Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттері
Бойдағы жамандыққа бейімділікті жақсылыққа қалай бағыттауға болады?
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.
Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Сондай-ақ адамда «раббани латифа» немесе Ғазалиша айтқанда «маад ақыл» деген бар. Оны тура қолданған адам материалдық әлемнің тысындағы ғайып әлеміндегі тылсым дүниелерді көріп, ғайыптан сыр аулайтын қасиетке қол жеткізеді. Бұған қоса, адамға «мааш ақыл» деп аталатын осы дүниені терең сезінуге, түйсінуге мүмкіндік беретін ақыл да берілген.
Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.
Мұндай қасиеттерге қол жеткізген адам баласы бойындағы тән құмарлығын ақ некеге көндіріп, адал жолмен ұрпақ өрбітер болса, «Үйленіңдер, көбейіңдер! Махшар күні өзгелердің алдында мен үмбетімнің көптігін мақтаныш етемін» деген хадиске сай амал жасап, ақыретте сауапқа кенеледі. Хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадисі «Мен адал жолмен, ақ некемен туылған үмбетімнің көптігімен мақтанышқа кенелемін. Өйткені олар (осындай отбасылар) үмбетімнің санын молайтатын берекелі шаңырақ іспетті олар тәухид сеніміндегі мүминдерді «тәрбиелеп өсіреді» дегенге саяды.
Мәселеге осы тұрғыдан келгенде ғана нәпсі толықтай ерікке мойынсұнады. Пайғамбарымыздың «Әркімнің бір шайтаны болады, менікі бірақ өзіме бағындырылған» деген хадисінде «Жамандықты қалап тұратын нәпсім өз еркімнен тыс ештеңеге бара алмайды» дегенді айта отырып, нәпсіні тізгіндеу адамның өзіне ғана байланысты екеніне және құрықталған нәпсіден зиян келмейтініне назар аударады.
Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды. Тіпті мансапқұмарлық, шенқұмарлық, жалқаулық тәрізді қасиеттер де оны райынан қайтарып, теріс жолға еліктіріп кете алмайды. Ондай адам пайғамбарымыздың сүннетінен сусындаған мұсылмандық тәрбиеге беріктік танытады. Нәпсіге тән бірбеткей мінезді осылай тезге салғанда ғана ол тура жолда табандылық таныту, ақиқатқа бас ұру тәрізді ізгі қасиеттерге кенеле түседі.
Бұндайда шайтани қылыққа баланған әлгі мінез керісінше адамның періштелік сипатына айналып, ізгілікке жұмыс істей бастайды. Бірбеткейлігін тәрбиеге иліктіре білген ерлердің бірі Уқба ибн Нафиге қарап көрейік. Ол бойындағы бірбеткей мінезін қайсарлыққа айналдырып, бүкіл ғұмырын жихадқа арнаған. Берберилерге қарсы үлкен күрестерде қолбасшы болған.
Африканы қол астына қаратқан Уқба ибн Нафидің азапты күндері Муауия тарапынан кісенделген сәттері еді. Кейіннен кісеннен құтылып, опасыз дұшпан қолынан мерт болғанға дейін ол Аллаһтың ұлы есімін асқақтатып, дінді әлемнің шартарабына таратсам деген ұлы мақсат жолында шайқасқан. Кезекті жорықтардың бірінде бет алған жолын теңіз бөгегенде ол атымен суды кешіп тұрып: «Уа, Жасаған Ием! Алдымнан мына тұңғиық теңіз шықпағанда, Сенің ұлық есіміңді қараңғылыққа тұншыққан жерлердің бәріне жеткізер едім», – деген.
Әйгілі түрік зиялысы Абдулхақ Хамид бір еңбегінде Уқба ибн Нафидің осы айтқанына қатты таңғалып «Уқба ибн Нафидің осы айтқаны артық па әлде періштелердің ғарышты тербеген үні артық па, біле алмадым» деп жазады.
Уқба ибн Нафидың ойының бұлағы мен тілінің тиегін ағытсақ Аллаһ жолында теңіз табанын тоздырып, жер құрсағын індетерлік асқақ арманы мен жанкешті жүректілігін байқаймыз. Міне бұл, нәпсіні ақылмен тізгіндеудің, жасымас жігер, қайтпас қайраттылықтың тамаша үлгісі.
Иә, шындығында ұдайы ғибадат жасаған адамның ішкі сезімдері, рухани түйсіктері бірте-бірте ашылып, өзгелердің түсінде ғана көре алатын таңғажайыптарын ол өңінде де сезінетін, көретін дәрежеге жетеді. Халықты имандылыққа шақыру күн тәртібінің ең өзекті мәселесіне айналған шақтарда діні үшін жар құлағы жастыққа тимеген мұсылмандар арасында мұндай терең әрі тосын жайттар жиі кездесетіні де рас. Болатын оқиғаны алдын ала сезу және ерекше иләһи тартуларды осылай ұққан жөн. Ежелден бері Ислам жолында қызмет еткен жандарға Аллаһтың айрықша сый-кәделері аз болмаған. Алайда Жаратушының осы тартуларынан бөлек басқа да сыйы бар. Ол – осындай кәдеге лайық мұсылманды мақтаудан және тәкаппарлықтан қорғау үшін нәсіп еткен ерекше тартуларын оған сездірмеуі. Үздіксіз құлшылық жасап, Аллаһ жолында асқан қажырлылықпен қызмет еткендер Жаратушы тарапынан айрықша игіліктерге кенеледі. Мұндай жандар әулиелердің кереметін көрсетпесе де рухани дүниесінде иләһи самал ескендей айрықша күйге бөленеді.
Ар-ұжданын асқақ ұстаған адамға шәхуат, нәпсілік сезімдер әсер етпейді, яғни нәпсілік сезімдердің кері әсерінен келер қатер жоқ. Мұндай жан нәпсілік сезімді оятатындай жайтқа куә бола қалғанның өзінде ар-ұжданына құлақ асады. «Харамға қарау – шайтанның улы оқтарының бірі. Кімде кім Аллаһтан қорқып харам бейнеге қарамай көзін тайдырып әкетсе, көкірегіндегі иманын арттырамын, ол жүрегінің түкпірінде иманның ләззатын сезінетін болады» деген құдси хадисті еске алады да, харамға қарамайды. Осы хадистен Аллаһ тағала көзін харамнан сақтаған адамның көңіліне иман ләззатын беретінін, және ол ләззаттың есті жаулап алатындай тәттілігін аңғарамыз. Адамның харамға назар салмауы ақырында Жаратушының дидарын тамашалауға жетелейді. Ол жағдай ақыретте жүзеге асатыны сияқты бұ дүниеде де ерекше түрде сезілуі мүмкін. Өйткені адам баласы Аллаһты жүрегі мен көңілінде жасырын сезіне алады.
Жүрек – Аллаһтың әсем есімдері мен субхани сипаттарының кеніші. Бұл кенді қазып, оған қол жеткізу үшін Ұлы Жаратушыны ұдайы зікір етіп, терең ойға (тәфаккур) бару қажет. Аллаһты суреттеу, бейнелеу мүмкін емес, өйткені Ол – бар нәрседен жоғары. Міне осы тұрғыдан жүрек – рухани танымның тұғыры деуге тұрарлық. Дегенмен, жүректе тереңдікке қол жеткізгендердің таным көкжиегі кеңейіп, үнемі рухани жағынан биіктей түседі және кез-келгенге бұйыр-майтын кейбір ерекше сезімдерге ие болады. Адам баласы жалпы қалай өмір сүрсе солай өлетініне, қалай өлсе солай тірілетініне сеніп, әрбір қадамын соған орай басатын болса, оның санасы мен ар-ұжданында дән боп себілген дүниелер арғы дүниеде бүршік атып алдынан шығары сөзсіз. Иә, о дүниеде муминдер тілмен айтуға келмейтін Жаратушының жамалын тамашалау мүмкіндігіне қол жеткізетіні хақ.
Адамгершілік қасиеттердің дамып, жетілуі нәпсіні құрықтау арқылы жүзеге асады. Ар-ұждан тазарып, асқақтаған сайын нәпсі соған бағына береді. «Әммара» деп аталатын нәпсінің алғашқы баспалдағындағы жамандықтарды жаншып, ілгерілеген сайын адамның рухани дүниесі нұрға бөленіп, жарқырай түседі. Мұндай дәрежеге жеткен адам болмашы күнә жасаса да, өзіне қатал қарап, нәпсімен есеп айырысады. Жасаған күнәсін ойлап жаны қинала бастайды, тау арқалағандай зіл батпан ауыртпалықты сезінеді. Бұл – нәпсінің ләууама сатысы, яғни адамның өз-өзін кінәлаумен болатын кезі. Осы жолдан бір сәт те тайқымай, ұжданымен дәйім есептескен жан күндердің күнінде
«Жалалыңнан жапа шексем, жамалыңнан опа көрсем
Екеуі де жанға жайлы, азабың да, жақсылығың да», – дейтіндей дәрежеге жетеді де, Пайғамбарымыздың «Біз раббымыз Аллаһтан әрқашан разымыз» деген сөздерін сезініп, үнемі сүйсіне қайталайтын болады. Яғни «Иә, Аллаһ Тағалам! Мойнымызға не салсаң да ризамыз» дегенді білдіреді. Бұлай өмір сүрген жан уақыт өте келе құрметті мәртебеге қол жеткізеді. Оның әрбір сөзі мен әрекеті Аллаһты айналасындағылардың есіне салып тұратын жағдайға жетеді. Негізінде пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы деңгейдегі кәміл адам болған. Өйткені, оның әрбір әрекеті, құлшылық жасаған сәттері Аллаһ тағаланы еске түсіріп тұратын. Әрине мұны сезіну үшін де ар-ұждан мен ішкі жан сарайының пәктігі, дайындығы керек.
Ұждан мен нәпсі абстрактілі ұғымдар болған-дықтан, оны ұғыну үшін бойдағы рухани таным қабілетін жетілдіру шарт. Ал бұл мүминнің амалдарына байланысты. Демек, рухани танымның кейеюі әркімнің жеке дайындығы мен жігерінің нәтижесі деп қараған жөн.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: