100 имамның жан айқайы...

100 имамның жан айқайы...

Біздер Іле, Қарасай, Талғар аудандарының және Шелек аймағының имам-молдалары өз әл-қадірімізше халыққа қызмет жасап келген едік. Арамыздан Әбсаттар қажының қолынан алғыс алғаныда, халықтан марапат көргені де болды. Облыс имамыменде сыйластық, аудан имамымызда жағдайымызға қарасатын еді. Анда санда ақша жинау бар еді. Оны сыйлық деп өз ризалығымызбен беретін едік. Қой оларда дінге қызмет жасап жатыр ғой бала-шағасы бар ғой деп. Ал жақында мүфти ауысып , орнына басқа мүфти келді. Бәріміз қуандық. Жас келсе іске деп. Мүфтиіміз жас, әрі жақсы адам екен. Кішіпейіл, мінезі жайдары, білімді.
Алайда жанындағы бір орынбасары жанды жеп бітті. Атап айтқанда: дін істері бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы. Ол облыс, аудан имамдарына крыша болып, оларға түрлі алым-салымдар жинатып біздерді шаршатты. Мүфтидің атынан қайырымдылық, концерт, ауызашар деп жүзмың дап жинайды.
«Ау, ағайын біздерде өз ауылымыздағы мешітімізден мүфтидің атынан қайырымдылық жасап жатырмыз» десек, «Ұнамаса жұмыстан кет» дейді.
Жақында бір имам қара тер болып келді.
-Не болды? деп сұрасақ,
-облыс имам машина алған екен. Құтты болсын айт, деп шақырып алды. «Құтты болсын игілігіңе мін» дедім. Ол кісі:
-Рахмет, машинаның бұзылып тұрған жері бар, жақсы СТО барма? деп сұрады.
-Ия қаскелеңде жақсы СТО бар дедім. Апардық, Жөндегесін,
-Ақшасын төле, берген көрімдігің болсын деді. Не дерімді білмей қалдым. Амал жоқ төледім. Бір ай бала-шағамның несібесі кетіп қалды.
Жақында аттестация болды қуандық. Білімділер көтерілетін болды деп.
Кейін біліп қалдық облыс имам Аташов Асетпен орынбасары Арман Камалжанға сүйеніп қып-қызыл ақша жасауға айналдырыпты. Ақша берген имамдарды жоғары жақсы деген баға қойып, бермегендерді төмендетіпті. Онсызда коммиссияның тамағына деп 5000т жинап алған еді. Сонан соң жаппай ротация жүрді. Біздер қуандық. Қабілетті имамдар жақсы мешіттерге барады деп, бұлда облыс имаммен Камалжанның май-шелпегіне айналды. Алды 5000$ арты 500$ доллар бергендер жақсы мешіттерге жайғасты. Бермегендер түрлі сылтаулармен жұмыстан босатылып, шет аймақтарға қуылды. Соның арқасында облыс имам машина мініп алды. Камалжанныңда қалтасы қалыңдады.
Әбсаттар қажының кезінде қабілетсіз деп танылған имамдардан ақша алғаны үшін сөгіс алып жұмыстан кеткен облыс имамының орынбасары Арман мүфти ауысқанын пайдаланып, Камалжанның қолтығына кіріп, имамдарды қанауын қайта бастады.
Сонымен қаттар Бұрын Іле ауданының бас имамы болған «уахабист» деп танылған Серік мырза қазір Қапшағайға бас имам болды. Облыс имамының орынбасары Арманның сценариі бойынша Қапшағайдың бұрынғы имамын өзінің құрған тұзағына түсіріп, жала жауып жұмыстан қуды.
Діндар бола тұра дінсіздердің тәсілін пайдаланатыны жаныңа батады екен. Біздерді түңілткені діндар басшыларымыздың дінсіздер жасамайтын жаман әдеттері, бұл қашанғы жалғасады, қашан тыныш ұйықтаймыз?!
Түнде ұйықтап жатсақ Арман звандайды. Не боп қалды екен десек,
-Мен сок ішкім кеп жатыр, сок алып әкеліп бер,- дейді.
-О, бауырым қазір сағат түнгі 3 кой, дүкеннің көбі жабық десем,
-«Басшыға бағыну парыз» дейді. Амал жоқ ұйқыны қойып, такси жалдап согын апарып бердім. Бұл бір рет болса екен апта сайын жалғасады. Басқа мекемелерде бұлай жасаса қызметін асыра пайдаланды деп соттайтын еді.
Діни басқармада басшы болса, облыс имам болса оларға сотта жүрмейді екен. Білгенін жасап жатыр.
Біздер шаршадық, амалымыз таусылғасын қолымызға қалам алдық, басқа шарамызда қалмады. Бұл Камалжан қанатының астына алған облыс имамының тізесі Құнанбайдың Майбасарының тізесі батқандай батты.
Біздер ақылдаса келе осыларды жазайық еш болмаса жамағат білсін мүмкін бір жақсылық болар деп үміттендік.
Ең сорақысы Қасиетті Рамазан айында мешіттің садақа жәшіктерін облыстық мешіттің бухгалтері Серік мырза келіп, жәшікке мөр басып, қағаз жапсырып, «Өзіміз ашамыз тиіспеңдер», деп кетті. Ораза өткесін келіп ашты. 1000 000 ақша түскен екен. 500 000теңгесін өзі алып, қалғанын бізге тастап кетті.
-450 000теңге түсті, деп айтыңдар, облыс имамның тапсырмасы,- деді. Біз не дерімізді білмей аң-таң қалдық.
Осы мешіттке түскен пітір садақаның есебінен мешіттің жыртығын жамап, жетім-жесіріміздің көңілін аулайтын едік.
Облыс имамның ставкасын береміз деп бұл сауаптарданда құр қалдық. Жазғандарымызды бір екі газет-журналдарға жіберген едік, олар:
Біз мақтасаңдар ғана басамыз,- деп қабылдамады.
Амал жоқ көбейтіп көшеге таратуға бел будық. Біреу болмаса біреу мүфти хазіретке жеткізер деп. Айтқандарымыздың бәрі шындық, ешкімге жала жауып жатырған жоқпыз, амалдың жоқтығынан осы қадамға бардық.
Арманымыз әділдік орнаса екен, діни басқармада жүрген арам тамақтармен жалмауыздардан құтылсақ екен...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

KZ

Іздеп көріңіз:
облыс, жасап, болды, имам, жақсы, мүфти, Біздер, Облыс, орынбасары, жатыр, қызмет, жұмыстан, алған, болса, аудан, дейді, болсын, Арман, имамының, мешіттің, қалдық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]