Әдістемелік нұсқау хат. 2017-2018 оқу жылы

Әдістемелік нұсқау хат. 2017-2018 оқу жылы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 340 б.

Жинаққа 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.
Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:
- командадағы жұмыс дағдылары;
- көшбасшылық қасиет;
- бастамашылық;
- IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік);
- қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.
2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім беру саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады.
ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады.
XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған ақпаратты қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді.
Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.
Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.
Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім беруге бет алды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беру шолуында академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған.
Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары пәндік сапалы, нақты айтсақ, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ.
Дәстүрлі оқыту қазақстандық мектеп білім алушыларының академиялық білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен алуды, талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды.
Отандық білім беруде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті бірнеше рет болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі білім беру мазмұнына сәйкестендірілді. Бұл оқу процесінің шамадан тыс болуына және дайын ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге дейін білім алушы білімді енжар «алушы» болып қалып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстанның мектептік білім беруі жаңа бастау алу сатысында. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.
76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.
89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.


2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді.

Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8, 10-сыныптар көшеді. 2019-2020 оқу жылында – 4, 9, 11-сыныптар.

Жаңа оқу жылында:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1,2 -сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МДТОМЖС);
 ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1-қосымша);
 ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
2) 3-4, 6, 8-11-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
3) 5,7-сыныптарда білім беру процесі:
 ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті станедарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
Барлық жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған. Мектеп үшін барлық МЖМБС және оқу бағдарламаларының қағазға шыарылған бір нұсқасы болса жеткілікті. Мұғалім МЖМБС және оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеуіне болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

KZ

Іздеп көріңіз:
әдістемелік хат 2017 2018, Әдістемелік нұсқау хат. 2017-2018 оқу жылы, 2017 2018 жылы адистемелик нускау хат, адистемелик нускау хат 2017 2018 жылы, методическое письмо 2017 2018 казахстан, Инструктивно-методическое письмо 2017-2018 учебный год, Methodical letter 2017 2018, Methodical instructions letter. 2017-2018 academic year, 2017 2018 Special Instruction Letter, Special Instruction Letter 2017 2018, Methodical letter 2017 2018 Kazakhstan, Instructive and methodological letter 2017-2018 academic year

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]