірибе жүргізілген Қордай ауданы облыстың егіншілікпен айналысатын ірі өңірі. Ауданның топырақ-климат жағдайлары және су ресурстары ауылшаруашылығы дақылдарын тәлімі және суармалы егіншілікте өсіруге қолайлы. Осыған байланысты, аудан шаруашылықтары жылма-жыл екпе дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, түсімін арттыруда.
Егер ауданда бүгінгі таңда күздік бидайдың 2-3 сорты өсіріліп жүрсе, оларды перспективалы сорттармен толықтыру арқылы дән өнімділігін арттыруға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік бар. Жоғары өнімді қарқынды күздік бидай сорттары қатарына Жетісу, Стекловидная 24, Южная 12 және Алмалы сорттарын жатқызуға болады.
Сорттардың потенциалды өнімділігі жоғары 70 ц/га дейін сапалы дән қалыптастыра алады. Сондықтан, перспективалы сорттарды өндіріске енгізу және олардың прогрессивтік технологияларын жасау арқылы астық өндірісін қарқындатуға үлес қосу болып табылады.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Бидайдың маңызы, таралуы
Бидай – азық-түліктік дәнді дақыл. Бидай наны ақуызбен көмірсулардың көптігімен және жақсы сіңімділігімен ерекшеленеді. Бидай дәні сонымен қатар жарма, макарон және кондитер өнеркәсібінде де қолданылады. Бидай сапасының маңызды көрсеткіші – дәніндегі ақуыздың мөлшері мен оның сапасы. Халықаралық стандарт бойынша, бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері 13,5% [1].
Дәндегі ақуыздың мөлшеріне климат пен топырақ жағдайлары және енгізілген тыңайтқыштар әсерін тигізеді.
Бидай нанындағы ақуыздың сапасы өте жоғары және олар жақсы сіңіріледі. Бидай ұнының нандық қасиетін бағалағанда, оның маңызының (клейковинасы) мөлшері мен сапасының рөлі зор. Маңыз құрамында негізінен ақуыздық заттар – глиадин мен глютеин кіреді. Оның сапасы мен мөлшерімен нанның көлемдік шығымы мен жұмсағының қуыстылығы анықталады. Нанның жоғары көлемдік шығымы, маңыздың иленгіштілігі (созылмалы, иілген, майысқақ) пен қамырдың газ ұстағыш қабілетіне байланысты. Маңызды созылғыштығы 30 см-ден жоғары және 20 см-ден төмен болмауы керек. Нанның жайылу көлемі, оның биіктігінің диаметріне қатысымен анықталады, осындай қатынас жартысынан төмен болмағанда өте жақсы бағаланады. Жұмсағының жоғары бағалануы біркелкі, жұқа қабырғалы ұсақ дәнді қуыстылықта анықталады [2].
Дәнді астықтар ішінде күздік бидай өте құнды тағамдық дақылдардың бірі. Дәнінің сапасы бойынша ол барлық күздіктерден асып түседі. Бидай наны ақуыз (14%) бен көмірсулардың (80%) көптігімен ерекшеленеді. Дәнінде ақуыздың көп болуына ауа райы мен топырақтың, сондай-ақ берілетін тыңайтқыштардың әсері мол. Күздік бидай күздік және көктемдік ылғалдарды жақсы пайдаланады. Ол топыраққа терең енетін мықты тамыр жүйесін түзу арқасында қоректік заттарды жақсы сіңіреді және құрғақшылықтан аз зардап шегеді. Құрғақшылық пен аңызақтан оның өте ерте пісуі де сақтап қалады. Күздік бидай өнімі жоғары агротехникада және аймақта дұрыс орналасса жаздық бидайдан жоғары, ал күздік қарабидайдан үнемі көп болады. Күздік бидайдың жаздықпен азық-түліктік маңызы бірдей бола тұра, ұйымдастыру - шаруашылық құндылығы одан жоғары. Күздегі егіс және жаздық бидаймен салыстырғанда ете ерте жинау (7-10 күндей), ендіріс құралдары мен адам еңбегін толық және біркелкі пайдалануға мүмкіндік береді.
Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Күздік бидай аязға және қысқа өте төзімді дақыл болғанымен, бұл қасиеті бойынша күздік қарабидайға орын береді. Тұқымы өну үшін қажетті ең төменгі температура 1-2°С, қолайлы температура 10-12°С. Күзде және көктемде де түптейді, бірақ күздегі түптенуі өте өнімді болады. Түптеуге қолайлы температура 8-10°С, ал 5°С-та өсімдікте түптену процесі тоқтап қалады. Қарсыз қыста күздік бидай 16-18°С үсіп кетеді, ал қалыңдығы 20 см қар жамылғысында 30°С дейінгі аяздарға шыдайды. Жаздағы жоғары температураларды жақсы кетереді, әсіресе ылғал жеткілікті болғанда. Күздік бидай ең жоғары өнімді топырақтың далалық ылғал сыйымдылығы 70-74% болғанда береді. Ауа райы жағдайы мен сорттық ерекшеліктерге байланысты, оның транспирациялық коэффициенті 250-350 [3].
Күздік бидай үшін құнарлы, ылғал жеткілікті, арамшөптерден таза, реакциясы бейтарап (рН 6-7,5) қара және қара-қоңыр топырақтар өте қолайлы. Құмдауыт топырақтарда ол өнімді ете аз береді. Азот пен фосфорды түптену-гүлдеу, калийді масақтану және гүлдеу кезеңдерінде көп қажет етеді.
Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық кезеңін қосып есептегенде) 180-310 күн аралығында.
Елімізде 2007 жылға дейін күздік жұмсақ бидайдың 27 сорты өсіріліп келеді. Көп таралғандары - Безостая 1, Мироновская 808, Карлығаш, Комсомольская 1, Богарная 56, Жетісу, Южная 12, Стекловидная 24, Красноводопадская 209 және т.б.
Соңғы жылдары күздік бидайдың Алия, Егемен жене Саратовская 90 атты жаңа сорттары аудандастырылды [4].
Қазақстан бойынша (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) осы кезге дейін күздік қатты бидайдың бір ғана Айсберг Одесский сорты есіріліп келеді [5].
Күздік бидайдың өсіп - дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі күзде себуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі көктемгі тірілуінен басталып, дәннің пісумен және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарында қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жиналады.
Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйінде болады. Күздік жұмсақ бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік ұлпаларындағы судың мөлшері көп әсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің өліп қалуына әкеліп соғады: себебі судың артық мөлшері мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, бұл ұлпалар үшін өте қауіпті, ал су жетімдіздігі-протоплазма биоколлоидтарының коагулациясына ұрындырады да, өсімдіктер құрып кетеді [6].
Күздік жұмсақ бидайдың тұқымы, жаздық бидай сияқты +1-2°С жылылықта өне бастайды, бірақ жаппай өнуі +12-15°С температурада жүреді. Бүл жағдайда егін көгі 6-9 тәулікте пайда болады. Мысалы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің тәжірибелерінде күздік бидай көгі ауаның орташа тәуліктік температурасында 18,6°С жеті тәулікте, ал 15,9 және 12,8°С болғанда (себу мерзіміне байланысты) тиісінше он және он екі тәулікте пайда болады.
Өсімдіктің көмегімен өсуі 3-4°С жылылықта басталады, алайда өсіп-дамуына қолайлы жылылық 12-15°С. Қысқы, көктемгі төменгі температура мен оның күрт өзгеруіне күздік бидай өте сезімтал. Қар қабаты болмағанда температура -І6-18°С өсімдік опат болады, 20 см қар қабаты болса 15-20°С аязға төтеп береді [7].
Күздік жұмсақ бидай күзде және көктемде +2-4°С жылылықта түптене бастайды, бірақ қолайлы жылылық +12-14°С.
Солтүстік Қазақстан аймағында қолайлы мерзімде себілгенде 9-20 күннен кейін негізгі сабаққа қоса 2-3 қосымша өркендер қалыптастырады және бүл кезек 30-35 күнге созылады. Жекелеген жағдайларда, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда, өсімдіктер түптеніп үлгермей, қысқы тыныштық күйге кетеді.
Күздік жұмсақ бидайдың түптенуі мен оның ұзақтығы температураға ылғал мен қоректік заттар қорына, қыстап шықан өсімдік күйіне байланысты өзгереді. Оның ұзақтығы орта есеппен 30-35 күнге созылады [8].
Түптену кезінде қолайлы температура +15-16°С, масақтану +18-20°С, ал гүлдену мен пісіп жетілу кезеңдерінде +20-25°С. Күздік жұмсақ бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша, себу алдындағы топырақтың 0-10 см қабатындағы тиімді ылғал қоры 10 мм артық болса, онда өсімдіктердің өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінде қолайлы жағдайда өтеді, ал 10 мм аз болса, өсімдіктің көктеуі жауын-шашынға байланысты.
Егер ылғал 5мм төмен болса өсімдіктің көктеп шығуы төмендейді, өсімдіктер алғашқы кезеңінде-ақ опат болады.
Күзгі ылғал жетімсіз болғанда тамыр жүйесі нашар дамиды, көмірсутектері (қанттар) аз жинақталады, егістік нашар қыстап, көктемде әлсіреп шығады, оның үстіне көктемгі ылғал қорын тиімді пайдалана алмағандықтан егін өнімі азаяды.
Жақсы қыстап шыққан күздік жұмсақ бидай көктемгі тірілу кезеңінен масақтануға дейінгі аралықта барлық қажетті ылғал мөлшерінің 70%, гүлдену балауызданып пісу кезеңінде 20% дейінгі мөлшерін сіңіреді.
Күздік дәнді-дақылдардың ішінде күздік жұмсақ бидайдың топыраққа талабы жоғары. Ол мол өнімді арамшөптерден таза, құнарлы әрі ылғалды топырақтарда қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік жүмсақ бидайға жарамайды.
Бидайдың 22 түрі бар. Оның ішінде біздің республикада екі түрі, яғни жаздық және күздік бидайлар егіледі. Жаздық бидай негізінен Қазақстанның суарылмайтын солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде өсіріледі.
Күздік жұмсақ бидайдың өзінің потенциялдық мүмкіншілігі жағынан жаздық бидайға қарағанда түсімі жоғары.
Сондықтан, ол жауын-шашынмен қамтамасыз етілген аймақтарда және суармалы жерлерде өсіріледі.
Атап айтсақ, оның негізгі егіс көлемі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанның ылғалмен қамтамасыз етілген тәлімі егіншілігінде және суармалы жерлерінде орналасқан [9].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері астық өндірудің елеулі табыстарға қол жеткізеді, дәлірек айтатын болсақ, ол 2009 жылы 24 млн. тонна маңында астық жиналды.
Еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі міндет-тердің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім алып қана қоймай, топырақ құнарлығын жоғарылату болып табылады.
Бұл міндеттерді шешуде ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізін жасай, оның ішінде тыңайтқыштардың тиімді мөлшерін, мерзімін, себу тәсілін қолдану басты рөл атқарады.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы негізгі дақылдардың бірі күздік бидайдың егістік көлемі осы аймақта 600 мың га шамасында, осы дақылдарға құрылған ауыспалы егістік пен тыңайтқыштар жүйесі сақталмауы салдарынан оның өнімділік деңгейі 20 ц/га аспайды.
Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеу тәжірибелерінің нәтижелері ауыспалы егістік пен тыңайту жүйесін дұрыс құрғанда күздік бидайдан мол әрі сапалы өнім алуға болатындығын дәлелдеп отыр.
Осы жұмыста күздік бидайдың «Стекловидная – 24» сортына қолданылған минералдық тыңайтқыштардың оның өнімділігі мен сапасына әсерлері және экономикалық жағынан тиімділіктері жөнінде толық деректер келтіріліп отыр.
Күздік бидай күзде егіліп, ертерек ораққа ілігетін болғандықтан, ауыл шаруашылығы жұмысын ұйымдастыруға үлкен жеңілдік туғызады [1, 2].
Соңғы онжылдықта топырақ құнарлылығы күрт төмендеді, қазіргі таңда жыртылатын жерлердің 80 пайызы жылжымалы фосформен төмен қамтамасыз етілген. 1986 жылы мемлекетімізге 1 га айдалған жерге 29 кг әсерлі затымен минералды тыңайтқыштар енгізілген, ал 2001 жылы 700 грамм, яғни тыңайт-қыш енгізу 40 есеге төмендеді. Бұл жағдайдың бірден бір себебі болып минералды тыңайтқыштардың өзіндік құнының жоғары болуы болып табылады [3].
Топырақта қоректік заттардың бір өзі жер құнарлылығын арттыруға қатысты проблемалардың барлығын бірдей шеше алмайды. Сондықтан топырақтың су режимі өсімдіктер тіршілігіне қажетті басты факторлардың бірі болып табылады және оның өзгеру заңдылығы да қоректік заттарға қарағанда басқаша. Топырақтағы су онда өтетін барлық процестерге әсер етуі арқасында өсімдіктерде органикалық заттардың түзілуіне, ыдырауына қатысады. Өсімдік-тердің қоректік заттарды пайдалануына, топырақтың түзілуіне, топырақтың ауа режиміне т.б. процестерге де үлкен әсер етеді.
Кез келген химиялық реакциялар, яғни заттардың өзара әрекеттесуі ерітін-діде жүреді. Суда еріген заттар өзара оңай жақындасады, тірі организмдегі заттардың синтезіне және ыдырауына әсерін тигізеді. Мұның өзі суды реакциялар жүретін орта ретінде ғана емес, аса қажет құнарлы элементтердің бірі ретінде қарастыру қажет екенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, топырақтың пайдалы ылғалы әр жылғы күзгі, көктемгі жауын-шашын мөлшеріне байланысты болады. Сонымен, ылғалдылығы жеткілікті тәлімі жердегі егістіктерде топырақтағы ылғал қоры күздік бидай себуден бастап масақ салған кезеңге дейін 27-29 мм шамасынан кем түспейді.
Астық піскен кезде ғана ылғал қоры 7,5-10,1 мм төмендейді. Мұның өзі ылғалдылығы жеткілікті тәлімі жерде дәнді дақылдардан тұрақты және жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Топырақ және тыңайтқыш арасындағы өзара байланысты олардың бір-біріне қандай әсер ететіндігін жетік білу керек екендігін көрсеткен болатын.
Өсімдіктер біздің планетамыздағы көміртегі айналымын жүзеге асыратын, оны белгілі дәрежеде сақтап тұратын «аппарат» деуге болады. Жасыл өсімдіктер жер жүзінде жыл сайын 400 млрд. т көміртекті қосылыстар түзеді. Осы процесс кезінде 170 млрд.т көмір қышқыл газы мен 130 млрд.т су қосылып, 115 млрд.т оттегі бөлініп шығады. Органикалық заттар түзу үшін өсімдік жыл сайын 2 млрд.т азот пен 6 млрд.т күл элементтерін пайдаланады [4].
Тыңайтқышты қолдану кезінде өсімдіктегі құрғақ заттар салмағының артуы түптеуден дән салу кезеңіне дейін байқалады. Сол сияқты өсімдік құрғақ затының артуы топырақ ерекшелігіне, ауа райына (жауын-шашын мөлшеріне) байланысты болады. Қара-қоңыр топырақтағы парға егілген күздік бидайдың (бақылау нұсқасында) 100 өсімдігінің түптену кезеңінде үш жылдық орта салмағы 16,6 г болды. 10 кг фосфор тыңайтқышын (әсерлі затымен) қатарлап енгізген кезде 100 өсімдік салмағы 19,3 г болды. Ал осы 10 кг фосфор тыңайтқышы үстіне тағы да 30 кг мөлшерінде фосфор тыңайтқыштарын жерді жыртар алдында енгізген кезде 100 өсімдіктің құрғақ салмағы 24 г шамасына жетті. Фосфор тыңайтқыштарын жоғарыдағы мөлшерде, сол тәсілмен ашық қара-қоңыр топырақта қолданғанда күздік бидайдың түптену кезіндегі құрғақ зат салмағы 18,4-21,3 г, тыңайтылмаған нұсқаларда 15,7 г болды.
Тыңайтқыштар енгізген кезде өсімдіктің құрғақ заттар салмағы бақылау нұсқасымен салыстырғанда, өсімдіктер өсуінің барлық кезеңдерінде жоғары болып, тыңайтқыштар қолдану нәтижесінде дәнді дақылдар арттыруға мүмкіндік туды.
Топырақ ылғалы төмен және жауын-шашыны аз жердегі азотпен тыңайтылған өсімдіктер мен тыңайтылмаған өсімдіктер арасында айырмашы-лық шамалы болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көбейту және оның сапасын жақсартудағы басты шаралардың бірі – ондағы сіңімді қоректік заттардың мөлшерін арттыру болып табылады.
Ауыспалы егіс жағдайында дақылдар үшін тыңайтқыш қолдану техноло-гиясын сақтаудың маңызы зор. Өйткені бұл жағдайда тыңайтқыш берудің мөлшері мен мерзімі барлық дақылдар үшін бірдей болмайды.
Тыңайтқыш енгізу мезгіліне қарай енгізудің 3 тәсілі бар: 1-негізгі тыңайту, 2-тұқымды себу кезінде тыңайту, 3-үстеп қоректендіру.
Негізгі тыңайтудың басты міндеті дақылды бүкіл маусым бойы қоректік элементтермен қамтамасыз ету. Сондықтан дақылдарға берілуге тиісті тыңайтқыш мөлшерлерінің барлығын немесе 70-80% негізгі тыңайтуда қолданған дұрыс. Негізгі тыңайту көпшілік жағдайда сүдігер жыртар алдында атқарылады және оның мерзімін дақылдардың, аймақтық топырақ-климат ерекшеліктеріне, тыңайтқыш қасиетіне сәйкес белгілейді. Көбінесе фосфор және калий тыңайтқыштарының басым көпшілігі топырақтағы ылғалдың немесе суару әсерінен оның терең қабатына шайылмайды. Демек, оларды көп мөлшерде күзде негізгі тыңайтуда қолданады [5].
Тұқымды себу кезінде тыңайтудың басты міндеті – өсімдікті алғашқы өсу кезеңінде қоректенуін үдету. Бұл дақыл тұқымды дұрыс және тез көктеп шығуы үшін оның сіңімді қоректік заттармен қамтамасыз етудің маңызды шарасы. Тұқымды себу кезінде қатарларға 10-20 кг фосфор қолдану осыған негізделген.
Азот пен калий тыңайтқыштарын қолдануға да болады. Тұқым топырақтың беткі қабатында орналасқандықтан бастапқы өсу кезінде негізгі тыңайту үшін тереңге енгізілген тыңайтқыштың қоректік затын пайдалана алмайды. Ал тұқымды себу кезінде оның қасына енгізген тыңайтқышты өсімдік алғашқы өсу дәуірінен бастап-ақ пайдаланады.
Фосфор тыңайтқыштарын тұқымды себу кезінде қатарға енгізгенде оның құрамындағы фосфорды пайдалану коэффициенті 2-3 есе жоғарылайтыны Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жүргізілген тәжірибелердің мәліметтері-мен анықталған.
Үстеп қоректенудің негізгі міндеті – өсімдіктің белгілі бір кезеңінде қоректенуін күшейту. Үстеп қоректендіруге арналған тыңайтқыш мөлшері және оны енгізу мерзімі әрбір дақылдың қоректену ерекшелігіне сәйкес болады.
Сонымен бірге дақылдың қоректену ерекшелігіне сәйкес үстеп қоректену-дің мерзімін және қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін нақты анықтаудың маңызы орасан зор.
Өсімдіктердің қоректенуінің физиологиялық негізінің қызметі ерекше. Өсімдіктер организмінде зат алмасуын реттеп тұратын фактордың – өсімдік қоректерінің теориялық негіздері жасалды. Осы ғылымға сәйкес, өсімдікте үнемі зат алмасып тұрады, яғни алуан түрлі органикалық және минералдық қосылыстардың пайда болу, өзгеру және құрып кету процестері шапшаң қарқынмен жүзеге асады. Өсімдік дүниесінде болатын барлық даму процестері, оның есесіне тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттердің пайда болып дамуы өмір тірегіне – қорекке байланысты [4].
Өсімдіктің қоректенуін реттеу арқылы ондағы зат алмасу процесіне белсене араласуға, өсімдік организмін көзделген мақсатқа қарай өзгертуге, оның өсуін тездетуге немесе баяулатуға болады екен. Жоғары сапалы өнім алу үшін өсімдіктің өсіп дамуының әрбір кезеңінде онда болатын ерекшеліктерді есепке ала отырып, өсімдікті қажетті қоректік заттармен тиісінше қамтамасыз етіп отырған дұрыс [6,7].
Органогенездің алғашқы кезеңінде тұқымның ұрық бүршігі қалыптасады, ұрық жапырақшасы өзінің ең жоғарғы көлеміне жетеді. Өсу конусында 2-ші, 3-ші және 4-ші жапырақтар қалыптасады да, конустың бетін жауып тұрады. Себудің алдында және де органогенездің 2-ші кезеңінде енгізілген тыңайтқыш жапырақтардағы бүршіктерді қосымша сабаққа айналдырып өзінің даму циклін толығымен аяқтауына жағдай жасайды.
Өскін конусының тежеу кезінде азот тыңайтқыштарын енгізген өте тиімді болады. Осы 3-кезеңде жүріп жатқан болашақ дән санының аз немесе көп болуына енгізілген азот тыңайтқыштарының әсері мол.
Өсімдікті аса құнды қоректермен жабдықтау үшін мынандай жағдайларды жете білген жөн. Біріншіден, өсімдіктің өсіп-дамуының әрбір кезеңінде оның қандай қоректерді қажет ететінін білу керек, екіншіден, өсімдіктің кейпіне (сыртқы пішініне қарай) қарап, қолда бар қоректік заттар оның қажетін өтей алатынын, алмайтынын тез анықтап білу керек, үшіншіден, өсімдіктің өнім құрауына қолайлы жағдай жасау үшін оған қажетті заттар жеткізіп беруге дер кезінде шара қолдану қажет [8].
Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бидай және басқа астық дақылдарының өнімінің артуы тыңайтқышты дұрыс, мерзімінде енгізілуіне байланысты [9,10,11]. Азот тыңайтқыштарын қолдану тиянақты зерттелген, яғни көптеген зерттеулерде азот тыңайтқыштарының өнімділікке және дән сапасына оң әсері анықталған [12,13,14,15,16].
Словакияда жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша күздік бидай өнімділігіне сорт және ауа-райы әсерінің топырақ өңдеуге қарағанда жоғары болатыны дәлелденді [17].
Күздік бидай сорттардың өнімділігі негізінен түптенуі және аудан бірлігіндегі өсімдік санына тәуелді [18].
Күздік бидай өсіруде Чехия жүйесі – топырақты өте сапалы өңдеу, себу мерзімі 25.09-5.10, себер алдындағы топырақ өңдеу кезінде фосфор, азот (40 кг/га) енгізу, сонымен қатар көктемде бидай өсе бастаған кезде тағы да N40, түптену кезінде N60 және бидайдың өсуін 71 ц/га көтерді.
Азот тыңайтқыштарын 60, 90 және 120 кг-га мөлшерінде бір мезгілде немесе бөлшектей қолдану күздік бидайдың жалпы массасын ұлғайтып, оның дән өнімділігіне әсері аса байқалды. Өнім 50-60 ц/га деңгейіне жоғарылады [19, 20].
Польшада әр сортқа байлансыты жүргізілген тәжірибеде бидай өнімділігін қалыптастыруда өсімдік жиілігі болу қажеттігі дәлелденді. Мысалы, бір сорттар үшін жоғары өнім 1 шаршы метрге 600 дана тұқым, ал басқа сорттар үшін 750 дана тұқым сепкенде қалыптасатыны көрсетілді [21].
Күздік бидайды әртүрлі жиілікпен сепкенде (1 м2-ге 500, 400, 300 дана дән) өнімділік, масақ саны, 1 м2 дән саны себу мөлшерінің ұлғаюына байланысты өсетіні анықталды. Бірақ жекелеген өсімдіктердің көрсеткіштері сирек егістікте жоғары болды [22].
Күздік бидайды өсірудің әртүрлі технологиясын салыстыру арқылы орта деңгейдегі интенсивтік технологияның (азот тыңайтқышын бөлшектей беру және фунгицидті бір мезгілде беру) тиімді екені көрсетілді [23].
Күздік бидайдың жоғарғы өнімі оның мына төмендегідей өнім құрамы қалыптасқан жағдайда алынатыны дәлелденді: өнім беретін сабақ саны – 850-1000 дана/м2, масақтағы дән саны 24-25 дана, мың дәннің салмағы 45-47 гр (108 ц/га өнім алынды).
Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру құрғақ биомассаның түзілуі 180-190 ц/га жетті, 240 кг/га азот енгізу кезеңінде егістік жығылуы орын алды. Азот тыңайтқышын N180-240 кг/га, фосфор P90-120 кг/га артық беру кезінде өнімнің өсу қарқыны байқалмады. Оңтайлы тыңайтқыш беру әр гектарға N180 P90 кг/га [24, 25, 26]. Күздік бидай-дың Пико сортына жүргізілген танаптық тәжірибелердің нәтижелері бойынша P30K60 аясында тыңайтқыштарын енгізудің тиімді мөлшері (N140 мөлшеріне дейін), мерзімнің өнімділікке әсері анықталды.
Азот тыңайтқыштарымен ерте көктемде қоректену бидайдың өсу процес-терін, түптенуін ұлғайтады, тамыр шірігінен ақ ұнтақ, қоңыр тат, швед шыбыны және тағы басқа зиянкестерге төзімділігін жоғарлатады, ол қорыта келе жоғары өнімділіктің құрылуына мүмкіндік береді. Ең жоғарғы өнімділік (4, 16 т/га) N140 P30 K60 (N90 түптену кезеңінде + N50 түтіктену кезеңінде) енгізілген нұсқада болды; аяда гектарына 2,04 тонна өнім алынды. Тыңайтқыштар әсерінің арқасында бидайдың арамшөптерге бәсекеге төзімділігі жоғарылады, яғни ол да өнім құрылымында оң әсер етеді [27, 28].
Күздік бидайдың жоғары өнімі астық дақылынан кейін - N90 P60 K40 – 35,4 ц/га, сиыржоңышқа+сұлыдан кейін N60P90K90 41,4 ц/га алынды. Азот тыңайт-қышын N120 кг/га деңгейіне көтеру зерттелген барлық алғы дақылдар бойынша тиімсіз болды [29].
Орманды сұр топырақ жағдайында азот және фосфор тыңайтқыштарын өзара байланысты әсері топырақтағы жылжымалы фосфор 3 пен 9 мг/100 г топырақта болғанда күшейеді. Солтүстік Кавказ және төменгі Поволжье өңірі бойынша суармалы және тәлімі жерлердегі жүргізілген 490 далалық тәжірибе-лерді талдай келе, тыңайтқыш қолдануда, біріншіден азоттың, одан соң фосфордың және калийдің өніп-өсудегі маңызын атап көрсетті [30, 31].
Азот тыңайтқышының оң әсері сиректену сәбілген егістікте, әр өсімдіктің жеке даму көрсеткішіне байланысты жоғары болды. Ал жиі егісте азот тыңайтқышы тиімсіз пайдаланылады [32, 33, 34]. Егістік жерді жалдап өңдеу мәселесіне кейінгі жылдары ден қойылып келді. Оның топырақ қасиетіне және астық өнімділігіне оң әсері дәлелденді [35, 36, 37, 38].
1.3 Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Күздік жұмсақ бидайдың қыстап шығу кезінде ортаның қолайсыз факторларына, алдымен төменгі температураларға төзімділі күзгі вегетация кезеңіндегі өсіп-даму процесстерімен тығыз байланысты.
Бұл процесстер оптималды гидротермиялық жағдайларда ғана ойдағыдай жүруі мүмкін.
Көптеген ғылыми-зерттеулерде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау бөктеріндегі суарылмайтынын күздік жұмсақ бидайдың суыққа және қысқа төзімділігін арттыру үшін егу мезгілінде егістікте қалыптасатын гидротермияық жағдайларды толық пайдалану мәселелеріне көңіл бөлу керек.
Осыны ескере отырып, біз бейімдеу технологиясының негізгі элементтерін өзгерту арқылы (себу мерзімі және себу мөлшері) күздік жұмсақ бидайдың интенсивті сорттарын қажетті селекциялық процесс жұмыстарын қолдана отырып және оларды сұрыптап, сөйтіп жоғары өнім алу мақсатын қарастырдық.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері
» Дипломдық жұмыс: Биология | Бидайдың жалпы сипаттамасы
» Дипломдық жұмыс: Биология | Бидай мутанттарының сапалық белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Биология | Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері
» Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері
» Дипломдық жұмыс: Биология | Бидайдың жалпы сипаттамасы
» Дипломдық жұмыс: Биология | Бидай мутанттарының сапалық белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Биология | Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері
Іздеп көріңіз: