Балаларға арналған жұмыс: Мансап баспалдағының алғашқы қадамдары
Балалардың өздері әлі игермеген мінез-құлық түрлеріне еліктейтіні көпшілікке мәлім жайт. Көбінесе балалар өздерін жұмыс істейтін үлкен адамдар сияқты сезінгісі келеді, сондықтан балалар арасында дәрігер, мұғалім және басқа да мамандық иелері болып ойнау кең тараған. Қазіргі кәсіпкерлер бұл қызықты фактіні тез аңғарып, оны өз мақсаттары үшін пайдаланып, балаларға жұмыс істейтін адамның рөлін сынап көруге мүмкіндік берді.
Балалар қаласы
Ең ірі жоба – Хавьер Лопес Анконаның туындысы. 1999 жылы ол Кидзания – балалар қаласын «тұрғызды». Мұның сызбасы қарапайым: балаға оның жүрген жерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы датчиктермен жабдықталған білезік пен саябақтың ішіндегі ойын-сауық үшін кидзо жергілікті валютасында біраз ақша беріледі. Қолма-қол ақшаның қорын толтыру үшін бала кидзоны өзі «жұмыс істеп» табады. Бұл үшін оған арнайы униформа және оның мамандығына сәйкес келетін құрал-жабдық беріледі.
Мұндай қаланың негізгі идеясы – балаларға өмірдегі өз қызығушылығын табуға және кішкентай кезінен бастап мамандық таңдауға көмектесу. Олардың таңдауына 50-ден астам мамандық ұсынылады. Балаларға әр мамандықты игеру үшін 30 минут беріледі. Саябақ балалардың арасында өте танымал, сондықтан оған кіру үшін билеттерді мұнда келгенге дейін бірнеше ай бұрын броньдап қою керек.
Балаларға арналған жұмыс
Rihga Royal Hotel жапон қонақүйінің иелері де бизнестің жаңа тәсілін сынап көруге шешім қабылдады, сөйтіп балаларда болашақ өмірге қажетті пайдалы дағдыларды дамыта отырып, 3 жастан 12 жасқа дейінгі жас тұрғындарға аспазшы, бөлме жинаушы және швейцар сияқты қонақүй қызметкері ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
Интернет-кәсіпкер Линда Расх бұдан да асып түсті – кез келген адамның, әсіресе баланың еңбекке қызығушылығы болу керек. Сондықтан Линда балаларға жұмыс істеп қана қоймай, ақша табуға да мүмкіндік берді. Жобаның мәні мынада: бала Линданың сайтына тіркеліп, өзінің дүкенін ашады, оған өзі қалаған кез келген тауарды кіргізеді, одан кейін ата-анасы мен туған-туысқандарын оны сатып алуға мәжбүрлеп, ақша түсіреді.
Franchild компаниясының негізін қалаушылар осыған ұқсас жүйені пайдаланды: балаға өзі айналысқы келетін бизнестің түрін (әшекей, киім және т.б) таңдау, қажетті құрал-жабдыққа тапсырыс беру, өзінің визиткалары мен қаптамаларын жасау мүмкіндігі ұсынылады. Мұндай бизнесті жүргізу үшін 25 доллар + вебпарақты ұстау үшін айына 2 доллар төлеу қажет, бұл вебпарақтың көмегімен балалар интернетте өзінің бизнесін жүргізе алады.
Балалар банкі
Үнділік қайырымдылық компаниясының өкілдері балалармен бизнес жүргізудің өзіндік тәсілін ойлап тапты: олар толығымен балалар (әрине, ересектердің басшылығымен) қызмет көрсететін банк құрды.
Мұндай банктің міндеті – балаларды ақшаны дұрыс ұстауға, ақша жинауға үйрету және алдағы өмірде пайдасы тиетін жұмыстағы кейбір дағдыларды игерту.
Өзінің аз жалақысы мен жинаған ақшасын жас банк қызметкерлері тәтті тағам сатып алуға жұмсамай, өзінің қаражатын сақтап, көбейту үшін банкке әкелетіні қызық.
Қорытындылай келе, мұндай ойындардың кішкентай қыздар мен ұлдарға іскерлік дағдыны дамытуға көмектесетінін айтқымыз келеді, өйткені олар өздерінің құрдастарына қарағанда ақшаның құнын айтарлықтай ерте біліп, еңбектің не екенін түсінеді.
Ал сіз не ойлайсыз? Шынымен де баланы кішкентайынан бастап кәсіпкерлік дағдыларға үйреткен дұрыс па, әлде оған өскен кезде бизнеспен айналысуға өзінің шешім қабылдауына мүмкіндік беру керек пе? Пікірлеріңізді асыға күтеміз! Жазыңыздар!

Ақпарат көздері : asks.ru, kaspi bank
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: