Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Қарағанды облысы
Ұлытау ауданы
«№11 Қоскөл орта мектебі» КММ
биология пәні мұғалімі Тортаева Айгуль Сериковна
Әріптестеріме өткізген коучинг – сессия. Өткізілген күні 21.11.2014

Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі түйінді идеялар:
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Коучингтің барысы:
Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
1. Психалогиялық ахуал қалыптастыру
«Өзгеру»
Коучингке қатысушыларға ұшу аппаратын жасауға тапсырма беріледі. Ұшу апаратын жасағаннан кейін әр қатысушы нысанаға тигізіп көреді. Қорытынды жасайды.
Біз өзгеру керек пе?
Нені өзгертер едіңіз?
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?
2. Коучинг тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер.Диалогтық оқыту
Коучинг дегеніміз не?
Сөзбе - сөз аударғанда – тәлім алу, дайындау, жаттықтыру
3. Топқа бөліну:Сұрақ-жауап жазылған парақшаларды құрастыру арқылы,Ән тарихы,ән авторы,сол әнді орындау
4. Топ ережесін қабылдау
5. Топ мүшелері бейнефильмді көреді.
6. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
7. Диалогті оқыту дегеніміз не?
8. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік
9. Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы(қосымша мәлімет)
10. Сергіту сәті
11. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
12. Топпен жұмыс рольдік ойындар,әңгіменің 3 түрі бойынша,қай әңгіме түріне жататынын анықтап,сонда рольдерді орындап шығу
Тапсырма №1
Пед.кеңес.
Тақырып: « Ата-аналар жиналысын оқушылармен бірге өткізудің тиімді және тиімсіз жақтарын ашу»

Қойылым барысында байқалатын жайлар:

А) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады

Ә) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады

С) орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Тапсырма №2
Мектеп әкімшілігінің есебі
Тақырып: «Өткен оқу жылының қорытындысы»
Қойылым барысында байқалатын жайлар:

а) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі

ә) қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы

с) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді

Тапсырма №3
Сонымен солай дейік...................
Тақырып: «ҰБТ –білім сапасының басты көрсеткіші»

Қойылым барысында байқалатын жайлар:
А) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады
ә) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді
б) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанмен, мұқият бағалау жүргізіледі
с) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады ( олар келісімге келмеуі де
мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу)

13.»Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

KZ

Іздеп көріңіз:
коучинг, диалогтық оқыту, оқыту, ретінде, деген, Оқыту, бойынша, Диалогтік, Коучинг, дегеніміз, диалогтік, жауап, дамытуға, әңгімелесуді, арттыру, мұғалімдер, келісімге, барысында, байқалатын, жайлар, Қойылым, Тақырып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]