Ұяда не көрсе
Бәрі де қарыз сұраудан басталады. Ақша жүрген жерде, ұят сынға түседі. Қарызды алған адам емес, қарызды берген адам ұялып жүреді.
- Кешіріңіз, - дейді қарызын сұрап келуші қысыла тұрып. - сіздерде алашағымыз бар еді.
- Алашағың болса неғыл дейсің енді?! - дейді үй иесі әйел шаптыға сөйлеп. - Былтыр ғой алғанымыз, әлі толық бір жыл да болған жоқ.
- Сіздер бір айдан кейін қайтарамыз дегенсіздер.
- Бір айдан кейін қайтарамыз десек, ақша болмай жатқан жоқ па?! - дейді үй иесі әйел одан әрі шаптығып.
- Сіздерден ыңғайсыз болды-ау, - дейді қарызын сұрап келуші қысыла түсіп. - Қайта-қайта ақшамды сұрап келе бергенім ұят болды-ау.
- Оның несіне қысыласың, шырағым, - дейді үй иесі әйел қарызын сұраушыны жұбата сөйлеп. - Қысылма. Еңсеңді тік ұстап жүр. - О, тәңірім, - дейді сонан соң үй иесі әйел сұңқылдай сөйлеп. - тоба деп отырған үй едік, бұл жұртқа не болған түге, осы үйден қайта-қайта қарызын сұрап келе бергені несі?! Шырағым, былай тұршы, есіктің көзінде ербиіп тұрып алмай. Жарық берші. Тамағымызды да жөндеп ішкізбедің ғой.
Осы кезде ішкі бөлмеден ісіңкі көзінен ұйықтап тұрғандығы белгілі болып тұрған, мәйкішең осы үйдің отағасы шығады.
"Үмітім осы кісіде, - дейді қарызын сұрап келуші іштей. - бір түсінсе, осы аға ғана түсінеді".
- Ағаа, - дейді даусы дірілдей сөйлеп.
- Мынау неғып жүр?! - дейді еркек әйеліне алара қарап.
- Былтырғы алған заттың ақшасын сұрай келіпті.
- Біз бір жаққа көшіп бара жатырмыз ба екен?! - Еркек әңкілдеп кетеді. - Шырағым-ау, біз ешқайда да көшіп бара жатқан жоқпыз ғой!
- Әке-шешем ешқайда да көшіп бара жатқан жоқ! - дейді осы үйдің үлкен ұлы қарызын сұраушыға қарап зіркілдеп.
- Көшіп бара жатқан жоқ! - дейді осы үйдің қызы бүйірін таянған күйі шаптыға тіл қатып. - Ешқайда да көшіп бара жатқан жоқ!
- Көшіп бара жатқан жоқ. - Бұл дауыс қайдан шықты тағы? Бесіктегі сәби сөйлеп жатыр екен.
- Көшіп бара жатқан жоқ, - дейді сәби ап-анық етіп. - Ешқайда да көшіп бара жатқан жоқ қой. - Сонан соң: - Неге ұрып жібермейсіңдер? - дейді бесік ішінен шыққан дауыс. - Жабылып ұрып жіберсеңдерші, сосын ақшасын сұрап келмейтін болады. Итті босатып қоя беретін екен.
"Қой, кетейін, - дейді қарызын сұраушының өңі қуқыл тартып. - Есім барда, елімді табайын".
Қарызын сұраушы кетісімен, бәрі жамырай күліседі.
Бесік ішінен шықылықтаған күлкі естіледі.
Ұяда не көрсе...

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Патриоттар
» Қадір түнін құлшылықпен өткізген адам мол сауапқа кенеледі
» Арман деген не?
» 100 имамның жан айқайы...
» Жақсы адам

Іздеп көріңіз: