Ғибратты сөздер

Ғибратты сөздер

Парасатты қамқоршы ретінде тек ақылға ғана өз өміріңді сеніп тапсыр...

Ақылсыз адам кез келген ілімге бас ұруға құмар.

Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...

Ақыл - парасат тәжірибеден туады.

Ақыл-ойды дамыту үшін жаттау емес, ойлау қажет.

Ақылды болғың келсе, парасатты сұрақ қоюды, мұқият тыңдауды, сабырмен жауап беруді және айтар ештеңең болмағанда сөйлеуді доғаруды үйрен.
И. Лафатер

Ақыл-ой ұшқырлығы сұлулықтың орнын толтыра алады.
К. Гельвецкий

Ақылға барынша мол қорек беруге тырыс.

Парасаттылықты қажет етпейтін жағдай мен маңыздыдылығы аз іс болмайды.
Л. Толстой

Өмір парасаттылығы адамдардың парасаттылығынан әлдеқайда терең және кең.

Ақыл - жан қуаты.

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.
Ғабит Мүсірепов

Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.
А.П.Чехов

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

KZ

Іздеп көріңіз:
гибратты создер, гибратты соз, гибратты сөз, ғибратты сөздер, ғибрат сөздер, ұстаз туралы ғибратты сөздер, gibrat sozder, Ғибрат, нақыл, өсиет сөздер – слова назидания, наставления

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]