Анекдот: Бір жігіттің тілегі...
Оңтүстіктің бір жігітіне қыдыр кездесіп қалыпты. Жігіт қыдырға ұнаса керек — «қалаған тілегіңді орындайын» депті. Жігіттің көлігі жоқ екен. «Көлік бер, бірақ, бензинсіз жүретін болсын» — депті. Қыдыр: «жарайды, саған бір сөз айтқанда жүретін, бір сөз айтқанда тоқтайтын көлік берейін. Қай сөзді айтқанда жүрсін, қай сөзді айтқанда тоқтасын?» деп сұрапты. Жігіттің күнделікті қолданатын сөзі «шешең» екен. «Шешең» дегенде жүрсін, «әкең» дегенде тоқтатасын, — депті.
Жігіт қыдыр берген көлігімен айдап жүріп келе жатыпты. Көлік жылдмадық қосқан сайын жаны кіріп, үсті-үстіне «Шешең! Шешең!» деп жылдамдықты үдете түсіпті. Бір мезет қараса, алдында — тік құлама жар. Жігіт көлікті тоқтататын сөзді ұмытып қалыпты. «Атаң» дейді, «енең» дейді — көлік тоқтамайды. Өлдім-талдым дегенде «әкең» деген сөз есіне түседі де көлікті дәл жар алдында тоқтатады. Маңдайынан бұршақтаған терін сүртіп, жігіт «Уф, шешең!» депті.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: