Қазақша Анекдот: Қожанасыр

Қазақша Анекдот: Қожанасыр

Қожанасыр түн жарымында бастығына телефон шалып тұр дейді:

- Есегім өліп қалды, басеке, - депті жыламсырап.

- Ей, есің дұрыс па? Бір есектің өліміне бола түн ішінде мені мазалап! – десе, Қожекең:

- Сол туыс-туғандарына хабар беріп жатыр ем, - деген екен

Қожа көшеде адасып жүрген бір қойды ұстап, сойып алады. Оны бір жолдасына сыр ғып айтады. Жолдасы:
— Қияметке барғанда не деп жауап бересің? — дейді.
— Танамын, мен жеген жоқпын деймін.
— Жоқ, тана алмайсың, қойдың өзі келіп куә болады.
— Онда тіпті жақсы, ұстап алып, иесіне қайтарып беремін, — депті Қожекең.

Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады.
Біреу аптыға жүгіріп келіп:
— Мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті.
— Мен хат танымаймын.
— Ендеше неге басыңызға сәлде орайсыз?
— Е, мәселе сәлде де болса, мә, басынды ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең.

Хан Қожанасырды шақырып алып, алдына ақша қойыпты да былай депті;
— Қожеке, мынау бір сом мен бір тиын. Осының қайсысы көп, соны айтшы?
Қожа ойланып тұрып:
— Әрине, бір тиын көп, — депті. Таң қалған хан:
— Неге бір тиынды көп дейсің? Себебін айтшы?
— Себебі, бір сом дегенде алты әріп бар. Ал бір тиын дегенде жеті әріп бар. Өзіңіз айтыңызшы, алты көп пе, жеті көп пе?..

Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:
— Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, — дейді.
Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:
— Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.
— Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып.
— Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр.

— Мен жақында есік алдына өрік шыбығын отырғыздым. Жеміс берген кезінде бәріңді өрікке сылқитып бір тойғызбақшымын, — дейді Қожа жолдастарымен отырғанда.
— Ой, рахмет, Қожеке. Осы тәтті лебізіңнің өзіне өрік жегендей тойып қалдық, — деген олардың сөзін естіген Қожа:
— Өрікке тойып қалсаңдар, отырғызған шыбықтарымды жұлып тастап, алма ағашын отырғызайын. Бұған да мерзімінен бұрын әлгіндей тойып қалсаңдар мені тер төгіп еңбектенуден құтқарар едіңдер, — дейді.

— Соңғы күндері сені әлдебір ой меңдеп алған тәрізді. Нендей ой екенін мағанда айтсаңшы, бәлкім жәрдемім тиер,- депті Қожаға кемпірі. Сонда жарықтық терең күрсініп:
— Жаман айтпай жақсы жоқ. Қатын, әбден қартайыпсың. Екеуміз отау құрғанымызға да қырық жылдан асыпты. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген. Танысып қоялықшы, осы сенің атың кім? — деген екен.

— Теңіздің суы неге ащы? — деп сұрапты біреу Қожанасырдан.
— Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой, — депті Қожанасыр.

Әпенді мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдаркөсе Әпендіден:
— Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен? — деп сұрапты.
Әпенді ойланбастан:
— Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады, — деген екен.

Бір күні Темірлан Қожанасырмен әңгімелесіп отырып, Қожекеңнің шапанының бір кішкентай жыртық жерін байқап, соған саусағын тығып айналдыра береді. Жыртық ұлғая түседі. Әңгіме желісімен Темірлан:
- Қожеке, осы адам баласының ақылы кемігені қай уақытта білінеді? – деп сұрайды.
- Бәлкім, жанында отырған адамның шапанын саусағымен тескен заманда болса керек, - жеген екен Қожа.

Есегім көрінбей ме?

Бірде Қожанасыр өзінің мініп жүрген есегін жоғалтып алады. Онысын өзі жаяулатып іздеп жүреді. Бір кезде ашық тұрған қораны көреді де, солай қарай тарта жөнеледі. Қораға кіріп, ішін аралап жүргенде, бір қыз бен жігіттің сүйісіп тұрғанын байқап қалады. Жігіт өзінің қызына:
- Мөлдіреген көздеріңнен дүние көрінеді! – деп айтады. Сол уақытта Қожа атып шығып:
- Менің есегім көрінбей ме? – десе керек.

Бір күні Қожанасырдың сағаты аяқ астынан бұзылып, жүрмей қалыпты. Қожекең сағатты әрі сілкілеп көреді, бері сілкілеп көреді. Сағат жүрмейді. Міз бақпай бір орнында тұрып алады. Содан ол: "бұған не болды екен?" деп сағатты ашып көреді. Сөйтсе ішінде бір шыбын өліп жатыр екен. Сонда Қожанасыр басын шайқап; "Неге жүрмейді десем, бұл пәтшағардың шопыры өліп қалған екен ғой!" депті.

Бірде Қожанасыр бір үлкен ағаштың астында демалып жатып:
- Осы талда қанша жапырақ болса, менің сонша малым болса ғой шіркін, – деп ойланып, қиялдаса керек. Оны бір көршісі естіп қойып:
- Қожеке, сонша малыңыз болса, менімен бөлісер ме едіңіз? – депті. Сонда Қожанысыр:
- Ой, біреудің мал-мүлкіне ортақтасқанша, басқа тал тауып алмайсың ба? – дейді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақша анекдоттар, казакша анекдоттар, қазақша азилдер анекдоттар, қазақша әзілдер жинағы, қазақша әзілдер, қазақша әзілдер анекдоттар, қожанасыр туралы анекдот, қожанасыр туралы әзілдер, қожанасыр туралы қазақша анекдоттар, қожанасыр туралы әзілдер, қожанасыр туралы қазақша анекдоттар, анекдоты на казахском языке бесплатно, анекдоты на казахском языке для детей, смешные анекдоты на казахском языке, анекдоты новые на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]