Күлше
Сұрықсыз кейіптегі затқа толы сөмкесін ары да, бері де сүйреп әуежай ішінде әуреленгені сол еді - бойжеткен күткен рейсінің тағы да бір сағатқа шегерілгені турасында хабар алды. Тосын хабарламаға өкпелі түрде шекесін тыржитты да, бос көрінген орындықтың біріне жайғаса кетті.
Күйбең тіршілік күрмеуінен ағытылып, қам-қайғысыз демалысқа ағылғалы тұрған бұл арудың тежелгеніне 2 сағат өтті. Шыдамсыз мінезін әлденеше рет сынап бергендей одағай жағдайға айтар наласы зор. Мейлінше уақытын өткізіп, қым-қуыт жәйттің жалықтырар тұсынан озуға асығады.. Кенет.. Үсігіс тірліктің жөнімен жол-жөнекей ауыз тиер азығын ұмыт қалдырғаны есіне түсіп, дүңгіршектердің бірінен кішігірім қорапқа салынған күлше орамасын сатып алды. Сөйтті де әуелдегі жайғасқан орнына бағыт алып, отырмаққа амал жасады да, қолындағы кітабына үңіле кетті.
Айжан жайғасқан орындықтың жанында - әлгіндей күлше қорабы бар бос үстел тұрған. Ал үстелдің ар жақ бетінде бейтаныс ер кісі ыңғайланған екен.
Бір уақытта романның қызығына батқан біздің қыз - кітаптың келесі бетін парақтады да , жанында тұрған күлше қорабын ағытып, ішінен бір данасын аузына салды. Сол мезетті күткендей жанында отырған бейтаныс еркек те әлгі қорапқа қолын созып күлшенің бір данасын тістеп кеп жіберді. Мұндай қылмыстық сәтті байқамай қалатын қыз баласы бар ма?! Дереу кітаптан көзін үзе сала наразы жүзімен қорапқа бір, бейтаныс кісіге бір қарады. Ұялы телефонын ақтарып отырған ол кісі - аса мизей қоймады. Қыз да әлденені айтудан айнып, үндемеуді жөн санады. Сөйткен күйі күлшенің тағы бір кесегін жеп, бейтаныс кісінің ендігі амалын бақылап көрді. Көп кідірмей, көкбеттеніп, ер кісі де бір тілімін аузына бұрды. Әуелден бері қатқыл мінез үстінде отырған қызға - бұл әрекет тосын көрінсе де, әйткенмен, жігітке ерегісе күлшені бір-бірден алып жей берді. Ләм-мим демеген күйі бейтаныс еркек те қыздың соңынан қайталап күлшеден ала берді.. Қорап ішінде тек бір ғана күлше қалғанда : "Мына көргенсіз бұл жолы не істер екен? "деп,- әлгі кісінің әрекетін күтті. Қыздың бейнебір ойын оқығандай бейтаныс кісі соңғы күлшені екіге бөліп бір бөлігін Айжанға ұсынды. Шыдамының шылбырауы босап, бұл қарекетті - басыну деп аңғарған Айжан - заттарын жиыстырып, тез арада кетуді жөн санады..
Кейінірек , ұшақ бортына орналасып алған соң, көзілдірігін алу мақсатында қолын сөмкесіне салып жатып бір қорап күлшені тауып алды. Дүңгіршектен алған осы бір қорапты сол мезетте-ақ сөмкесіне тоғытқаны есіне түсіп, әлгіндегі қылығына ұялған күйі қыз да бармақ тістеп қала берді..

© Сағым Матқали
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: