"Болып жатқан жағдайға сөзім жоқ": Әбілдина өзін мазалаған мәселе туралы айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина карантин кезінде шығармашылықпен айналыспаған, тек отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Өнер иесі карантин біткен соң да күйбең тіршілікке бірден орала салмаймыз деген ойда. Сонымен қатар кейінгі кезде өнер адамдарының төңірегіндегі дау мен бала тәрбиесі, онлайн концерт жайлы ойын Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат барысында айтып берді.

Карантинде отбасына көңіл бөлді

"Карантин кезінде шығармашылықпен айналыстым деп айта алмаймын, ешқандай жаңа әнге тапсырыс берген жоқпын. Әр нәрсе көңіл-күйге байланысты. Карантиндегі уақытым балаларыма, отбасыма арналды. Бірнеше ай 24 сағат бала-шағамен отыру – көп дүние жайлы ойлануға берілген мүмкіндік. Бұрын-соңды байқамаған олқылықтарды көріп, орнын толтырдық", - деп бастады әнші әңгімесін.
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Кішкентай қыз емеспін": Динара Сәтжанға желіде қоқан-лоққы көрсеткен

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өмірінде алғаш рет біреудің қоқан-лоққы көрсеткенуіне тап болғанын айтты. Белгілі журналистің сөзінше, әлдекім желіде оған қорқытып хабарлама жазып жібірген. БАҚ өкілі бейтаныс адамқа өзінің қай қылығы ұнамай қалғанын да жайып салды деп жазады NUR.KZ.

Динара Сәтжан Instagram парақшасында белгісіз біреу өзіне қауіп төндіріп жүргенін хабарлап, оқырмандарын алағдатып қойды. Ол тележүргізушіге қоқан-лоққы көрсеткенімен, оны қорқыта алмаған.
Жаңалықтар
Толық
0 0