Бекхэм футболға қайта оралмақ

Бекхэм футболға қайта оралмақ

Жалпақ жұртшылыққа танымал футболшы Дэвид Бекхэм спорттық мансабын қайта жалғауы мүмкін. Бұл ақпарды ойыншының өзі де мақұлдап отыр.

2013 жылы спорттық мансабын париждік «ПСЖ»-да аяқтаған ағылшын құрамасының экс-капитаны осыған дейін америкалық MLS чемпионатында клуб құрып жатқаны туралы хабарлаған болатын. 2017 жылдан бастап жоғарғы лигада ойнауға мүмкіндік алатын командасын өзі бастап шығуға ниетті екен.

- Алаңда футбол ойнап жүріп, бапкерлік қызметті атқарып жүрген футбол мамандарын білемін. Ал клуб қожайыны командасында ойнап жүр дегенді естімеппін. Бәлкім, мен біріншісі болатын шығармын, – деді футболшы тілшілерге берген сұхбатында.

Көптеген бұқаралық ақпарат құралы Дэвид Бекхэмнің бұл қадамын клубтың абыройын көтеру үшін жасап отырғанын жазуда. Мүмкін солай да шығар. Айып соққысынан талай шешуші голды соққан футболшы әлі жанкүйер қауым жадынан ұмытылған жоқ. Ойынын қайта көргісі келетіндер де табылары белгілі.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай, дереккөзі
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

KZ

Іздеп көріңіз:
футболшы, мансабын, спорттық, Дэвид, қайта, бастап, болатын, мақұлдап, футбол, Жалпақ, ойнап, ойыншының, ақпарды, мүмкін, Бекхэм, танымал, жалғауы, жұртшылыққа, қадамын, клубтың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]