Металдарды алудың әдістері


Химия 9 класс
Cабақтың тақырыбы: Металдарды алудың әдістері.
Сабақтың мақсаты: 1. Металдардың алыну жолдарымен танысу.
2. Металдардың алу жолдарын химиялық реакция теңдеулермен сипаттай алу.
3. Өз бетімен жеке жұмыс жасуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызба, карточкалар, Д. И. Менделеевтің кестесі
Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, география.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сөздік жұмыс, тірек - сызбамен талдау

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV Бекіту
V. Үйге тапсырма беру.
І. Оқушылармен амандасу.. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Карточкамен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Металдар табиғатта бос (таза, саф) күйінде де, қосылыс түрінде де кездеседі. Бос күйінде болатын металдарға, химиялық белсенділігі темен алтын, күміс, платина, мыс, сынап, қалайы сияқты металдар жатады. Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстарын минералдар деп атайды. Минералдарда металдар көбіне оксид (мысалы, гематит Ғе2О3), сульфид (мысалы, пирит FeS2) же әр түрлі тұздар (мысалы, әктас CaCO; j) түрінде болады. Минералдар жеке кездеспейді, олар құм, саз, т. б. тау жыныстарымен араласып жүреді. Егер осындай минералдардың металы көп, экономикалық жағынан металл өндіруге тиімді болса, онда ондай минералдардың қоспасын кен деп атайды. Кен құрамындағы металл мөлшері әр металл үшін әр түрлі бағаланады. Мысалы, құрамында 1% мыс болса, ол мысқа бай кен болып саналады, 1 тонна кеннен 10 грамм алтын өндірілсе, ол да тиімді болып есептеледі. Ал өнеркәсіптік темір кендеріндегі темір мөлшері 60 — 70% - тен кем болмайды. Кен құрамында әр түрлі металдар минералдары аралас кездесуі де мүмкін, мысалы, қорғасын жөне мырыш алдауыштары (галенит PbS пен сфалерит ZnS) бірге кездеседі. Осындай бірнеше металы бар кен орындары полиметалл кендері деп аталады. Кен құрамынан металл өндірумен айналысатын өндіріс саласын металлургия деп атайды. Металлургия екіге бөлінеді: қара металлургияда темірдің құймалары — шойын мен болот өндіру іске асырылады, ал тусті металлургияда темірден басқа барлық металдар мен олардың құймалары өндіріледі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Металдарды алудың әдістері, химиядан сабақ жоспары, химиялық реакция теңдеулер, металдарды алу қмж

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]