Ата-Анама


Ата-Анама

Ата-ананы барында құрметтейік, 
Еңбегіне баға беріп, сый етейік.
Баласына махаббаты шексіз берген,
Ата-ананы нұрландырып, жыр етейік.

Ата-ана ең асыл қазына,
Қадірлейік олар бүгін барына.
Бес күндік мына жалған дүниеде,
Бармақ тістеп, қалмайық күйінуде.

Ата-Ана мөлдір өзен, асқар тауым .
Оларсыз атпас таным, батпас күнім
Ата-ана барына шүкір етіп
Оларға арналады осы әнім

Авторы:Оразбеков  Диас
Жазылған күні:09.12.19. 23:45

#Түнгі#шабыт#
Өлеңдер
Толық
0 0