1941 жылдың 22-маусымында таңғы сағат төртте Германияның немісфашист басқыншылары елімізге күтпеген жерден ойран салды.Бұл олардың «барбаросса» жоспары бойынша іске асырған әрекеті еді.Бейқам жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасауы - неміс фашистерінің опасыздықтарын көрсетіп берді.1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең көп қырылған ұлттар қазақтар болды.Еркіндік үшін, артындағы ұрпақтары үшін жалаңаш кеуделерін оққа тосты. Соғыс - адамзат баласына қасірет пен қайғы әкеледі.Соғыс - әрбір отбасының шаңырағын шайқалтып,тағдырын мүлде басқа арнаға өзгертіп жіберді.Балалары әкелері мен үлкен ағаларынан айырылды..Әйелдер сүйікті жарынан айрылып,жесір қалады.Ал жау басып алған жерлерде,тіпті қасірет үлкен.Кәрі ата–әжелер небір қорлықтарды көрді.Әйелдер мен қыздар зорлыққа ұшырайды.Ол да басымыздан өткен қасірет. Ұлы Отан соғысында ерлігімен тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегильдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова ,Әлия Молдағұлова,Хиуаз Доспанова және басқа да батырларымыз бар.Олар ешқашан ұмытылмайды.Ел қорғаған батырды ардақ тұту-Отанын сүйген әрбір азаматтың парызы. Әрбір соғыстың салдары –шығын, оның ішінде адам шығыны.......
Біз – бейбіт елдің ұланымыз 4 жылға созылған бұл шайқасқа 71 жыл! Жеңістің тәтті дәмін татып отырғанымыз сол жылдарда жер үшін, ел үшін шайқасқан ата-аналарымыз бен аға-тәтелеріміздің арқасы деп білемін! Оларға мың алғыс! Сол бір жылдардағы ауыр күндерді бастан кешіріп, осы күнге дейін көзі тірі атаәжелерімізге көп көмек көрсетілуде. Оларды қанша мадақтасақ та, мадақтасақ та жеткіліксіз. Олардың ерлік істері ешқандай алтынмен, күміспен теңеспейді. Тарихи деректерге сүйенсек, осыдан 75 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымында таң алдында фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасаған. Бұл күн –тарихтағы ең қайғылы күндердің бірі. Соғыс басталған кезде Кеңес Одағының батыс шекарасын қазақстандықтар күзетіп тұрған, олардың көбі әскерден елге қайтулары керек болған.Сұм соғыс олардың жоспарларын іске асырмай тастаған. Соғыстан тірі қалғандар партизандар қозғалысына қосылған. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған. Басынан аяғына дейін мұздай қаруланған гитлершілдер соғыстың бас кезінде миллиондаған әскер мен мыңдаған техниканы шабуылға шығарған. Оған дейін бірнеше мемлекетті басып алған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашқан. Гитлер және оның әскерінің көздегені – әлемдегі тұңғыш социалистік мемлекетті басып алып, Кеңес елін қол астына алу болатын. Бірақ, кеңес халқы өз Отанын, елін жауға таптатпай қасық қаны қалғанша күресе білді. Халық Коммунистік Партияның басшылығымен әділетті азаттық соғысқа бірігіп көтерілген. Осы соғыста Қазақстан халқының, қазақ батырларының үлесі өлшеусіз болған. Соғыс тек майдан даласында ғана емес, тылда да жүрген. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріліп,елімізде қорғанысқа қажетті металдар өндіріліп, жауға атылған әрбір 10 оқтың тоғызы елімізде құйылған...
Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған. Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа шаруашылық серіктестігіне қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай серіктестікті қабылдауда, тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау, бірлесіп бақыланатын заңды тұлға-бұл серіктестік, яғни басқа заңды тұлға. Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект қаржылық пен басқа саясаттын дәрежесі үлкен немесе кіші екенін анықтауға мүмкіндік береді. Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетинттің жаңа формаларының жедел түрде енуін, сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді. ....
Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Түркия, Герман, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Оңтүстік Корей және сол сияқты өзге де 81 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар болды. Сондықтан осы көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріпғ, дипломдық жұмысымды «Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті» деп алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бұл дипломдық жұмысымды жазу мақсатым біріккен кәсіпорындарыдың бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» заңдылығына, ал аудиторлық тексерудің Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылығына сәйкес дұрыс жүргізілуін, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшелігін, елімізде елетын орнын көрсету болып табылады. ....
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.....
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі бойынша директор орынбасары, тарих пәні мұғалімі Қалыбаева Гүлазия Сақбаевна
Тақырыбы: «Қазақ еліне 550 жыл» Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққ, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Мұғалім тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді. 1 - жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын....
Табиғат - Ана экологиялық жағдайлардың қол шоқпарына айнала тұра, бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі екеніне дауымыз жоқ. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғатпен тікелей байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік өте отырып, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстары мен заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Сондықтан да халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшөгі, құрамдас бір тобы деп есептеді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізді, сондай-ақ табиғатқа аялы алақан, көз қарашығындай қамқорлық керек екенін ерте сезінді. Егер Жер – Анаға тіл бітсе: - Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда тіршілік еткен ең тамаша перзентімнің. Саналы, парасат - пайымды төлімсің. Бірақ менің перзентім жалғыз сен ғана емес, басқа да тіршілік иелері – менің төл балаларым. Сенің өзіңмен бірге туғандарыңа, яғни жануарларға, аң – құстраға жасаған қиянатың - өзіңе, келер ұрпағыңа жасаған қастандығың дер еді. Ағылшын халқында «Жер бетінде жалғыз ағаш, жалғыз көл, жалғыз өзен қалғанда ғана өміріміздің қаншалықты қажеттілігіін түсінеміз» деген нақылы бар. Еліміз Егемендік алған күннен бастап – ақ Республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қалың арасында жан – жақты жүргізіліп келеді. Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң 1997 жылы 6 тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға Республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіп пен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген. Қазіргі кезде Республикамызда ерекге қорғалатын табиғи аймақтар санатына: мемлекеттік қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи ескерткіштер, қорықшалар, ботаникалық бақтар жатады. ....
КІРІСПЕ Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.....
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы» бұл актуальды,тақырып, осы курстық жұмыста оны ашуға тырысамын. Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, дұрыс. Осылар ескеріле отырып, І бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. Осыған орай ІІ бөлімде Қазақстан Республикасының мелекеттік бюджет жүйесінің құрылымы туралы толық айтылған. ІІІ бөлімде, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Бұл бөлімде бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты сипатталады. Қазіргі бюджетаралық қатынастар механизмін талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, аймақтардың қаржылық өз еркіндігі ынталандырылмайды, бюджеттік қаржылардың ағымдары ұлғаюда. Субвенциялар мен мақсатты трансферттерден басқа, республикалық бюджеттен облыстарға бюджеттік несиелер қайта бөліну ықтимал ....
Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды. Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты. Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды. 1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты.....
Кіріспе. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы» бұл актуальды,тақырып, осы курстық жұмыста оны ашуға тырысамын. Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, дұрыс. Осылар ескеріле отырып, І бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. ....
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады». Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген. ....
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Iрі қара шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Сапалы жем-азық базасы, қазіргі заманғы озық технологиялар шошқа шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін алғышарттар дейді жергілікті ғалымдар. Біздің өңірде шошқа шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол дейді мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Виктор Сиволап. Бірінші кезекте аграрлық өңір болғандықтан мол астық өсіру шошқа басын көбейтуге жағдай туғызады. Десек те, соңғы жылдары аталған саланың мейлінше кенжелеп қалғаны рас. Бүгінде облыста 280 мың шошқа өсіріледі. Бұл тоқсаныншы жылдардағы деңгейдің 60 пайызы. Ғалымдардың пікірінше, шаруашылықтарда ресурс үнемдеу технологияларын пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде үздік әлем стандарттарына сай ет өндіруге мүмкіндік береді. Әдетте технологиялар үлкен шығынды қажет етеді. Дегенмен, осы күні олар шошқа өсіруде мүлде қолданылмайды деп айтуға болмас. ....
Картоп маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Халық санының өсуі және ашаршылық деңгейінің жоғарылауы жағдайында БҰҰ Ассамблеясы, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, келешекте адамзаттың азық түліктік қауіпсіздік мәселесін тек қана картоп шеше алады деп және бұл саланың дамуының стратегиялық маңызын есептей отырып, әлемдік қауымды картоптың рөліне аударуда [1]. Қазақстан бойынша картоп дақылының орташа өнімділігі 10-12 т/га аспайды. Қазақстанда жыл сайынғы түйнектік репродуция үрдісінде өнімнің төмендеу тенденциясы, вирустық инфекциямен зақымдалу себебінен, картоптың элиталық тұқым шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Ауылшаруашылық кәсіпорындарда, фермерлік және жеке шаруашылық қожалықтарында сортжаңарту және сорталмастыру үшін жоғары репродукциялық сертификацияланған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету әлі күрге дейін жөнге қойылған жоқ және картоп дақылының тұқымшаруашылығында ең бір өзекті мәселе болып отыр. Картоп дақылының өнімділігін жоғарылатудың бірі, оны вирустық инфекциядан сауықтыру. Вирустық аурулар картоптың өнімділігін төмендетуде негізгі рөл атқарады. Түйіндер инфекцияны жинап, репродукциядан репрадукцияға беріп отырады [2]. Картоптың сауықтырылған тұқымдық материалын әр түрлі әдістермен алуға болады, бірақ ең кепілді сапа, апикальды (ұштық) ұлпа әдісін пайдаланып in vitro көбейткенде қамтамасыз етіледі. Өсу қалемшелерін микроөсімдіктерді клондау әдісімен үйлестіру және минитүйнек өсіру элитаның жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ өте қымбат. Қоректік ортаны оңтайлау жолымен, минитүйнектер алуда, in vivo жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіруін жалғастыру, отырғызу материалын алуда шығынды азайту жолдарын іздеуді қажет етеді. Сол себепті, картоптың тұқым шаруашылығын сауықтырылған бастапқы материал негізінде жүргізуге негізделген жұмыс тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. ....
Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар. Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де, қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан ғалым да, кеудесін оққа тосқан батыр да, топтан озған спортшы, әнші де бар. Бұлар қазақтың нағыз патриоттары! Автор.
Қазақ ұлтының - ақ таңы арайлап атып,көгінде қыран құсы самғаған, төрінде көк туы желбіреп, бәйтерегі аспанмен сырласқан ,дүние жүзінде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта тұратын көп ұлтты өз құшағына сыйдыра білген ауызбіршілікті, кең пейілділік пен тұрақтылықты ту еткен ұлтжанды, отансүйгіш ,дархан халық.Қазақтың шаңырағы биік, керегесі кең, терезесі тең ұлт болып қалыптасуында ең бірінші патриот ұлдары мен қыздарының орны ерекше аталып өтілуі тиіс. Ол үшін тамыры тереңге жайылған тарихқа көз жүгіртуді жөн санадым.
Біздің ең алғашқы түркілерден шыққан ел билеушіміз Білге қаған түрік еліне 19 жыл билік құрып, ұлтарақтай жерімізді атқа отырып, қолына қару алып қызғыштай қорғаған. Көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітіп, бейбіт дәурен орнатқан. Түркі халқы үшін түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, інісі -Күлтегінмен бірге халықты татулыққа шақырып, жалаңаш халықты тонды,кедей халықты бай, аз халықты көп қылған патриот көшбасшы.
Бұдан кейінгі жылдарда қазақ хандығы (XV ғ.) 550 жыл ішінде
Қазақтың тұңғыш ханы - Керей ханнан бастап соңғы ханы – Абылай ханның немересі Кене хан, Қасым сұлтанға дейін еліміздің өркендеуіне өмірі мен қызметін арнаған ,ұлт тұтастығын сақтаған , елге аянбай қызмет еткен патриоттар екендігін біреу білсе, біреу білмейтін де шығар.
Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы соғыста ұлдарымызды айтпағанда, Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр қыздарымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасып,кеңес одағының батыры атағын алып, жеңістің туын желбіретіп ,өз аттарын алтын әріптермен жазды. .....
Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар. Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында....