Қазақ тойындағы ойналатын ойындар (видео)

Қазақ тойындағы ойналатын ойындар (видео)

Санамақ ойыны

Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек.

Тасымақ ойыны

Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған Бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады.

Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек, команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.

Отырмақ ойыны

Бұл ойында екі орындықтың арасында бір орындық сыятындай етіп қойып, үстерін жапқышпен жауып, ол орынның бар екенін сездірмеу керек. Екі орындыққа екі қыз отырады да, ортасы бос тұрады. Ойын басқарушы бір жігіттің көзін таңып, басқа бөлмеден алып келіп, отырған екі қыздың қолдарын ұстатады да, екеуінің ортасына отырып, қай таңдағаныңның бетінен сүй дейді. Көзі байлауды жігіт екі қыздың ортасына отыра бергенде, екеуі тұрып кетіп, бос жамылғының үстіне отырған жігіт құлап түседі. Жұрт күлкіге батады.

Ойынның шарты: ойын басталмас бұрын 3- 4 жігітті басқа бір бөлмеге алып кету керек, өйткені ойынның тәртібін білген адам ойынға шықпауы мүмкін.

Белбеу тастау ойыны

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, арасы 15 - 20 метрдей екі сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізуші бірінші топ ойыншыларының біреуіне қолындағы орамалды береді. Ол жүгіріп жүріп, екінші топтағы бір қыздың (баланың) артына орамалын қалдырады да, өз орнына қарай жүгіреді.

Орамалды тауып алған ойыншы қуып жетіп ұрса, онда қарсыласымен бірге өз тобына келеді, ал қуып жете алмаса, қарсы топқа кетеді. Келесі кезек екінші ойыншысына беріледі. Осылайша балық ойыншылар орамалды бір-бір реттен тастап шыққанынша, ойын жалғаса береді.


[media=https://www.youtube.com/watch?v=00uQatpyw0Y]


Аттамақ ойыны

Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады. Біріншісі төмен, оны аттап өту керек, екіншісі биік, оны еңкейіп, үшіншісінен тағы да аттап өтуі керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп жаттықтырып, содан соң көзін байлап, бір айналдырып қоя беру керек. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті алады да, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

Ескерту: ойынды ұзаққа созу үшін үш төрт адамды басқа бөлмеге апарып қою керек.

Епті жігіт ойыны

Ортадағы үстел үстіне құмыра қойып, бетіне стақан төңкеріп қою керек. Талапкер ортаға шығады. Шарт: ойыншы екі қолын артына ұстап, төңкерулі стақанды иегіне қысып, құмыраны тісімен тістеп ішіндегі сұйықты ішуі керек. Ойын басқарушы хадарлағанда кім епті болса, сол мына құмырадағы шарапты ішеді деп ескертіп қояды, ал шын мәнінде құмыра бос болады. Сөйтіп, жігіт алданып, көпшілік күлкіге батады.

Жаяу тартыс ойыны

Ойынша қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, ек басы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып белгіленген межеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Ал ұтылған ойыншының орнына басқа ойыншы келеді. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншы жариялайды.

Қындық – сандық ойыны

Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.

Тұтқын алу ойыны

Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал-ай, бұлал-ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімін ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен – алал-ай мен бұлал-айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайшы бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.


[media=https://www.youtube.com/watch?v=UvSQ8x00DxU]
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

KZ

Іздеп көріңіз:
Қазақ тойындағы ойындар, тойдағы ойындар, тойда ойналатын ойындар видео, той ойындары казакша видео, той ойындары казакша, игры на казахской свадьбе, Санамақ ойыны, Тасымақ ойыны, Белбеу тастау ойыны, Аттамақ ойыны, Епті жігіт ойыны, Жаяу тартыс ойыны, Қындық – сандық ойыны, Тұтқын алу ойыны, Санамақ Қазақ тойы ойын, Тасымақ Қазақ тойы ойын, Белбеу тастау Қазақ тойы ойын, Аттамақ Қазақ тойы ойын, Епті жігіт Қазақ тойы ойын, Жаяу тартыс Қазақ тойы ойын, Қындық – сандық Қазақ тойы ойын, Тұтқын алу Қазақ тойы ойын, мерекеде ойналатын ойындар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]