Гималай тауы туралы қызықты деректер
Гималай әлемдегі ең тыныш жер...
Гималай – Азия жеріндегі ең биік таулы жота. Бұл таудың ең биік нүктесі 8 848 метр биіктікте орналақан Эверест шыңы болып есептелінеді. Гималай тауы бойымен Пәкістан, Үндістан, Бутан, Тибет секілді мемлекеттер шектеседі. Тауда 30 ірі шың бар. Соның тоғызы әлемдегі ең биік шыңдарға жатады.
1. Гималай жотасы осыдан 70 миллион жыл бұрын Үнді-Австрия және Еуразия құрлықтарының соқтығысуы кезінде пайда болған.
2. Гималай сөзі «қарлы мекен» деген мағына береді. Ол «hima» (қар) және «алая» (мекен) деген екі санскрит сөзінің қосарлануынан туған.
3. Үнді мифологиясына сәйкес Гималай «Шива» құдайының баспанасы саналады.
4. Гималай тауының таулы жүйесі ең жас таулы жүйе ретінде қабылданған. Ол Пәкістан, Үндістан, Бутан, Тибет, Непал, Ауғанстан мемлекеттерімен шектеседі.
5. Гималайда ең биік шыңдар жинақталған. Олардың орташасы шамамен 7000 метр биіктікте, ұзындығы – 2400 шақырым, ал ені – 320-400 шақырымды құрайды.
6. Гималай жердің 0,4%-ын алып жатыр. Оның жалпы аумағы 153295000 шаршы шақырым.
7. Гималайдағы ауа температурасы биіктеген сайын салқындайды.
8. Гималай шыңдарының климаты әркелкі. Әдетте альпинисттер жоғарыға көтерілген кезде жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні секілді табиғи кедергілерге тап болады.
9. Үнді-Австралиялық платформа жылына 67 мм жылжиды. Ол 10 миллион жылдан соң 1500 шақырымға жетеді
10. Гималай тауында қарлы шыңдардан басқа жасыл далалы алқаптар бар.
11. Гималай әлемдегі ең тыныш жер.
12. Гималай өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Меконг, Янцзы.
13. Гималай өзендерінің жасы таудың жасынан әлдеқайда үлкен.
14. Таудың жоғарғы бөлігінде оттегінің жетіспеушілігі мен желдің қатты соғуына байланысты ешқандай өсімдік өспейді.
15. Гималай Антарктида мен Арктика жерінен кейінгі қар мен мұздың шоғырлануы бойынша үшінші орынды алады.
16. Гималай бөктерінде өсетін емдік өсімдіктер ең табиғи және таза өсімдіктер болып саналады.
17. 1953 жылы 29 мамыр күні Эдмунд Хиллари мен Тенцинг Норгей Эверест шыңын алғаш рет бағындырды.
18. Эверест шыңына жыл сайын көтеріліу кезінде бірнеше адам құрбан болады екен.
19. Непал елінде Гималайды «Samgarmatha» деп атайды. Ол «Жер жүзінің құдайы» деген мағынаға ие.
20. Гималайда өмір сүретін жануарлар мен өсімдіктер үнемі қауіп қатер үстінде болады. Себебі орманды жерлердің азаюына байланысты жануарлар мекені қысқаруда.

Автор: Akmaral Duisenbaeva
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: