Шығарма: Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, небір тар жол
тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік -
экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан
бүкіл әлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі
бар абыройлы мемлекетке айналды
Н.Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады, мыңдаған боздақтарынан айырылды, зиялы қауымын жоғалтты. Бірақ түбінде аңсаған арманына қол жеткізді. Халқымыз ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Соңғы жылда елімізде көптеген ауқымды, әрі ұтымды істер атқарылды. Мемлекет нышандары өзгерді. Тарихымызды жаңғыртып, зиялылардың есімдерін қайтарып алдық.
Ата заңымыз қабылданды. Қазақстанды,оның Президентін әлем танитын болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Мәдениет, дәстүр қайта жанданды. Кезінде шетел асып кеткен қандастарымыздың ата жұртына қайта оралуына жол ашылды.
Ел тәуелсіздігі үшін болған Желтоқсан оқиғасындағы қазақтың қайсар жастарының өшпес ерлігі әлемді дүр сілкіндірді. Тарихи бағасын алды.
Иә, осынау тәуелсіздіктің бастауы, арқауы болған Желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтардың жүрегінде мәңгілікке орын алып, өшпес тарихқа айналары сөзсіз.
1991 жылдан бері елімізде түрлі өзгерістер болды. Қазақстан халқымыздың ынтымағының, бірлігінің арқасында көркейіп, өсіп келеді. Еліміздің мақтанышы, егемендігіміздің қайсары Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жасында халқын сүйетінін, қорғай білетінін әлемге танытып, табындырып кетті. Ел тәуелсіздігі үшін күрескен басқа да боздақтарымыз қаншама. Оларды біздер ұмытпаймыз!
Тәуелсіздікпен бірге төл теңгеміз, әнұранымыз, елтаңбамыз, туымыз өмірге келді. Еліміз елу елдің қатарына иығын тіреп келеді. 1998 жылы Елордамыз-Астана қаласын Есіл өзенінің бойына қондырдық. Осының бәрі мемлекетіміздің мықтылығын дәлелдейді.
"Әрбір адам артында ғибратты алар із қалдырса, шынайы бақыт-осы" деп білемін. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күші

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен,
беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі геосаяси кеңістікте танылып, дүниежүзінің саяси картасынан егемен мемлекет ретінде нық орын алды. Қазіргі кезде Қазақстан егеменді ел,тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің көптеген елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік туралы жарлығы жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Халықтың өніп-өскен топырағы Отанды қорғау қашанда ең ардақты іс болып саналған. адамның азаматтылығы, рух биіктігінің деңгейі ата-бабасынан қалған асыл мұрасы-Атамекенін, ұлттық келбеті -ана тілін, салт-дәстүрін,өнерін қастерлеумен,осынау ұлттық игіліктердің бөгденің табанына тапталып жойылмауын қамтамасыз ететін мемлекеттік тәуелсіздікті қорғаудағы еңбегіне қарай бағаланбақ. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп,ой елегінен өткізсек, атабабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Тәуелсіздіктің ең басты жемісі-еркіндік. Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт - ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз! Атабабамыз аңсаған азаттық таң, армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – нұрлы тағдыр, елдігім

Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да,
Уақыттың жұқ болмапты жұмырына.
Армысың, Азаттығым, қыран қанат,
Қалықтап қайта қонған тұғырына.
Кең ашып берекеңе есігіңді,
Түзетіп, тербете біл бесігіңді.
Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа
Құдайдан күтіп едің осы күнді.
Несіпбек Айтұлы
Еліміз егемендігін алып, еңсемізді көтеріп, Тәуелсіздік тойын тойлап келе жатқанымызға да 25 жыл болыпты. Осы 25 жыл ішінде біз толағай табыстарға жеттік, қазақ елін әлем таныды: Қазақстан бүкіләлемдік деңгейдегі дамыған елдердің қатарында көрініп келеді. Біз тәуелсіздік тұғырын бекіте түстік, жарқын болашаққа сеніммен қарайтын заманға қадам бастық. Осындай жарқын заманға жету бізге оңай болған жоқ.Зарықтырып жеткен Тәуелсіздік жолының соншама шырғалаң, сондай бұралаң әрі соншама ұзақ болғанын жұрт жақсы біледі. Елдің басына не келіп, не кетпеді дейсің! Опық жесек, қорлық көрсек, аңқаулығымыздан, жікшілдігімізден көрген елміз. Оның айқын мысалын VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткіштерінен оқимыз:
«Ей, түрктің бектері, халқы! Сендер таққа кіріптарсыңдар, алауызсыңдар. Әкелі-баланың ымырасыздығынан, ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті- халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан, қағаныңнан, қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, сонда не таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрк бектері, халқы өкін!» Сай-сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді бабаларымыз мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен осылай тасқа қашап жазып кеткен. Ел тағдыры, ер тағдыры сынға түсіп тұрған шақта мұны ұмытуға болмайды. Ұлтарақтай жер үшін ұлы бабаларымыздың қаны төгілді. Қаншама арыстарымыз тар қапаста көз жұмып, құны сұраусыз кетті. Жігеріміз құм болып, жұртымыз құл болды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Дарқан елімнің патриотымын

Шіркін, дарқан менің елім-ай! Жусаны хош иіспен толған тұтас кең далам, асқар тауым, көк аспанның арасындағы жарқыраған күнім, жылқыда шапқан казақтың қара домалақ баласы, сумен ағып жатқан өзен ағысы, осының бәрі менің Алаш елім! Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елімнің Ата Заңы, көз тартпас желбіреген көк туы, елтаңбасы және әнұраны, құлаққа жағымды ұлттық аспабы, мың бұралған өнерлі билері, дауысы әншілері, қызыл тілді ақындары, үстел үсті толған тәтті әрі, дәмі кетпес тағамдары, көркем ғимараттар, қызыққа тоймас ойындары, жүрекке жылыуын ұялатқан Алланың үйі, қазағымның асыл тілі, табаны жерге тимеген тұлпар аттары, ержүрек батырлары алаш халқымыз бар.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция (Ата Заңы) қабылданды. Ата Заң дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Бізде Конституция болмаса, онда бізде осындай қонақжайлы, сыпайы, мейрімді әрі, батыл ел болмас еді.
Көз тартпас желбіреген көк туымыз және елтаңбамыз бар. Біздің туымыз өте әдемі. Мың ту ілініп тұрса да, мен өз мемлекеттік туымды бірден тауып, тамсана қарап тұрамын. Ал, елтаңбаны айтататын болсақ, маған елтаңбада бір ұнайтыны оны көріп қалсам бірден қазақ халқының өмірін елестетемін. Әнұранды патриотизм сезімімен орындау керек. Бұл патриоттық сезімді ұлғайта түседі.
Қазағымның ұлттық аспабы, әні, биі толған өнер. Өмірде ерекше орын алатын ұлттық аспабы – домбыра. Домбырамен күй тарта отырып адамдар өзінің ішкі сезімін, толғауын білдіре алады. Домбырадан да басқа аспаптар бар. Олар өте көп. Мысалы, шертер, асатаяқ, дауылпаз, жетіген, желбуаз, қылқобыз, қоңырау және т.б. аспаптары бар......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тарих салып берген жол

Менің туған өлкем – Қазақстан. Қазақстан жері -тарихқа да, мәдениетке де, салт- дәстүр мен ғұрыпқа да, ұлт пен ұлысқа да бай көне ежелгі мекен. Бұл жердің әрбір тау-тасы да тұнып тұрған тарих. Еліміз сонау ғасырдан Керей мен Жәнібектің хандығынан бастау алып, қазіргі тәуелсіз мемлекетімізге дейінгі аралықта жетіліп, өркендеген алпауыт мемлекет.
Егемен еліміздің тәуелсіздігі – ата – бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің жиырма бес жылын тойламақ. Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз. Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған мерейлі күннен бері жиырма бес жылдан аса уақыт өтті. Тарих үшін жиырма бес жыл көп емес. Ал біздің жас мемлекетіміз үшін бұл жылдар елімізді нығайтуға бағытталған үлкен істерге толы болды. Осы аз уақыт ішінде дүние жүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін мойындады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Әр азаматын жігерлендіретін Әнұранымыз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау еліміздің әр азаматының төл құжаты іспеттес. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман. Қазақ халқы ежелден – ақ үш нәрсені қасиет тұтып өтіпті. Соның бірі Отан мен туған жер екен. Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжолов: .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жасай бер, Қазақстаным!

Біз елімізбен мақтанамыз. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Біз тәуелсіздік алып, өсіп, өнудеміз.Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналды. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз. Тәуелсіздіктің алғашқы кезінен бастап бүгінгі шаңырағы биіктеген, әлем таныған мезгілге дейінгі басымыздан өткерілген сан алуан оқиғаларға куә болып, қаншама құнды деректерге қанығасыз. Абылай хан дүниеден озар алдында Бұқар жыраумен қоштасып жатты: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ,бұл екі.
Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қатын құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы үш арман бойымда кетті» деген екен. Абылайдың осы үш арманының ар жағында үлкен философиялық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етем дегенін, ел болашағын тереңімен ойлағанын пайымдатады. Осы Абылай арманы Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан егемендік алғаннан бері соңғы 25 жылдан астам аз уақыттың ішінде орындалып келе жатқанының куәсіміз. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» Мәңгілік Елдің іргесін қалап кетсе, дәл осыны жаңа дәуірде, Елбасымыз Н.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын атап өтсек артық кетпейміз. Оған Елбасының кешегі Жолдауындағы « Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары- Қазақстан -2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деген сөзі айшықты айғақ. Бұл –ел өміріндегі ерекше бір белес......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік-ел ертеңі

Туған елім – тірегім!
Н.Назарбаев
Атамекен – халқымыздың ерте заманнан берi мекендеп, суын iшiп, өсiпөнiп, өмiр сүрiп келе жатқан кең байтақ жерi. Атамекен дегенде алдымызға айдын шалқар көлдерi мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерi, алып таулары мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар, кең байтақ, ұлан-ғайыр далалар келедi. Бұл жердiң тарихы – Қазақстан тарихы. Н.Ә.Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген аталы сөз келтiрген. Қазақ халқының өткен тарихы – ата-бабамыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы. Отансүйгіштік – адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байта Отанымызға деген сүйіспеншілік. Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезініп, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзімізге тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеміз. Біз осы ұлан байтақ жерде, осы мекенде туғанымыға шын мәнінде де бақыттымыз. Себебі біздер қазақы иісі аңқыған Бейбарыстың, жырлары жалын атқан өр Махамбеттің, қазақта дана да, дара болып кеткен асыл Абайдай ұлылардың ұрпағы емеспіз бе? Қазақ жерінде туып, қазақ жерінде өсіп-өніп өркендеп отырған әрбір өскелеңнің жүрегі «Менің елім - Қазақстан» деп соғуы тиіс деп білеміз. Ендеше, асыл елім, кіндік қаным тамған жерім, жүргіміз тек сен деп соғады. Имандылық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен ізгілікке толы жанымызды, жүрегімізді таңғы шықтай таза ұстап,еліміз үшін адал еңбек етейік дегім келеді. Бүгінгі ұрпақтың тыныш өмір сүріп отырғаны, Алланың маңдайын жарқыратып халқына берген Нұрсұлтандай патшамыздың арқасында екенін айқын білеміз......
Шығармалар
Толық
0 0