Баталар

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.

Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.

Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.

Бата-тілек: Қайда жүрсең қанатты бол!

Тұнып жатсын төңірегің,
Төрт түлікпен дүбірлі боп,
Думандасын аспан - көгің
Үбірлі боп, шүбірлі боп,
Лебіздерің қабыл болып,
Қайда жүрсең қанатты бол.
Бар айналаң жанға толып,
Қағылезді қарақты бол.
Қонақтарың арылмасын,
Ақ ниеттер жаңылмасын.
Қара ниет қағынбасын,
Ғайбат сөздер таңылмасын.
Көкірегің күрмелмесін,
Жан жолдасың түрленбесін.
Сөзің қисық үрленбесін,
Сезім отың сүрленбесін.....
Баталар
Толық
0 0

Бата-тілек: Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы

Ау, Жамбыл, бата сұрап келіп қапсың,
Қобыз тастап, қолыңа домбыра апсың
Өлеңіңнің арасынан қыл өтпесін,
Алдыңнан інжу - маржан өзен ақсын.
Жамбыл - ау, Екей елі - өлең деген,
Жел сөзге әрбір қазақ елеңдеген.
Көзінде - от, көкірегіңде жырың тұнық
Түбінде ақын шығад сенен кенен.
Екейдің аты шыққан өлеңменен,
Ірі ақын мойны озық көрем сенен,
Сүйінбайдың сөзін жалғар - алтын көмбе,
Батамды түбі саған берем деген.....
Баталар
Толық
0 0

Бата-тілек: Керей Тоқсан бидің батасы

Қарада Қазыбектей бақытты бол,
Ақсүйек Ахметтей тақытты бол!
Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол,
Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.

Керейде Жәнібектей ақшалы бол,
Бұғының мүйізіндей шақшалы бол.
Нәсілің Құрайыштың ғибласындай,
Қожахмет Йассауидей киелі бол.....
Баталар
Толық
0 0

Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау тілектері мен баталар жинағы. Мейрамның тарихы

Қазақтың бағына бұйырған дүбірлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт мүбәрак болсын! Құтты болғай! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қасиетті айттан айтқа аман-есен жете берейік!

---

Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Ренжіскен кешіріп, ажырасқан татуласып, Алла жолына құрбандық шалынып, зікірлер айтылып, садақалар берілетін, бауырмалдықты....
Баталар | Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0