Наурызға арналған кеш өтті!
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. Сағым қыздың ап қашып орамалын, Асыр caп тентек жігіт - жел еседі. Көктем келіп ауылға қыз көрікті, Таң-тамаша дүние жүзге еніпті. Асқар ала таулардан асып әрі, Аяз атаң барады мұз бөрікті. Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы-,деп Мұқағали атамыз жырлағандай,асыға күткен көктем мезгілі де келіп жетті. Көктем мезгілі шыға бастаған сәттен бастап айнала нұрға бөленіп,ауа-райы жылынып,әртүрлі мерекелер,той-думандар тойланары анық.Мысалға айтар болсақ,халықаралық әйелдер мерекесі,наурыз мейрамы ,халықтар достастығы күні,ұлдар мерекесі,жеңіс күні т.б мерекелер, айта берсен жетіп¬-артылады.Солардың ішінде ерекше мейрам -халықаралық әйелдер мерекесін айрықша атап өтпеу-күнә болар,сірә... Себебі,бұл күн-аналардың мерекесі. Ана дегенде еріксізден мына сөздер аузыма орала береді: “Ана – ыстық от, жылы жүрек. Ана – сенімім, үмітім. Ана – бауырым елжіреп, сарыла күтетін сағынышым. Ана – асқарым, биігім, мұратым, мақтанышым. Мен үшін ана – осының бәрі, әсіресе, айтарым – ол бүкіл саналы ғұмырымның мән-мағынасы.” 8-наурыз- асыл да көркем аналардың,ақ жаулықты әжелердің, қаракөз сұлулардың,қыз-келіншектердің,бойжеткендердің,сымбатты да сүйкімді арулардың,нәзік те сұлу қыздардың халықаралық дәрежеде тойланатын мерекесі.Ер адамдар осы күні өздерінің қыздарын,жұбайларын,аналарын,әжелерін әртүрлі сыйлықтар беріп,көңілдерін көтеріп құттықтайтын болған.Олар тек сыйлық беріп қана қойған жоқ,сонымен бірге алдын –ала әйелдерге,қыздарға арнап ұжым-ұжым болып,немесе топ-топ болып кішігірім кештер,концерттер өткізіп отырды. Міне,сондай керемет кештердің бірі- наурыз айының 5 жұлдызында журналистика факультетінде халықаралық әйелдер күнін орай ,орыс тілі пәнінің оқытушысы Куляш Тураровнаның бастамасымен, 101-топтың және 103-топтағы Қорлан,Дастан,Алуа сияқты студенттердің ұйымдастыруымен өз жалғасын тапты кішігірім, керемет дәрежеде аталып өтті.Бұл кеште барлық өнер түрі қамтылды.Ән де айтылды,өлең де оқылды,жүрекжарды туындылар да шығарылып,ұстаздарға шын ниеттен тілектер де арналып жатты.Мысалы,атап айтар болсақ,кештің басы Гаухар,Алуа,Гүлім сынды студенттердің баяндамасымен бастау алды.Ал,Жадыра,Мади, ,Дастан,Жансая ,Гүлім сынды студенттер ұстаздарға,аналарға арналған туындыларды әр адамға керемет әсер қалдырарлыктай жүректен жүрекке жеткізе білді.Сонымен қатар, 101-топтың жезтаңдай әншілері Нүргүл,Шынар,Гүлім өз әндерімен көрермендердің көңілін бірден баулап алды десек те артық болмас.Кеш туралы айтқанда,кештің негізі ұйымдастырушылары болған,сонымен қатар кештің ұйымшыл түрде өтуіне бірдін-бір үлес қосқан жүргізушілер-Бөкенбай мен Жансаяны атап өтпеу мүмкін емес.Сонымен бірге,кеште өзінің ерекше дарынымен,актерлық шеберлігімен ерекше көзге түскен-Шынарды да айта кету қажет.Кешке студенттер түгелдей дерлік қатысты.Кештегі адам назарын бірден аударатын ,аудиторияға көктем секілді көңіл-күй сыйлаған,аудиторияға сән беруші- құттықтау парақшалары ,плакаттар болды.Бұл плакаттарды жасаудың өзі қаншама еңбекті талап етері сөзсіз.Бұл аудиторияның құлпырып шыға келуіне үлкен үлес қосқан Еңлік,Ақжарқын,Нүргүл сияқты студенттеріміз болса,кештен мәңгі естелік болып қалар суреттірді Қорлан түсіріп жүрді.Кеш соңы Інкәр мен Шынардың орындауындағы “Ару қыздар” атты әнмен аяқталды.Әнге көрермендер мен ұйымдастырушылардың бәрі бірдей қосылып,кеш керемет болып өз аяғын тапты. Сонымен бірге,кештің соңы басты ұйымдастырушы,оқытушы-Куляш Тураровна мен 101-топтың куратор-эдвайзері Айгерім Болатқызының сөздерімен аяқталды.Кеш әр адамға үлкен әсер қалдырарлықтай,мәңгі есте қаларлықтай дәрежеде өтті.Әр студент,әр көрермен кештен ерекше сезім,ерекше әсер алды,сонымен қатар,кештің әркімге берер пайдасы мол болды деп ойлаймын.Осындай рухани- танымдық кештер көп бола берсе екен!!!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
---
Іздеп көріңіз: