Қазақстан кино саласынан әлемді мойындатуға әзір
Біздің елді кино өндіру саласында көштің соңында қалған дейді кейбір білгішсымақтар. Олар адуынды режиссерлар мен талантты актерлардың еңбегін көрмейді-ау, шамасы. Ел не десе, о десін! Бірақ біз бұл жолы әлемді мойындатуға әзірміз. Өйткені Қазақстанда «Марс. Бірінші контакт» атты ғылыми-фантастикалық фильм түсірілмек. Жалпы сюжеті мынандай: 2114 жылы алып шаһар Алматыда кино бастау алады. Жер бетіндегі табиғи ресурстар таусылып, 10 адамнан құралған қазақстандық экспедиция Қызыл планетаға аттанады. Олар Марстан бірнеше жыл бұрын жоғалып кеткен америкалық астронавттың денесін табады. Осыдан кейін түрлі тылсым оқиғалар орын алады.
Деректер бойынша түсірілім 2014 жылдың қыркүйек айынан басталады. Жобаға 300-500 мың доллардай қаржы керек екен. Фильм қазақ және орыс тілдерінде 2015 жылдың соңына таман жарық көрмек.
Режиссеры: Мұхтар Қ. Омаров

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: