Адамның жас кезеңдері

Адамның жас кезеңдері

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте.
1 жастан 10 жасқа дейін – сәби.
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек.
1 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін.
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса.
6 жастан 7 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек.
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім.
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен.
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз.
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек.
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте.
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел.
60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже.
70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым.
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария.
90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір.
100 жастан жоғары – кейуана, баба.

Мүшел жас
1 - мүшел – 13 жас (ер жете бастау).
2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас).
3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау).
4 - мүшел – 49 жас (орта жас).
5- мүшел – 61 жас (орта жас).
6 - мүшел – 73 жас (қарттық).
7 - мүшел – 85 жас (кәрілік).
8 -мүшел – 97 жас (қалжырау).
9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю).
10 - мүшел – 121 жас (немене сүю).

Жас сипаты
10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған.
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған.
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған.
30 жас – орда бұзар.
40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар.
50 - ел ағасы, ердің жасы.
60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс.
70 жас – жетпістің белгісі.
80 жас – сексеннің сеңгірі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

KZ

Іздеп көріңіз:
шақалақ, нәресте, сәби, бөпе, ұл бала – бөбек, бүлдіршін, балдырған, балауса, ойын баласы, жеткіншек, ересек бала, жасөспірім, бозбала, бойжеткен, жас жігіт, қыз, дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек, ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте, жігіт ағасы, сары кідір әйел, қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже, ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария, селкілдек шал, селкілдек кемпір, кейуана, баба, ер жете бастау, жігіттік жас, ақыл тоқтау, орта жас, қарттық, кәрілік, қалжырау, шөпшек сүю, немене сүю, адамның жас кезеңдері, адамның жас ерекшелік кезеңдері, адамнын жас кезендери, адам дамуының негізгі кезеңдері, адамнын жас ерекшеликтери, адамнын жас молшери, адамның жас мөлшері, возрасту человека название на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]