Тақырып
Мұғалима бұл сыныпқа жаңадан келген еді. Ол жас әрі жігерлі ұстаз болатын.
Жұмыс істегісі келіп құлшынып тұрады. Анығына келгенде, ол ұстаздық
қызметті енді ғана бастап жатқан жоқ. Мұның алдында да аз-маз тәжірибесі
болды. Дегенмен оған жаңа орта да, сынып та әлі толық таныс емес еді. Сөйтсе
де мұғалима өз жұмысына айрықша бір ықыласпен кірісіп кетті.
Бірде ол сыныппен бірге кеш өткізгісі келді. Кешке өз ойынша балалардың
ата-аналары да қатысса екен деп тіледі. Дәлірек айтқанда, олардың аналары
қатысса екен. Себебі мұғалиманың мақсатында кештің тақырыбын ана тақырыбына
арнасам деген ой тұрған еді.
Бірде ол өз ойын сыныпқа осылайша жеткізді. Кешті бәріміз бірге өткіземіз
деді мұғалима. Бұдан ешкім де тыс қалмақ емес. Ал аналарымыз қонақ болып
орырады. Балаларға бұл ой бірден ұнай қалды.
- Дегенмен, - деді мұғалима. - кешімізге тақырып ойлап табуымыз керек. Мен
мұны сендердің өздеріңнің ойлануларыңа қалдырдым. Кім кешімізге жақсы тақырып
ойлап табады екен? Мұны сендерге міндеттемеймін. Өз ынталарыңмен кіріскендерің
жақсы. Біз сосын ұнаған тақырыпты алып кешімізді солай атар едік. Біздің әлі
де уақытымыз бар. Тақырып ана төңірегінде болмақ.
- Тақырып сендердің өз
жүректеріңнен шығуы керек, - деді мұғалима тағы да. - Ол еш жерден көшіріліп
алынбауы тиіс. Ол тіпті
қарапайым сөз немесе сөйлем болсын, сендердің өз жүректеріңнің сөзі болғаны
қажет. Сендер мұны өз аналарымызға айтып жатырмыз деп сезініңдер. Өзгенің
жүрегіндегі әдеміліктен өз жүрегіңдегі қарапайымдылық әлдеқайда көркем
естіледі. Осы бастан осыған дағдыланыңдар.
Балалар бұл іске құлшына кірісіп кетті. Мүмкін олардың бәрі де өз
жүректеріндегі
сөзді аналарына жеткізуге асыққан шығар. Олар әр күн сайын жүректерінен шыққан
тақырып ретінде алынған сөзді ұстаздарына сондай бір елгезек мінезбен
ұсынатын. Мұғалима оларды
оқып күлімсіреп тұрады. Балалар өздері ойлап тапқан тақырыптың қайсысы
апайларына көбірек ұнайды екен деп іштей қобалжып та жүрді.
Сынып осы бір іске ішкі жан-дүниелерімен беріле кірісіп кеткен еді. Тек бір
бала
ғана бұған атсалысқан жоқ.
- Сен неге бұған атсалыспайсың? - деді бірде мұғалима оның жанына келіп.
Бала ұстазы жанына келгенде орнынан тұрды. Кенет ол:
- Менің анам жоқ...анам жоқ...- деді булыға жылап жіберіп. - Мен тақырып
ойлап таба алмаймын.
Ұстаз сасқалақтап қалды.
- Сенің анаң дүние салған ба еді? - деді ол сыбырлағандай етіп сөйлеп.
Бала басын изеді.
Мұғалиманың алақаны бейне бір шәкіртінің басынан сипағысы келгендей көтеріле
берді. Осы кезде бала:
- Оның орны бөлек еді, - деді булыға жылап тұрып.
Баланың бұл сөзді жасқа булығып айтқанынан мұғалима ести алмай қалды.
- Не дедің? - деді ол шәкіртіне еңкейе түсіп.
- Оның орны бөлек еді, - деді бала.
"Бөлек екен ғой, - деді мұғалима ішінен, - бөлек екен".
- Ал әкең бар ғой?
Бала басын изеді.
"Демек, әке ананың орнын толтыра алмайды екен ғой".
Кенет мұғалима серпіліп кетті.
- Балалар, - деді ол сыныпқа естілердей дауыспен. - біз аналарымызға арналған
өз кешіміздің атын "Орны бөлек жан" деп атасақ қайтеді? Шынында да, біздің
бәрімізге де аналарымыздың орны айрықша бөлек қой.
Балалар бұған бірауыздан келісті.
"Оны кешке атсалыстыруым керек, - деді мұғалима. - Мүмкін оған жүргізушіліктің
бірін ұсынармын. Балалар өз кештерін өздері жүргізеді ғой.
Бәрі де мүмкін".
Мұғалима қыз әлденеге жаны ауырғандай ернін тістелеп ойланып қалды.

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: