Аналар жайлы үздік 5 фильм
Адам өміріндегі ананың алатын орны ерекше. Түн ұйқысын төрт бөліп, өмір мен мейірімін сыйлаған ананы көзі тірісінде қадіріне жете білдік пе? Жұмақ - ананың табанының астында. Егер алыста болсаңыз, телефон шалып жағдайын біліңіз.Қым-қуыт тіршілік деп жүріп анаңызды бағалай алдыңыз ба? Әлде болмашы затқа араздасып қалдыңыз ба?
Ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Кешікпеңіз. Бүгін, дәл қазір хабарласыңыз. Өйткені ана біреу-ақ. Ал уақыт жылдам.
P.S. Бұл фильмнің бәрін өз басым көріп шықтым. Мағынасы зор фильмдер. Ананың қадірін біле түсу үшін осы фильмдерді көріңіз.
1. Мамы. Режиссерлары Тихон Корнев, Ольга Антонова және т.б. (2012)
[media=https://www.youtube.com/watch?v=2fwW_P48SEI]
8 кино новелланың басты кейіпкері-Ана. 8 наурызда 8 ананың бастан кешірген оқиғалары баяндалады. Дәл осы мереке күні ерлер сүйіктілерін, құрбысын, серіктес бикештерді құттықтайды. Бірақ ұялы телефон операторының қызметі бұзылып қалады. Фильмнің басты идеясы – мереке күні ешқандай қиындыққа қарамастан ерлер өз аналарын құттықтайды. Анасы басқа қалада болуы мүмкін. Оларды қызметі бұзылған ұялы телефон да тоқтата алмайды. Өйткені анасы үшін ерлер бәріне дайын.
2. Однажды 20 лет спустя. Режиссеры: Юрий Егоров (1980)
Мектеп бітірушілері жайындағы атақты телебағдарламада фильмнің бас кейіпкері Надежда Круглованың сыныбы жиналады. Бірнеше жыл бұрын мектеп бітіріп кеткен әрбір түлекке 2 ақ сауал қойылады. Өміріңіздегі бастан кешірген басты оқиғаңыз? Өміріңізден не күтесіз?
10 баласы бар батыр анаға бұл сұраққа жауап беру қиын. Басты жаңалығым бар ма деген сауалға жауап іздеген Надежда есіне өткен өмірін түсіре бастайды. Өткен өмірі - жасөспірім балаларын тәрбиелеудегі қиындығы, балаларын адам қатарына қосам деген ана талпынысына толы. Көп балалы ананың уайым-қайғысы, естеліктері суреттеледі. Бірақ бала тәрбиесіне байланысты қиындыққа қарамастан ол ана және сүйікті жар болып қала береді.
3. Материнство. Режиссеры: Кэтерин Дикманн (2009)
2 баланы жалғыз өсіріп жатқан ана Манхеттенде өмір сүреді. Алда 6 жасқа толатын қызының туған күні келе жатыр. Туған күнде туысқанның бәрі «ақыл-кеңестерін» айтады. Бірақ шын мәнінде ешкім көмектескісі келмейді.
4. Я не знаю как она это делает. Режиссеры: Дуглас Макграт (2011)
Кейт Редди бір уақытта бірнеше жұмысты істегісі келген жас ана үнемі қызықты оқиғаға тап болады. Ол бизнеспен айналысады, сонымен бірге жақсы ана болуды көздейді. Оны Нью-Йоркке жаңа қызметке ауыстырады. Осылайша отбасынан алыстап, жаңа бастығымен жақындаса түседі. Өз ақымақтығын түсініп, жарымен сөйлесіп отбасына оралады. Енді Кейт жұмысымен қатар отбасын бірге алып жүреді.
5. Волчок. Василий Сигарев (2009)
Фильмдегі басты кейіпкерлер - ана мен қызы. Олар үнемі ізденіс үстінде. Ана өзінің «Менін» іздейді, өмір мәнін, тағдырын түсінгісі келеді. Қызынан безінеді. Ал қызы анасын іздейді. Өйткені анасыз оған өмір жоқ. Олардың ізденісі үнемі қайталанатын қателіктерге әкеп соқтырады. Ана мен бала арасындағы байланыс үзілсе үлкен қатерге әкелуі мүмкін.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: