Туған күнге арналған өлеңдер

Бүгін, біздің, балалар,
Туған күнгі тойымыз.
Бәріміздің барабар
Бойымыз бен ойымыз.
Кел, балалар, ойнайық,
Туған күнді тойлайық.
Ертең тағы....
Өлеңдер
Толық
1 0

Қиял-ғажайып ертегі: Молда, ұста, тігінші

Бір молда, бір ұста, бір тігінші—үшеуі жолдас болып келе жатып, баратын жеріне жете алмай, түн болып кеткен соң бір жерге қона кетіпті. Артып келе жатқан нәрсесі бар екен, үшеуі де ұйықтаса біреу әкетіп қалар деп, кезекпен қарауыл қойыпты. Ең алдымен ұстаны қарауыл қойыпты. Ұста жалғыз өзі зерігіп, ұйқысы келген соң бір үлкен ағашты кесіп алып, адамның дене (мүсінін) айнытпай жасап шығарыпты. Сосын тігіншіні оятып, өзі ұйқыға кірісіпті. Тігінші ағаштан істеген адамды көріп «менің өнерім бұдан кем бе» деп, дереу әдемі киім тігіп, ағашқа кигізеді. Ағашта тек жан жоқ болғаны болмаса, адамнан айнымайды. Тігінші молданы оятып, өзі ұйқыға кіріседі. Молда ағаш адамды көріп таң қалады. «Бұлар өнерін көрсетіпті, енді мен қайтем» деп қайғырыпты молда.

Сосын «енді осы ағашқа жан бітірсең екен» деп Құдайға жалынып жылапты. Құдай көз жасын қабыл алып, ағашқа жан бітіп, бір сұлу қыз болыпты. Сұлулығы соншалық, бетіне қарасаң көзіңнің жүзі таяды екен.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи қоректік тізбекті салыстыру. Қоректік тізбек және қоректік торлар. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер
Сабақтың тақырыбы: Табиғи қоректік тізбекті салыстыру. Қоректік тізбек және қоректік торлар.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.2 табиғи қоректік тізбекті салыстыру
7.3.1.3 қоректік тізбек және қоректік торларды құру
Сабақтың мақсаттары: Әртүрлі экожүйелердегі абиотикалық факторларды анықтау;
Аталған экожүйелердің мысалында жануарлар мен өсімдіктердің өзара қоректік қарым-қатынастарын ажырату, байланыс орнату;
Әртүрлі экожүйелерде мекен ететін ағзалардың мысалында қоректік тізбектер мен қоректік тор құрастыру. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық сукцессиялар: бастапқы және екіншілік сукцессия. Өзін өзі реттеу. Экожүйелердің ауысуы. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер
Сабақ тақырыбы: Экологиялық сукцессиялар: бастапқы және екіншілік сукцессия. Өзін өзі реттеу. Экожүйелердің ауысуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.4 экологиялық сукцессиялардың үрдісін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
1. табиғаттағы тұрақты экожүйелердің құрылу заңдылықтарын біледі; терминнің мағынасын түсінеді
2. «бастапқыэкологиялық сукцессия»;
3. Биогеоценоздың ауысы нәтижесінен табиғатта болып жатқан себеп-салдар байланысы бойынша өз бітінше ақпарат көздеріне талдау жүргізіп,жұмыс жасай алады;
4. Толеранттығын және тез тіл табыса алу қабілетін дамыта отырып, экологиялық мәдениет қалыптастырады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалар үшін макро (магний, кальций, калий, фосфор) және микроэлементтердің (мырыш, темір, фтор, селен) маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су және органикалық заттар
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалар үшін макро (магний, кальций, калий, фосфор) және микроэлементтердің (мырыш, темір, фтор, селен) маңызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: • «Идеялар тақтасы» арқылы тақырыпқа қатысты алдын ала білім деңгейлерін анықтау;
• «Ақпараттағы ақаулық» жаттығуы арқылы химиялық элемент топтарымен танысу;
• Мәтінмен жұмыс жасай отырып, химиялық элементтерді кездесу мөлшеріне қарай топтастыру;
• Макро және микроэлементтердің тіршілік үшін маңызын сипаттау.
Сабақ мақсаттары: «Идеялар тақтасында» ұсынылған проблемалық сұраққа өз жауаптарын, ойларын, болжамдарын жасайды. Осы арқылы білім деңгейлері анықталады.
«Ақпараттағы ақаулық» жаттығуы арқылы жұптаса отырып элементтер топтары туралы ақпаратпен танысады. Берілген кестедегі мәтін бойынша элементтерді кездесуіне қарай топтастырады. Макро және микроэлементтердің маңызын постерде қорғап, сипаттайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсері (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер
Сабақ тақырыбы: Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - Экологиялық факторларды жіктеу
Сабақ мақсаттары: - Терминдердің анықтамасын білу;
- Абиотикалық фактор мен биотикалық факторларды ажырату;
- Ағзаның экологиялық факторға байланыс бейімделу ерекшеліктерін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1 Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаты: Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Асқорыту жүйесі. Тістер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Тістер 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.2 Тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау.
8.1.2.3 Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау
Сабақтың мақсаты: Тістің құрылысы, типтері мен қызметтері арасындағы байланысты ажырату;
Тісті күту ережелерін ұсыну;
Асқорыту мүшелері құрылысының қызметімен байланысын түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Жақсылық пен Жамандық жолдас болған

Бұрынғы заманда жақсылық пен жамандық жолдас болып жүріпті. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Eкeyi жақсылықтың азығын жеп жүріпті. Жеп жүргенде жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты: «Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің?»—депті. «Жамандығым, өзің біл!»—депті. «Өзім білсем, атыңды сойайық»,—депті. Жақсылықтың атын сойыпты, Жақсылықтың атының етін eкeyi жеп жүріпті, азық тағы таусылыпты. «Жақсылығым, енді қайтесің, атыңның eтi таусылды»,—депті «Жамандығым, әлі де болса өзіңіз біліңіз»,—депті. «Өзім білсем, жақсылығым бip құлағыңды кeciп, пicipiп, өзіңе берейін жеймісің?». «Жeймiн, жамандығым»,—депті. Бip құлағын кесті, бip күнге азық болды. Жамандық айтты: «Бip құлағыңды бip күнге тағы да асып берейін»,—депті. «Тағы да азық таусылды, жақсылығым, енді қайтейін»,—депті. «Әлі де болса, жамандығым, өзің біл»,—депті. «Жақсылығым, өзім білсем, бip көзіңді ойып бip күнге азық қылып берейін»,—депті. Бip көзін тағы да ойып бip күнге азық қылып берді.

Жақсылықтың ат, тоны, азығы, құлағы, көзі бiттi. Жамандық жақсылықтың азығын бipгe жеп түгесті. Жақсылықтың азығы таусылған соң, жамандық азығын бермеді. «Жақсылығым,—деді атыңды сойып жедік,—деді, екі көзіңді ойып, құлағыңды кeciп, төрт күн азық бepдiм,—деді. Жақсылығым, енді қайтесің? Енді құлағың жоқ, көзің жоқ, Жақсылық, ceнi тастап кетемін»,—деді. «Жамандығым, дeдi тастап кетсең бip қалың қара тоғайдың iшiнe таста»,—деді. Жамандық қалың қара тоғайдың iшiнe Жақсылықты әкпеліп тастап кетті.....
Ертегілер
Толық
0 0