Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер

Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер

Тhe Best Pedagogical Research – 2019
Ғылыми мақала
Зерттеу түрі: Сауалнама, статистика, сұхбат.
Тақырыбы: "Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер"


«Педагогика – білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым.» (А.М.Новиков)

Педагогика — «пайдагогос» (грек тілінде «пайд» — бала, «гогос» — жетектеу деген сөздерден құралған) — бала жетектеу деген мағынаны береді. Педагогика ұғым ретінде бала жетектеу деп аударылатын болса да, мәні бойынша қазіргі кезде адам тәрбиесі жайлы ғылым болып табылады. Жалпы XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек ? Нағыз ұстаз жарқын жүзді, баламен ашық сөйлесетін, ата-анасымен әрдайым қарым-қатынаста болатын адам. Оқушыға ұрсып түсіндірмей, керісінше оларға жақсы көңіл күй сыйлау керек. Заманауи мұғалім деп оқушымен дос , сырлас бола білетін, оларға энергиясыйлап, мотивация беретін тұлғаларды айтамыз. Әрбір маман иесіне , мейлі ол ұшқыш , мейлі ол дәрігер болсын өмір сүруді үйрететін педагогтар ғой. Педагогтардың қоғамға тигізіп жатқан үлестері зор. Әрбір елдің негізі – білім беру жүйесі. Білімді ұлт қана өзін биік белестерден көре алады. Елбасымыз айтқандай "Қазір күш сынастыратын заман емес, біліммен сынасатын заман" – деген. Елімізді биік шыңнан көргіміз келсе , ең алдымен білім саласын жоғары деңгейге жеткізуіміз қажет. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз оқушының ата - атасын білуі, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Мұғалім мен ата-ананың байланыста болуы , оқушының жақсы білім алуымен қатар, продуктивті жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Мұғалім өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Мұғалім әрбір сыныпта болатын қиын жағдайдан шыға алудын жолын білуі керек .Және де ондай мәселеде оқушыға зекіп бермей , керісінше жеке сөйлесуі дұрыс. Мұғалім – қоғамның кірпішін қалаушы. Сондықтанда мұғалім көпшіліктің алдында сөйлеуге ұялмауы шарт. Өзін сенімді ұстағаны абзал ! Ұстаздық жол ауыр жол , әрі жауапкершілігі өте үлкен. Әрбір істі ықыласпен істесен оның нәтежиесі керемет болады. Дәл солай сабақты да ықыласпен түсіндірсен сабақ қызықты, әрі нәтежиелі өтеді. Мұғалім сабаққа кіргенде сырттағы барлық проблемаларын ысырып кіруі қажет деп есептеймін. Бұл оқушыларға қатты әсер етеді. Егер мұғалім сабаққа ашулы, көңіл күйі жоқ болып келсе, оқушылардыңда сабақты түсінуге деген ниеттері болмайды. Әрбір адам өз ісінің шебері болуы шарт деп ойлаймын. Сол сияқты мұғалімде өз мамандығын супер білуі керек. Сонда оқушылар ол кісіні сыйлайтын болады. Ұстаздың жан-жақты болуы қажет. Жан-жақтылығы арқылы ол оқушыларды қызықтырып , көңілін өзіне аудара алады.

Білім беру жүйесіндегі өзгеріс не үшін қажет ?

Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты –ой-өрісі дамыған, жан-жақты,шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын,дүние-танымы биік,білімдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты, сыни ойлай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Ғаламдану өркениетімен қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады.
Әлем елдеріндегі білім беру жүйесінің құрылымы түрліше.Әлем елдерінің білім беру жүйесі ерекшеліктеріне қарай даму үстінде. Себебі кез келген елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын мемлекеттің әлеуметтік капиталының дамуына тәуелді.
Білім деңгейінің жоғарылығымен танылған мемлекеттер ғаламдану үдерісіне сәйкес реформалар жүргізуде. Білім беру жүйесіндегі реформаға негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері :
- қоғам дамуының жылдамдығы;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқындылығы;
- ғаламдық проблемалардың шығуы және анықталған тақырыптарды бірлесіп шешу мәселелері ;
- қоғамның ашық демократиялығы ;
- экономиканың өсуі мен бәсекелестіктің қарқынды жүруі;
- адам ішкі әлеуетінің мүмкіндіктері.

Әлем елдерінің білім жүйесін бір-бірлерімен салыстырар болсақ, олардың білім жүйесі әр түрлі деңгейде дамуда.
Дүние жүзінің білім жүйесін зерттеген сарапшылар дүние жүзі бойынша әр түрлі көрсеткіштерді ала отырып көптеген елдердің білім жүйесін салыстырған.Көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің 26 мемлекеті өздерінің білім жүйесінің озық үлгілерімен ерекшеленген.Солардың қатарында Ирландия, Дания және шығыстағы Тайвань елі де бар.
Өздерінің білім деңгейінің жоғарылығын көрсеткен елдердің білім деңгейінің сараласам , әр елдің білім жүйесінің ерекшеліктері бар .
Ирландиядағы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар. Дамыған елдердің білім жүйесіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі Ирландияның білім беру жүйесі алдыңғы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді . Сонау орта ғасырлардан бері Ирландияда білім беру ісі ең маңызды іс болған.Сондықтан болар Ирландияны «әулиелер мен оқымыстылар аралы» деп атаған.
Ирландиядағы білім беру ісі жақсы жолға қойылған.Европа елдері бойынша Ирландия мектептегі сабақтары саны көп, ағылшын оқушыларына қарағанда ирландықтар әр түрлі деңгейдегі емтихандарды көбірек тапсырады.Ирланд мұғалімдеріне қойылатын талаптар да жоғары. Ирланд мұғалімдерінің жалақысы өте жоғары.Мұғалім -мәртебелі мамандық иесі.
Қазіргі уақытта Ирландияда білім беру ісін басқару және жауапкершілік Білім және ғылым департаментіне (DES)жүктелген. Департамент білім беру аспектілерін қарастырып, оқу жоспарлары мен ұлттық сынақ байқауларын өткізеді.
Орта білім беру сатысындағы мектептер орта мектеп, кәсіптік мектеп,қоғамдық және бірыңғай мектеп бөлінеді. Мектептің типі қаржыландыру көзіне байланысты анықталады.
Ирландияда 12 жылдық білім беру жүйесі қалыптасқан. Міндетті білім алушылар 6-19 жас аралығындағы балалар қамтиды. Бұл елдегі барлық бастауыш мектеп 1999 жылдан жалпы мектеп бағдарламасы –The Primary School Curriculum- мен жұмыс жасайды. Бастауыш сыныпта оқушылар негізгі пәндер және ана тілі ,ағылшын тілі, дінтану, дүниетану пәндері бойынша тәлім алады. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтары ойын түрінде және топтық жұмыстар негізінде жүргізіледі. Балалар жастайынан өзара әрекеттестікте, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасып, жастайынан қоғам өміріне бейімделе алатындықтарын зерттеу нәтижелерінен көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне өте көп өзгерістер енгізілді. Солардың ішінде 12 жылдық білім беру, 3 тілде оқыту, топқа бөліп оқыту, бағалау жүйесі. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Менің ойымша 12 жылдық білім беру жүйесі дұрыс , егерде ол сапалы болса. Жәнеде мектепте оқушының өміріне қажетті пәндер оқытылса. Мен мектепте 8 сыныптан бастап оқушының қызығушылығына қарай , таңдаған мамандығына қарай пәндерді жетік оқытатын едім. Сонымен қатар теория жүзінде ғана емес, практика жүзіндеде жұмыс істейтін едім. Ұстаз оқушылармен емін-еркін қарым –қатынаста болуы керек деп ойлаймын. Егер білім сапасыз, әрі қажет емес пәндер оқытылса баланың оқуға деген қызығушылығыда кемиді. 12 жыл оқығаны құр бос уақыт құрту болады. Ал 3 тілділікке келетін болсақ, бұл жүйені 5 сыныптан бастап енгізгені абзал. Себебі, бастауышта оқушылар алдымен өз тілдерін жетік білулері қажет. Егерде бұл жүйе бастауыштан бастап қолданылса, онда тіліміздің деңгейі төмендейді, тіліміз шұбарланып кетеді. Ал қазіргі таңда тіліміз не деген әдемі, көркем десеңізші! Қазақ тілі ең бай тілдердің қатарында. Сөздік қоры бойынша 3 орында. Сондықтан тілімізді құрметтеп,сақтайық. Тілсіз, дінсіз ұлт болмайды. Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте деген бар емес пе?! 3 тілділік арқылы көп ақпарат алуға мүмкіндігіміз ашылар еді. Себебі, дамыған елдердің бәрінде ағылшын тілі қолданылады. Осының арқасында көп зерттеулер жүргізіліп, жаңа технологиялар жасалынатын еді. Тіпті бұрыннан ақ дәрі дермектер ағылшын не латын тілінде жазылған. Қазіргі таңда 3 тілділік пен латын тіліне көшу арқылы өмір сүруіміз оңай бола түсер еді. Кәсіби шеберлігіміздің зор, білім өрісіміздің кең, зиялылық және танымдылық деңгейіміздің жоғары болуы үшін, өзге елдің мәдениеті мен ділін ұғыну үшін үйренгеніміз жақсы. Алайда елімізге оңай соқпасы хақ. Алдымен мұғалімдерді үйретіп, кейін оқушыларға үйреткен жөн болар еді. Шет тілдерді меңгеру – Қазақстан секілді дамушы елдер үшін аса маңызды мәселе. Ол еліміздің экономикасын, мәдениеті мен ғылымын дамыған мемлекеттер қатарына енгізуде маңызды рөл атқаратын алғышарт. Көптілділік, үш тұғырлы тіл ұлт келешегінің бағдаршамы екендігін әрқашан әрқайсымыздың қаперімізде болғаны абзал. Сонымен қатар қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі мәселелрдің бірі – кітап деп айтар едім. Қазіргі жаңа оқыту бағдарламасына байланысты жазылған 5,7 – сынып кітаптарында кемшіліктер бар деп есептеймін. Өйткені кітаптарда тақырып ашылып жазылмаған, ақпарат өте қысқа жеткізілген. Мысалы қазіргі кезде қазақ тілі кітаптарында ережелер аз кездеседі, тіпті жоқ деп те айтсақ болады. Бұл дұрыс емес. Өйткені оқушы ережені білмесе, жазу сауаттылыеғы төмендейді. Жәнеде солай кете берсе , келешек ұрпағымыз сауатсыз болмай ма деген ой мазалайды. Тағы айта кететін мәселе – бағалау жүйесі. Бұрынғы бағалау әделетсіз болатын деп есептеймін. Қазіргі кезде баллмен есептеу жүйесі қолданылады. Бұл ұстаздарға тиімді жүйе түрі. Алайда әліде шикіліктер бар. Жәнеде біз болашақ ұстаздар осы мәселені шешуге ат салысқанымыз жөн. Білім беруде елімізде әлі талай шикіліктер бар. Әліде техникамен қамтамасыз етілмеген мектептер саны көп. Білім деңгейіннің төмен болуы білімі нашар мұғалімнен , не педагогикадағы әдістерді дұрыс қолданбаудан. Егерде әрбір адам өз ісінің шебері болғанда, өз мамандығын 100 %-ға емес, 200%-ға білгенде бәрі де керемет болар еді. Педагогика саласындағы осы шикіліктер мен мұғалімдердің қағаз бастылығын көрген оқушылар әрине педагог болуға талпынбайды. Міне, педагогикаға оқушылардың бармауының, таңдамауының себептерінің бірден бірі осы. Және де осы саланы бітіргенімен өз мамандығымен істемейтіндерде елімізде жетерлік. Сол себепті қазіргі таңда мұғалім жетіспеушілік мәселесі туындап отыр. Бұл қазіргі кездегі Қазақстан бойынша педагогтар саны. Біз болашақ ұстаздар өз мамандығымызды сүйіп, оның деңгейін жоғары көтеруіміз керек!

Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер


12 жылдық білім беру жүйесі мен 3 тілділік туралы ұстаздар мен болашақ мұғалім болатын студенттердің көзқарастары:
Сағымбаева Гүлбақыт (ұстаз) : Жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көзқарасым жақсы. Себебі , оқушылар кәсіптік мамандық болсын алып шығады. Және ары қарай сол мамандықты жетік біліп, еліне зор үлесін қосады деп сенім артамыз.
Сексембаева Бакыт (учительница русского языка) : В облости оброзования без учета мнения общества и необходимости были приняты необдуманные, ничем не подкреплённые изменения, которые принесли много вреда уже существующим достижением. Про трех язычие: язык учит тот , у кого есть желание и способности, а насильно – лишняя трата средств государства.
Карамурзаева Жулдыз (студент) : Мен 12 жылдық білім беру жүйесін дұрыс деп есептеймін. Себебі, оқушылар тек атестат қана емес, сертификат алып шығады. Егер жоғары оқу орнына түсе алмай қалған жағдайда сол сертификат арқылы жұмыс жасай алады. Мен 3 тілділікке көшкенімізді дұрыс деп есептеймін. Себебі, шет елде оқимын деген оқушылар мен студенттерге болашақта оңай болар еді. Және де кітаптарды да емін-еркін өзге тілде оқитын едік. Менің болашақ мұғалім ретінде айтарым 3 тілділікті 5 сыныптан бастап оқытқан дұрыс. Егер бастауыштан бастап оқытсақ бала психологиясына қиын тиіп кетері хақ.
Рахимбай Жансая (студент) : 12 жылдық білім беру жүйесі болонный системаның бір бөлігі. Орта және жоғарғы сыныптарында баланың мамандық таңдауымен жұмыс істейді сонысы орындалса дұрыс болады. Былайша баланы әлеуметтік ортаға бейімдеумен жұмыс істейді. 3 тілділік тілді меңгерген жақсы,бірақ балалардың қызығушылығы ескерілмейді деп есептеймін.
Мейірхан Шырын (студент) : 12 жылдық білім беру – балаларды мектеп жасынан жан-жақты болуға үйрететін бағдарлама. Бұл бағдарлама қазіргі кезде Қазақстанның барлық мектептеріне енгізілуде. Бір әттеген-ай тұсы, сапасыз кітаптар. 3 тілділік – Қазақстан халқына берілген тегін тіл үйрену мүмкіншілігі. Баланың сәби кезінен кез-келген затқа үйрету үлкен нәтежие береді. Балаларды кішкентай күнінен білімге жетелеу, бұл өте пайдалы шешім. Сол себептен де , әртүрлі тілді тегін үйрену- халыққа берілген зор мүмкіндік.
Бейсенбек Ақерке (студент) : Қазіргі кезде қоғамның дамып , өркендеуіне байланысты біздің мемлекетіміздеде 12 жылдық білім беру жүйесі ұйымдастырылып отыр. Бұл білім беру жүйесін әлемнің 80 % елі қолданады. Бұл жүйенің ең басты мақсаты бәсекеге қабілетті оқушыларды тәрбиелеу. Ерекшелігі оқушы белгілі бір мамандықты меңгеріп шығады. Бұл тиімді жүйе деп есептеймін. Бұл жерде біз оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай кітаптардың шығарылуына аса көңіл аудара аламыз. Тиімділігі оқушылар емін-еркін өз ойларын жеткізе алуды үйрену. Қазіргі таңда бұл өте үлкен мәселелердің бірі. 3 тілділікке келер болсақ қарсымын. Себебі, қазір өзге тілді қоя тұрып, өз тілімізді толықтай меңгеріп алғанымыз жөн деп есептеймін. Өйткені Кеңес Одағының салдарынан тіліміз шұбарланып кетті. Әрі келесі жылдан бастап латын тіліне көшейін деп жатырмыз. Бұл енді түлға болып қалыптасып келе жатқан жас ұрпаққа қиын соғады.

12 жылдық білім беру жүйесі мен 3 тілділік оқыту дұрыс па ? сұрағы бойынша алынған сауалнаманың нәтежиесі мынадай :


Онлайн білім беру жүйесі


Онлайн білім алу оңай ма?

Ақпараттық заманның ағыны білім берудің жаңа жүйесін алып келді. Ол – қашықтықтан оқыту немесе онлайн білім беру. Бұл оқушы мен ұстаздың сыныпта емес виртуалды әлемде жолығуы. Жай ғана жолығып қана қоймай, білім беру заңдылықтарын сақтай отырып ақпарат алмасуы.
Қашықтықтан оқыту біз ойлағандай жаңа пайда болған әдіс емес. Оның тарихы сонау он сегізінші ғасырда, поштаның пайда болуымен қатарлас. Студент қажетті кітаптарды пошта арқылы алып, ұстазымен оқу барысында хат алмасып тұрған. Ал, емтиханды ұстаздың сол қаладағы сенімді адамына немесе ғылыми жұмыс ретінде жазбаша тапсыратын болған. 1990 жылдары «дербес компьютерлер» көпшілікке қол жетімді бола бастады. Бұл онлайн білім берудің дамуына жаңа серпіліс берді. Мысалға, АҚШ-та кашықтықтан білім алушылардың саны күрт артуына байланысты үкімет білім беру мекемелерінде бұл әдістің елу пайыздан аспау керектігі туралы заң қабылдауға мәжбүр болды.
Сонымен, онлайн білім берудің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Бұл әдістің қоғамға тигізер пайдасы қандай? Алдымен пайдалы тұсын саралайық.
Біріншіден: Қашықтықтан оқыту – білім алушының ақшасын үнемдейді.
Онлайн білім берудің екінші артықшылығы: Әлеуметтік тең құқықтылығында. Қазақстанда миллионға жуық адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады. Жоғарғы білім – олар үшін өз шектеулерінің орынын толтыратын үлкен мүмкіндік десек қателеспейміз. Осыған орай 2011 жылы елімізде «Мүмкіндігі шектеулі жандарды қашықтықтан оқыту орталығы» ашылған болатын. Аталған орталықтың көмегімен Владислав Демьянов есімді азамат алғаш болып экономика саласында «Туран» университетінде кандидаттық диссертация қорғап шықты.
Үшіншіден: Онлайн білім беру барысында мұғалім студентке қажет барлық кітаптар мен материалдардың электронды нұсқасын береді. Бұл дегеніміз, оқушы пәнді игеру барысында қосымша ақпарат іздеп кітапханалар мен кітап дүкендерін аралап уақыт жоғалтпайды.
Дегенмен, онлайн білім осыншалық қолайлы әрі тиімді болса, барлығын қойып неге қашықтықтан білім алуға көшпейміз деген сауал мазалап отырған болар? Ендеше бұл әдістің кері жақтарын біле отырыңыз.
Психологтардың пікірінше, қашықтықтан білім алушының оқуға деген ынтасы болмаған жағдайда ондай студентке ұстаз көп көмек көрсете алмайды. Ал университет қабырғасында өзінің харизмасымен кез-келген студенттің оқуға деген ынтасын оятып, ғылымға деген құлшынысын арттыратын ұстаздар көптеп кездесетіні белгілі. Онлайн білім берудің тағы бір кемшіл тұсына тәртіп мәселесін жатқызуға болады. Оқушы күнделікті болатын дәрістерді өткізбей тыңдап, берілген тапсырманы уақытылы орындамаса, оқуға төлеген ақша ауаға кетті деген сөз. Статистика бойынша онлайн білім алушы студенттердің қырық пайзы оқуды соңына дейін аяқтамайды. Олардың белсенділігін, тәртібін білім беруші мекеме қадағаламайды. Сондықтан қашықтықтан білім алушы өзін темірдей тәртіпке үйретіп, берілген материалдарды толығымен игеруге тырысуы қажет.
Онлайн білім алушы қандай қиындықтарға жолығуы мүмкін?
Бүгінгі таңда онлайн білім ұсынатын оқу орындары өте көп. Әрине, олардың ішінде шын мәнінде оқуға тұрарлық білім беретіндері де, қашықтықтан білім беруді жай ғана ақша табудың көзіне айналдырғандары да бар. Сондықтан, онлайн білім алуды бастамас бұрын, студентке ыңғайлы, білім нарығында өзін дәлелдеген, дұрыс платформа ұсынатын білім ордасын таңдау өте маңызды. Мысалы: COURSERA, EDX, UDACITY секілді оқу платформалары әлемге кеңінен танымал. Олардың тіпті мобилді жүктемелері да бар.


Менің ойымша қашықтықтан оқудың өзіндік дұрыс және бұрыс жақтары бар. Мысалы қазіргі кезде ұбт-ға дайындайтын онлайн сабақтар жүргізіледі. Мен солардың біріне қатысқан болатынмын. Маған ол сабақтар өз пайдасын тигізді. Үйде отырып ақ дайындаласын, әрі уақытынды тиімді пайдалануға себеп болады. Білім алғысы келетін адамға ешқандай шекара жоқ. Бұл жаңа ғасыр ұраны. Жер шарының басқа бөлігінде өтіп жатқан белгілі профессордың дәрісін үйіңізден шықпай-ақ тыңдау – ғылымдағы үлкен жетістік. Елдің тірегі білікті мамандар болса, шығар биігіміз де, алар асуымыз да білімге келіп тірелмек. Сондықтан, онлайн білімнің оңтайлы тұсын ғылым іздеген әр азамат біліп жүргені абзал.

Мен болашақ мұғалімдерге педагогика саласын жоғары деңгейге көтеру үшін , педагогикаға зор үлес қосқан ғалымдарды оқуға кеңес беремін. Және де педагогикаға қатысты фильмдер көруде артық етпес. Мен жақында История Рона Кларка деген киноны көріп өте көп ой түйдім. Түйген ойымның бірі қиын мәселелері бар балалармен жұмыс істеген дұрыс және де оқушылармен ашық қарым-қатынаста болу керек. Ешқашан қолымнан келмейді деген сөзді айтуға болмайды. Армандардар шындыққа айналу үшін сиқыр емес, төгілген тер, мақсаттылық пен табанды жұмыс қажет,- демекші еңбек етсек бізде осы кісілер сияқты өз саламызға еңбегі сіңген еліміздің елеулісі боламыз. Педагогикаға зор үлес қосқандардың бірі Шалва Амонашвили. Шалва Александрович Амонашвили – ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагогтардың бірі. Тбилиси университетінің шығыстану факультетін аяқтады, мектепте жұмыс істеді, аспирантураны бітірді, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Ол 60-70 жылдары бүкіл әлем бойынша жаңа педагогикалық бағыттың негізін қалауына ықпал еткен «Білім беру процесінде балаларға адами-тұлғалық көзқараспен қарау» деген тақырыпта мектептерде көпшілік экспериментке жетекшілік етті. Шалва Александрович өзі балаға деген адами-тұлғалық көзқараспен қараудың барлық принциптерін әлемдік педагогика классиктері К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, Якуш Корчак, А.С.Макаренко, т.б. үйренгендігін айтады.
Шалва Александрович мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады. Оның айтуы бойынша нағыз ұстаздың бойында болу керек қасиеттер мыналар:
Біріншіден, баланы сол қалпында жақсы көру. Тентек пен тілалғышты, ұғымтал мен ойлау қабілеті төмен, ұқыпты мен жалқау оқушыларды бөліп жармай, барлығын да бірдей жақсы көру керек. Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік бар жерде қатыгездік болмайды, намысына тиетін сөздер айтылмайды, олардың әрбір жетістіктеріне қуанып отырасың;
Екіншіден, оларды түсіне білу, яғни солардың көзқарастарымен санасу, оларды ересектерше қабылдау, қамқорлық танытқанына қуану, ақылдасып отыру. Олардың танытқан қамқорлықтары мен әрбір ісіне кешіріммен емес, үлкен құрметпен қарау керек. Балаларды түсіну дегеніміз – оларды билігіне бағындыру емес, керісінше олардың бүгінгі өміріне сүйене отырып, болашақ өміріне алғашқы дәндерін себу. Бала жүрегінің тебіренісі мен жан дүниесінің қозғалысын түсіне білген педагог оқушысының тәрбиесімен тереңдей айналыса алады.
Үшіншіден, оптимист болу, тәрбиенің оң әсер беретіндігіне сену қажет. Әңгіме баланың тәрбиесімен айналысып, сана-сезімін дамытуға кірісу үшін оның ақылының толып, ойлау қабілетінің айқындалуын үлкен үмітпен қолын қусырып күтіп отырған педагог, яғни филонтропиялық оптимизм туралы болып отырған жоқ. Мұндағы әңгіме баланың ішкі жан дүниесіне тереңдей ену, осыған байланысты тәрбие берудің, оқытудың, дамытудың түрлі жолдарын қарастыратын педагог, яғни әрекетшіл оптимизм жайлы.
Төртіншіден, мұғалімнің бойынан адамға тән жақсы қасиеттердің барлығы – күлімсіреу, қаталдық, ұстамдылық, салмақтылық, сезімталдық, шынайылық, зияткерлік, тіл табысушылық, өмірге деген махаббат болуы керек.
Ұстаздың осындай талпынуы аса маңызды. Ол – бұрыңғы және қазіргі заманғы ұрпақтардың рухани құндылықтары мен бала арасындағы дәнекерші. Осы құндылықтар, білім, моральды-этикалық нормалар балаларға дейін стерильді түрде жетпейді, керісінше мұғалімнің тұлғалық қасиеттері мен олардың бағасын аңғартады. Адамгершілік қасиеттері бар ұстаз балаларды білімге үйрете отырып, сонымен қоса, оларға өзінің мінез-құлқы арқылы ықпал етіп, балалардың көз алдында адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі болып көрінеді. Бала үшін мұғалімсіз білім жоқ, тек ұстазына деген махаббаты арқылы ғана бала білімнің қызықты әлеміне аяқ басады, қоғамның моральды құндылықтарын игереді. Кіші жастағы оқушылар үшін ең беделді адам – ұстазы.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" ,- демекші ұстаз қоғамның тәрбиешісі. Ұстазы қандай болса , халқыда сондай болады. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы-деген бар емес пе? Сондықтан болашақ ұстаздар оқушыға тек білім ғана беріп қоймай, тәрбиеменде сусындатып, саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарайық.

Мақала авторы: Ниязбекова Арайлым


Пайдаланған әдебиеттер

1.Педагогика негіздері (К.Бұзаубақова)
2.Педагогика (Қоянбаев)
3.Педагогика (М.Жұмабаев)
4. Интернет көздері (уикипедия,гугл,яндекс)
5. Арай газеті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті химия биология мамандығының 1-курс студенті Ниязбекова Арайлымның “Білім беру жүйесіндегі мәселелер” тақырыбында жазған ғылыми мақаласына
Рецензия
Тақырыпта бүгінгі күнгі өзекті мәселеге айналған білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде ой қозғалған. Жұмысқа жүйелі түрде жоспар жасалғаны анық байқалып тұр. Жұмыс сол жоспар бойынша жан-жақты зерттеліп, түйінді ойлар айтылған.
Жұмыстың басты зерттеу нысаны - Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі өзгерістер. 12 жылдық білім беру жүйесі мен 3 тілділік мәселелерімен қатар дамыған мемлекеттердегі білім беру жүйесі жөніндеде маңызды мәліметтер келтіре отырып тақырыпты толық аша білген.
Зерттеу жұмысы өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін толық орындаған. Бұл жерде студенттің көп ізденіп, нәтижелі еңбек еткені көрініп тұр. Зерттеу жұмысының стилі жатық, жүйелі, жинақы.
Қорыта келе, Ниязбекова Арайлымның “Білім беру жүйесіндегі мәселелер” атты мақаласының маңызы бар жұмыс деп бағалаймын.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Ұстаз еңбегі ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми тәжірибелік конференция
» Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Іздеп көріңіз:
реферат Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер, баяндама Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер, мақала макала Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]