Өлең: Қазақ халқының жоқтау жыры (Қазақ ауыз әдебиеті)

Пісімілдә сөздің өрнегі
Пәнденің рас өлмегі.
Бұл дүниеде тұру жоқ
Ажалға адам көнбегі.
Құдайдың салған ақ ісін
Дін мұсылман көрмегі.
Мекендеген өзенді
Қоңыр қазсың көлдегі.
Қолыңнан ұшқан ақ сұңқар
Енді бір болмас келмегі.
Көп әнбия көңілді
Дүнияға бөлмегі.
Құдай досты Мұхамбет
Басқаменен тең бе еді.
Ақ ісіне Алланың
Қарсылық ету жөн бе еді..
Піссімілла сөздің пірі екен,
Ең асылы нұр екен.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асқарым, әке, сен едің,
Балдырғаның мен едім.
Қайғымды сөзге тізбектеп,
Көз жасымды төгемін.
Есіктің алды тал шынар,
Бастарын сипап күн шығар.
Әкелеп мен жүгірсем,
Алдымнан күліп кім шығар?!
Бетімнен менің кім сүйер,
Еңсесін маған кім иер?
Жығылып кетсем сүрініп,
Қолтығымнан кім сүйер?
Әкемнің өртеп күйігі,
Мен болдым қазір бұйығы.
Әке арманын атаймын,
Асылдың болып сынығы.
Көтердің көкке басыңа,
Деуші едің ылғи: «Жасыма!»....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Төлебайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Он екі жасар қыз баласының жоқтауы
Әуелі адам пайғамбар,
Екінші сөзім Мұхамбет
Дүниеге шықсаң-бар өлім,
Мұхамбетке болса үмбет.
Азырақ дастан айтайын,
Дұғада болған әлеумет.
Жыламайын десем де,
Ішімде жалын, сыртым дерт.
Ұядағы сұңқарға,
Дүбірлі туған тұлпарға
Тағдыр еткен құдірет.
Елу алты жасында
Дүниеден қайтты арыстан:
Аруақты туған атақтым,
Тоят тілеп алыстан
Бабасынан сөйлесем,
Белгілі бекзат данышпан.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Биқажыны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бісміллә сөздің басында,
Алланың аты қасында.
Дүние салды қажы атам,
Тоқсан екі жасында.
Есіктің алды бел болар,
Белден бір асқан ел болар.
Қажы атам дүние салған соң,
Көзімнің жасы көл болар.
Мінгенде атым қара кер,
Бір Алла өзің пана бер.
Қажы атамның қайғысын,
Көтерер ме қара жер?!
Қажы атам елдің панасы,
Ақылдың асқан данасы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Ағекем кетіп арманда,
Дерттенді көңіл сарайым.
Ағекем, ақыл сәулетің,
Тойтарушы едің жау бетін.
«Ер намысы—ел ісі»
Деуші едің аға, дәулетім.
Жайраңдап жүрген күн қайда?
Тас жүрек тағдыр мұндай ма?
Ағеке, сізді ойласам,
Көз жасым менің тоқтай ма?
Әділет еді сөз басы,
Ағекем еді ол басы.
Істерің ізгі арман боп,
Төгілді көптің көз жасы.
Ел сұлтаны арысы-ай,
Жүректің тоқтап тынғаны-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кеңгірбайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Үйде сұңқар түлеткен,
Қияда сұңқар тілеткен.
Алтайы қызыл түлкі алған,
Қиядан барып теке атқан.
Баршаны бөздей жырттырған,
Жібекті жүндей түттірген.
Қонақ келсе, «қон» деген,
Қой семізін «сой» деген.
Тойға қазан астырған,
Жақсылыққа көзін жеткізген.
Шылаушын салып ат мінген,
Шыңыраудан алып су ішкен.
Шынжырлы қауға тарттырған,
Қайыңнан астау шаптырған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сәби балалар үшін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алатаудың көркі—
Төсінен аққан бұлағы.
Ағын судың сымбаты—
Жайқалып шыққан құрағы.
Оркиіктің көркі—
Ойнақтаған лағы.
Сұңқарды сұлу көрсеткен—
Қанатының қияғы.
Тұлпар жүйрік болмағы,
Құрыштай құйма тұяғы.
Қолында перзент болмаса,
Жігіттің болмас сияғы.
Бала деген—адамның
Қойнынан жанған шырағы.
Баласы жоқ пәнденің
Саңырау болар құлағы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Байжігітті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асығыс айтып саспайын.
Бұлаңдап жүрген бұлғыным,
Қысқа болды-ау өмірің,
Аяққа құйған астайын.
Құдай қосқан қосағың,
Зарлап қалды жастайын.
Бес атаның баласы,
Мына бір сөзге қарашы,
Сенген жақсың кеткен соң,
Кімге сеніп жүрсіңдер?
Алыстап бара жатыр ғой
Ағайынның арасы.
Артықша туған арыстаным,
Мақшарда біткей жарасы.
Әуедегі жұлдызым,
Су ішінде құндызым!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әкеден бала жас қалды-ау,
Ақылдан бәрі бос қалды-ау.
Бісміллә деп бастайын,
Көңілді жаспен басайын.
Иманды болғыр, сабазым,
Зарымды айтып сарнайын.
Сабазым еді ақ маңдай,
Жоқтаушы енді жез таңдай.
Ұжымақтан болсын орныңыз,
Шариғат жолы айтқандай.
Кесте тіктім ершімдеп,
Ою салдым өрнектеп.
Алладан ажал келді ме,
«Орта жаста алсын» деп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жетім-жесір атану
Лайық па еді біздерге?!
Жыл айналды келмеді,
Болмады күдер үзбеуге.
Із-тозы жоқ жоғалттық,
Дәрменім жоқ іздерге.
Көкірек толған қайғы-шер,
Төгейін, ел-жұрт, сіздерге.
Айтайын, жұртым, ойымды,
Болса сөзім орынды.
Сабазымдай пана боп,
Кім түзер оң мен солымды.
Аяулы қайран сабазым,
Аруағыңа табынам.
Көңілім менің алаң-ды,
Өмірде сенің жоғыңнан.
Қасиетіңді адамдық
Өмір бойы сағынам.
Құдайға бәрін тапсырдым,
Не келеді қолымнан!
Өзің жоқсың ақылшы,
Күн үшін кімге жалынам. ....
Өлеңдер
Толық
0 0