Халық арасындағы кең сұранысқа ие ер азаматтар
Халық таңдауы Халық арасында кең сұранысқа ие болып, талантымен талайды таң қалдырған, сымбатымен жүректерді баурап алған, әдемі әндерімен тыңдарманның көңіл терезесін қаққан ерлер арасындағы үздіктерді жариялаймыз.
Тәуекел Мүсілім
"Махаббатым жүрегімде" телехикаясы арқылы талай қыздың қиялдағы ханзадасына айналған, шоу-бизнесіміздің шырайлы бойшаңы көш бастайды. Бойының ұзындығы - 194 см, қарапайымдылығымен актерлік қабілеті үндескен жігітті еліміздің беделді продюсерлері байқады. Жанна Абуованың жетекшілігіндегі жігітті Баян Есентаеваның өзі мойындады. "Тәуекел үйленеді",-деген қауесет тарағанда, тамырын кесем,-деген бикештер көбейді. Қыздар, өздеріңізге қол салмаңыздар. Тәуекел - бойдақ.
Серік Ибрагимов
Қызбен тек вокзалда қауышып, салауатты өмір салтын қолдап, жаяу жүретін жалғыз жігіт бар - Серік Ибрагимов. Тәуекелдей бойы ұзын болмаса да, ойы келелі. Бала кезде мультфильмнен сүйіп тамашалайтын Дымбілмеске (Незнайка) ұқсатқандар көп. Қазір Сериксіз бір той өтпейді. Бұрын тойлар жиналыс еді, қазір би жары
Қайрат Нұртас
"Ауырмайды жүрек" деп жүріп, талай сұлудың жүрегін ауыртқан, номері бірінші лирик әнші - Қайрат Нұртас де осы үздіктер тізімінде. Жеке өмірін қалай жасырса да, қымбат киімдері мен көліктерін жасырмайтын әнші көрерменге лық толы концерт залдарымен, стадиондармен мақтанады. Бірақ жылауық әндерден неге әншінің өзі де, тыңдармандары да жалықпай келетіні белгісіз. Бақытты өмір сүрейікші?!
Ернар Айдар
Қайрат Нұртасқа еліктейді,-деп сөксеңіздер де, өнерде өзіндік жолын тапқан - Ернар Айдар да халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оншақты бейнеклипі, елуден астам авторлық әндері бар. Көрерменнің музыкалық мұңдасы, сезім толқын сырласы,-десек те болатындай. Әншінің шабыттанғанда әдемі сөздерден өлең өретін қасеиті бар. Кезінде оны Еркін Нұржановқа ұқсатқанда:
"Әндерім тарап жатыр, елден елге,
Не жетсін, биікке өрлегенге?!
Тыңдарман Нұржановқа ұқсатады,
Жүректі қазақы әуен тербегенде.
Ол Еркін, мен Ернармын өнердегі,
Тек қана қайталанам, "Ер",-дегенде,-деп жауап берген.
МС Сайлаубек
"Әу",-демейтін қазақ жоқ. Бірақ ащы суға сылқия тойып, жастардың мазағына айналып жүріп, танымал болып кететінін кім білген?! Ия, сіз қателескен жоқсыз, біз Сайлаубекті меңзеп отырмыз. Атыраудың тумасы қазір өнер ордасына келді. Әншілердің парақшаларында жүр. Келемешке емес, әріптестік байланыс орнап жатқан сыңайлы. Танымалдық ішімдікті қоюына себеп болса игі.

Осы жігіттер туралы не ойласыңдар?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: