Туған күнге арнау


Мінезің бар әкеңдей бір салмақты,
Жігіт болып өсе бергін жан - жақты.
Құттықтайды нағашылар әулеті,
Тараздық Мухит атты нағашы!
Көзіміздің ағы менен қарасы,
Аман жүрші Құрақбайдың баласы.
Туған күнің құтты болсын Қайсаржан,
Қамқоршы ғой әрқашан да нағашы.
Басқалардан өте жақын болады,
Жиен менен нағашының арасы.
Тиіп кетсе қол қалтырап қалатын,
Құдіреттің күштілігін қарашы!
Сырласатын, сыйласатын өзіңмен,
Ең бірінші нағашым деп санашы.

Пікір қалдыру жолына туылған күнге арналған тілектеріңіз болса қалдыруға болады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]