Қазақша Анекдот: Отан және ана

Старшина взводты сапқа тұрғызып : * Мен бүгін сендермен саяси сабақ өтемін!* - дейді.
- Бірінші сұрақ: Арманов!
- Мен!
- Отан дегеніміз не?
Минуттық үнсіздік: - Білмеймін.
- Ақымақ! Отан дегеніміз сенің анаң! Түсінікті ме?
- Иә!
- Сен не түсіндің?
- Отан менің анам!
- Жарайсың!
- Болатов!
- Мен!
- Отан дегеніміз не?
- Отан дегеніміз Армановтың анасы!
- Ақымақ! Отан сенің анаң!Түсінікті ме?
- Иә.
- Сен не түсіндің?
- Біз Арманов екеуіміз ағайындымыз!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: